Казақстан ұлттық банкі

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 16:31, курсовая работа

Описание работы

Ұлттық валютаның енгiзiлуi сәтiнен бастап, 1995 жылға дейiн Орталық банктiң қызметiн атқару, жүйе қызметiн реттеп отыратын нормативтiк құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлермен тәжiрибесi жоқ Ұлттық банк дербес түрде ақшалай-несиелiк саясат жүргiзу тәжiрибесiн қолға алды. Бұл кезең , сондай-ақ ұлттық валютаның бағаларды ырықтандыру саясатына орай шарттасылған ақша –несие құралдарының және факторлардың әрекетiне бейiмделуi болатын. Сонымен бiр мезгiлде, 1995 жылы 15 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентiнiң қаулысымен бекiтiлген, 1995 ж. арналған Қазақстандағы банктiк жүйенi реформалаудың бiрiншi бағдарламасы жасалынды.

Содержание

КІРІСПЕ ..............................................................................................................3

I-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ, МАҢЫЗЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ ..........................................4
1.1 Ұлттық банктің –ҚР-ның Орталық банкі ретіндегі қалыптасуы және құқықтық негіздері ....................................................................................4
1.2 Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің экономикадағы негiзгi қызметтерi мен операциялары ..................................................................7

II-тарау. ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ ЖҮРГІЗЕТІН САЯСАТЫ МЕН ҚОЛДАНАТЫН ШАРАЛАРЫ ............................................15
2.1 Ұлттық банктің ақша-несие және валюталық саясаттарының экономиканы реттеудегі маңызы мен жүргізілу механизмі .................15
2.2 Ұлттық банктің инфляцияны реттейтін ақша-несие саясатының жаңа бағдарының маңызы мен қызмет ету механизмі ..........................19

Қорытынды ..........................................................................................................24
Қолданылған әдебиеттер ...................................................................................26

Работа содержит 1 файл

1.1 Ұлттық банктің –ҚР-ның Орталық банкі ретіндегі қалыптасуы және құқықтық негіздері.doc

— 183.00 Кб (Скачать)

     2004 жылдан бастап Ұлттық банк  ақша-несие саясатын жүргізу кезінде  базалық инфляцтяның көрсеткіштерін  бағдарға ала бастады. Қазақстан  Республикасының Ұлттық банкі  Басқармасының қаулысына сәйкес базалық инфляцияның есебі екі әдістеме бойынша жүргізіледі және оны Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігі жүзеге асырады. Базалық инфляция есебінің бірінші әдістемесіне сәйкес тұтыну бағалары индексінен (ТБИ) көкеністерге, жеміс-жидектерге, жанармайға және көмірге бағаны алып тастау, ал екінші әдістеме бойынша – ТБИ-ден бағаның ең жоғары өсуін көрсеткен 5 компонентті және бағаның неғұрлым төмендегенін көрсеткен 5 компонентті алып тастау көзделеді.

     Өткен 2004 жылы қорытындылары бойынша осы екі әдіс бойынша тиісті көрсеткіштерді салыстырғанда 6,7% және 5,9% құрады. Бұл көрсеткіштер ақша-несие саясатының 2004-2006 жылдарға арналған негізгі бағыттарында негізі қаланған 2004 жылға арналған базалық инфляцияның болжамы осы жылы орташа алғанда 4-6%-ды құрайтынын ескере отырып, 2004 жылы инфляция деңгейі 6,7% болуына байланысты тұтастай алғанда болжанған деңгейден 0,7% шамалы асқандығын көре аламыз.

     Сонымен Ұлттық банктің ақша-несие саясатының биылғы және алдағы 2006-2007 жылдарға арналған негізгі бағыттары инфляцияның деңгейін тұрақты белгіленген шамада ұстап тұру болып табылады. Ұлттық банк инфляция таргеттеудегі көрсеткіштері: 2005 жылы 4,9%-6,5%, 2006 жылы 4,8%-6,2%  және 2007 жылы 4,1%-5,5%-дан аспауы керек;     /8, 56-61 б./

     Алайда  Ұлттық банктік және Үкіметтің бірігуімен белгілеген инфляцияны таргеттеудегі инфляцияның 2005 жылғы 4,9%-6,5% көлемінде сақталады деген болжамдары биыл орындалмайтын болды. Өйткені биылғы жылы ұлттық экономикада жүргізіліп келе жатқан саясаттар нәтижесінде экономикаға берілген несиелердің тым артып кетуіне байланысты экономикалық толқуларға алып келе жатыр және елімізде шілде айынан бастап халықтың жалақыларының өсуі, әлемдік рынокта мұнай бағасының рекордтық нәтижеге жетуінен бүгінде инфляция деңгейі 10 айдың ішінде – 7,8% және 7,9% деңгейінде болып келеді. Жалпы мамандардың айтуы бойынша 2005 жылы инфляция деңгейі 8%-ға дейін жетуі мүмкін. Яғни 2005 жылы Ұлттық банктік белгілеген инфляция деңгейінің коридоры 4,9%-6,5% деңгейінен нақты инфляция деңгейі асып кетіп отыр.

     Сондықтан ендігі жерде Ұлттық банктің негізгі  және басты міндеттерінің бірі инфляцияны таргеттеуде ең тиімді әдіс болып  табылатын Ұлттық банктің қысқа  мерзімді қойылымдарын енгізу болып  табылады. Яғни, Ұлттық банк өзінің ақша-несие  саясатын жүзеге асыруда «рефинансирование» пайыз қойылымын өзгерту арқылы іске асырады. Биылғы жылы Ұлттық банк инфляцияның қарқынды етек алуына байланысты қысқа мерзімді пайыз қойылымын екі мәрте өсірді. Оның бірінші жолғы өсімі 2005 жылдың 1-ші сәуір айында РЕПО операциясының рефинонсирования қойылымының өсуімен көрініс тапты.

     Инфляцияны  төмендетудің тағы да бір шарасы неғұрлым қатаң ақша-несие саясаты болып  табылады. Бұл шараны Ұлттық банк «экономикалық  перегрев» кезінде қолданады. Бәрімізге  белгілі алдағы жылдары біздер экономиканы несиелеуді дамыту үшін банктердің несие қызметтерінің ынталы жүруі үшін пайыз қойылымдарын азайтуды қолға алған болатынбыз. Экономикада несие ресурстарының өсуі жалпы қарыз ресурстарының өсуіне алып келлі. Банктердің экономиканы несиелендіру шамасы соңғы 5 жылда 9,2 есеге өсті. Ал оның ЖІӨ-гі үлесі 27%-ға дейін жетті.

      Ұлттық  банк бұл пайыз өсірулерді капитал  келуіне мәселелер туғызбайды. Себебі, Қазақстанға капитал ағымы пайыз  қойылымына байланыссыз болып отыр. Оның мөлшері жеткілікті деңгейде сақталуда. Яғни ол тікелей шетел инвестицияларына қатыссыз, ал спекулятивті капитал ағымдарына керісінше тосқауыл қояды. Сонымен қатар қазақстандық банкаралық рынок әлемдік рыноктарға соншалықты интервенцияланбаған, бағалы қағаздар  нарығында нақтылы қысқа мерзімді капиталдар кездеспейді, өйткені қазақстандық пайыздар оларды ынталандырмай отыр.

      Ұлттық  банк арқылы коммерциялық банктерминималды резервтік талаптарға жауап беруге міндетті болады. Ақша-несие саясатының басты жетістіктерінің бірі Қазақстанда  валюталық режимді ары қарай либеризациялау. Валюталық режим либеризация  жоспары бойынша 2007 жылы 1 қаңтардан бастап резидент еместердің капиталдық операцияларына толықтай либеризация жүргізу керек. Бұл өз кезегінде валюталық операцияларды ұлттық валюта теңгенің толық қанды қызмет етуін қамтамасыз етеді. /7,  3-4 б./

      Айырбас бағамына қатысты саясатта Ұлттық банктің  алдағы уақыттарда қандай да бір белгіленген  шаралармен емес, еркін қалқымалы  айырбас бағамы саясатын жалғасытра береді. Осылайша қазақстандық барлық қаржы жүйелермен бірге еліміздің Ұлттық банкі өзінің дамуы барысында сапалы түрде жаңа кезеңге өтті. Ол дамыған елдердің ақша-несие саясаты стандарттарына өте бастауымекн көрініс табуда.  Бұл стандарттардың негізі валюта режимдерін либеризациялау және инфляциялық таргеттеу принциптері, банкаралық төлем карточкалары жүйесін дамыту, қаржы жүйесіндегі алдағы уақыттардағы даму және тұрақтылықты сақтау, сонымен қатар Қазақста нРеспубликасы төлем жүйесін дамыту концепциясы.

     Сондай-ақ Ұлттық банк еркін қалқымалы ақша айырбасын сақтайды және елімізде 2007 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап валюталық режимдегі валюталық операцияларды лицензиялауды алып тастайды. Осы шара арқылы шетелдік валюталардың еркін қозғалысы негізінде инфляциялық тұрақтылықты және оның төменгі деңгейін қамтамасыз етеді.   
 
 
 
 
 
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ 

     Қорыта  келгенде, бүгінде қаржы секторының барлық сегменттерінде құрылымдық реформалар жүргізілуде. Қазақстан Республикасының банк жүйесі банк қызметтері бойынша әлемдік стандарттарға өтуді қолға алды. Еліміздің зейнетақы және төлем жүйелері ТМД елдері ішіндегі ең дамыған жүйелер болып отыр. Біздің қаржы жүйеміздегі Ұлттық банк басқа елдерге үлгі ретінде алынуда. Осылайша Қазақстан Ұлттық банкі ТМД елдерінің жалғыз орталық банкі қызметін атқаруда.

      Еліміздің Ұлттық банкі бүгінде осы деңгейде сапалы түрде қысқа мерзім аралығында ақша-несие саясатының дамыған елдердегі стандарттарына өтуіне байланысты болып отыр. Оның негізі 2004 жылы 1 қаңтарынан бастап Ұлттық банктің экономиканы реттеудегі басты мақсаты бағаның тұрақтылығын сақтау, яғни ақша-несие саясатының басқа түрлері (айырбас бағамы, ақша агрегаттары) бастапқы мақсат болып табылмайды.

      Ұлттық  банк негізгі мақсатын орындаудағы  міндеттері мемлекеттік ақша-несие  саясатымен ұштасып, елдің төлем  балансының функционалды дамуын қамтамасыз ету, валюталық реттеу және валюталық бақылауды жүргізу, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

      Ұлттық  банктің ақша-несие саясатындағы негізгі мақсаты ретінде бағаның  тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін өзінің алдағы уақыттардағы саясаттарын алдағы жылдарға белгіленген шамалар негізінде қатаң түрде жүргізуге бағытталып отыр. Осы саясат негізінде инфляцияның мақсатты көрсеткіштерін және Ұлттық банк инфляциялық таргеттеу бойынша Еуропалық кеңістіктің стандарттарына өту барысындағы шараларын айтып кетуге болады.

      Қазіргі таңда ақша-несие саясатын жүзеге асыруда онымен бірге орын алып отырған  мәселелер тобын айта кету қажет, олар өздеріне ерекше оларға экономиканың перегреві, шетел капиталдарының жоғары ағылымы, қаржы рыногының өтімділігінің азаюы. Осыған байланысты инфляция тек қана Ұлттық банк бақылауында ғана анықталып қоймай, ол кең мақсатта еліміздің ішкі және сыртқы жағдайларына тәуелді болып отыр. Макроэкономикалық көрсеткіштер мен инфляция арасындағы байланысты есеке отырып Ұлттық банк оларды реттеудегі трансмиссионды механизм – комплексті шараларға әсер ету әдістерін қолдануда. Сондықтан жоғарыда аталған мәселелерді шешу үшін ақша-несие саясаты құралдарының бірі пайыз саясатын қысқа мерзімдегі негізде өсіру қолға алынып отыр. Осыған байланысты Ұлттық банк 2005 жылы ақша-несие саясаты арқылы реттеуді кеңейтті. Оларға: ақша-несие саясаттарын оптимизациялау, салымдардың тартылу мерзімдерін белгілеу, қысқа мерзімді ноталардың айналысқа шығуы, қайта қаржыландыру операциялары. Осы қайта қаржыландыру елдегі инфляцияны төмендету мақсатында пайыздарды өсіруді қолға алды. Қаржы рыногын қайта қаржыландыру пайыздары арқылы кварталдар бойынша бақылап, оны реттеп отыруа ақша-несие саясатының белгіленген бағыттары бойынша қызмет етуге мүмкіндік береді. Еліміздегі жоғары экономикалық өсуге байланысты Ұлттық банктің қатаң ақша-несие саясатын қолдануға мәжбүр болуы, ол 2005 жылы қайта қаржыландыру пайыздарының біртіндеп өсуімен байланысты: 2005 жылы 1 ақпанда 7%-дан 7,5%-ға және 1 шілдеде 8%-ға өсуімен байланысты. Алайда инфляциялық процестердің аяқталуына байланысты Ұлттық банктің алдағы уақыттарда ақша-несие саясаты бойынша басқа да пайыздардың өсуін қарастырады.

     Сондықтан ендігі уақыттарда еліміздің Ұлттық банкі экономикалық толқулардан қорғану мақсатында қысқа мерзімді пайыз қойылымдарын өзгерту немесе жоғарлату негізінде инфляцияның төменгі деңгейін ұстап тұру саясатын атқаруды қолға алды. Ұлттық банк қаржы рыногындағы реттеу шараларының бірі қысқа мерзімді банк ноталарын шығару. Бұл өз кезегінде экономикадағы ақша айналысын төмендетуге септігін тигізеді. Осы жағдайда басты құрал болып Ұлттық банктегі банктердің депозиттары болып табылады.

     Қазақстан Республикасындағы қазіргі нарықтық қатынастардың қалыптасуы кезінде, төлем құралдарының жетіспеушілігі, өндірістің өңдеу салаларының құлдырауы, шаруашылық байланыстарының нашар дамуы және үлкен мөлшерде өтелмеген төлемдер жиналуы жағдайында қолма-қол ақшасыз есеп ретінде вексельге деген сұраныс арта түсуде. 

     Сондықтан алдағы уақыттарда еліміздің есеп айырысудың қолма-қолсыз түрлерімен жүргізілетін опрерацияларға сұраныстың өсетіндігін және осыған орай еліміздің қаржы саласы мен Ұлттық банкі бірлесе отыра шетелдік тәжірибелер негізінде отандық қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесін дамытуы тиіс.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 

  1. С.Б. Мақыш, Оқу құралы  “Ақша айналысы және несие” – Алматы,    Қазақ  университетi,  2004 ж. – 248 бет.
  2. «Деньги,  кредит,  банки»   Учебник    Под. Ред.  О.И Ловрушина,  Изд. 2-е,  - Москва: 1999г.
  3. Абрамова М.А.,   Александрова Л.С.  Финансы,  денежные обращение и кредит.   Учебние пособие – Москва , 1996г.
  4. Баян Көшенова, Оқу құралы   Ақша,  несие,  банктер,  валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж.
  5. Сайденов А.Г. «О перспективах развития денежно-кредитной политики и других направлениях деятельности Национального Банка» // Банки Қазахстана, №12, - 2004  г. 2-4 стр.
  6. Мырзабеков Ш.  Қазақстанның банк жүйесi ТМД көлемiнде бiрiншi орында: “Центркредит” банкiнiң директорымен сұхбат // Дала мен қала. – 2004.-1 қазан (№39).-13 бет.
  7. Сайденов А. Г.  «О перспективах развития денежно-кредитной политики и других направлениях деятельности Национального Банка» // Банки Қазахстана, №10, - 2005  г. 2-4 стр.
  8. Досниязова А.К. «Инфляционное таргетирование: SWOT-анализ»  // Банки Қазахстана, №10, - 2005  г. 56-61 стр.
  9. “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы”  ҚР-сы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы, 1995 жылғы 30 наурыздағы, №2155;
  10. «О международных резервах и денежной базе» // (Национальный Банк РК Пресс-релиз №33 от 17 октября 2005 года)  Банки Казахстан, 2005 г. №10. 65стр
  11. «Статистикалық мәліметтер»  // Банки Казахстан, 2005 г. №10. 89стр

Информация о работе Казақстан ұлттық банкі