Тарихы
6 ғасырдың орта тұсында
Каспий өңірі Батыс
түрік қағанатының иелігінде
болды. Орта ғасырларда Каспий өңірі халықаралық
сауда-дипломатиялық қатынастар торабы
болды. Каспий өңірінің ортағасырлық тарихында
хазарлар, қыпшақтар үлкен рөл атқарды.
Шыңғыс хан империясы
құрылғаннан кейін теңіздің солтүстік,
солтүстік-шығыс бөлігі Алтын Орда
иелігіне көшті. Алтын Орда ыдырап,
оның орнында пайда болған Қырым
хандығы, Ноғай
Ордасы, Астрахан (Қажы
Тархан) хандықтарын жаулап
алған Ресей империясы Каспий өңірін де
иемдене бастады. Ресей мен Парсы елдері
арасындағы алғашқы келісім – Решт
келісімі болды. Ондағы келісімде
Каспий теңізіне және Курамен Аракс өзендерінде
Ресей еркін сауда және кеме қатынасын
қолдануына мүмкіндік алды. Кейін теңіз
айдыны демаркацияланып, біраз бөлігі
Ресейге қарады. 1813 жылы Гүлстан
келісімінде, одан кейін Түрікменшай
келісімінде (1828)
Ресейге Каспий теңізінде толық әскери
флот құруына рұқсат берілді. Парсылар
тек сауда және кеме қатынасымен шектелді.
Кеңес Одағы Каспий теңізі-ндегі монополиялық
құқықтан бас тартып, 1921, 1935 және 1940 жылдардағы
Кеңес – Иран келісімінде Каспий теңізінде
кеме қатынасын жүзеге асыруға екі ел
тең құқықты деп саналды. КСРО ыдыраған
соң (1991), Каспий теңізі жағалауындағы
бес мемлекет (Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей, Түрікменстан)
Каспий теңізі мәртебесін айқындауға
ұмтылды. Осыған орай, 2002 жылы
23 – 24 сәуірде Ашғабатта Каспий жағалауы
мемлекеттерінің алғашқы саммиті өтті.
Ашғабат кездесуінде бірде-бір құжатқа
қол қойылмағанымен, бес мемлекет басшыларының
жоғары дәрежелі басқосуы түйінді мәселені
байыптылықпен шешу ісіне қосылған елеулі
үлес болды. Ең бастысы, проблеманы талқылау
барысында оны қалай да шешудің қажеттілігіне
деген мүдделі пікірталас өріс алды. Тұңғыш
рет проблема барынша ашық қойылып, егжей-тегжейлі
талқыланды. Қазақстан ұстанған
бағытты Ресей де, Әзербайжан да қолдады.
Каспий түбектері
- Ағрахан
- Абшерон —
Каспийдің батыс жағында, Әзірбайжанда орналасқан.
- Бозашы
- Маңғыстау
түбегі — Каспийдің шығысында, Қазақстанда орналасқан.
- Төп-Қараған