Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 18:27, лекция
Тауар өндірісі пайда болып қалыптасқаннан бері, капитал мынадай тарихи формаларға ие болды: сауда капиталы, өсімқорлық, өнеркәсіптік. Капитал түсінігіне ең толық, жан жақты зерттеуді жүргізген К.Маркс. Капиталдың қызмет етуінің нақты формаларын зерттеумен қатар, ол оның мәнін, мазмұнын зерттеген.
1. Капиталдың мәні және түрлері. Капитал айналымы
2. Негізгі капиталдың физикалық және материалдық тозуы
3. Капиталдың қорлануы және инвестиция
КАПИТАЛ МӘНІ. КАПИТАЛ АЙНАЛЫМЫ
ЖӘНЕ АУЫСПАЛЫ АЙНАЛЫМЫ
1. Капиталдың мәні және түрлері. Капитал айналымы
2. Негізгі капиталдың физикалық және материалдық тозуы
3. Капиталдың қорлануы және инвестиция
1 Капиталдың мәні және түрлері. Капитал айналымы.
Тауар өндірісі пайда болып қалыптасқаннан бері, капитал мынадай тарихи формаларға ие болды: сауда капиталы, өсімқорлық, өнеркәсіптік. Капитал түсінігіне ең толық, жан жақты зерттеуді жүргізген К.Маркс. Капиталдың қызмет етуінің нақты формаларын зерттеумен қатар, ол оның мәнін, мазмұнын зерттеген.
Кәсіпкерліктің қандай да саласы болмасын, кәсіпкер капитал жұмсап өзіне тезірек пайда табуды мақсат етед. Бұл үшін ол өндірісті үзбей, жалғастыры керек, яғни, ұдайы өндіріс болуы керек.
Экономикалық теорияда капиталға беретін екі негізгі анықтама бар: - капитал - құрал – жабдықтар жиынтығы,
- капитал - ақша сомасы.
Жалпы алғанда капитал шаруашылықта пайда табу үшін қолданылады.
Ұдайы өндіріс өнеркәсіптік капиталды пайдалану негізінде жүреді. Ұдайы өндіріс үрдісін, оған қатысатын өнеркәсіптік капиталдың функционалдық формаларының өзгеруі тұрғысынан мынадай түрде көрсетуге болады:
Өндіріс факторлары нарығында тауар формасын алған өндіріс факторларына ақша капиталы жұмсалады.
А – Т
Нәтижесінде ақша капиталы өндіргіш капиталға айналады. Бұл капиталдың қызметі - өндіріске жағдайлар жасау:
... Ө ...
Өндіріс үрдісінде өндіргіш капитал тауарлық капиталға айналады және ол үстеме (қосымша) құн өндіру қызметін атқарады:
Т'- А'
Тауарларға сіңген үстеме құн, оны нарықта өткізген соң, кәсіпкерге түседі. Бұл сатыда тауар капиталы тағы да жаңадан ақша капиталына айналады.
Капиталдың бір нысаннан екінші нысанға айналатын қозғалысын оның ауыспалы айналымы деп атайды.
Өрнек көрсетіп тұрғандай, капиталдың ауыспалы айналымы пайда жасауды көздейді:
d=А' - А
Мұнда: А—бастапқы жұмсалған капитал, d—үстеме құн.
Авансталған капиталдың барлығының қозғалысын үзілмей қайталанып жүріп отыратын үдеріс деп қарасақ, онда бұл капиталдың айналымы болады.
Ауыспалы айналымның әрқайсысының нәтижесінде кәсіпкерге ақшалай түрде авансталған капиталдың тек бір бөлшегі қайтып келеді; барлық капиталдық құн өз иесіне өзінің бастапқы ақшалай нысанында толық қайтып түскенде капитал толық айналым жасайды.
Капиталдың әртүрлі элементтерінің айналымы бірдей жүрмейді. Капиталдық құнның айналымдағы әр қилы қызметіне сәйкес, капитал негізгі және айналмалы болып болінеді.
Негізгі капитал - бұл өндіріс үрдісіне тұтас қатынасатын, бірақ өз құнын өнімге бір-бірте ауыстырып, меншік иесіне ақшалай нысанда бірте-бірте қайтып оралатын капитал. Негізгі капиталға барлық жабдықтардың, машиналардың, өндірістік ғимараттардың, құрылыстардың құны жатады.
Айналмалы капитал - өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады. Оның құны, оны тұтыну сатысында толығынан өнімге ауысып, әрбір ауыспалы айналым соңында (жоғарыда айтылғандай) ақшалай нысанда тұтас қайтады. Айналмалы капиталға шикізат, отын, материалдар, жұмыс күшіне төлем ақы жатады. Бұлардың құны әрбір ауыспалы айналымнан кейін қайтып оралып отырады.
2. Негізгі капиталдың физикалық және
материалдық тозуы.
Негізгі капитал материалдық (физикалық) және моральдық жағынан тозады.
Материалдық тозу: негізгі капиталдың элементтері физикалық түрғыдан қызмет етуге жарамсыз болып қалуы. Олардың тұтыну құны жоғалады. Материалдық тозу мынадай жағдайларда орын алады:
жұмыс кезеңінде капиталдың қызмет ету;
табиғат күштерінің әсерімен істен шыққан кезде.
Материалдық тозудың екі жағы болады:
техникалық-өндірістік - тұтыну құнының жойылуы;
құндық - құнның жаңа өнімге көшуі.
Моралдық тозу - бұл негізгі капиталдың, еңбек құралдарының құнының төмендеуінің нәтижесінде, немесе, олардың өнімділігінен жоғары өнімді еңбек құралдарының пайда болуына байланысты құнының жойылуы.
Моральдық тозудың екі түрі болады:
1. Еңбек өнімділігінің өсуіне сәйкес берілген еңбек құралдары
арзандау, аз құнмен ұдайы өндіріледі.
2. Құны бұрынғыдай машиналар өндіріледі, бірақ техникалық
жағынан жетілуі, өнімділігі, рентаблділігі жоғары болады.
Аталған екі жағдайдада негізгі капиталдың құны жойылады немесе төмендейді, өйткені еңбек құралдарьның бағасы олардың пайдалылығымен есептелінеді.
Осы жағдай амортизациялық қор құруға мәжбүр етеді. Осы қордың қаражаты жыл сайын жасалып отыратын амортизациялық жарналардан құралады.
Амортизация қорының қаржылары ескірген еңбек құрал-жабдықтарды толық алмастыруға, жабдықты жөндеуге, жетілдіруге сондай-ақ қосымша машиналар, станоктар және т.б. сатып алуға пайдаланылады.
Демек, амортизация қоры өңдірісті ұлғайтуға пайдаланылады және қорланудың косымша көзі ретінде қызмет етеді.
3 Капиталдың қорлануы және инвестиция
Қандайда болмасын кәсіпорын үшін өз капиталдарының қорланып отыруы өте маңызды. Капиталдың қорлану процесінде оның органикалық құрылымы немесе капиталдың құн бойынша (С:V) құрылымы өзгереді. Бұл жағдайда өндіріс құрал жабдығын (С) алуға жұмсалатын капитал тезірек өседі, ал жұмыс күшін (V) сатып алуға жұмсалатын капитал үлесі азаяды. Себебі, кәсіпкер бәсекелестік жағдайда кәсіпорынды техникалық жарақтандыруға барынша ұмтылады. Капиталдың техникалық құрылымы өзгеруінің нәтижесі - өндіріс құрал жабдығы санының жұмыскерлер санына қатынасы арқылы анықталады.
Капиталдың қорлану үрдісі екі түрде жүзеге асады:
Капиталдың шоғырлануы;
Капиталдың орталықтануы.
Капиталдың шоғырлануы - бұл қосымша құнның есебінен капитал мөлшерінің өсуі.
Капиталдың орталықтануы - бірнеше жолмен ірілену үрдісін айтамыз. Осы үрдісте бар капиталдың өзі жойылады немесе басқаларға қосылады.
Тәжірибеде қорлану күрделі қаржыны тартумен жүзеге асады.
Күрделі қаржы –бұл жаңа құрылысқа, жабдықтауға, жұмыс жасап тұрған кәсіпорындарды ұлғайту мен техникалық қайта жабдықтауға, тұрғын-үй, мәдени мақсаттарға кеткен шығындар.
«Инвестиция» кәсіпорынға (фирма) пайда табу мақсатында ұзақ мерзімге салынған капитал мөлшерін көрсетеді. Осы тұрғыдан инвестициялау күрделі қаржыға қарағанда кең мағына береді.
Инвестицияның қайнар көзіне өнеркәсіп кәсіпорындарының пайдасы, ірі банктердің бос ақшалай қоры, тұрғындардың жинаған ақшалары, мемлекеттің ақшалай қоры (мемлекеттің табыстарынан оның барлық шығындарын салық, кеден салығы және т.б. алып тастау жатады.
Инвестицияның өсуі ұлттық табыстың ұлғайуына, өндіріске қосымша жұмыс күшін тартуға ықпал етеді, яғни жұмыссыздықты жояды.
Инвестицияның тиімділігін анықтау үшін оларды алынған нәтижемен салыстыру қажет. Күрделі қаржының тікелей нәтижесі болып негізгі қорды іске қосу табылады. Ал, инвестицияның түпкі нәтижесі ұлттық табыстың ұлғайуы.