Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі , ғылыми-әдіснамалық негіздері , мақсаттары және міндеттері

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 13:34, реферат

Описание работы

Экономикаға мемлекеттің араласуының объективті қажеттілігі.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі және құралдары.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің міндеттері , мақсаттары және қызметтері.

Работа содержит 1 файл

Экономиканы мемлекеттик реттеу.doc

— 241.50 Кб (Скачать)

    Үкіметтік органдар, жеке фирмалан  белгілі бір тауарлар мен қызметтің  түрлерін тұрақты сатып алушы  немесе тапсырыс беруші болып,  әріптеспен келсімшарт бойынша, кейін сала үшін базалық болып келетін «наөты бағаны» белгілейді.

    Бағаны реттеудің тиімді құралы  – қосымша құнға салық болып  табылады. Бұл салықты өндіруші  тауар мен қызметтің бағасына  қосылады және бұл салықтың  мөлшерлемесінің саралау өзгерістері тікелей бағаға ықпал етеді.

    ЭМР-дің негізгі бағыттары сыртқы  сауда бағасына мемлекеттік ықпал  жасау болып табылады. Экспортты  мемлекеттік көтермелеу, экспорттаушыларды  салықтан босату, кейбір елдерде-экспорттық  демеу қаржы, жеңілдетілген көліктік тарифтер мен кредиттер белу әлемдік рынокта бағалық бәсекелестік жағдайында елеулі түрде көрінеді.

    Мемлекеттік шахталарда алынатын, минералдық шикізатқа, мемлекеттік  электр станциясынан алынатын  электр энергиясына, теміржол  және пошта-телеграф тарифтеріне баға тағайындау – мемлекет секторындағы қызметтерге және тауарларға бағаны белгілеу мысалдары.

    Жасанды төмендетілген баға мен  тарифтер жеке шаруашылық –  тағы өндіріс шығынын азайтуға  және жасанды төмендетілген пайдалықтың  немесе мемлекеттік меншік объектілерінің аздығы есебінен ұлттық бәсекелестік қабілетті көтеруге мүмкіндік береді.

    Мемлекет секторына бағаны белгілеу  немесе оларды көтерілу шегін  бекіту – әдетте әкімшілік-шаруашылық  реттеудың құралы. Ол сирек қолданылады  және ережедегідей, рыноктық шаруашылық жағдайында ұзақ мерзімді, тіпті орта мерзімді аспектіде тиімсіз болып табылады.

   

    Қосымша ақпарат. әлем елдерінде жеткізушінің басым жағдайы анықталатын, түрлі сауда мәні белгіленеді: бұл Германияда бір кәсіпорын үшін ⅓ рыногы, екі немесе үшеуі үшін ¾-тен көбі; Жопонияда- бір кәсіпорын үшін ¾-тен көбі және екі кәсіпорын үшін ¾-тен көбі; Францияда бір кәсіпорын үшін ең төмен деңгей-¼. 

Бақылау мен талқылау сұрақтары

  1. Мемлекет неге бәсекелестік ортаны құруға белсенді көмек көрсетуі тиіс?
  2. Бағаны мемлекеттік реттеудің тетіктері қандай?
  3. Әлемнің ең атақты монополисі туралы материалдар табыңыздар.
  4. Обдыстың монополияға қарсы комитетінің қызметі туралы материал табыңыздар.
  5. Фирманың жағдайы қандай жағдайда басым деп есептелетінін анықтаңыздар.

Сұрақтарға  жауап беру үшін ҚР «Монополиялық қызметтегі бәсекелестік пен  шектеуді дамыту туралы» 18.07.06 жылғы Заңының  «Рынок субъектісінің  басым жағдайы» (монополиялық) бабына сүйеніңіздер.   
 
 

5-ТАҚЫРЫП 

ЕЛДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН ЖОСПАРЛАУ, БАҒДАРЛАМАЛАУ ЖӘНЕ БОЛЖАУ

Жоспар.

  1. Мемлекеттік экономикалық бағдарламалау. Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері мен нысаны.
  2. Болжамдау мен индикативтіжоспарлау. Қызметі, әдістері және қағидалары.
  3. Мемлекеттік реттеудің теориясы мен тәжірибесі және шет елдердегі индикативтік жоспарлау.
 

    1-сұрақ. Дамудың ұзақ мерзімді басымдылығын алға жылжытуға рыноктың мүмкіндігі жоқ, сондықтан көптеген дамыған елдерде экономикалық саясаттың басымдылығын және стратегииялық өсуді жоспарлауды мемлекет өзіне алады. Мұндайда ол әдетте ғалымдар мен сарапшылардың көмегіне сүйенеді. Мысалы, Германияда Орталық сарапшылар кеңесі әр жылы парламент пен үкіметке экономиканың жағдайы, оның дамуының келешегі, басымдылығы туралы ьолжамды баға ьолатын баяндама ұсынады. Жопонияда және бірқатар басқа да жаңа өндірісті елдерде электрондау мен технологины ақпараттандыру аясында мемлекетпен ұсынылған басымдылықтар таяу арадағы он жылдықта экономиканың дамуын белгіледі.

    Мемлекеттік экономиканы бағдарламалау – елдің әлеументтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің ең жоғарғы нысаны. Мемлекеттік бағдарламалау бір уақытта экономика дамуының ғаламдық мақсатын қамтамасыз ету үшін экономикалық ресурстарды кешенді пайдалану әдісі болып табылады.

    Бағдарламалау – жоспарлаудың ең көп тараған нысаны. Әңгіме, әлеуметтік-экономикалық даму мен мақсатты бағдарламаның кешенді жоспары туралы болып отыр.

    Жоспарлау, болжау және бағдарламалау  – бүл ЭМР-дің құралдары.

    Бағдарлама – директивтіктің  белгілі бір дәрежесіне тән  нақты құжат.

    Бағдарламада анықталатындар:

  • реттеу мақсаты;
  • мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін, экономикалық саясатың нұсқалары;
  • жобаларды, олардың бюджетін, басқару жүйесін және бағдарламаны жүзеге асыруды бақылауды ресурстық жабу;
  • экономикалық саясттың оңтайлы нұсқасын таңдау кригерийі.

    Бағдарламаға ұлттық экономика  дамуының ішкі және сыртқы  шарттарының төтенше өзгерістері  жағдайында реттеудің резервтік  нұсқасын жиі қосады.

    Бағдарламалар бір және көп  мақсатты, аймақтық, құрлымдық, ұлттық  және интернационалдық сипатта болуы мүмкін.

    Экономиканы жоспарлау мен болжпуда  жүйелі-кешенді және бағдарламалы-мақсатты тәсіл деп бөліп көрсетеді.

    Жүелі-кешенді тәсіл (ЖКТ) ғылыми негізделу және тиәмді бақару қағидасы бойынша құрылады.

    ЖКТ-нің мәні жалпы теориялар жүйесінің талаптарымен қортындыланады: әр объекті кейбір күрделі жүйе және одан да күрделі жүйелер элементтері ретінде қарастырылады (4-сурет).

  

 Жүйелі-кешенді   тәсілдеме

 

4-сурет. Жүйелік-кешенді тәсілдеменің мәні 

    Бағдарламалық-мақсатты  тәсілдеме (БМТ) мақсатты бағыттың, белгіленген шаралардың кешенділігін, тапсырманың мекен-жайын, міндеттілігін және шараларды жүзеге асыру мерзімінің белгіленгенін, ресурстардың негізгі көздерінің қатаң бірлігін көрсетеді.

    Сөйтіп, БМТ кезінде мыналар анықталуы  тиісті:

  1. Мақсат.
  2. Кешенді тәсіл.
  3. Мекен-жайы.
  4. Орындалу міндеттілігі.
  5. Шараларды жүзеге асыру мерзімі.
  6. ресурстардың негіздері.

   

    Бағдарламалық-мақсатты тәсілдеменің ерешеліктері:

  • бағдарламалық тәсілдеме жүйелі-кешендімен тығыз байланысты, оны көбінесе жеке мәселелерді шешуде кешендіге қосымша ретінде қарастырады;
  • бағдарламалау үдерісінде өткізіледі;
  • мақсатты кешенді бағдарламаны құрастыру үшін пайдаланылады.

    Бағдарламалық әдіскке талаптар:

  • проблемаларды нақты анықтау;
  • мақсатты бір жақты қалыптастыру;
  • қойылған мақсатқа жету үшін қажетті, ресурстар мен мерзімнің жан-жақты кешенді байланысын қамтамасыз ету.

    Тәсілді өткізу үдерісі:

  • мақсатты ғылыми анықтау;
  • мақсатқа жету нұсқасын әзірлеу;
  • қойылған мақсатта өткізу үшін талап етілетін құрлымның ресурстары мен көлемін анықтау;
  • жүйенің қызмет ету моделін әзірлеу;
  • бірнеше баламалар арасынан базистік шешімді таңдап алу үшін критерийді табу.

    Біз атап өткендей, экономиканы  реттеуде қоғамның экономикалық  өмірінде мемлекеттің қатысуы маңызды нысан болып табылады.

    Реттеу – мемлекеттің экономикаға  оның қызмет тәртібін қолдауға  бағытталған ықпалы.

    Қазіргі заманғы нарық шаруашылығы  экономикалық (жанама) және әкімшілік (тікелей) әдістермен реттеледі.

    Экономикалық реттеушілердің басымдық мәні болады. Олар нарықтың қызмет ету тетіктеріне айтарлықтай оралымды кірігеді және мемлекетке экономикалық үдеріске елеулі ықпал етуге мүмкіндік береді.

    Әңгіме мемлекеттік реттеу туралы  болғандықтан, деңгейлі анықталған  экономикалық және әкімшілік әдістерді шектеу шартты сипатта болады: кез келген экономикалық реттеуші әкімшілік ету элементтеріне ие, өйткені ол әкімшілік шешімі арқылы жүзеге асады және соған сәйкесті мемлекеттік органның бақылауында болады. Екінші жағынан, әкімшілік реттеушіде, оның іс-әрекеті экономикалық қатнастарға қатысушылардың тәртібіне жанама әсер еткендіктен, экономикалық реттеудің бір сәті бар. Мысалы, егер мемлекет ресурстар бағасына бақылау жасауға тырысса, ол өдірушінің қызмет тәртібін өзгертеді және өндірістік бағдарламасын қайта құруға, инвестицияны қаржыландыруға жаңа көдерін пайдалануға мәжбірлейді және т.б.

    Алайда, кейбір ұқсастыққа қаоамастан, эеономикалық және әкімшілік әдістер, дегенмен өзінің әсері бойынша қарама-қайшы болып табылады. Әкімшілік реттеуші таңдау еркіндігін елеулі шектейді. Экономикалық керсінше, экономикалық қатнастарға қатысушылар үшін қосымша ынталандыру жасап, оны кеңейтуі мүмкін.

    Мемлекеттік реттеудің экономикалық  әдістері екі негізгі нысанда  көрінеді: кредиттік және бюжеттік-салықтық. Бұл нысандардың өз бетінше мәні бар, оның әрқайсысы өзіндік құралдар иеленеді.

    Кредиттік-қаржылық саясаттың басты  құралдары міндетті резервтердің  мөлшері, банкаралық кредит мөлшері, бағалы қағаздар рыногында Орталық банктің мемлекеттік облигацияларымен операциялар болып табылады.

    Бюжет-салық саясатының жан-жақты  және қолданбалы құралы салық  жеңілдіктері болып табылады. Салықтық  реттеуге мемлекеттік шығындар  мен мемлекеттік борыштарды басқару  әдістері (пайыз мөлшері мен облегацияны шығару мерзімі) қосылады.

    Экономикалық әдістер нарық экономикасының  қарқынды дамуы мен тиімді  қызмет тәртібі қолданумен байланысты, шешуші міндеттерді шешу үшін  қолданылады. Мұндай міндеттерге кезеңге қарсы, құрылымдық реттеу, аймақтық саясатты жүзеге асыру; экономикалық өсудің жаңа сапасын қамтамасыз ету; елдің сыртқы экономикалық қызметін дамыту жатады.

    Кредит-қаржы саясатының құралдарын  пайдалану мемлекетке инфляцияға  қарсы тұруға, ппайыздық мөлшернемені  реттеуге, солар арқылы – инвестициялық үдерісті, өндірісті және жұмыспен қамтамасыз ету құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді.

    Сабура Окита былай деп жазған: «Шенеунік даналығы, телефон арқылы  немесе ведомстволық нұсқау арқылы  экономикаға билік жасауда емес, онсыз кез келген әс жойылып  кететін салық жеңілдігі және инвестициялық саясатпен басымды салаларды дамытуға, салалық баланстың келешекті тұжырымдамасын жасауға, бісекелестікті қолдауға көмектесу болып табылады».

    Салық саясаты барлығынан бұрын,  табыстарды қайта бөлуді және  өндірістің дамуын ынталандыруды ұйымдастыруға бағытталады. Салық қызметтері – қазыналық және экономикалық.

    Әкімшілік әдістер бес бағытта қолданылады:

  1. Монополиялық рынокты тікелей мемлекеттік бақылау. Рынокты әкімшілік реттеу – қатаң мөлшерлемелі акциздік салықты енгізу, бағаны жоспарлауды қолдану, мемлекеттік монополияға қатысты, рыноктағы үйлесім икемсіз сұраныс тауарларын әкімшілік реттеу.
  2. Өндірістің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
  3. Өндірістік және экономикалық қызметтің барлық түрлерін жүргізу үшін және оларды бақылау үшін қажетті стандарттарды әзірлеу.
  4. Тұрғындар өмірінің ең аз шектеулі параметрлерін анықтау және қолдау.
  5. Халықаралық экономикалық қатынастар аясандағы ұлттық мүдделері қорғау.

    Сөйтіп, осы немесе басқа әдістер  қойылған  мақсаттарға жету құралы, кері көріністі әсерлерді басатын, өзіндік сипатты өтелім болып табылады, деген қорытынды жасауға болады.

Информация о работе Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі , ғылыми-әдіснамалық негіздері , мақсаттары және міндеттері