Экономиканы мемлекеттік реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 21:08, реферат

Описание работы

Бiрақ та шет елдер тәжiрибесiн ғылыми қорытындылау қажеттiгi келесi жағдайлар бойынша түсiндiрiледi: бiрiншiден, экономиканы мемлекеттiк реттеудiң қағидалары мен жүйесiнiң тұжырымдамалы негiзiн, түбiрiн анықтауға мүмкiндiк туады, екiншiден аралас экономиканың жалпы заңдылықтарын анықтау мүмкiндiгi туады, және де бұл Қазақстан жағдайында мемлекеттiк реттеудiң механизмдерiн “түйiстiруге” мүмкiндiк жасайды, үшiншiден, мұндай толықтыру мемлекеттiк реттеудiң нәтижелерiн салыстырып талдауға мүмкiндiк бередi және де керек болған жағдайда экономикалық реформаларды құруды, әлемдiк шаруашылық процеске республиканың араласу мөлшерiн ескере отырып, реформаларды дұрыс жолмен жүргiзуге мүмкiндiк бередi.

Содержание

Кiрiспе
Нарықтық экономикасы дамыған елдердегi мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мәселелерi.
Шығыс Еуропа мен оңтүстiк Шығыс Азия елдерiндегi нарықтық қатынастар дамыту және экономиканы мемлекеттiк реттеу
Қазақстан жағдайында шетелдiк макроэкономикалық реттеу тәжiрибесiн пайдалану мәселелерi

Работа содержит 1 файл

экономиканы мем реттеу.doc

— 92.00 Кб (Скачать)

     Бұған нарық  инфрақұрылымының құрылуы (қордық  қызметтердің пайда болуы мен  дамуы, тауарлы және брокерлік  биржалар, инвестициялық қорлар, несие  – банк қызметтері) және қаржы  – банк жүйелерінің реформалануы мүмкіндік туғызды. Экономикадағы дағдарыстық жағдайдан шығуды банкротқа ұшыраған өнеркәсіптегі жекешелендіру процесі инвестициялық бағыт алды. 1993 ж. 600 өнеркәсіптің жартысына жуығы инвестордың ықыласына байланысты жекешелендірілген, ал 40 %  -дан жоғарысы өнеркәсіптердің өздерінің ықыластарына байланысты жекешелендірілген. Нарықтық шаруашылық даму «төменнен» негізделіп жоғарыдан ұйымдық, құқықтық, не экономикалық жағдай жасалуы керек. Тәжірибе көрсеткендей, тауарлы материалдық құндылықтардың өндіріс құралдары мен халық тұтыныу тауарлары және «қозғалысына» толық еркіндік беру маңызды шара болып табылады. Бірінші жағдайда олардың қозғалысы шарт негізінде қамтамасыз етілсе, ал екінші жағдайда фирмалық дүкендер негізі мен  халыққа сауда қызметін көрсету орындары арқылы жүргізіледі.

      Нарық  жағдайда шаруашылық жүргізуге  дайын Австрия болды. Баға құру  мен еңбек ақыны реттеу, шетел  инвестицияларымен ыньаландыру,  сыртқы экономикалық қатынастарды  либерализациялау, ақша айналымын  тұрақтандыру, ұлттық валютаны конверсиялау жөніндегі шаралар 40 -жылдардың  соңынан жүргізіле бастады [40,86-95-б.]. Нәтижесінде осы шаралар «мемлекет пен жеке меншіктің арасындағы ұтымды пропорцияны қалыптастыруға, орталықтандырылған және нарық құрылымдарының байланысын үйлестіруге, халықтың басым көпшілігінің тұрмыс дәрежесін жақсартуға» негіз болды.

     Қаржы тепе-теңдігіне  көңіл бөле отырып Австрия  үкіметі әлеуметтік серіктестік  пен шағын бизнесті қолдауға  ерекше көңіл болды. Австриялық  тәжірибедегі үкімет тарапынан  жасалған бәсекелестік шаралары нарық экономикасының қолайлы жағдай туғызуымен ерекшеленеді. Бұл жерде әсіресе шағын және орта фирмалардың құрылуын және әлем шаруашылық процестеріне ұлттық экономиканың араласуын қолдау шаралары көрсетіледі. Мұндай ынталандыру жаңа құрылған шағын, орта фирмаларға мемлекет тарапынан жәрдем ақы немесе жеңілдетілген салық салу түрлері арқылы жүргізіледі.

        Өнеркәсіптерді бақылау және  кәсіпкерлер мен бизнесмендердің  саудаға шығу ережелерін бақылау  мемлекеттің құқықтық қызметтерінің бірі болып табылады.

       Австрияның  тиісті мемлекеттік органдары  сыртқы экономикалық қатынастарды  тереңдетуде экспорттық түсімдердің  және импорттық төлемдердің тең  болуы қағидаларына сүйенеді. Ұлттық  банкінің монополистік жағдайы  жойылуына байланысты елдің валюталық режімі және сыртқы сауда либерализацияланады және де валюталық операцияларды жүргізуде коммерциялық банктердің қызмет ету аясы кеңейеді.  Көп жағдайда аталған қағидалар орындалмайды, сондықтан экспорттық түсімдердің көптеген бөлігі сыртқы қарызды өтеуге кетеді.

           Чехия республикасы үшін әлеуметтік  - экономикалық салада тиімді және кешенді қайта құруларды салыстырмалы түрде қысқы мерзімде тез жүзеге асыру тән. Кезінде (1994 ж. сәуірінде) осы республиканың премьер – министрінің экономикалық реформалар барысын талдау негізінде жасаған қорытындылары нақты қоғамдық өмірдің саяси, шаруашылық, әлеуметтік күрделілігі «нарықтық экономиканы дамытуды және құруды бір орталықтан жоспарлауға мүмкіндік бермейтінің» қуаттап береді. [4,5 – б.]   

        Қытай Халық Республикасында  экономиканы мемлекеттік реттеу  тәжірибесі белгілі бір қызығушылық  туғызады. 70-жылдардың соңында ҚХР  –да басталған экономикалық реформалардың  алғашқы қорытындыларына жасалған  талдау негізінде бірқатар тұжырымдамалар  жасалған, бұл тұжырымдамалар, социалистік тауарлы экономиканы, социализмнің бастапқы сатысын, меншіктің мемлекеттік, қоғамдық және жеке түрлерін пайдалану және т.б. проблемаларды қамтиды. Қытай компартиясының шешімдеріне сәйкес жоспарлы тауарлы экономика болып табылатын экономикада реформалаудың басты бағыты «нарыққа бағыт ұстаған макродеңгейде бақылауға болатын социалистік экономиканы құру» болып табылатыны көрсетіледі [22,99-б.].

       Көптеген  экономикалық реформаларды бастан  кешірген басқа елдерге қарағанда, қытайдың реформасы мемлекеттік реттеудің күшті құралдарын (директивті жоспарлау, салалық және аймақтық жоспарды үйлестіру, «ғылым-өндіріс» циклін жоспарлау, несие-салық және баға саясатын жүйемен жүргізу) қолданды. Сол сияқты нәтижелер бір қатар Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде – Жапонияда, Оңтүстік Кореяда, Филиппинде, Сингапурда, Тайландта және т.б. елдерде байқалады.

        Жапония мен Оңтүстік Кореяда  мемлекеттік реттеу ішкі, жалпыұлттық  өнім, жинақ көлемі және қор,  еңбек ақының өсуі, еңбек өнімділігі т.б. көрсеткіштерді қамтитын экономикалық жоспарлау арқылы жүргізіледі. Әлемдік шаруашылық интеграцияға кіру статегиясында қаржы-банк, салық баға және сыртқы экономикалық саясатты жүргізу шаралары қолданылды.

          Бұл шаралар жоғары аталған  елдердің табиғи – экономикалық, геосаясаттық және әлеуметтік ерекшеліктері бойынша жүргізілді: әр елдегі мемлекеттік реттеудің тәжірибесін ретроспективалық талдау екі негізгі аспектіден тұрады:

  • біріншіден, экономиканы реформалауда басқа елдердің қатесін болдырмау;
  • екіншіден, біреудің позитивті тәжірибесін дұрыс пайдалану реформаға кеткен шығынды азайтуға және уақытты үнемдеуге көмектеседі.

 

 

Қазақстан жағдайында шетелдiк макроэкономикалық реттеу тәжiрибесiн пайдалану мәселелерi

 

       Мемлекеттік  және нарықтық басқарудағы шетелдік экономикалық тәжірибені ғылыми қорытындылау күн тәртібіне келесі мәселерді қойып отыр: бұл тәжірибе Қазақстан экономикасының жағдайына қаншалықты қолайлы және оны енгізуге бола ма, әлде нарыққа өту кезінде Қазақстан үшін шаруашылық жүргізудің өзіндік моделі болуға тиіс пе? Бұл сұраққа жауап беру жай нәрсе емес, ол өзінің ғылыми негізін талап етеді. Еліміздің бірқатар экономика ғалымдары үшін қазіргі уақытта экономикалық жаңалықтардың теориялық негізін анықтауды, шаруашылықты басқарудың әкішілік және нарықтық мезанизмін қолдануды, өтпелі кезеңнің экономикасын жасауды бекер тілге тиек етіп жүрген жоқ. Бұл шешім қазіргі кезеңде біздің аталмыш проблемалардың теериясын анықтап енгізуге байланысты туындап отыр. Осы проблемалардың арасынан келесі жәйттерді бөлуге болады:

  • шаруашылық моделдерін өзгертуде және экономикалық жаңартуда қандай жол тиімді – эволюциялық па, революциялық па?
  • нарықтық қатыснатардың аясын ұлғайту және нарық инфроқұрылымын дамытуда әкімшілік шешімдер арқылы немесе сыртқы ұйымдастырушылық – құқықтық және экономикалық шешімдер арқылы іске аса ма?
  • жалпы экономикалық бағыт пен макроэкономикалық тұрақтылықты ұстап тұруда мемлекеттік органдардың функциялары мен ролі қалай өзгереді?
  • экономиканы мемлекеттік реттеу шаралары қандай ғылыми негізде және қандай бағытта іске асырылуы қажет?
  • экономиканы мемлекеттік реттеу механизмдерінің басыңқылығы мен құрамы әр кезеңде қандай себептерге байланысты өзгеріп отырады?
  • бәсекелестік нарықты ортаны құруда не маңызды: меншік иесін ауыстыру мақсатында міндетті түрде және жаппай жекешелендіру ме, жоқ әлде кәсіпкерлердің өз ынтасы мен құрылыған шағын және орта кәсіпорындарды мемлекеттік тарапынан қолдау ма?
  • макроэкономикалық реттеуде салалық және аймақтық мүдделері қаншылықты дұрыс ескеріледі?
  • халық шаруашылығын жоспарлау және нарықтық реттеу қандай ғылыми негізде үйлестіріледі?

    Бұл жердегі  ең маңызды мәселе мақсатқа  жету, жеке және мемлекеттік кәсіпорындардың  стратегиялық жоспарларына «сіңіруі»  (салалары және әкімшілік аумақтар) сол сияқты соңғының  орындалуы қажет. Өйткені ЖҰӨ экономиканың денсаулығы, ал осы жылда кәсіпорын өнім көлемінің бүкіл табыс сомасын көрсетеді. Бұл табыс «қозғалысын» жоспардың орындалуы мен шаруашылық субъектілерінің байланысы ретінде қарастыруға болады. Қарапайым болуы үшін схемадан халық шаруашылығының көптеген байланыс сызықтары көрсетілген (5-сурет). Бұл схема бір жағынан жоспарлы және нарықтық шаруашылық моделін, екінші жағынан мемлекеттік және экономиканы нарықтық реттеуі көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 


  


   Шетел елдерде нарықтық  экономикасымен қоса кәсіпорын  және фирмалардың жоспары маңызды  роль атқарады. Біздің ойымызша  республикадағы қазіргі жағдайда  шетелдік өндіріс сфераларын  жеңілдікпен несиелеу және осы  несиелердің тиімді пайдалануға бағытталған мемлекеттің бақылау функцияларын күшейту тәжірибесін қолданған жөн. Өйткені Қазақстанда үш жыл бұрын осы қарастырылып отырған саланы несиелеуде және салық салуда барлық жеңілдіктерді алып тастау туралы шешім қабылдады, ал несие ресурстары көбінесе коммерциялық делдалдық жүйеге «қызмет көрсетуге», басқаша айтқанда тауар айналымына жұмсалады. Осындай саясаттың кері әсері әлі де сезуде. Біздің республикамызда әлі де бұл салада, керісінше, заңды және жеке тұлғалардығ өндірістік қызметпен айналысуға ынталарын жоятын қатал жүйе талдауда.

     1992 жылдан  бастап ҚР Президенті өндіріс  саласындағы шағын және кәсіпкерлікті  мемлекет тарапынан қолдау туралы  жарлықтар мен заңдарға қол  қойды.

      Шет елдегі баға  белгілеу механизмі үлкен қызығушылық көрсетуде. Ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасын реттеу, саланың бірінші буынына табыс және пайда сомасының минималды деңгейін қамтамасыз етуде кепілдік беру түрінде құрылған. Басқа мемлекеттердің тәжірибесі көрсеткендей дағдарыс жағдайынан шығу жолында үкімет баға белгілеу мен баға деңгейіне әсіресе халықтың тауар тұтынуын бақылауын күшейтті. Қазір біз өндіріске және өндіріс құралдары мен тұтыну заттарды сатуға монополия жағдайындағы бағалардың толық ырықтандырылуы, сондай-ақ ауыл шаруашылығын материалды өндіріс саласы ретінде даму үшін қажетті дотацияларды бөлмеу жолымен келе жатырмыз. Мұндай көзқарас республикамыздың ЖҰӨ-нің үштен бірін құрайды, экономиканың аграрлы секторының өнімдеріне баға белгілеу және баға мәселелерін Үкімет көз алдынан тыс қалдыруда.


Информация о работе Экономиканы мемлекеттік реттеу