Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 22:48, курсовая работа
Мазмұны
Кіріспе.
1 Экономиканы мемлекеттік реттеу теориясы.
1.1 Мемлекеттің экономикадағы рөлі.
1.2 Экономиканы мемлекеттік реттеу мәні және оның қажеттілігі.
1.3 Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері және негізгі бағыттары.
2 Қазақстандағы экономиканы мемлекеттік реттеу.
2.1 Қазақстан экономикасын мемлекеттік реттеу.
2.2 Қазақстан экономикасын мемлекеттік реттеудегі мәселелер.
3 Қазақстан экономикасын мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдары.
Қорытынды.
Әдебиет тізімі.
Қосымша.
Кіріспе.
1 Экономиканы мемлекеттік реттеу теориясы.
1.1 Мемлекеттің экономикадағы рөлі.
1.2 Экономиканы мемлекеттік реттеу мәні және оның қажеттілігі.
1.3 Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері және негізгі бағыттары.
2 Қазақстандағы экономиканы мемлекеттік реттеу.
2.1 Қазақстан экономикасын мемлекеттік реттеу.
2.2 Қазақстан экономикасын мемлекеттік реттеудегі мәселелер.
3 Қазақстан экономикасын мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдары.
Қорытынды.
Әдебиет тізімі.
Қосымша.
Қазақстан Республикасының
Қазақ экономика, қаржы және
халықаралық сауда университеті
« Экономика және бизнес » факультеті
« Экономика » кафедрасы
« Макроэкономика » пәні бойынша
Тақырыбы: « Экономиканы
мемлекеттік реттеу және оның әдістері
»
Кіріспе.
1 Экономиканы мемлекеттік реттеу теориясы.
1.1 Мемлекеттің экономикадағы рөлі.
1.2 Экономиканы мемлекеттік реттеу мәні және оның қажеттілігі.
1.3 Экономиканы
мемлекеттік реттеу әдістері және негізгі
бағыттары.
2 Қазақстандағы экономиканы мемлекеттік реттеу.
2.1 Қазақстан экономикасын мемлекеттік реттеу.
2.2 Қазақстан экономикасын
мемлекеттік реттеудегі мәселелер.
3
Қазақстан экономикасын
мемлекеттік реттеуді
жетілдіру жолдары.
Қорытынды.
Әдебиет
тізімі.
Қосымша.
Әлемдік жаһандану шеңберінде Қазақстан үшін бір уақытта үш талапты бірдей сақтау – басты бағыт болып табылады: әлемдік экономикаға бірігу, халықаралық аренада бәсекелестікті сақтау және ел ішінді осы үдерістердің маңызды және елеулі өзгерістерге әкелуін қамтамасыз ету. Алға қойылған міндерттерге жету мемлекет тарапынан басқару әрекеттерінің табыстылығына байланысты болады. Мемлекет ойластырылған экономикалық саясатты жүргізу жағдайында нарықтық қатынастарды дамытуға қызу қарқын мен ерекше екпін бере алады. Сондықтан мемлекетке қоғам дамуының жалпы жағдайын қамтамасыз ету қызметі, өзінің тетіктері мен әдістерін пайдалану арқылы «ойын ережесін» анықтау, экономикалық үдерістерді тікелей және жанама реттеу жүктеледі.
Қазіргі уақытта мәселе мемлекеттің араласпауы туралы емес, осы араласудың шектері туралы болып отыр. Әлемдік тәжірибе мемлекеттің күші мен нарықтық күштердің оңтайлы арақатнастарын тұрақты іздестіруде екенін көрсетуде. Бұл арақатнастың қазіргі заманғы түсінігі әріптестік қатнастардың пайдасына шешілуде, соған байланысты, қоғамның бастан кешіріп отырған реформалар сатысындағы, оның міндеттеріне, экономиканың жағдайына тұрақты дамып отырған және нарықтық экономика төтенше және т.б жағдайларда дамып келе жатқан шаруашылықтың бір жүйесінен екіншісіне және тағы басқаға байланысты «мемлекет-нарық» арақатынасын өзгерту идеялары толығымен іске асырылуда.
Курстық жұмыстың мақсаты – еліміздің
экономикасын реттеу нысандары мен әдістерін
талқылау. Сонымен қатар, экономиканы
реттеу үшін шетел инвестицияларымен
қалай жұмыс істеу керек екендігі, оны
сырттай бақылау, шетел
капиталдарын тарту.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің мүмкіндігі
экономикалық дамудың белгілі бір деңгейіне
жетумен, өндіріс пен капиталдың үйлесуінде,
өндірістің шоғырлануында, өндіріс күші
мен өндіріс қатынастарының дамуында
пайда болды. Экономиканы мемлекеттік
реттеудің қазіргі замандағы жағдайда
ұдайы өндіріс үдерісінің құрамды бөлігі
болып табылады. Олар экономикалық өсуді
ынталандыру, жұмыспен қамтамасыз етуді
реттеу, салалық және аймақтық құрылымдағы
ілгерілеушілікті көтермелеу, экспортты
қолдау сияқты әр түрлі тапсырмаларды
шешеді. Эконом
каны мемлекеттік реттеудің көлемінің
нақты нысаны қоғам дамуындағы әр сатыдағы
сипатпен,экономикалық және әлеуметтік
мәселелердің өткірлігімен анықталады.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің ең
басты мақсаты – экономикалық және әлеуметтік
тұрақтылық, шетелде және елдің ішінде
қоғамдық құрылымды нығайту. Осы басты
мақсаттан иерархиялық тәуелділікте болатын
көптеген нақты жағдайлар пайда болады.
Бұл нақты мақсат, яғни экономикалық кезеңді
тегістеу объектісіне бағытталған. Шаруашылықтың
салалық және аймақтық құрылымын жетілдіру
секторлық, салалық және аймақтық құрылымға
бағытталған. Көбіне жеке мақсаттарға
дараланып қол жеткізу мүмкінемес.
Шетел капиталын тарту және оны пайдаланудың
тиімділігін көтеру, мемлекеттің ұлттық
мүдделері мен шетел инвесторлары мүдделерінің
келісімді болуын қамтамасыз ету мақсатында,
ұйымдастырушылық, экономикалық және
құқықтық механизмді жетілдіру, инвестициялық
қызмет үшін жалпы қолайлы жағдай мен
экономиканың басым салаларын дамыту
преференциялық режим құруды талап етеді.
Іс жүзіндегі механизмге толықтырулар
мен өзгерістер шаруашылық жағдайы мен
оның икемділігін көтеруге байланысты
енгізілуі тиіс. Шетел инвестицияларын
тарту мен қолда
ну процесін тежеуші бюрократиялық процедураларды
жеңілдету және шетел инвесторларының
құқықтарын қорғау бойынша кепілдемені
көтеру аса маңыздырөлгеие.
1.Экономиканы мемлекеттік реттеу теориясы.
1.1 Мемлекеттің экономикадағы рөлі.
Экономикалық ғылымның пайда болу кезеңінен бастап, ғалымдар өз зерттеулерін экономикадағы мемлекеттің рөлі және қызметі мәселелерін анықтауға бағыттап келеді. Әр түрлі кезеңде және түрлі елдерде экономистердің жасаған теориялары ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу тәжірибесінде қалданылды.
Меркантелизм.
Капиталды бастапқы жинау кезеңінде пайда болған (XV-XVII ғ.ғ.) алғашқы экономикалық мектептердің бірі меркантелизм деп аталып, оның өкілдері экономиканы белсенді мемлекеттік реттеу қажеттілігін негіздеді. Олардың ойынша басты назарды әсіресе сауда мен өнеркәсіпті дамытуға бағыттау керек болатын.
Меркантелистер ақшаны байлықтың абсолюттік формасы ретінде қарастырды және олардың пікірінше ұлттық алтыны және күмісі неғұрлым көп болған жағдайда, соғұрлым ол бай болып саналады. Ал ақша байлығын жинақтау мемлекеттік биліктің көмегімен ғана қол жеткізіледі.
Ертеректегі (немесе ақша) меркантелизм теориясын жақтаушылар (ағылшын У.Стаффорд, итальяндық Г.Скаруффи) елдегі ақшаны ұстап тұруға бағытталған мемлекеттік шараларды қолдады. Мұндай шаралар ретінде келесілері атап өтілді: шетелге ақшаны шығаруға тыйым салу, валюта саудасына мемлекеттік монополияны орнату, шетел тауарлары саудасына «қойма орындарын» жасауды ұсыну.
XVI ғ. екінші жартысы- XVI ғ. кейінгі меркантелизм дамып және өркендей бастады (оның өкілдері ағылшын экономисті Т. Манн, итальяндық А. Серра, француз А. Монкретьен). Бұл кезеңде абсолюттік монархияның қалыптасуы аяқталған болатын. Ал сауда буржуазиясының экономикалық қуаттылығы арта бастады. Мемлекет өзінің қызмет ету саласын сауда саласына ауыстырды, мұндағы басты міндет белсенді сауда тепе теңдігінің жүйесін құру болып табылады.
Кейінгі меркантелизмді жақтаушылардың пікірінше мемлекет байлығы елден шығарылған және елге әкелінген тауарлар құнының арасындағы айырмашылыққа тәуелді, яғни экспорттың импорттан артық болуына тікелей байланысты. Мұндай айырмашылықты қамтамасыз ету үшін келесілер ұсынылады.
Сонымен қатар үкімет белсенді сауда тепе теңдігін қалыптастыру және сыртқы нарықтарды қамту үшін, импортты шетелдік тауарларға баж салу арқылы реттеп, сыртқы нарықта өніміне сұранысы көп кәсіпорын иелеріне сыйақы беріп, экспортты ынталандыру тиіс.
Осы мақсатпен сонымен қатар елді өнеркәсіптік бұйымдарды импорттау қажеттілігінен босату үшін, өнеркәсіпті, әсіресе мануфактуралық өнеркәсіпті, дамытуды ынталандыру ұсынылады.
Меркантелизм идеялары мемлекеттік саясаттың теориялық негізі болып, ол протекционистік саясат немесе ұлттық нарықты қорғау саясаты деген атауға ие болды. Бұл саясат отандық экономиканы дамытуды ынталандыруға оны шетелдік бәсекелестерден қорғауға, сыртқы нарықты кеңейтуге бағытталған болатын. XVII ғ. бастап және осы күнге дейін белгілі бір дәрежеде, нақты жағдайларда протекционистік экономикалық саясатты қолданбаған мемлекет болған жоқ. Мұндай саясаттың негізгі құралдарына: импортталатын тауарларға протекционистік тарифтер, импорттық квоталар, экспорттық субсидиялар және экспорттаушыларға салықтық жеңілдіктер және т.б жатады. Әрине бұл шаралар мемлекеттің қолдауынсыз жүзеге асырылмайды. Сондықтан да меркантелистердің ойынша экономикалық үдерістерге мемлекет белсенді араласады.
Экономикалық либерализм.
Нарықтық қатынастардың дамуы нәтижесінде ұлғайған өнеркәсіптік капитал мемлекеттік қолдау мен онымен байланысты шектеулерді өз қызметіндегі кедергі ретінде қарастырады, одан құтылуға ұмтылады. Экономистер өз еңбектерінде меркантелизм ұстанымдарын жиі сынға алып отырады. Экономикалық либерализмнің жаңа көзқарастарын саяси экономиканың классикалық мектебін қалаушылары Адам Смит, Давид Рекардо қалыптастырды.
А.Смиттің « Халықтар байлығының табиғаты және себептері туралы зерттеуі» (1776ж ) еңбегінде табиғат заңдарына ұқсас әрекет ететін және қоғамның дамуын анықтайтын экономикалық заңдар түсіндіріледі. Оған сыртқы (мемлекеттік) араласу болмаған кездегі экономикада стихиялы орнатылатын «табиғи үйлесімділік» тепе теңдік идеясы жақын болды және ол нарықтық жүйенің қызмет етуінің тиімді тәртібі болып табылады. Смит экономиканың мұндай табиғи қызмет етуін «көрінбейтін қол» қағидасы деп атады, яғни жеке табысқа ұмтылу жалпы табысқа өндіріс пен прогрестің дамуына әкеледі.
А.Смит мемлекет рөлін «түнгі қарауыл» қызметімен шектеді.
- тәртіпті қолдау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
- сот шешімдерін тарату.
- қоғамдық құрылғыларды және қоғамдық мекемелерді ұстау.
« Кәсіпкерліктің еркіндігі», «сауда еркіндігі» - бұл қағидалар теорияда да, саясатта да мемлекеттік протекционизм идеяларын алмастырды.
Экономикаға
мемлекеттің араласуын
А.Смит және Д.Рекардо фритредерлік (ағылшын тілінен free trade –еркін сауда) теориясы мен саясатының негізін қалаушылары болып саналады. Басты идея – барлық шаруашылық етуші субъектілеріне негізгі экономикалық бостандық кепілдендірілуі тиіс:
- Қызмет ету саласын таңдау еркіндігі.
- Бәсеке еркіндігі.
- Сауда еркіндігі.
Классиктер мұндай саясатты барлық елдер мен халықтарға әрқашан тиімді болады деп көрсетті. Дегенмен бұл саясат тек XIX ғ. орт асында ғана Ұлыбританияда толықтай жүзеге асырылған болатын.
Кейнсиандық теория.
Терең және ұзаққа созылған экономикалық дағдарыстар, XIX ғ. ортасында әлеуметтік мәселелердің шиеленісуі, 1848ж. революция, әсіресе 1929-1933жж. Ұлы дағдарыс кезеңі шаруашылық дамуды тұрақтандырып, жүйенің әлеуметтік тепе теңдігін қамтамасыз ететін мемлекеттік әлеуметтік экономикалық саясаттың қажеттілігін білдірді. Бұл қажеттілік экономикалық ғылымда көрініс тапты. Ағылшын экономисі Джон Мейнард Кейнстің 1936ж жарық көрген «Жұмыссыздық, пайыз, және ақшаның жалпы теориясыә» еңбегінде негізі қаланған жаңа бағыт – кейнсиан бағыты пайда болды.
Дж.М.Кейнс (1883-1946)-XX ғасырдағы экономикалық пікірлердің көрнекті өкілі. Экономикалық ілімде оны экономиканы мемлекеттік реттеу теориясының негізін қалаушысы деп санайды. Дж.М.Кейнс А.Смиттің «көрінбейтін қол» қағидасы мен мемлекеттің экономикаға араласпау идеясына сын көзбен қарады. Ол жеке экономикалық тұлға немесе фирманы жандануды. шарттары ел экономикасы өркендеуінің шарттарымен ұқсас екені туралы пікірмен келіспейтінін айтты. Керісінше, олардың арасында қарама қайшылықтар туындайды және олардың шешімі ұдайы өндірістің жалпы жағдайлары аясында болады және мемлекетпен реттеледі.
Информация о работе Экономиканы мемлекеттік реттеу және оның әдістері