Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәнінің курсы

Автор: m******************@mail.ru, 27 Ноября 2011 в 21:11, реферат

Описание работы

Ғылыми және экономикалық оқу әдебиеттерінде экономиканы мемлекеттік реттеу тұжырымдамасының заңдық негіздегі категориясы басқарудың құрылымына «макроэкономикалық ықпал ету, ұлттық шаруашылықтың жолымен шаруашылық өмірге араласу» болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Экономиканы мемлекеттік реттеу.docx

— 19.84 Кб (Скачать)

    «Экономиканы  мемлекеттік реттеу»  пәнінің курсы 

    Ғылыми  және экономикалық оқу әдебиеттерінде экономиканы мемлекеттік реттеу тұжырымдамасының заңдық негіздегі  категориясы басқарудың құрылымына «макроэкономикалық ықпал ету, ұлттық шаруашылықтың жолымен шаруашылық өмірге араласу» болып табылады.

    Н.К.Мамыров, Ж.О.Ихданов өздерінің оқу әдістемелерінде  келесідей анықтама берген: «мемлекеттік реттеу өзімен бірге әкімшілік – экономикалық және ұйымдастырушылық – құқықтық араласудың негізгі формасы ретінде мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық үрдістерге рационалды тепетеңдікті макроэкономикалық тұрақтылықты қолдау мақсатында араласуы»

    Ресейлік  экономист В.П.Орешин экономиканы  мемлекеттік реттеуді :«мемлекеттік жүйенің заңнамалық, атқарушы және бақылаушы сипатындағы әрекеті  мемлекеттік ұйымның құқықты  жүзеге асыруы және қоғамдық ұйымдарда экономиканы тұрақтандыру, дамыту және әлеуметтік – экономикалық жүйенің тетігі ретінде шарттардың өзгеруі, бұрын бірегей ағза болмаған дербес бір жүйенің келесі дербес жүйеге араласуы» деп анықтама береді.

    Көптеген  авторлар айқындылыққа көп көңіл  бөледі, бірақ олар сол айқындылықты көре алмайды. Мемлекеттік реттеу –  бұл экономикалық категория. Ол өндірістік және өңдеуші қатынастардың дамуы  тарихымен қалыптасқан. Сондықтан  да оны осындай мемлекеттің функциясы  бар екенін анықтаудың қажеттілігі  туындайды. Мемлекеттік реттеу мемлекет ерлерінің «басқару» құштарлығынан пайда болған арман емес, ол қоғамның дамуынан пайда болған жүйе.

    Реттеудің аясында әкімшілік араласуды  түсіндіретін басқа да анықтамалар  кездеседі. «Араласу» сөзінің өзі  заңдық тұрғыдан қарағанда жоғарыдағы анықтамаға күмән келтіреді. «Араласу» мағынасы қандай да бір үрдіске ,іске ықпал етуді айқындайды. Мемлекттік реттеу алғашқы көзқараста мазмұнды айқындайтын, қарастырылып отырған категорияға, маңызды анағұрлым дәлдікпен қаарйтын анықтайтын мағына береді. «Араласу» ұғымы ауызекі орыс тілінде «өз еркіңе қарсы тұруға мәжбүрлеу немесе қандай да бір нәрсеге, іске қатысу» мысалға, қаруланған шабуыл кезінде немесе мақсат-мүдделердің қарама қайшылығы, немесе хиррургиялық операцииялар және т.б. секілді өзіне мағыналық ой артады.  

    «Ықпал  ету» сөзінің мағыналық мазмұны  белгілі бір мақсатұа жету бағыты, іс-шаралар жиынтығы болып табылады. Алғашқы сөзде (араласу) барлық іс мәжбүрлеуге  бағытталса, ал екінші (ықпал ету) шарасында  қайта құруға және тепе-теңдікті қолданудың қалыпты құбылысы ретінде қалыптасты. Шаруашылықтанған мемлекеттік субъект араласу үрдісінде осы және өзге де әрекетермен және соның өзінен қажетті нәтижені алады. Ықпал ету шараларына мемлекет қол ұшын береді, қоғамдық өндіріске қажетті тауарлар  мен қызметтері дамуы мен қалыптастыру үшін, шаруашылық субъектілерінің әрекетін бағыттайды. «Реттеу» сөзінің өзі белгілі бір экономикалық үрдістің даму бағытына біріктірілген, екіжақты әрекеттегі әртүрлі басқару институттарына орнатылған мағынада қолданылады. Араласу бұл дербес акт, және мемлекет қажетті тәртіптің болуына бағытталған функциядан алшақтап, қайылған тапсырманы орындайды.  Реттеу бұл үрдіс, мұнда мемлекет билік органы ретінде экономикалық заңдармен қойылған шаруашылық үрдісті үнемі қолдап отырады.

    Осы орайда, экономиканы мемлекеттік реттеу бұл экономикалық заңдардағы әрекеттерге негізделген нарықтық шарттарды шаруашвылық үрдістегі әртүрлі өзаар іс-қимыл тәртібінмен нақты орналастыру болып табылады.  

    Экономиканы реттеудегі мемлекеттің  рөлі мен орны. Экономиканы  мемлекеттік реттеудің  түрлері мен әдістері. 

    Мемекеттің  орны мен рөлі оның қызметтерінен  айқын көрінеді. Келесі қызметтерді  атап айтуға болады: құқықты, әкімшілік  – ұйымдастырушылық, экономикалық, өндірістік – техникалық , бәсекені қорғау, тұрақтандыру, болжау, қадағалау.

    Құқықтық  қызмет қоғамдық өмірдің мекемесін  құрастырып, шаруашылық субъектілері арасындағы қарым -  қатынасты реттеп отырады.

    Өндірістік  – техникалық қызмет өндірістік саладағы жағдай ды реттейді.

    Бәсекелестікті  қорғау қызметі монополияға қарсы  саясатты туындатады. Экономикада таза монополияның болуы қаралған. Ал, басқаларына  мықты монополияға қарсы саясатын, негізін заңнамалар құрайды. Оларға құқықтық нормалар қабылдау, бәсекелестікті қолдау және күшейту шаралары жатады.

    Тұрақтандыру  қызметі аясында мемлекет экономиканың тұрақты өсімді, баға тұрақтылығын қадағалайды. Өндіріс көлемін арттыру үшін жиынтық шығындар да артуы қажет. Бірақ, біздің нарықтық экономика оны қаржыландыра алмайды.

    Мемлекет  қадағалау қызметі аясында мекемелер  құрып мемлекеттік заңдардың, бұйрықтардың, шешімдердің, бұйрықтардың және мемлекеттік қаржылардың дұрыс жұмсауын қадағалайды.

    Экономиканы мемлекеттік реттеудің түрлері  бұл – экономикалық үрдістердің  ретелуінің ұйымдасуы келесі негізгі  түрлерді бөліп қарастырса болады:

    Әкімшілік-құқықтық – бұл түрі заңнамалық жне әкімшілік-ұйымдастырушылық негізде қызмет етеді.

    Заңнамалық  – бұл бүкіл қоғамдық өндірісті  реттейтін заңдардың қабылдануымен  сипатталады.

    Экономикалық-ұйымдастырушылық нысан мемлекет тарапынан қабылдайтын  нормативтер жүйесімен, ережелерімен, нұсқацлығымен көрініс табады.

    Экономикалық  нысанда мемлекеттік мекемелердің шаруашылық үрдістегі макроэкономикалық  және микроэкономикалық жағдайларды  реттеуі алға шығады. Тарихи қалыптасқандары: қаржы-несиелік, салықтық-бюджеттік, амортизациялық кедендік, сауда саттық және сыртқы экономикалық әдістер.

    Реттеу  әдісі басқару субъектісінің  лбъектіге практикалық әсер етуімен  көрінеді Экономикалық реттеудің кез келген әдісі әкімшіліктендіріледі немесе мемлекеттік биліктің құралы болып табьылады. Басқаша қарағанда әкімшілік әдістер экономикалық мінез көрсетеді, себеі, олардың әрекет етк аймағы – экономикалық жүйе. Екі әдіс те қоғамдық өндірістің ажырамас бөліктері.

    Мемлекеттік реттекдің негізгі элементі болып  реттеу негізінде дұрыс механимді  анықтау болып табылады. «Мемлекеттік реттеудің механизмі» термині экономикалық әдебиеттерде техникалық шығу тегін  қабылданып, белгілі бір іскерлікте қолдануға болатынын дәлелдеген.

    «Реттеу»  түсінігі объектіге тура және жанама түрде дамуына нұсқау беретін  үрдіс ретінде қарастырылған.

    Реттеу  нақты жүзеге асатын механизмді ойлап  табуға негізделген қиын, әрі көпфакторлы  көрініс болып табылады.

    Реттеуші  механизмге мына элементтер әсер етеді:

  • Механизмді іске қосатын бастаушы
  • Соңғы нәтиженің бағдарламалы анықталуы
  • Методикалық қамтылудың сыртқы бейнеленуі
  • Мақсатқа жету үшін қажетті ресурстардың түрлері мен бастапқы жиынтығы
 

    Экономиканы мемлекеттік реттеудің механизмі  оған әсер ететін құралдар сияқты әртүрлі  болып табылады. Қажетті құралдарды таңдау экономикалық аймақтарға байланысты болады.

Информация о работе Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәнінің курсы