Автор: Шакарим Абдикарим, 11 Октября 2010 в 19:03, реферат
Күнделікті экономиклық өмірде адамдар арасындағы қатынастар әрқашан да белгілі
экономикалық жүйе ретінде қызмет жасайды.
Экономикалық жүйе - бұл экономикалық процестердің жиынтығы. Ол қалыптасқан
мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қогамда жүзеге асады.
Әлемдік экономикалық әдебиеттерде экономикалық жүйені топтаудың кең таралған екі
фактор негізінде жүргізіледі:
1. Меншік типтері бойынша;
2. Экономиканы ұйымдастыру типтері бойынша;
Экономикалық жүйенің типтері мен модульдері.
Күнделікті экономиклық өмірде адамдар арасындағы қатынастар әрқашан да белгілі
экономикалық жүйе ретінде қызмет жасайды.
Экономикалық жүйе - бұл экономикалық процестердің жиынтығы. Ол қалыптасқан
мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қогамда жүзеге асады.
Әлемдік экономикалық әдебиеттерде экономикалық жүйені топтаудың кең таралған екі
фактор негізінде жүргізіледі:
1. Меншік типтері бойынша;
2. Экономиканы ұйымдастыру типтері бойынша;
Осындай әдістер негізінде экономикалық жүйені төмендегідей типтерге бөледі:
а) дәстүрлі экономика;
ә) әкімшілдік - әміршілдік экономика;
б) еркін бәсекелестік (таза капитализм) нарықтық эконмика;
в) қазіргі нарықтық экономика (қазіргі капитализм) немесе аралас экономика.
Енді осы типтерге толығырақ тоқталайық.
а) дәстүрлі экономика тұйық, оқшау шаруашылыққа негізделелі. Ұрпақтан ұрпаққа беріліп
отырған дәстүр мен салт, қандай тауарды қалай, кім үшін өндіру арқылы анықталады.
Экономиканың осы түрі бұрынғы заманға қарағанда, Азия, Латын Америкасы мен
Африка елдерінде қазір өте сирек кездеседі.
б) еркін бәсекелестік нарықтық экономика ресурстарға жеке меншіктік және тауар
өндірушінің еркін бәсекелік механизмімен сипатталады. «Тұлға өзінің барлық
материалдық және рухани мүмкіндіктерін өз пайдалығы үшін қолдануға тырысады. Ол
күнделікті өмірде қоғам үшін пайда келтіруді ойламайды. Адам тек өзінің мүддесін
көздейді, бірақ бұл жағдайда көптеген басқа кездегідей, ол көрінбейтін қолмен,
мақсатқа қарай бағыттайды және оның ойында бұл боғандай емес. Өзінің ойлаған
мүддесін тіпті саналы түрде көздегенмен де, ол қоғам мүддесіне батымды – ақ жиі
қызмет жасайды».
Мұндай экономика ең идеалды экономика ретінде қарастырылады. Еркін (либералды)
нарықтық экономиканың негізін қалаушы А.Смит болды. Ол нарықтық экономикаға
барынша еркіндік беру қажет деп есептеді. Алайда еркін нарықтық экономиканың нақты
қызмет атқаруы көрсеткеніндей, оның бөлінбес серігі – артық өндіру экономикалық
дағдарысының үнемі туындауы болып келеді. Экономикалық дағдарыстар тарихын
зерттеуі көрсеткендей, олар 1825 жылдан бастап үнемі әрбір 8 – 10 жылда қайталанып
отырады. Дағдарыс кезінде саудада тоқырау басталады, нарыққа өтпейтін өнімдер
мөлшері көбейіп кетеді, қолма – қол ақшалар айналымнан жойылады, зауыт пен
фабрикалар тоқтатылады және жұмысшылар жұмыссыз қалады. Тоқырау жылдарға
созылады және экономика бүлінеді.
Экономикалық жүйенің типтері мен моделдері
1 / 4
Экономикалық жүйенің типтері мен модульдері
Негізгі
белгілері Т И П Т Е Р
Мемлекеттік жоспарлары Н А Р Ы Қ Т Ы Қ
XVII – XIX ғғ. Қазіргі ХХ – шы ғасыр
Әкімшілдік - әміршілдік Еркін
бәсекелестік Аралас бағытталған Әлеуметтік
аралас
Өндірісті қоғамдастыру–
дың көлемі Қоғам
(мемлекет)
шеңберінде Кәсіпорын
шеңберінде Шаруашылықты бөлшектеп
мемлекеттендіру Шаруашылықты бөлшектеп
мемлекеттендіру
Меншік түрі –
нің басымды –
рақ болуы Мемлекеттік Жеке индиви – дуалды Жеке ұжымдық
мемлекеттікпен Жеке ұжымдық
мемлекеттікпен
Экономиканы
реттеу Мемлекеттік Нарықтық
өзін - өзі
реттеушілік Нарықтық және
мемлекеттік Нарықтық және
мемлекеттік
Әлеуметтік – Тұрақты Өндірістің әр –
бір 8 – 10 жыл
сайын болатын
экономикалық
дағдарыстар Экономикаға мемлекеттің араласуы.
Экономикалық дағдарыстарды ескерту мен бәсеңдету бойынша антициклдық шаралар
Әлеуметтік кепілдіктер Күшті мем – лекеттік әлеументтік қорғау, мүлік
тепе – теңсіз– дігін жою Азаматтардың
әлеуметтік
қорғалмауы Жеке және мемлекеттік сақтандыру
қорларының құрылуы Күті әлеуметтік қорғау, мүлік
тепе – теңсіздігін азайту
б) әкімшілдік - әміршілдік экономика. Нарықтық экономикадағы еркін бәсеке және оны
тереңірек талдау құбылысы әкімшілдік - әміршілдік экономика теориясының пайда
болуына ықпал етті. Әміршілдік экономика теориясының ұраны: «Қазіргі өндіргіш
күштермен олардың ұғыну бейнесінде, тіпті табиғатымен қарау байқалады. Өндірістегі
қоғамдық анархия өндірісті қоғамдық – жоспарлы реттеумен алмастырылады».
Әкімшілдік - әміршілдік экономиканың нарықтық экономикаға қарағанда артықшылығы
2 / 4
Экономикалық жүйенің типтері мен модульдері
мынада: ол ашқ түрде жұмыссыздықты, өндірістің тым құлдырауын болдырмайды. Ал
қиын шешуші кезеңде елдің материалдық, еңбектік және ақша қорларын ірі халық
шаруашылығының міндеттері мен бағдарламасын жүзеге асыруға шоғырландырады және
жұмылдырады. Сондықтанда жоспарлау жүйесін қоғамдық меншікке негізделген
социалистік елдер ғана емес, жеке меншікке негізделген кейбір капиталистік елдерде
қолданады. Айталық, екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде бұл гитлерлік Германияда
байқалды.
Әкімшілдік - әміршілік экономиканың олқылықтары мынадан байқалады.
Біріншіден, барлық шаруашылық сауалдарын көп сатылы бюрократ – тық инстанциясы
арқылы шешу қажет болды. Олардың келісімін алуға
көп уақыттың кетуі – барынша кедергі болып табылады. Мұндағы басты мақсат – жаңа
өнімді шығару қажеттілігі, жаңа техника мен технологияны ендіру болмақ. Ал келісімге
кеткен уақыт бұған кедергі жасайды.
Екіншіден, кәсіпорын жоспарының орындалуы туралы тұтынушы алдында емес, жғары
жақтағы орталық ұйымдар алдында есеп береді. Кәсіпорын есебі бұрыстау, боямалы
ақпараттан құрылады. Сондықтан да орталық ұйымдар экономика және
тұтынушылардың қажеттілігі туралы көбіне нақты көзқараста бола алмайды.
Осының барлығы әкімшілдік - әміршілдік экономиканы тиімсіз етеді және оны әртүрлі
тапшылыққа алып келеді.
в) қазіргі нарықтық экономика аралас экономика болуда. Аралас нарықтық экономика
дегеніміз не? Американ экономисі Пол Самуэльсон былай деген: «Аралас экономика
өмірдің нашарлауын жалпы сауықтырудың нақтыланған алып жүйесі болып табылады»,
әрі қарай ол: «Аралас экономика – бұл нарықпен, бұйрық, дәстүр элементтерімен бірге
болатын экономика» - дейді.
Аралас нарықтық экономика теориясының түп тұлғасы болып «конвергенция» теориясы
(авторы – Нидерланд экономикалық мектебінің профессор – экономисі Ян Тинберген)
және «жаңа индустриалды қоғам» теориясы (авторы – Гарвард институтының
профессор – экономисі Джон Кеннет Гэлбрейт) жатады. Дж.Гэлбрейт «жаңа
индустриалды қоғамды» аралас экономиканың ерекше бір типі ретінде қарастырып оның
нақты және жоспарлы жүйеден тұратынын айтқан.
Аралас экономикада «нарықтық механизм баға мен көптеген саладағы өндірісті
анықтайды, олай болса, мемлекет нарықты салық салу, шығынмен реттеп отырады» - деп
жазған болатын Пол Самуэльсон.
Әлеуметтік аралас нарықтық экономика териториясының негізін қалаушы герман
экономисі, Фрайбург университетінің профессоры Ойкен Вальтер (1891 – 1950 жж.)
болып табылады. Оның тұжырымдамасының құрамдас бөлігі: әлеуметтік қорғаудың
толығырақ жүйесін мүмкіндігі келгенше нарықтық экономикаға қол жеткізу негізінде
жасау болмақ. Бұл тұжырымдаманың ұраны мынау: «...адамды экономикалық саясатқа
емес, экономикалық саясатты адамға бейімдеу».
Аралас әлеуметтік бағытталған экономикалық саясатқа емес экономикаға мысал ретінде
«швед моделі» жатады. Мұнда барлық негізгі қордың 4% - ы мемлекеттің қолдануында
болады, ал барлық мемлекеттік шығындардың жартысы әлеуметтік мақсатқа
бағытталады.
Іргелі әлеуметтендіру қорытындысы мынада: «өндірістің қызметі көбінесе жеке
кәсіпорынға жүктеледі, себебі бәсекелестік негізде іс - әрекет жасайды. Ал, жоғарғы
деңгейде өмір сүру қызметін қамтамасыз ету (барлық әлеуметтік инфрақұрылымның,
3 / 4
Экономикалық жүйенің типтері мен модульдері
оның ішінде мынандай саланы – жұмыссыздық, әлуметтік сақтандыру, білім, көлік,
байланыс, ғылымды қосқанда) мемлекетке жүктеледі».
Қазақстан Республикасы қалыптасуы мен дамуының стратегиялық мақсаты аралас
әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика болып табылады. Ол бәсекелестік бастауға,
меншіктің негізгі түрлерін араластыра - өзара іс - әрекетке негізделеді. Олардың
әрқайсысы жалпы экономикалық және әлеуметік өзара байланыс жүйесінде өз
қызметтерін атқарады.
Қандай да бір экономикалық жүйедегі әртүрлі меншік түрлерінің арақатынасы қандай
боолу керек? ХІХ – шы ғасырдың ІІ – ші жартысына дейін өмір сүрген еркін нарықтық
экономика дәуірінде (монополистік капитализмге дейінгі жүйе), ұсақ жеке меншік
артығырақ сипатқа ие болады. Ұсақ кәсіпкерлер өзара еркін бәсекелесті. Бұл еркін
бәсеке дәуірі еді. ХІХ – шы ғасырдың ІІ – ші жартысынан бастап ҒТР – ның әсерінен
Информация о работе Экономикалық жүйенин типтери мен модульдери