Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 20:13, контрольная работа
Қазіргі қоғамтануда әлемдік әркениет жайлы пікірталастар аса маңызды орын алады. Әлемдік өркениеттің негізгі қырларын талдау - оны шынайылық деп қабылдау немесе мінсіз нормативті үйлесім ретінде қарастыру. Сонымен қатар әлемдік өркениетті ойдан шығарылған, жалған ретінде мойындамау ұстанымы да бар (А. Тойнби, С. Хантингтон және т.б.).
СӨЖ
Экономикалық жүйедегі- әлемдік өркениет жүйесі
Қазіргі қоғамтануда әлемдік әркениет жайлы пікірталастар аса маңызды орын алады. Әлемдік өркениеттің негізгі қырларын талдау - оны шынайылық деп қабылдау немесе мінсіз нормативті үйлесім ретінде қарастыру. Сонымен қатар әлемдік өркениетті ойдан шығарылған, жалған ретінде мойындамау ұстанымы да бар (А. Тойнби, С. Хантингтон және т.б.).
Әлемдік өркениетті түсіну мәселесі
адам қызметінің барлық саласымен байланысты.
Жаһандану процесінің мәнін түсіндіруде
бір жағынан еуропалық-атлантикалық
Әлемдік және шағын өркениеттердің арақатынасы
мәселесі өзіне тән белгілері бар әлеуметтік-мәдени
қауымдастықтардың иерархиясын білдіретін
ұғымдардың көпмәнділігіне орай әдістемелік
қиыншылықтарға үшырайды. Біріншіден, бұл этноәлеуметтік құрылымдар
болуы мүмкін (мыс.,майя, вавилон, шумер өрк
Әлемдік өркениет - (лат. civis - азамат) -
1) адамзаттың қол жеткен табыстарының
жиынтығы;
2) әлемнің қарқынды ілгері дамуы;
3) нақтылы ал- дыңғы қатарлы (әдетте батыстық)
әлеуметтік тәртіптің нормативті түсінігі.
Әлемдік өркениет тарихи
бола тұра, әлеуметтік дамумен тығыз байланысты, нақтылы саяси,
мәдени, этникалық, аймақтық ерекшеліктеріне
қарамай, барлық адамзаттың әлеуметтік,
материалдық және рухани жетістіктерін тізбектейді. Өркениет – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің
жиынтығы. Ежелгі римдіктер бұл ұғымды“варварлықтар” деп өздері атаған басқа халықтар мен
мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету
мақсатында қолданған. Олардың түсініктері
бойынша“Өркениет” азаматтық қоғам, қалалық мәдениет, заңға
негізделген басқару тәртібі қалыптасқан
рим империясының даму дәрежесін білдірген.
Өркениет мәдениет ұғымымен тығыз байланысты.
Ғасырлар бойы қалыптасқан Өркениет пен
мәдениет ұғымының мағыналарын төмендегідей
топтастыруға болады:
Ағартушылық дәуірінде
Өркениет әлеуметтік-мәдени дамуды сипаттау
үшін қолданылды. 19 ғ-да Шпенглермен Тойнби еңбект
Оның мынадай өзіндік белгілері бар:
а) көшпелі өркениеттің мәдени негізіне
рулық-тайпалық одақ жатады;
ә) түркі тілінде сөйлеген тайпалар “түркі”
этнонимі пайда болғаннан талай ғасырлар
бұрын қалыптасқан;
б) мұсылман дінін түркі тайпалары біртіндеп
өз еркімен қабылдаған және бұл үрдіс
Шыңғыс хан империясы тұсында баяулағанымен,
түбінде табысты аяқталған;
в) орта ғасырлардың соңынан бастап түркі
тайпалары моңғолдық этн. элементтерді
өзіне сіңіре бастады;
г) 15 ғ-да түркілік Орталық Азияда қазақ
деп бұрынғы мемлекетінен бөлінген адамдарды
айтты.
Қазақ халқының және оның ата-тектерінің
әлемдік Өркениетке қосқан басты құндылықтарына
мыналар жатады:
1) еуразиялық көшпелілер кеңістікті игеруде
адамзат тарихындағы бірінші жетістікке
жетті;
2) көшпелілер шөл мен шөлейттерді үйлесімді
игере алды;
3) еуразиялық көшпелілер тарих катализаторлары
(А.Вебер) қызметін атқарды, олардағы миграциялық
процестер жаңа өркениеттердің қалыптасуының
себебі болды (Үнді, Иран, Ғұн мемлекеті, Араб Халифаты, т.б.);
4) Ұлы Жібек жолы және басқа да мәдени байланыс жүйелері
арқылы түркілер батыс пен шығыстың арасында
дәнекерлік қызмет атқарды, олардың сұхбатына
себепкер болды;
5) қазақтың арғы тектері әлемдік өркениеттіліктің
шалбар, алдаспан, киіз үй, күйме, металл
өңдеу, зергерлік, ұсталық сияқты артефактілерін
алғашқылардың бірі болып енгізді;
6) түркілердің әмбебап дүниетанымдық
жүйесі – тәңіршілдік адамдық ынтымақтастық
пен келісімділіктің маңызды формасы
болды;
7) “адам бол!” ұстанымы, әлемді жарық дүние деп түсіну,
адамның көңіл-күйіне мән беру, ғарышпен
және адамдармен үйлесімділікте болу,
жасы үлкендер мен баланы қастерлеу сияқты
қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінің құндылықтары
қазіргі руханиятта ерекше орын алады.
Қазіргі қазақ Өркениеті алдында ұлттық
архетиптерді сақтай отырып, оларды қазіргі
әлемдік Өркениет құндылықтарымен үйлесімді
ету міндеті тұр.
Тойнбидің көптеген еңбектерінің ішінде
ерекше орын алатыны - 12 томдық "Тарихты
зерттеу" ("A study of а History" 12 vols., 1934-1961)
шығармасы. О. Шпенглердің ізінше Тойнби
әлемдік тарих бірлігінің дәстүрлі тұжырымдарын
жоққа шығарады. Ол шағын өркениеттерге
салыстырмалы талдау жасайды (бастапқы
нұсқасында ол 21 өркениетті көрсетеді,
кейіннен 13-ке қысқартты), өмірлік кезеңдерінен
ортақтық табады. Кез келген өркениет
өз дамуында пайда болу, өсу, жарылу, ыдырау,
ақыр соңында басқаға орын беріп, жойылу
процестерін басынан кешіреді. Өркениет
дамуының қозғаушы күші "шығармашылық
азшылық", "өмірлік талпыныстың"
иесі, әртүрлі тарихи "айбаттарға"
жауап беріп, соңынан "екпінді көпшілікті"бұқараны ілестіреді
Пайдаланған әдебиеттер
Информация о работе Экономикалық жүйедегі- әлемдік өркениет жүйесі