Экономикалық теорияның даму негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 21:20, реферат

Описание работы

Әлемде сан алуан халықтар еңбек етіп, қоғамдық өндіріс, өзара байланыс, айырбас жүргізіп, түрліше табиғи жағдайда өмір сүріп келеді. Адам еміріндегі ең қажетті шарт — аш-жалаңаш, баспанасыз болмауы үшін еңбек ету, еңбек нәтижесін тұтыну, өзара айырбас қатынастарының болуы. Адам жападан-жалғыз күн көре алмақ емес. Алғашқы қауымда адамдардыи табиғи ортада хайуанаттардан белініп шығуының өзі бірлескен еңбекке байланысты. Тарихтағы тұңғыш экономикалық ой-пікір алғашқы адамдардың бірлесіп тағы аңдарды аулауы деуге болады. Экономикалық қатынас өмір қажеттілігінен туады.

Содержание

1. Экономикалық ой-пікірлердің қалыптасуы
2. Экономикалық теория пәні және оның зерттеу әдістері
2.1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ –МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬ (ҮЛГІ) ЖАСАУ
3. Экономикалық категориялар мен заңдар

Работа содержит 1 файл

ОЭТ реферат.docx

— 38.25 Кб (Скачать)

ЖОСПАР

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ

1. Экономикалық ой-пікірлердің  қалыптасуы 
2. Экономикалық теория пәні және оның зерттеу әдістері 
2.1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ –МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬ (ҮЛГІ) ЖАСАУ 
3. Экономикалық категориялар мен заңдар

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ЖӘНЕ САЯСИ 
ЭКОНОМИЯ ҒЫЛЫМЫ

1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОЙ-ПІКІРЛЕРДІҢ  ҚАЛЫПТАСУЫ 
Әлемде сан алуан халықтар еңбек етіп, қоғамдық өндіріс, өзара байланыс, айырбас жүргізіп, түрліше табиғи жағдайда өмір сүріп келеді. Адам еміріндегі ең қажетті шарт — аш-жалаңаш, баспанасыз болмауы үшін еңбек ету, еңбек нәтижесін тұтыну, өзара айырбас қатынастарының болуы. Адам жападан-жалғыз күн көре алмақ емес. Алғашқы қауымда адамдардыи табиғи ортада хайуанаттардан белініп шығуының өзі бірлескен еңбекке байланысты. Тарихтағы тұңғыш экономикалық ой-пікір алғашқы адамдардың бірлесіп тағы аңдарды аулауы деуге болады. Экономикалық қатынас өмір қажеттілігінен туады. Ежелгі дүниедегі экономикалық кейбір құбылыстар мен процестер Египет, Қытай, Үндістан, Греция, (Ксенсфэнт, Платон, Аристотель т. б.) ойшылдарының еңбектерінде қарастырылды. Мәселен, Аристотель тауар құны деген ұғымға тоқталып, оның айырбас қатынасьгаан шығатынын байқаған. Бірақ ерте дүниеде, орта ғасырларда экономикалық ой-пікір ғылым болып қалыптаспады. Оның себебі ол заманда тауар-ақша, рынок, сауда дамымады, шаруашылық негізінен тұйық натуралды — заттай жүргізілді. 
Экономикалық ой-пікірлердің ғылыми тұжырымдалып қалыптасуы сауда, өнеркәсіп капиталының дами бастауына байланысты болды. Бұл кезең негізінен Еуропада XVI— XVII ғасырларды камтиды. Ал Ресейде тауар-ақша қаты-настары 1861 жылғы реформадан сон дамыды. Қазақстани елінде XIX ғасырдың соңы, XX ғасырдың басында сауда капиталы, тауар-ақша айналымы, халықаралық рынок, еңбек бөлінісіне қамту процесі бірте-бірте жанданған. Еліміздің Солтүстік, Батыс аймақтары Ресеймен тауар айналысына басым қатынаста болса, Оңтүстік Шығыс, Орталық аудандарға Орта Азия, Қытай т. б. елдердің саудагерлері жиі келе бастады. Тарихтагы белгілі «Жібек жолы» осының айғағы. Тауар-ақша қатыңасының экономикада үстемдік етуін белгілі ақын Шортанбай төмендегіше суреттеген еді: 
Мініп көрер күші жоқ, 
Сауып ішер сүті жоқ, 
Ақша деген мал шықты. 
Бұдан, ақынның натуралдық тұйық шаруашылықты көксеуімен бірге, тауар-ақша қатынасының алғашқы қадамдарын бейнелегенін байқаймыз. 
Алғаш рет өз алдына қалыптасқан ой-пікірдің белгілі бағыты — меркантелистер мектебі. Ол (мерканте — итальян сөзі сауда, пайда табу) қоғамдық байлықтың негізі ақша, алтын деп біледі. Меркантелистердің талабы тауарды шет елдерге мүмкіндігінше көп сату, олардан мейлінше аз сатып алу, сөйтіп ақша қорын молайту жолдарын іздеуі. Демек, меркантелистер сауда капиталының мүддесін қорғаған. Меркантелистер рынок экономикасы теориясы мен практикасыиың негізін қалаушылар қатарына жатады. Олар ақша неғұрлым кеп болса, қоғамнын байлығы да мол болады деген ұғымды басшылыққа алды. Әрине, сауда капиталы тұрғысынан бұл ұғым дұрыс та шығар. Себебі саудагерлер, көпестер ақшасы көбейген сайын, мал-мүлкі көп байлардын қатарына қосылып, қоғамға қажет тауарларды тасымалдау, сату ісі жанданады. Сауда капиталының қызметі айырбас, айналыс процесін үздіксіз жүргізу арқылы экономиканы ілгері бастыруға көмектеседі. Бірақ сауда капиталы қоғам байлыгын, адамдардың әл-ауқатын көтеретін күш емес. Бұың себебі айналыс, айырбас саласында тек қана құн формасы ауысып тұрады, екінші сөзбен айтқанда, тауар, онын құны бір қолдан екінші колға өткенде ешбір жаңа тауар, жаңа құн жасалмайды. Йбмек меркантелистер теориясы ғылыми дәлелденбеген, ол халық шаруашылыгын толық қамтитын ілім болған жоқ. Меркантелистердің осы осалдығын физиократтар байқады да қоғамдық байлық, саудада емес, өндірісте екенін дәлелдеді. Бірақ физиократтар Ф. Кенэ, А. Тюрго т. б. өндіріс қатарыка тек ауыл шаруашылыгын жатқызды. Олардың гіікірінше, қоғам байлығының бірден бір кезі ауыл шаруашылығы өнімдері, сондықтан өсімтал тап қатарына тек қана шаруалар жатады деген ұғымды дәріптеп, Ф. Кенэ тұнғыш рет ұдайы өндіріс теориясына қатысты «Экономикалық кесте» жасады. Бұл кестеде бір жыл ішінде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің ұдайы өндіріс процесі зерттелінді. 
Ф. Кенэнін «Экономикалық кестесі» қоғамдық өндірістің ұдайы даму процесін зерттеуге арналған, өз заманындағы даналықпен болжалған ғылыми тұжырымдамалар қатарына жатады. Физиократтардың өндіріске кәңіл аударуы экономикалық ой-пікірдегі күрделі жаңалық, алга басу. Бірақ олардың өндірісті тек қана ауыл шаруашылығымен шектеуі халық шаруашылыгының басқа салаларын өнімсіз деп есептеуі дұрыс болмады .Оны буржауазиялық саяси экономиканың көрнекті өкілдері У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо, С. Сисмонди еңбектері айқын көрсетті. Қоғам байлыгы жалпы өндіріс салаларында пайда болатындығы дәлелденді. Ауыл шаруашылыгымен қатар өнеркәсіптің материалдық игіліктерді өндіру, өңдеу процестерін жалғастыратын байлакыс, халыққа Хызмет көрсету салаларында да жаңа құн өндіріліп, қоғамдық байлық молаяды деген кағида берік қалыптасты. 
Классикалық саяси экономия жаңа дамып келе жатқан капиталистік өндірістік қатьшастарды дәріптеуші, өндіріс капиталының мүддесін қорғайтын экономикалық ой-пікірдің прогрессивті сатысы болды. Классикалық буржу-азиялық саяси экономиянмң басты табысы еңбек құн теориясының негізін қалады. 
Осы ой-пікірдін қалыптасуы сауда және карыз-өсімқорлық капиталына қарсы еіщірістік капиталдың қоғамдагы ерекше рөлін атап көрсеткен ғылыми қағида болғаны белгілі. Еңбек құн теориясын маркстік саяси экономия ілгері дамытып, қосымша құн туралы ілімді жан-жақты талдады. Маркстік экономикалық теория XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасып, XX ғасырдың алғашқы ширегінде В. И. Лениннің еңбектерінде дамыды. Маркстік саяси экономия — еңбекшілердің, жұмысшы табынмң мүддесін қорғайтын теория. Сондықтан да оған қарама-карсы буржуазиялық тұрпайы (вульгарлық) саяси экономия пайда болды. Марксшілер капиталистік қоғамды дәріптеуші барлық экономикалық теорияларға сьш козбен қарады. Оның себебі капиталистік экономикалық қатынастарда негізінен екі тап: біріншісі, үстемдік жасайтын буржуазия болса, екіншісі, пролетариат — қаналушы тап емір сүреді. Ояардың арасында антогонистік бітіспес қайшылық бар. Маркстік теория бойынша, пролетариат барлық еңбекші қауымды капиталистік қанаудан азат етіп, қоғамдасқан социалистік өндіріс орнатуы қажет. Тарихта 70 жылдан астам кеңес елінде, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропа, Азияның бірсыпыра мемлекеттерінде, Кубада социалистік революция басталып, социализмнің көбінесе кеңестік моделі (үлгісі) жүзеге асырылды. Сонымен бірге XX гасырдың екінші жартысынан бастап капиталистік дүниеде де елеулі өзгерістер болды. Бір топ дамыған елдер (АҚШ, Жапония, ФРГ, Англия, Канада, Италия), соңғы жылдары Оңтүстік Корея, Сингапур, Гон-конг сияқты елдер қазіргі замангы ғылыми-техникалық революцияға бейімделіп, әлемдік озық тәжірибені дұрыс пайдалану нәтижесінде қоғамдық өндірістің тиімділігін айтарлықтай арттырып келеді. Бұл елдерде еңбек жағдайын жақсарту, жұмысшылардың тұрмыс дәрежесін көтеру, олардың кәсіпорындарды басқаруға, демократияны дамытуға қатысуы сияқты жаңалықтар Ресейдегі Қазан теңкерісінің әсерінен деуге болады. Себебі социалистік қоғамның міндеті, оның ұсынған ұрандары капиталистік елдерге әсерін тигізбей қойған жоқ. Капиталистер дүниедегі өзгерістерді ескеріп, жұмысшыларға қолайлы жағдай туғызу жолдарын іздеді. Әриие, еңбекакының өсуі, тұрғын үй, әлеуметтік қорғау мәселелерін шешу алдымен жұмысшы табының еңбек өнімділігіне, өндірісте жаңа техника, технологияны енгізуге байланысты екеиі айқын. Қазіргі ілгері дамыган елдерде еңбек өнімділігі дәрежесі, еңбектің интенсивтілігі ете жоғары екені белгілі. Мәселен, ФРГ-де бұрынғы ГДР-мен салыстырғаңда еңбек өнімділігі дәрежесі 2 есе жоғары болды. Сол сияқты Оңтүстік Корея, Жапония, Сингапурда жұмысшылар 10—12 сағат қажырлы еңбек ететіні құпия емес. Капиталистік дамыған елдердің артта қалган, бұрын отарлық тәуелділікте болған халықтардың еңбегін арзан пайдаланудан түсірген пайдасын айтпасқа болмайды. Ресейдегі 1917 жылғы Қазан төңкерісі экономикалық жағынан мешеу қалған елде жүзеге асырылды. 
Қазақ халқының көшпелі тұрмыс салты, экономикалық укладтары жетілмеді, соның салдарынан дүниежүзілік мәдениет пен ғылымнан шектеліп қалды. 
Қазан теңкерісінің қазақ жеріне тарауына байланысты озат елдің пролетариатының кемегімен капитализмге соқпай, социализмге өту теориясы қолданылды. Ұрандарында бәрі де адам үшін, адамның игілігі үшін дегеи сөз жазылған социализмнің әкімшілдік жүйесі кеңес халқын дүниежүзілік ғылыми-техникалық прогрестен шетте қалдырып, үлкен дағдарысқа ұшыратты. Бұл өте өкінішті және қынжылтатын жағдай. Әңгіме ауыртпалық пен дағдарыс туралы сөзді қайталай беруде емес, керісінше, осы дағдарыстан тезірек шығу жолдарын анықтау, халықаралық еңбек бөлінісіне негұрлым ұйымдасқандықпен өтуде болып отыр. Әр халықтың егемен ел болғысы келетіні табиғи талап деп карасақ, сонғы уақытта басқа республикалар тәрізді Қазақстанның ез алдмна мемлекет болып әлемдік кеңістіктен, Біріккен Ұлттар Ұйымынан орын алуы тарихи маңызы зор оқиға. Экономикалық тәуелсіздік болмайынша саяси тәуелсіздіктің де баянды болуы қиын. Қоғамдық еңбек белінісінің артықшылықтарын неғұрлым тиімді пайдалану, өз экономикаынан құрылымын жетілдіру, сыртқы сауда, айырбас қатынастарының заңдылықтарын меңгеру қажет. Қазақта «сауда сақал сипағанша» деген мақал бар, сондықтан халықаралык сауда-саттықтың, дүниежүзілік рыноктың тәртібін мұқият зерт-теудін, бәсекелік күрестің ұтылмас жолын меңгерудің маңызы арта бермек. Ежелден саудага шорқақ қазақтың алдында рынок теориясы мен тәжірибесін жедел және жан-жақты игеру міндеті тұр. Қазіргі жоғары оқу орындарында барлық мамандыққа оқып жүрген студент жастардың экономикалык теория негіздерін үйрену арқылы практикалық мәселелерді тезірек дұрыс шешуіне болады. Республикамызда дарынды, шет тілдерді білетін жастар аз емес, олардың бір тобы АҚШ-та, Англияда, Францияда, Германия, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия сияқты елдерде бизнес, маркетинг, менеджмент, банк жүйесі, финанс-валюта, баска да қалыптасқан казіргі замангы рыноктық инфрақұрылымның заңдылықтарын үйренуде. Бұл прогрессивті бағыт одан әрі дами бермек. 
Қазіргі экономикалық ғылым ерекше дағдарысқа ұшырап отыр. Бұл дағдарыстың себептері көп, оның негізін экономика, саясат, идеология т. б. қоғамдық емір саласында байқаймыз. Қазіргі таңдағы көкейтесті проблемалар еңбекші қауымның еңбек және тұрмыс жағдайыя жақсартуға, адамдардың күнделікті қажеттерін өтеуге керек тауар қорларын молайтуга, әсіресе азық-түлік мәселесін шешуге келіп тіреледі. Экономикалық ғылым адамдар қажетін өтеу жолдарының зацдылықтарын зерттейді. Осы ғылымнын объективті заңдары еңбекшілердің, бүкіл халықтың мүдделеріне қызмет ететіні белгілі. 
Экономикалық ілім қоғамдық өндірісті, адамдар арасында әлеуметтік-экономикалық қатынастарды зерттейтіндіктен ол қоғамдағы барлық өмірге, күнделікті тұрмысқа, адамдардын еңбек ету жағдайына байланысты сан алуан мәселелерге көңіл аударуға тиіс. Ал қоғамдык қатынастардың негізі — өндірістік қатынастар. Оның құрамына жалпы алганда тікелей өндіріс, айырбас, бөлу, тұтыну қатынастары кіреді, оларды қайталап үздіксіз өндіру немесе ұдайы өндіріс қатынастарын дамытып, жетілдіру аса маңызды. Қазіргі кезеңде ерекше шешімін кутіп отырған мәселе 70 жылдан аса тарихи орын алған кеңестік экономикага саяси экономикалық талдау жасау, сол аркылы бұрынғы және қазіргі рыноктық бағыт ұстап отырған елдердегі әлеуметтік-экономикалық қатынастарды зерттеу.

2. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ПӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ 
ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ 
Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық бар. Оқу пәнінде ғылымға тікелей қатысы жоқ нақтылы өмірлік мысалдар, түрлі түсіңдірулер қолданылады. Бірақ ғылымға да, оқу пәніне де методология бірдей қажет. Методология дегеніміз — ғылыми танудың нысаны (формасы), әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы ілім. 
Экономикалық процестерді танып-білу әдістерінін жаратылыстану ғылымдарыидагы зерттеу әдісінен айырмасы бар. Бірақ барлық жағдайда да зерттеу мен білім беруде диалектикалық тәсілді колданады. Бұл әдістің негізін ежелгі гректер қаласа, ал оны гылыми жүйеге салуда неміс философы Гегельдің еңбегі зор. Шын мәнісіндегі ғалым адам барлық процестерді даму үстінде ойлап қарайды, яғни диалектикалық тұрғыдан ойлайды деген сөз. Олай болса ғылыми тану процестер мен құбылыстардын мәніне, олардың арасындағы өзара байланысты, дамудын себебін және қозғаушы күшін зерттеуге тиіс. Ғылыми танудың нысаналары мен әдістері көп. Олар объективті жағынан есептелген (статистикалық), жинақталған материалдарды анализ және синтез, индукция, жүйе (система) түрінде қарау, болжамдар жасау және оны тексеру, экс-перименттер жүргізу, логикалық және математикалық модедьдер жасау. 
Экономикалық зерттеулердің маңызды әдісі — ғылыми абстракция. Ол басқа да гуманитарлық, жаратылыстану, техиикалық ғылымдарда қолданылады. Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді окшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу. Осылай болғаы жағдайда ғана объектіні мүмкіндіғінше жан-жақты қамтуға, оның заңдарын белгілеуге, оларға материалдық нысан беруге болады. Мысалы, баға қозғалысын алсақ, бір қарағанда ол түсініксіз, шегі жоқ, шым-шытырық процесс тәрізді, бірақта баға динамикасын (өрісі) нақтылы факторлар: сұраныс пен ұсыныс, сондай-ақ өндіріс және тасымал шығындары т. б. белгілейді. 
Абстракция әдісінің де шегі бар. Оны зерттеушінін дарындылығы белгілейді. Абстракциялау процесінде категориялар, үгымдар тұжырымдалады, олар құбылыстар мен процестердің жеке-дара жинақталган жағын білдіреді. Та-ну процесіндегі қозғалыс белгілі заңдылықтар тұжырымдалғанда жалпыдан жекеге, абстракциядан нактылыққа қарай жүреді. 
Индукция мен дедукция. Ғылымда, оның ішінде экономикалық ілімде жеке процестерді білу ғана жеткіліксіз. Ол бастапқы қадам. Нақтылы өмірде бір-бірінен алшақ заттар мен құбылыстар жоқ өмірде де өзара байланысты, ғылымның іздегені шындық. Ғылыми жүйенің калыптасуы индукция және дедукция деген методологиялық әдістермен жүзеге асады. 
Индукция жеке оқиға, құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар, прннциптер шығарады. Дедукцияда керісінше, жалпы қағидалар негізінде зкономикалық объектілердің, процестердің кейбір жеке алынған ерекшеліктері сипатталады. Тарихи және логикалық танудың бірлігі экономикалық ғмлымда орын алады. Әрбір экономикалық жүйенің логикалық байланысы бар. Біріншіден, олар бір-бірімен динамикалық өзара әсер ететін қатынаста болады. Бүгін аргументті (дәлел) болған зат, ертеңінде кызмет рөлін атқаруы мүмкін. Екіншіден, жүйенің әрбір элементі тарихи даму процесінде болады. Сондықтан тарихи және логикалық бірлікті сактау проблемасыігың мацызы зор. Мұның Өзі жүйенің және оның элементтерінің пайда болуын білу үшін ғана емес, әсіресе оның үрдісін (тенденциясын), сатыларын анықтауга кажет.

2.1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ -МАТЕМАТИКАЛЫҚ 
МОДЕЛЬ (ҮЛГІ) ЖАСАУ 
Экономикалық жүйені белгілі бір үлгіге түсіру өте күрделі де қиыи міндет. Экономикалық жүйенін жекелеген элементтерін жан-жақты талдап, экономикалық зандарды топшылап, оларға түрлі ат қоюға болады. Бірақ казіргі таңда бұл ғылымға жеткіліксіз, экономикалық теорияны практикада пайдалану үшін экономикалық-математикалық модельдер қажет, оларды пайдалану арқылы ғана экономиканың жағдайын түсінесің, оган «диагаоз» қойып емдеу әдістерін анықтай аласың, белгілі мерзімнен кейін экономикада не болатынын қабылдаған шешімдерінің әлеуметтік-экономикалық нәтижесі қандай екенін дәлелдеп айтуға мүмкіндік туады. Экономикаиы математикалық модельдеу өте киын іс. Онымен бірге экономика дегеніміз күрделі жүйе, оның қызмет ету шарттары, реттелмейтін кездейсоқ байланыстармен ұштасады. 
Ғылымда экономикалық процестер мен жүйелерді зерттеу үшін математикалық әдістерді қолдануға ерекше көңіл белген бағыттың негізін қалаушылар — М. Вальрас, В. Парето, У. Дженонс. Оның қазіргі көрнекті өкілдері В. Леонтьев, Л. Конторович, С. Шаталин, В. Макаров, А. Аганбегян, К. Вальтух, А. Анчишкин. Онымен бірге ерекше атап айтылатын есім — математик, физик және кибернетик Дж. Нейман. Ол Пристон университетінің экономисі О. Маргенштермен бірлесіп көпшілікке белгілі «Жаттығу теориясы» және «Экономикалық мінез-құлық» деген еңбек жазды. Бұл енбекте экономикалық дамудың көптеген проблемалары «Жаттығу теориясы» тұргысынан зерттелген. 
Саяси экономия ғылымы. Бұл ұғымды тұңғыш рет ғылымға енгізген меркантелист Антуан Монкретьен (1575—1631). Саяси экономиянын ерекше назар аударғаны материалдық игіліктерді өндіру. Оныи себебі: өнеркәсіп төңкеріс дәуірі басталды, рыноктын кең өркекдеуіне жол ашылды. Қазіргі ғылыми-индустриалды өндіріске сәйкес қоғам тұрғысынан қарағанда саяси экономия ғылымы классиктерінің кептеген ой-пікірлері ескірген тәрізді. Бірақ У. Петти (1623—1687) Адам Смит (1723—1790), Давид Рикардо (1772—1823), Франсуа Кенэ (1694—1774) және А. Тюрго (1727—1781) есімдері өз заманьшдағы асқан ойшыл-ғалымдар қатарында саналады. Олардың кейбір ғылыми қағидалары әлемдік зкономикалық теорияға қосылған орасан зор үлес. Ресейге саяси экономия ілімі XVIII ғасырдың соны, XIX ғасырдың басында Адам Смиттің есімі және идеяларымен келгені мәлім. Қазақтың әйгілі ағартушылары Абай Құнанбаев (1845—1904), Шокан Уәлиханов (1835—1865). Шоқан Орыс географиялық қоғамының толық мүшесі болып сайланғаны белгілі. Демек, Абай мен Шоқаңдар Адам Смиттің және т. б. экономикалық ой-пікірлерінен хабардар болып, Қазақстан экономикасының мәселелеріне ез көзқарастарын жазды. 
Оқулықта экономикалық ой-пікірдін көне заманнан-ақ бастап тарихы кысқа айтылды, себебі терең үңілуге мүмкіндік болмағандықтан аса көрнекті есімдер ғана аталып, олардың кағидаларына қысқаша шолу берілді. Батыс Еуропамен ерте араласқан Ресейдін езінде де саяси экономия ғылымы XVII ғасырдың бірінші ширегінен — I Петр дәуірінен басталады. Саяси, экономия тарихын зерттеуге айтарлықтай, үлес қосқан тұңғыш орыс экономисі И. Т. Посошков болса, біздің топшылауымыз бойынша казақ елінде ондай адамдар — Шоқан мен Абай. 
Бұрын Ресейге қараған барлық аймақтарда, оның ішінде Қазақстанда заманында аты шыққан, кейін ғмытылған есімдер де аз емес. Қазақ халқының қазір есімдері жаңғыртылып жазба мұра қазыналарында жарық көрген, әдебиет, ғылым саласында, мемлекет басқаруға катысқан қайраткерлердін экономикалық ой-пікірлерін зерттеу болашақтың ісі. 
Маркстік емес деген саяси экономияда XIX ғасырдын соңы XX ғасырдың басында бірнеше экономикалық мектеп қалыптасты, олардың бір белігі соңғы уакытта елеулі дамып, кеңінен таныла бастады. Соларда XIX ғасырдын екінші жартысында шекті пайдалылық пен шекті өнімділік немесе маржйнализм французша (тагёіпаі-шекті) теориясы тұжырымдалды. Маржинализм теориясы — шаруашылық қатынастарға тартылған жеке субъектіні (адамды) психология тұрғысынан экономикалық талдау. Осы мек-тептің екілдері — Менгер (1840—1921), Э. Бем-Баверк (1851 — 1914), В. Визер (1851 — 1926). Ал «неоклассикалық» деп аталған экономикалық теорияның жаңа бағыты негізінен ағылшын экономисі А. Маршаллдың (1842—1924) шығармаларында тұжырымдалды. Онык басты еңбегі «Экономика ғылымының принциптері» 1890 жылы жарық көрді. Ол өндіріс шығындары, сұраныс пен ұсыныс, шектелген пайда немесе шекті пайда және шекті өнімділік теориясын біріктіруге талап жасады. АҚШ-та Дж. Кларк (1847—1938) шекті өнімділік және өндіріс факторларынық кему заңын тұжырымдады. Ол заң бойынша өндіріс факторлары неғұрлым өскен сайын, оның өнімділігі де кеми бермек. Сөйтіп XIX—XX ғасырларда экономика ғылымында математика мектебі пайда болды. Экономикалық теорияның бұл мектебін қайраткерлррі рыноктык экономиканы сұраныс пен ұсыныстық негізінде тепе-тендікке жетуге қабілетті жүйе ретінде қарайды. Дж. Кейнстің (1883—1945) —1936 жылы жарық керген «Жұмыспен қамту, процент және ақшаның жалпы теориясы» еңбегінде бірқатар практикалык ұсыныстар жасалды. Кейнс Р. Канның ЙНвестициядан алынған табыстың динамикасы идеясын ілгері дамытты. 
Экономикалық өсу моделін жасау үшін ол А. Афтальон мен Дж. Кларк ұсынған акселарация принципін қолданды. Экономикалық өсудін кейнстық үлгісі Р. Харрорд, А. Хаисен, Д. Хикс және П. Самуэльсон еңбектерінде ілгері дамытылды. Осыған орай экономикалық тұжырымдама Василий Леонтьев (1906) еңбектерінде жоғары бағаланды. Экономикалық өсу теориясы У. Ростоудың —»Экономикалық өсу сатылары», Р. Аронның —»Біртұтас индустриалды қоғам» және Д. Беллпосттың —»Индустриалдық қоғам» атты еңбектерінде қарастырылды. 
Батыстағы қазіргі экономикалық ой-пікірдің белгілі өкілі — Дж. Гэлбрейт (1908 ж.). Оның орыс тіліне аударылган «Жаңа индустриалды қоғам» (М., 1969), «Экономикалық теориялар және қоғамның мақсатьг» (М., 1976) және «Капитализм, социализм, катар өмір сүру» атты кітаптары (М., 1988), бұрынғы кеңестік С. Меньшиковпен бірлесіп жазылды. Дж. Гэлбрейт экономиканы реттеу мәселелерін елеулі дамытумен бірге, Маркстен бөлек жаңа саяси экономия жасауға, адамзат дамуының әлемдік проблемаларын қарауға талаптанған. 
XX гасырдың 20-жылдарында бұрынғы Кенес Одағының Мемлекеттік жоспарлау комитетінің жауапты қызметкерлері ғалым — экономистер Г. Фельдман, Н. Кондратьев, А. Чаянов, В. Немчинов, С. Струмилин КСРО экономикасын рынокқа көшіру мәселелеріиің баламалы бағдарламасын жасады. Олардың экономикалық теорияга қосқан үлестері өз алдына зерттеуді қажет етеді. Жалпы бұрынғы ойшыл. экономистердін теорияларын, ғылыми пікірлерді және тұжырымдарды қоғамдық дамудың уақыты мен орнына қарай шығармашылықпен пайдалану өмір талабы дер едік.

3. ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР МЕН  ЗАҢДАР 
Адамзат қоғамын, оның негізі экономиканы зерттейтін ғылым саласы — экономиялық теория. Бұл теорияның даму сатылары сауатты азаматтардың баршасын да қызықтыратыны, ынталандыратыны сөзсіз. Өйткені қазіргі дәуірде экономика мәселелерінен мағлұмат алмаған адам өзін білімді маман қатарына. жатқызбақ тұрсын, күнделікті өмірге қажет сауалдарға да жауап бере алмайды. Экономика мен саясат тыгыз байланысты. 1985 жылдан бастап бұрынғы кеңес елінде түбірлі әлеуметтік-экономикалық сапалы өзгерістердің болуы халықтың, жеке ұлттардың қоғамдық сана-сезімін жандандырьіп олардың эконокикалық ой-пікірлерінің жаңаша қалыптасуына жол ашты. 
Ғылым догма емес дегенді басшылыққа алсақ, саяси экономия пәнінің орнына экономиялық теорияның жалпы негіздері деп оку процесін жалғастыру қазіргі кезеңнің, қоғамдық дамудын ұзақ мерзімге арналған бағытын ескеруге, онымен бірге әлемдік экономикалык ой-пікірдін тиімді, елеулі деген үлгісін пайдалануға байланысты. Біздің ойымызша, тәуелсіз алған Қазақстанның ерекшеліктеріне сай өзінің экономиялық теориясы болу керек. Әрине, тәуелдікке ие болған ел, әлемдік елдер қауымынан, бұрын Кеңес Одағы құрамындагы елдерден оқшау болмақ емес, керісінше, экономикалық интеграция, халықаралық еңбек бөлінісі артықшылықтарын пайдалануы кажет. Кеиес Одағында Шығыс Еуропадагы социалистік елдерде қайта құру кезінде кең көлемді экономикалық дағдарыс басталды да, оның көрінісі қоғамдық өмірдің салаларын қамтыды. Осы мерзімнен бастап экономикалық ой-пікірдің дамуына көңіл бөлсек, 1985 жылы басталған кайта құру процесінің алғашқы 4—5 жылында әкімшілдік социализм моделі орнына социализмді онан әрі жетілдіру қажет деген ұран басшылыққа алынған саясат жүргізілді. Бұл саясат арқылы экономикалық даму процесін іске асыру мүмкін болмаған соң, экономиканы дағдарыстан шығарудың басқа жолы ізделді. 1991 жылдың соңында Кеңес Одағының ыдырауына байланысты бұрынғы одақтас республикалар, оның ішінде Қазақстан да ілгері дамудын, дағдарыстан жедел шығудың амалын іздей бастады. Осы киын-қыстау кезенде Республика Президентінің стратегиясы жарияланды. Бұл стратегия бойынша Қазақстан Республикасы ал-дағы 15—20 жыл мөлшерінде экономикасы дамыған елдер қатарына қосылуды, демократиялық құқықты мемлекет болуды көздеп отыр. Осы ізгі мақсатты жүзеге асырудың шешуші кепілі экономиканы өркендету, ендірістің тиімділігін арттыру, сол сияқты металл-машина жасау, отын-энергетика, халық тұтынатын өнеркәсіп бұйымдарын көбейту. Экономикалық өркендеудің бірден-бір даму жолы тауар-ақша қатынастарын кеңінен дамыту, сауда қатынастарын жетілдіру, рынок инфрақұрылымын қалыптастыру. Ондаған жылдар адамдар санасына сіңіп қалған социализм саяси экономиясы оқулықтарында тауар-ақша қатынастары женінде шындыққа сәйкес келмейтін қағида дәріптеліп келгені белгілі. Бұл қағида бойынша социализмде капиталистік елдерде кең тараған рынок қатынастары болмайды, бұл жағдайда бір орталықтан басқаратын өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарын жоспарлау, бөлу процесі іске асуға тиіс деген ұғым берік неғұрлым кең қолдану. Экономикасы тиімді дамыган елдер осы қатынастарды жан-жақты пайдаланып келеді. 
Қазіргі тәуелсіз Қазақстанда жалпы табиғи-тарихи заңдылыққа сәйкес ,ХХІ ғасырдын қарсаңында рыноктык қатынасқа бағыт алынды. Осыған орай кептеген күрделі мәселелерді тұңғыш рет шешуге ұмтылып келеміз. Эко-номикада әкімшілдік-шаруашылық жүйесінен арыла келе рынок шаруашылығына қажет алғы шарттар жасау максаты жүзеге. асырылуда. Рынок экономикасына кешу бір дүркің қозғалыс емес, ол тарихи тұрғыдан алғанда адамзат қоғамының көп жағдайда экономикалық және әлеуметтік прогресін айқындайтын табиғи процесс. Рыноктық катынастар алғашкы қауымнын ыдырау кезінде пайда болды да, оның өркендегеи дәуірі капиталистік қоғам екені де белгілі. Капитализмде адамның «рыноктық» тәрбиесі бала кезден- басталып, бүкіл өмір бойы кәсіпкерлікке, іскерлікке бейімделіп отырады. 
Әрине біздің елімізге бүкіл әлемдік рынок экономикасының тйрихын, даму сатыларын басынан өткізу міндет емес. Біз басқа мемлекеттердің тәжірибесін ескеруге тиістіміз. Қазақстан экономикасынын басқа мемлекеттер , тәрізді рыноктык қатынас бағытында дамуы сөзсіз. Осыған орай алға қойған мақсатымыз, қандай қоғам орнату, ол қоғамның әлеуметтік бейнесі кандай болмақ? деген сұрақ жиі қойылып жүр. Сондай-ақ кешегі әкімшілдік социализмнен кері қарай капитализмге көшудеміз деушілер де бар. Капитализм дегеніміз тарихи-табиғи калыптасқан, рыноктық тауар-ақша қатынасына жан-жақты дамыған қоғамдық құрылыс. Еркін бәсеке зандылықтарын зерттеген аса көрнекті экономистер Адам Смит, Давид Рикардо, Джон Стюарт Милль, Карл Маркс болса, бұл қоғамның XX ғасырдағы ерекшеліктерін талдауда В. И. Лениннің, Джон Мейнард Кейнстің, тағы басқа зерттеушілердің енбектері ерекше рөл атқарды. 
Қазақстан экономикасынан капиталистік қоғам туады деген қағида шындыққа жатпайды. Себебі, республика халық шаруашылыгы, оның өндіргіш күштері, ғылыми-техникалық мүмкіндіктері, халықтың тәжірибесі, ой-пікірі капиталистік жолға түсуге жол ашпайды. Демек, біздің экономикамыз әлеуметтік бағыт алған аралас рыноктық экономика болуға тиіс. Мұңдай қоғамды не капиталистік, не социалистік қоғам деп атауға болмайды. 
Аралас экономика XIX ғасырдың соңғы ширегінде өнеркәсіпті шоғырландыру процесі нәтижесіңде күрделі корпорациялар, монополистік ұйымдар арқылы пайда болды. XX ғасырдың 30-жылдарында аралас экономика теориясына Д. М. Кейнс өз үлесін қосты. Кейнс мемлекеттік күрделі қаржылар баскармасын құру кажет деп санады. Сонымен бірге жекеменшік капиталы да керек деген пікір айтты. 
Аралас экономиканың бірнеше белгілері бар. Бірінші белгісі — мемлекеттік меншіктің экономикада белгілі үлес салмағының сақталуы. Екінші белгісі — бұл экономика құн және жоспарлық қатынастар аркылы реттеледі. Осы тұтқаларды қолдануды мемлекеттік жоспарлау орындары жүзеге асырады. Аралас экономиканың елеулі сипаты макро және микроэкономикалық дәрежеде ұйымдастыру, басқарудағы экономикалық тұткаларды кеңінен пайдалану. 
Аралас экономикада рынокты жарнама (реклама), маркетинг, жоспарлау тагы басқа ұйымдастыру шаралары аркылы күрделі, орташа және ұсақ кәсіпкерлік тиімділігін, жолдарын реттеуге болады. Бірақ аралас экономикада ендірілетін өнім көлемін мемлекет жоспар арқылы белгілемейді, кайда, қанша, және қандай тауар өндіріп, қызмет көрсету кажеттілігін рынок өзі анықтайды. 
Жоғарыда көрсетілген аралас экономиканың негізгі белгілері қоғамның қазіргі индустриялык даму дәрежесіне тән экономикалық жүйенің ерекше зандылықтарына багынышты. Бұл заңдылықтар дегеніміз жеке меншікке негізденген тауар өндірісі мен мемлекеттік меншіктегі тауар-ақша қатынастарының көрінісі. Тауар өндірісшін негізгі заңы — құн заңы. Бұл заңның басты талабы рынокта тауардың бағасын белгілегевде оны өндіруге жұмсалған еңбек шығыны еске алынады. Еңбек дегеніміз қүштің ақшалай керінісі. Еркін бәсеке үстемдік ететін капиталистік қоғамда жеке тауар ендірушілер өз тауарына баға тағайындағанда оған жұмсалған еңбегіне сай езіне қажет заттар алуды көздейді. Осыған орай тауарлы акша қатынастарына рыноктық экономика қажет болатынына тоқтау керек. Бұл алдағы тақырыптардын міндеті. 
Экономикалық категориялар — адамдардың қоғамдық өндірістік қатынастарының теориялық көрінісі. Өндірістік қатынастардың мәнін ашу, талдау нәтижесі экономикалык категориялар болып табылады. Мысалы, тауар, құн, косымша құн, акша, капитал, пайда, баға, өндірістік қорлар, рынок т. б. экономикалық категорияларды жіктеп, талдау экономикалық заңдардың объективті сипатын, коғамдық өндірістегі рөлін, экономикалық емірдегі құбы-лыстарды сипаттап қорытындылауга кемектеседі. Экономикалық категориялар тарихи сипатта болады, олар қоғамдық формацияның қалыптасу, даму процесін сипаттайды. 
Экономикалық зандар — адам қоғамы дамуынын турлі сатыларыңда өндіру, белу, айырбас және материалдық игіліктерді тұтыну салаларында қатынастарды анықтайды. Олар қоғамның экономикалык өмірінің аса маңызды, тұрақты құбылыстары мен процестерінің байланысын. көрсетеді. Экономикалық зандар объективті сипатта болады, яғни адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз туып, әрекет етеді. Бұл заңдар белгілі бір экономикалык жағдайлармен бірге өзгеріп, дамып отырады. 
Экономикалық процестер күрделі және сан алуан, бұлардағы тұрақтылық пен езгермешелік тарихи тұрғыдан бір-бірімен ұштасып жатады. Осыған сәйкес бұл процестердің ішкі байланыстары мен тәуелсіздіктерін бейнелейтін заңдар да барынша әр түрлі және әр типтес болады. 
Табиғат құбылыстары сияқты, адамзат қоғамының дамуы белгілі бір объективті заңдарға негізделеді. Құбылыстар мен процестердің мәніне үңіле отырып, олардын даму зандарын ашамыз. Мұндағы бір маңызды, ескеретін жәйт, заңдар кез келген байланыс пен қатынастарды емес, тек маңызды катынастарды ғана сипаттайды, жоғарыда айтқанымыздай заңдар адамдар санасынан туындамайды, ол объективті шындықтан туындайтын құбылыстар мен процестердің өзіне тән. Нақты құбылыстарға үңіле отырып заңдардың да мәнін ашуға болады. Экономикалық заңдар экономикалық процестердің, оның ішкі себеп-салдарының өзара тәуелділігін сипаттайды. Олар табиғат заңдары сияқты объективті. Солай бола тұрғанымен экономикалық заңдар табиғат зандарынан өзгеше. Өйткені, табиғат заңдары оның өзіне тән құбылыстарынан туындап, көрініс алса, экономикалық заңдар адамдардың өндірістік экономикалық іс-қимылымен байланысты туындайды. Мысалы, әлемдік тартылыс заңы адамдар мен адамзат қоғамы да-мұынан бұрын да орын алып әрекет еткені белгілі. 
Экономикалық заңдардың табиғат заңдарынан ерекшелігі ұзақ мерзімді емес. Олардың көпшілігі белгілі бір тарихи кезенде әрекет етеді де, кейін жаңа экономикалық заңдарға орын береді. Экономикалык зандар мәңгі емес, олар тарихи сипатта белгілі бір кезеңде туып және өзгеріп, немесе жойылып кетіп отырады. Әрдайым ескеретін бір жәйт — ескі экономикалық заңдар адамдар еркімен жойылып кетпейді, тек жаңа экономикалық жағдайлардың туындауымен өз күшін жояды. Яғни адамдар өз еркімен, шешімімен бір экономикалық заңды жоққа шығарып, оның орнына жана заңдарды жасай алмайды. Экономикалық зандардың күшінің жойылуы адамдар санасынан тәуелсіз қогамдағы объективті экономикалық хал-ахуалдын, процестердің өзгерісімен тікелей байланысты. 
Экономикалық заңдар өздігінен, адамдардың шаруашылық қызметінен тыс және оған байланыссыз жүзеге аспайды. Керісінше, олар тек адамдардың іс-әрекеттері арқасында ғана қалыптастып, көрініс алады. Демек, эко-номикалық заңдар адамдардың санасынан тәуелсіз болғанымен олардын іс-қарекетінен тәуелсіз емес. Адамдар экономикалық заңдарды танып-біліп, олардың объективті талаптарына сай шешімдер қабылдап, санасатын болса ғана заң жүзеге аса алады. Бұл талап-тілектерге кайшы келетін кез келген әрекет, сөзсіз, шаруашылық киындықтарына, орынсыз шығындарға соқтырмай қоймайды. Рыноктық қатынасқа ену жолында осыны қатаң ескеру қажет. 
Қандайда болсын қоғамның экономикалық жүйесінің мәнін түсіну үшін ең алдымен бастапқы теориялық ұғымдарды анықтап алу лазым. Элементтер жинағы ол экономикалық қатынастардың ең басты, анықтаушы элементі — әндірістік қатынастар немесе өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну. Тұтас алғанда өндірістік қатынастардың негізін өндіріс құрал-жабдықтарына меншік қатынасы құрайды. Осы арқылы бүкіл экономика іргелі, түбірлі өзгерістерге ұшырайды. 
Тұрмыстық мағынада меншік дегеніміз заттарды иемдену болса, ал экономикалық мағынада меншік деп нені айтамыз? Адам өмір сүру үшін-Өндіруі керек, өндіру үшін өндіріс құрал-жабдықтары қажет. Міне, осымен байланысты адамдар бір-бірімен қатынасқа енеді, ол өндіріс құрал-жабдықтарьн иемденумен байланысты. Мұнда мынадай сұрақтарга жауап беріледі: өндіріс құрал-жабдықтарына, онымен өндірілген екбек өнімдеріне кім иелік етеді? Сонымен, меншік жай ғана зат емес (заттар арқылы мате-риалданғанмен) материалдық игіліктерді, иемденудің тарихи қалыптасқан нысаны. Меншік қатынасы мыналар: 
а) иемдену, иелік ету; 
ә) «материалдық жабдықтарды шаруашылық тұрғыдан пайдалану; 
б) экономикалық тұрғыдан өткізу (өткізілсе, «меншік» иесіне табыс әкеледі деген сөз). Меншік көп қырлы, күрделі түсінік. Оны тек өндірістін заттық факторларына балау дұрыс емес. Ол жұмыс күшінің ендіріс құрал-жабдықтарымен қосылу әдісі мен типін көрсетеді, ал мұның езі, әрбір қоғамның экономикалық жүйесінің маңызды сипаты. Меншік қатынасы бүкіл шаруашылық организімін, яғйи бүкіл ұдайы өндіріс қатынасын (өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну) қамтиды. Меншік қатынасы қандай сипатта болса, ұдайы өндіріс сипаты да сондай болганы. Меншік — тарихи ұғым. Жалпылама меншік деген түсінік жоқ, ол белгілі бір нақты тарихи нысанда орын алады. Тарихта әр түрлі меншік нысандары болғаны белгілі, оны жеке және қоғамдық меншік деп екі түрге топтауға болады: 
Жеке меншік — өндіріс құрал-жабдықтарына, оның нәтижесіне жеке бір адамдардың — меншік иесінің иелік етуі. Ол екі нысанда болады: еңбекке негізделген және еа, еңбегіне негізделмеген. Еңбекке негізделген меншіктің субъектілері бір мезгілде әрі қызметкер (өзі еңбек етеді), әр меншік иесі болуы мүмкін, ол еңбек еніміне тек өзі иелік етеді, қанаудың қандайда болсын түрін қолданбайды, Еңбекке негізделмеген жеке меншік, басқа біреудің еңбегіне, жалдамалын еңбекке сүйенёді. Жұмыс күшінің өндіріс құрал-жабдықтарымен қосылуы, меншік табиғатын ажырата білу, рыноктық қатынасқа еніп келе жатқан біздің республика үшін өте маңызды. 
Меншіктін тағы бір түрі — аралас меншік. Мұнда жеке және қоғамдық меншіктің әр қилы ұштасуы орын алады. Мысалы, кооперативтік, акционерлік, мемлекеттік меншік. Рыноктық қатынасқа көшумен байланысты ғылыми әдебиеттерде, баспасөз беттерінде қоғамдық меншікті даттап, жеке меншікті мақтау жиі ұшырасады. Меншіктің бір түрін, екіншісіне қарама-қарсы койып, біреуіне монополиялық айдар тағудың неге соқтыратынын емір өзі көрсетті. Осымен байланысты айтарымыз, біріншіден меншіктің кай түрінің қалыптасуы, дамуы немесе жолын тарихи көонекті етуі (кеңес одағының ыдырауы) адамдардын таңдауы бойынша емес, өндірістің белгілі бір тарихи даму деңгейіне, басқа да себептерге байланысты объективті туындайды. Екіншіден, шындығына келгенде қоғамның дамуында, оның бір экономикалық системадан екіншісіне ауысуы кезеңінде меншіктің көп түрлі нысандарының болуы әбден заңды. Оның үстіне ешбір елде меншіктін бір түрі таза классикалық түрде орныққан емес. Барлық елдердің экономикасында да біз жоғарыда атап өткен меншіктің бірнеше түрлері әр қилы арақатынастан орай алды. Бұл туралы алдағы тақырыптарда кеңірек тоқталатын боламыз.


Информация о работе Экономикалық теорияның даму негіздері