Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Сентября 2013 в 17:32, лекция
Ғылым да шамамен, құрылыс қалай салынады немесе ағаш қалай өседі, солай қалыптасады. Өткеннің ұлы экономистері экономикалық ғылымның негізін салды.
Экономика туралы алғашқы түсініктерді біз Ксенофонт, Платон, Аристотель және басқа да ежелгі ойшылдардың еңбектерінен көреміз. Алғашында экономикалық білімдер адамдардың мінез-құлықтарының жалпы ережесіне кірген, олар адамдардың қатынастарын қоғамдық ұйымдастыру мағлұматтарының жалпы жинағына қосылады.
Осылайша бірнеше рет тексерілген және бекітілген экономикалық процестерді жинақтап қорытуды экономикалық заңдар деп атайды.
Олар экономикалық құбылыстар мен процестердің арасындағы қажетті, тұрақты байланысты білдіреді және олар (заңдар) объективті түрде болады.
Жекеленген және жалпылама қорытындыланған экономикалық фактілерде адамдардың экономикалық қызметі көрінеді және оның негізінде сол қызметтер процесінде адамдар бір-бірімен байланысқа түсетін қатынастары тұр.
Ендеше, экономикалық заңдар – бұлар экономикалық қатынастардың көріну формасы. Олар адамдардың қоғамдық қызметінің заңдары болып есептеледі.
Экономикалық заңдар әлеуметтік, қоғамдық заңдарға жатады, табиғат заңдарынан айырмасы да осында. Екінші айырмасы экономикалық заңдар тарихи шектеулі сипатта болады, ал табиғи заңдар мәңгілік.
Экономикалық заңдар өз әрекетінің ұзақтығына байланысты ерекше және жалпы боп бөлінеді.
Ерекше экономикалық заңдар әрбір жеке алынған формацияға тән. Мысалы, құл иеленуші немесе феодалдық дәуірдегі материалдық игіліктерді бөлу заңы.
Жалпы экономикалық заңдар барлық экономикалық формацияларға тән. Мысалы, еңбек өнімділігін өсіру заңы, уақытты үнемдеу заңы, т.б.
Экономикалық теория пәнінің анықтамасында көрсетілгеніндей, екіншіден ол экономикалық заңдарды әр түрлі шаруашылық деңгейінде зерттейді.
Микроэкономикада анализдің (талдау) негізіне кіші шаруашылық бірлігі – жеке фирма, бірлестік т.б. алынады.
Мезоэкономика халық шаруашылығының салаларын (агроөнеркәсіптік кешен, әскери-өнеркәсіптік кешен, аймақтық экономика және т.б.) немесе ұлттық экономиканың белгілі жеке жүйелерінің заңдарын және мінез-құлқын зерттейді.
Макроэкономикада
жалпы елдің экономикасы
Мегаэкономика жалпы әлем экономикасының мінез-құлқын, заңдарын реттейді.
Экономикалық теория
пәнінің анықтамасынан
Қазіргі кездегі ғылым әлем тарихын басқаша жіктейді және оны зерттеу үшін басқа жолдарды қолданады (8-тақырыпта айтылады).
Басқа да ғылымдар сияқты, экономикалық теория танымның әр түрлі формалары мен әдістерін пайдаланады, олар танымның методологиясын құрайды, ал соңғысына шаруашылық өмірді зерттеудің әдістері кіреді. Олар жеке және жалпы ғылымдық болып бөлінеді.
Жалпы ғылымдық әдістер дегеніміз - көне грек философтарымен негізделген, сосын кейінгі ұрпақ, ғалымдармен дамытылған диалектикалық-материалистік принциптер. Бұл әдістерге сүйенсек, барлық экономикалық процестер қарама-қайшылықта және үнемі қозғалыста болады.
Бұл процестерді
зерттеуде тарихи және логикалық (теориялық)
жолдардың байланысы
Тарихи жолмен құбылыстарды олардың пайда болу, даму, бір-бірін алмастыру кезегі бойынша талдауға болады.
Логикалық (теориялық) жолмен бұл құбылыстарды талдау олардың тарихи дамуының көрінісі болып табылмайды. Ол зерттелмекші құбылыстың өзара байланысын, мәнін терең ұғыну үшін абстракциялау әдісін қолданады. Яғни қосалқы, жанама қасиеттерге көңіл аудармау. Осының негізінде сол құбылыс туралы ғылыми көзқарас туындайды, басқаша айтқанда, логикалық түсінік немесе экономикалық категория пайда болады. Мысалы, тауар, баға, ақша, бәсеке т.б. Зерттеудің мұндай түрі ғылыми абстракция әдісі деп аталады.
Ғылыми танымның жеке әдістеріне жататындар: байқау, алынған мәліметті синтез және талдау (анализ) арқылы өңдеу, индукция және дедукция, заңдар жүйесі мен категорияларды жіктеу, оларды тексеру, эксперимент жүргізу, модельдер жасау, оларды математикалық формалау т.б.
Математикалық модельдер кескіндер (графиктер) мен математикалық теңдеулер арқылы жүргізіледі. Бірақ бұл әдісті дұрыс өңделген экономикалық көрсеткіштерге пайдаланған жөн.
Экономикалық теория тарихпен, философиямен, статистикамен, математикамен және т.б. ғылымдармен тығыз байланыста. Экономикалық ғылымдар жүйесінде ол орталық орынды алады.
Экономикалық теория маңызды үш функцияны атқарады: танымдық, методологиялық (әдістемелік), іс-тәжірибелік (практикалық).
Қоғамдық ғылым болғандықтан ол үш сұраққа: Не өндіру? Қалай өндіру? Кім үшін өндіру? жауап беруі керек.
Нарықтық экономикада мемлекет тек үшінші міндетті, әлеуметтік бағдарламаны жасап және оны жүзеге асыру мен табысты қайта бөлуге қатысады. Қалған сұрақтың бәрі нарық арқылы шешіледі. Ю.А.Львов айтқандай, бірінші сұрақтың шешуі: фирмалар тек табысты көп әкелетін тауар шығарады. Ол үшін ең аз шығындалатын технологияны пайдалану қажет, бұл - екінші сұраққа жауап, ал халық өз табысымен тауар бағасын салыстыра алады, бұл - үшінші сұрақтың жауабы (Қараңыз: Львов Ю.А. Основы экономики и организации бизнеса. – Спб., 1992).
Қорытындылар:
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі әдебиеттер
Қосымша әдебиеттер
Информация о работе Экономикалық теорияның қалыптасу кезеңдері және дамуы