Экономикалық талдаудың пәні және міндеттері, объектісі және мазмұны, көлденең, тікелей және трендтік талдау әдістері

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2012 в 21:02, реферат

Описание работы

Анализ ( грекше – analisis) тура аударғанда зерттеп жатқан объектіні бөлшектеп қарау. Анализге қарама-қайшы ұғым, ол «синтез» (грекше – synthesis) – зерттеп жатқан объектіні жинақтап қарастыру.

Адамның әрекет ететін барлық сферасында, барлық ғылыми салада (саяси, халықаралық, қоғамдық, әлуметтік, экологиялық, мәдени тұрмыстық) анализ және синтезді қолданбау мүмкін емес. Әсіресе анализ және синтездің экономикадағы маңызы өте зор, өйткені экономика барлығының негізі болып табылады.

Содержание

1 Мазмұны

2 Кіріспе

3 1.Экономикалық талдаудың пәні және міндеттері, объектісі және мазмұны



4 2.Көлденең, тікелей және трендтік талдау әдістері.



5 3.Факторлық талдау әдісі.



4.Қаржылық талдаудың коэффициенттер әдісі



6 Қорытынды

7 Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

реферат.doc

— 84.00 Кб (Скачать)

Экономикалық  талдаудың пәні және міндеттері, объектісі  және мазмұны, көлденең, тікелей және трендтік талдау әдістері.

Тақырыбы; Экономикалық талдаудың пәні және міндеттері, объектісі  және мазмұны, көлденең, тікелей және трендтік талдау әдістері.

1 Мазмұны 

2 Кіріспе 

3 1.Экономикалық талдаудың пәні және міндеттері, объектісі және мазмұны

  

4 2.Көлденең, тікелей және трендтік талдау әдістері.

  

5 3.Факторлық талдау әдісі.

  

  4.Қаржылық талдаудың коэффициенттер әдісі

  

6 Қорытынды

7 Қолданылған әдебиеттер тізімі  

 

 Кіріспе

Анализ ( грекше – analisis) тура аударғанда зерттеп жатқан объектіні бөлшектеп қарау. Анализге қарама-қайшы ұғым, ол «синтез» (грекше – synthesis) – зерттеп жатқан объектіні  жинақтап қарастыру.

Адамның әрекет ететін барлық сферасында, барлық ғылыми салада (саяси, халықаралық, қоғамдық, әлуметтік, экологиялық, мәдени тұрмыстық) анализ және синтезді қолданбау мүмкін емес. Әсіресе анализ және синтездің экономикадағы маңызы өте зор, өйткені экономика барлығының негізі болып табылады. Егер эконмикалық проблемалар туындап және олар шешілмеген жағдайда ол проблемалар қоғамның  өзге сферасына жағымсыз әсерін тигізеді. Эконмиканы жан-жақты қарастыру, шаруашылық қызметтерді зерттеу және соңғы нәтижелерін талдау бұл экономикалық талдау болып табылады.

Нарықтық экономиканың қалыптасуы ең алдымен анализ жасауды  микродеңгейде қалыптастырады, яғни жеке кәсіпорындардың және олардың  ішкі бөлімшелерінің деңгейінде. Осы  микродеңгейде нарықтық экономиканың негізі құралады. Макроэкономикалық  талдау микроэкономика мен барынша жақындаса өрілуде және оны талдаудың жалғасы болуда. Уақыт өте анализ жасау микродеңгейден макродеңгейге өтеді. Микродеңгейде анализ нақты мәндерге толы. Ол кәсіпорынның күнделікті шаруашылық-қаржылық қызыметімен байланысты. Оның бизнес-жоспарын түсіндіру мен талдау; қолданылып жатқан маркетингтік шараларды белгілі бір уақыт ішінде қалай орындалып, қандай нәтиже бергенін талдау; өнім өндіру мен оны өткізуге әсер ететін ішкі және жалпы экономикалық жағдайларды анықтау; ұсыныс пен сұраныс қатынасын талдау; кәсіпорын қызыметінің соңғы қаржылық нәтижелерін (шығын мен пайданы) талдау; демографиялық, мәдени, экологиялық, құрылымды-ұйымдастырушылық және басқа да факторлар әсер ететін коммерциялық нарықты талдау.

 

1.Экономикалық  талдаудың пәні және міндеттері, объектісі және мазмұны

Экономикалық  талдау ғылым ретінде арнайы білім  жүйесін біріктіреді, олар келесілермен байланысты:

·         Объективті экономикалық заңдылықтар  мен субъективті тәртіптегі факторлардың ықпалынан қалыптасатын экономикалық процестерді және олардың  бірлесіп әрекет жасауын зерттеу;

·         Бизнес-жоспарларды ғылыми дәйектеумен, олардың орындалуын объективті бағалаумен;

·         Жағымды және жағымсыз факторларды  анықтаумен, олардың ықпалын сандық өлшеумен;

·         Шаруашылық дамудың пропорциялары мен тенденцияларын ашу, пайдаланылмаған ішкішаруашылық резервтерді анықтаумен;

·         Ілгері тәжірбиелерді жалпылаумен  және оптимальді басқару шешімдерін қабылдаумен.

Индукциялық әдісті қолданатын болсақ, экономикалық процестерді зерттеу жиынтығында шаруашылық процестерді қалыптастыратын жеке шаруашылық деректер, құбылыс, ахуалдардан басталады. Бірақ та, индукциялық әдіс дедукциялық әдіспен бірге қолданылуы қажет. Бұл дегеніміз жеке, дараны талдағанда үлкен, жалпыныда ескеру қажет екенін түсіндіреді. Өндірістік бригаданың және жеке орындаушылардың қызыметін зерттегенде, сонымен қатар цех көрсеткішін және цехтағы бригаданың орнын есепке алу қажет. Сондай қарым-қатынаста цех және кәсіпорын, кәсіпорын және акционерлік қоғам, акционерлік қоғам және басқа ассоциациалар болады.

Экономикалық  талдау барысында шаруашылық процестер  өзара байланыс, өзара тәуелді  және өзара сертті күйінде зерттеледі. Өзара байланыс, өзара тәуелділік және өзара серттілікті орнату –  талдаудың барынша маңызды кезі. Себептік қатынас арқылы барлық шаруашылық деректер, құбылыс, ахуал, процестер түсіндіріледі. Бұл қатынастан тыс шаруашылық өмір қисынсыз.

Себептік немесе деректік талдау кезінде әр бір себеп, әр бір дерек тиісті бағасын алады. Осы мақсатта себептер мен факторлар алдын-ала зерттеледі, ол үшін топтарға сипатталады: маңызды және маңызды емес, негізгі және жанама, нақты және нақты емес. Ең алдымен шаруашылық процестерге ықпал жасайтын маңызды, негізгі және нақты факторлар зерттеледі. Маңызды емес, нақты емес факторларды зерттеу қажет болса екінші кезекте жүргізіледі. Барлық факторлардың әсерін анықтау өте қиын және әр қашан қажет бола бермейді.

Бизнес-жоспардың  орындалуына әсер ететін негізгі  себептерді ашу және түсіну, олардың  әрекеттері мен өзара қатынастарын табу – талданып жатқан объектінің шаруашылық қызметіндегі ерекшеліктерін түсіндіру болып табылады. Талдау процесінде шаруашылық қызметке әсер ететін негізгі факторлар ашылып және сипатталып қоймай, сонымен қатар олардың әсер ету деңгейі де өлшенеді. Ол үшін экономикалық және математикалық есептің сәйкес әдістері мен тәсілдері қолданылады.

Экономикалық  талдаудың пәні – экономикалық ақпарат  жүйесінде көрніс табатын, субъективті  және объективті факторлардың әсерінен пайда болатын, ұйымның шаруашылық процестері, олардың қызыметінің әлеуметті-экономикалық тиімділігі мен соңғы қаржылық нәтижелері болып табылады.

Экономикалық  талдаудың пәні объективті және субъективті  факторлардың әсерінен пайда болатын  шаруашылық процестер мен оның соңғы  нәтижелері деп айттық. Енді объективті сыртқы факторларды алып қарастырайық. Олар шаруашылық қызметке тұрақты әсер етіп, экономикалық заңдылықтардың ықпалын көрсетеді. Экономикалық талдау процесінде көп жағдайда, мысалы, баға факторының әсерімен соқтығысуға тура келеді - баға, тариф, мөлшерлемелердің өзгеруімен. Нарықтық жағдайларда баға белгілеу - өте қиын, сұрапыл процесс. Дайын өнімдерге, тауарларға, жүк тасымалдау тарифтеріне және қызмет көрсету мөлшерлемелеріне баға қалыптасуы нарық заңдарының талаптарына сәйкес белгіленеді. Баға, тариф, мөлшерлемелер - әрқашан бірқалыпты шамалар емес, олар өзгеріп отырады. Егер шикізаттарға, материалдарға, жартылай өнімдерге, дайын өнімдерге, тауарларға бағалар өзгерсе, ол өзгерістер өнеркәсіптік, құрлыстық, ауылшаруашылық, сауда және басқа да кәсіпорындардың, барлық көрсеткіштеріне ықпал етеді (әсіресе қаржылық). Өнеркәсіптік кәсіпорындарда жалпы, тауарлы, өткізу және таза өнім көрсеткіштері, өзіндік құн және таза табыс көрсеткіштері өзгереді; тауар кәсіпорындарында – көтерме және бөлшек тауар айналымдарының, өткізу жеңілдіктерінің деңгейінің, пайда және айналым шығындарының көрсеткіштері. Талдау процесінде баға, тариф, мөлшерлеме өзгерулері күрделі экономикалық есептеулерді тудырады.

Анықтамада айтқандай, шаруашылық процестер мен соңғы  нәтижелері субъективті факторлардың әсерінен де қалыптасады. Талдау кезінде олардың шаруашылық қызметке ықпалы мұқият назарда болады. Адамның нақты қызметімен байланысты субъективті факторлар, оған тұтастай және толық тәуелді болады. Тіпті шаруашылық қызметтегі объективті факторлардың әсер етуін білікті талдау субъективті факторларға жатқызуға болады. Шаруашылықты сәтті жүргізу, бизнес-жоспарларды толық және ырғақты орындау (бастапқы ұстанымдары объективті, әрі толық болған жағдайда) өндірістік ұжымды сауатты жетекшілік етумен; өндірісті, қаржыны, экономиканы дұрыс ұйымдастырумен; орындаушының атқарып жатқан ісін терең білумен; оның экономикалық және ұйымдастырушылық дайындығымен байланысты анықталады.

Экономикалық  талдаудың мазмұның, мәнін және пәнін  оның алдында тұрған міндеттері анықтайды. Негізгі міндеттерге келесілерді жатқызуға болады:

1.        Бизнес-жоспарлар мен номативтердің  ғылыми-экономикалық дәйектеуін  жетілдіру (оларды жасау процесінде);

2.        Бизне-жоспарлардың атқарылуын объективті  және жан-жақты зерттеу мен нормативтерді орындау (есеп және есептілік мәліметтері бойынша);

3.        Еңбек, материалдық және қаржылық  ресурстардың пайдалануының экономикалық  тиімділігін анықтау (жеке және  жиынтығы бойынша);

4.        Коммерциялық есеп талаптарының орындалуын бақылау (оның толық және аяқталмаған формасы бойынша);

5.        Ішкі резервтерді өлшеу және  анықтау (өндірістік процестердің  барлық кезеңдері бойынша);

6.        Басқару шешімдерінің оптимальдылығын  тексеру (иерархиялық сатының  барлық баспалдақтарында).

Бірінші міндет - бизнес-жоспар мен номативтердің  ғылыми-экономикалық негіздеуін жетілдіру, ең алдымен шаруашылық қызметтің  ретроспективті анализінің жасалуымен орындалады. Уақытша қатар құру қысқа  мерзімнің ішінде шаруашылық дамуда белгілі экономикалық заңдылықтарды орнатуға мүмкіндік береді. Кәсіпорынның (ассоциациялар, қоғамдар, концерн, сауда-өнеркәсіптік фирмалар және т.б.) шаруашылық қызметінде өткенде маңызды әсер еткен және болашақта әсер етуі мүмкін негізгі факторлар анықталады. Ағымдағы, шаруашылық қызмет талдауына ерекше назар аударады. Ретроспективті талдау нәтижелері ағымдағы бақылаулармен қосылып, қорытыңдыланған түрде жоспарлы есептерде қолданылады. Ағымдағы кезеңде, жоспарлық жұмыс есептік жұмыстан ілгері жүреді, сондықтан жоспаралды талдау жасау қажеттілігі туады.

Барлық жағдайларда  алдынғы қатарлы кәсіпорындар мен  ұйымдардың (отандық және шетелдік) әлуметті-экономикалық көрсеткіштерін, соңғы өндірісті-қаржылық нәтижелерін  салыстырмалы талдау әдістері пайдаланылады. Осылайша, бинес-жоспар қажетті экономикалық есептеулермен негізделеді. Нарықтық экономикалық жағдайларда шаруашылық-экономикалық механизімнің өзгеруі жоспар құруды макродан микро деңгейге біраз сырғытты.

Екінші міндет – бизнес жоспардың орындалуын, шыққан өнімдер және атқарылған қызмет пен жұмыстың саны, сапасы, құрылымы бойынша нормативтердің сақталуын есеп және есептілік мәліметтері бойынша объективті және жан-жақты зерттеу.

Өнеркәсіптік  кәсіпорындарда, мысалы, талдау процесінде маңызды бұйымдардың ассортименті мен саны бойынша, өнімнің сорты, кешенділігі және сапасы бойынша, өнімнің өтуі, келісім-шарттың орындалуы бойынша өндірістік бағдарламалардың орындалуы толық зерттеледі.

Үшінші міндет – материалдық, еңбек, өндірістік және қаржылық ресурстарды пайдалануының  экономикалық тиімділігін анықтау. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда, мысалы, осы жағдайда (әр бір) жеке экономикалық тиімділігі зерттеледі:

еңбек құралдары  мен заттары (ғимарат пен құрылыс, технологиялық құрал-жабдықтар, инструменттер, шикізат пен материалдар);

жұмыс күші (жұмысшылардың саны мен кәсіптік құрамы, негізгі, қосымша, қызмет көрсету және басқару персоналдары бойынша, еңбек өнімділігі және т.б.);

қаржылық ресурстар, олардың жиынтығы бойынша (яғни, меншікті және жалдамалы, негізгі және айналым).

Төртінші міндет – коммерциялық есеп талаптарының орындалуын және соңғы қаржылық нәтижелерін бағалау.

Кәсіпорынның  барлық өндірістік қызметі және олардың  қаржылық нәтижелері ең алдымен коммерциялық ессеп принциптерін ұстаумен тәуелді. Өндірістік қатынастарды білдіріп, ол нарықтық қатынастарда қалыптасатын талаптарға толық жауап береді. Материалдық қызығушылық принципі коммерциялық есептің ерекше сипаты болып табылатын, кәсіпорын мен ұжымның, жеке және қоғамдық қажетті қызығушылықтарын үйлестіруін қамтамасыз етеді. Коммерциялық есеп экономикалық принципті еңбек бойынша мемлекет алдында жауаптығы, ресурстарды пайдалану тиімділігі – коммерциялық есептің айрықша ерекшеліктері.

Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін бағалағанда  сандық және сапалық көрсеткіштерді пайдаланады. Өндірістік кәсіпорынның пайда көлемі шығарылатын өнімнің саны, ассортиментімен ғана анықталмайды, сонымен бірге оның өзіндік құнымен анықталады. Сауда кәсіпорынның пайдасы тауар-айналым жоспарының орындалуына (көлемі және құрылымы бойынша) және қалыптасқан нақты айналым шығындарына тәуелді.

Қаржы нәтижелерін  және коммерциялық есеп принциптерін сақтауды дұрыс бағалау, зерттелетін  көрсеткіштерге әсер ететін факторларды  кәсіпорынға тәуелді және тәуелсіз деп бөлуді талап етеді. Кәсіпорынға  тәуелді және тәуелсіз факторларға бөлу нарықтық қатынастар жағдайында айрықша қажеттіліктерге ие.

Бесінші міндет - өндірістік процесстің барлық кезеңдерінде ішкі резервтерді өлшеу мен анықтау. Экономикалық талдау нақты пайда  әкелсе, қолданбалы пән ретінде өзін толық ақтайды. Экономикалық талдаудың шынайы пайдасы өндірістік процесстің барлық кезеңдерінде пайдаланылмаған резервтерді анықтау болып есептеледі. Экономикалық даму қарқынының көтерілуі шаруашылық резервтердің қаншалықты жұмсалғанына, экономикалық тәртіптін сақталуына тәуелді болады (аз шығын жұмсап, көп нәтижеге жету).

Информация о работе Экономикалық талдаудың пәні және міндеттері, объектісі және мазмұны, көлденең, тікелей және трендтік талдау әдістері