Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2012 в 11:44, реферат
Қаржылық талдаудың негізгі сүрағы: жоба кәсіпорын иелерінің (акционерлері) байлығын көбейте ала ма? Экономикалық талдау жобаның мемлекеттік (үлттық) байлығын ұлғайтуга әсер етуін бағалаудан түрады.
1. Экономикалық талдаудың міндеті.
2. Экономикалық талдаудың қажеттілігі.
3. Экономикалық тиімділікті бағалау процедурасы.
Экономикалық талдау.
1. Экономикалық талдаудың міндеті.
2. Экономикалық талдаудың қажеттілігі.
3. Экономикалық тиімділікті бағалау процедурасы.
1) Экономикалық талдаудың міндеті.
Қаржылық талдаудың негізгі сүрағы: жоба кәсіпорын иелерінің (акционерлері) байлығын көбейте ала ма? Экономикалық талдау жобаның мемлекеттік (үлттық) байлығын ұлғайтуга әсер етуін бағалаудан түрады.
Экономикалық талдау міндеті қойылымының мысалын қарастырайық.
С деген компания кез келген бір тауарды келесі шарттармен өндірсін:
• компанияға шикізатгы арзан бағамен мемлекеттік үйым сатсын;
• импортталатын қосалқы элементтерді де компанияға мемлекет халықаралық бағалардан төмен сатсын;
• кәсіпорын өзінің жүмысшыларына еңбек ақысын мемлекеттік стандартының деңгейінде төлесін;
• нәтижесінде кәсіпорын тауарларды мемлекеттік кәсіпорындарға шетелдің еркін нарығындағы бағадан едәуір төмен бағамен сатады.
Мүндағы міндет - мемлекеттің осындай жобаны ісқе асырудан табатын пайдасын төменде көрсетілген нүсқалармен салыстыра отырып анықтау:
• компанияға шикізат пен қосалқы бөлшектерді нарықтық бағамен сату, жүмысшыларға еңбекақыны әлемдік стандарттар бойынша төлеу, содан соң компаниялардан тауарларды еркін бағамен сатып алу;
• ұқсас тауарларды (ең бастысы, сапа көрсеткіштері бойынша) шетелден сатып алу.
Осылайша, экономикалық талдау процесінде бүл жобаның іске асуының нәтижесінде түскен кәсіпорын иелерінің пайдасын емес, мемлекеттің пайдасын анықтау керек.
2) Экономикалық талдаудың қажеттілігі.
Экономикалық талдаудың қажеттігі неде? Егер нарық толығымен (идеалды) еркін болса, онда экономикалық талдау жүргізудің керегі жоқ, себебі компанияның иелеріне не пайдалы болса, қалғандарға да сол пайдалы болып табылады. Келесі анықтамалардың ғаламилығына үміт артпайақ, еркін нарықтың негізгі белгілерін көрсетейік:
• сатушылар мен сатып алушылар санының көп болуы;
• барлық өндіріс факторлары (еңбек, капитал, материалдар) мобильді болу керек;
• бағалар сатушылар мен сатып алушылардың қалауымен қалыптасады;
• нарыққа жаңа компаниялардың енуіне бөгеттер қойылмауы керек.
Осындай жағдай алдыңғы қатарлы батыс елдері үшін де мінсіз екенін мойындау керек. Шынында да, көп тауарлардың бағасын мемлекет жасанды түрде өзгертеді (көтереді немесе төмендетеді) және егер жобаның қаржылық үлесі белгілі болса да, экономикалық үлес өте сирек бағаланады. Сондықтан да ірі инвестициялық жобалар үшін олардың қаржылық тиімділігінен гөрі, экономикалық тиімділігі мен экономикалық тартымды-лығын талдау қалыптасқан (яғни жобаның үлттық басымдылық міндеттеріне сәйкес дәрежесі).
Инвестициялық жобаның экономикалық тартымдылығын өлшеу келесі нүсқау бойынша іске асуы мүмкін.
1 қадам:.максаттарды таңдап, оларды өлшейді. Мысалы: мемлекеттің мақсаттары Мақсаттың салмағы
Қатты валютаның ағылуы
Қатты валютаның үнемделуі
Жергілікті нарықта өнімнің көбеюі
Халықтың жүмыспен қамтылуын қамтамасыз ету 0,20
Аумақтарды дамыту
Барлығы
2 қадам: Альтернативті жобалардың әрқайсысына бір мақсатқа жету үшін сандық өлшемін анықтайды (абсолютті мәнде немесе жақсысына қарай пайыздық қатынаста). Әр жоба үшін кешендік (комплекстік) критерийдің салмақталған мәнін есептейді:
G0 = 0,3*W1 + 0,2*W2 + 0,15W3 + 0,2*W4 +0,15W5
3 қадам. Үздік вариантты таңдауы жалпыланған критерийдің максимум критерийі бойынша жүргізіледі.
3) Экономикалық тиімділікті бағалау процедурасы.
Экономикалық тиімділік дайын өнім мен ресурстардың мүмкін болатын сатып алу қүнымен, ішкі бағамен (әлемдік баға-лардан ерекшеленетін) және мемлекеттің айырықша ерекшелігі болып табылатын және әлемдік бағалармен және қағидалармен сәйкес келмейтін (мысалы, басқа мемлекеттердің валютасымен жүмыс істеу шарттары) тағы басқа нәрселерді есепке ала отырып бағаланады.
Экономикалық тиімділікті бағалаудың іріленген процедурасы мынадай түрге ие:
1) қаржылық талдаудың қорытындысын үсыну;
2) экономикалық талдау түрғысынан шығындар мен табыстың жаңа жіктелуін жасау;
3) қаржылық мәндерді экономикалық мәндерге ауыстыру (олар сыртқы жөне ішкі нарық бағасы мен шығындардың Үйлеспеуіне байланысты);
4) ресурстарды қолдану және өнімдер алу үшін басқа мүмкіңдіктердің қүнын бағалау;
5) ішкі телемдер бойынша барлық есептеулерді шығарып тастау (өйткені олар мемлекеттің жалпы байлығын өзгертпейді);
6) жыл сайынғы экономикалық қүралдар ағымын инвести-яньің бастапқы көлемімен салыстыру (бүл нәтиже болады).
Тағы да айтып кетейік, экономикалық талдау әдетте мемлекеттің тапсырысы бойынша жасалатын және үлттық мағыналы міндетті шешуге бағытталған ірі инвестициялық жобаларға жүргізіледі. Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны өз бастама. сы бойынша өзірлеп, инвесторды өз бетімен тартса, онда бүд істің нәтижесінде жобаға қатысушыларының жалпы ұтысы негізделеді, ең алдымен жобаға қаржылық ресурстарын ұсынған заңды және жеке тұлғалар үшін. Және де, осы тұлғалардың санына мемлекет кірмесе, онда жобаның экономикалық талдауын жасамауға болады.