Экономикалық талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2012 в 19:43, реферат

Описание работы

Экономикалық талдау пәні болып- шаруашылық қызмет нәтижесінің пайда болу себептері, өзгерісі, экономикалық құбылыстар мен процестердің себеп-салдарлық байланыстары болып табылады. Талдау барлық шаруашылық процестер олардың өзара байланыстылығында, тәуелділігінде.

Работа содержит 1 файл

Экономикалық талдау реферат Мырзалиева Қ 302 ЕжА.docx

— 27.94 Кб (Скачать)

Экономикалық  талдау пәні болып- шаруашылық қызмет нәтижесінің пайда болу себептері, өзгерісі, экономикалық құбылыстар мен  процестердің себеп-салдарлық байланыстары болып табылады. Талдау барлық шаруашылық процестер олардың өзара байланыстылығында, тәуелділігінде.

  Талдау  процестерінде тек шаруашылық қызметке әсер ететін негізгі факторлар ашылып және сипатталып қоймай, сондай-ақ олардың  әрекет ету дәржесі өлшенеді.

  Талдау объектісі-жоспарда, ағымдағы есепте, есептілікте, басқа ақпарат көздерінде сипатталатын кәсіпорындар мен бірлестіктерде, ішкі бөлімшелерде жүзеге асырылатын кеңейтілген ұдайы өндірістің әлеуметтік-экономикалық процестері болып табылады.

     Экономикалық талдау қаржы-шаруашылық қызметтің  3 басты жағын зерттейді:

  • Технологиялық-өндірістік процестерде табиғатпен адамдардың байланысын көрсетеді (ауыл-шаруашылығы өнімін өсіру,мал бағу, т.б)
  • Ұйымдастырушылық-экономикалық- адамдар арасындағы қатынасты сипаттайды ( еңбекті ұйымдастыру, техниканы сипаттайды, т.б.)
  • Қаржылық- кәсіпорын мен жекелеген кәсіпорындар арасында, ұйым мен жеке тұлға арасындағы қатынастарды сипаттайды.
 

  Экономикалық талдаудың мазмұны-оптималды басқару шешімдерін   қабылдау, олардың орындалу деңгейін бағалау, әлсіз жақтары мен ішкі шаруашылық резервтерін анықтау мақсаты мен зерттелетін субъектілердің қызметі туралы экономикалық ақпараттарды терең және жан-жақты зерттеу табылады.

    Талдау жүргізудің негізгі мақсаты-шаруашылық субъектілердің қызмет ету тиімділігін арттыру  және мұндай арттырудың резервтерін  іздеу. Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттер алдыға қойылады:  

  1. Экономикалық  заңдылықтардың әрекет ету сипатын  зерттеу, экономикалық құбылыстармен  процестердің заңдылықтары мен тенденцияларын орнату;
  2. Бизнес-жоспардың және нормативтердің ғылыми-экономикалық негізделуін арттыру;
  3. Бекітілген жоспарлардың орындалуын және өнімнің сапасы, саны, құрылымы бойынша нормативтердің сақталуын зерттеу;
  4. Озат тәжірибені зерттеу нәтижесінде өндіріс тиімділігін арттыру, резервтерін іздеу;
  5. Материялдық, еңбек және қаржылық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін анықтау;
  6. Шаруашылық нәтижесін болжау;
  7. Коммерциялық тәуекелділікті зерттеу;
  8. Маркетингтік шараларды салыстырмалы зерттеу;
  9. Оптималды басқару шешімдерін басқару үшін аналитикалық материялдарды дайындау.

         Талдаудың мазмұнды жағы келесі элементтерді :

    • Талдаудың нақты міндеттерін қою;
    • Себеп-салдарлық байланысты анықтау;
    • Көрсеткіштерді және оларды бағалау әдістерін анықтау;
    • Нәтижелерге әсер ететін факторды айқындау,бағалау,ең маңыздыларын іріктеу ;
    • Жағымсыз факторлар әсерін жою жолдарын өңдеу және жағдайды,факторды ынталандыру.
 

    Экономикалық  талдаудың түрлері келесі белгілер бойынша жіктеледі:  

     1. Салалық белгі бойынша:

    • Салалық  ( нақты саланың экономикасын зерттеу )
    • Сала аралық ( барлық сала үшін талдаудың жалпы әдістемесін өңдеу)

        

         2. Уақыт белгісі бойынша:

    • Алдын-ала (перспективті)-шаркашылық операцияларды жүзеге асыруға дейін жүргізу болашаққа деген болжамдар жасалады. Мысалы: пайда мөлшері, сату көлемі, өзіндік құн, еңбек өнімділігі.
    • Кейінгі (ретраспективті)-шаруашылық операциялар жүргізілгеннен кейін орындалады. Бұл талдау негізгі мақсаты-өткен кезеңнің кемшіліктерін айқындап оларды есепті кезеңде жою. Бұл талдау екіге бөлінеді:
    • Оперативті (шаруашылық операциялар жасалғаннан кейін немесе ситуация өзгергенде бірден жүргізіледі)
    • Қорытынды талдау (есепті уақыт кезеңіне жүргізіледі)
 

            3. Кеңістік белгі бойынша:

    • Ішкі шаруашылық талдау-тек зерттелетін кәсіпорын және оның бөлімшелерінің қызметін зерттейді.
    • Шаруашылық аралық талдау-екі немесе бірнеше кәсіпорындардың қызметі салыстырылады.

           

           4. Басқару субьектісі бойынша:

  • Технико- экономикалық талдау
  • Қаржы – экономикалық талдау
  • аудиторлық
  • Әлеуметтік - экономикалық
  • маркетингтік
  • Экономика- статистикалық
  • Экономика- құқықтық
  • Экономика- экологиялық

         5. Обьектілерді зерттеу әдістемесі бойынша:

  • Салыстырмалы-шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есептік көрсеткіштер ағымдағы жыл жоспарының көрсеткіштерімен, өткен жыл мәліметтерімен, озат кәсіпорындардың көрсеткіштерімен салыстырылады.
  • Факторлық- нәтижелік көрсеткіштердің өсімі мен деңгейіне әсер ететін факторлар шамасын айқындауға бағытталады.
  • Диагностикалық ( экспресс талдау) – типтес белгілерінің негізінде экономикалық үрдістердің  қалыпты жұмыс барысындағы бұзушылыққа сипатын анықтау тәсілі
  • Маржиналдық- экономикалық процестерді зерттеуге шекті шамаларды      ( қатыстырмалы өсімшелерді)  пайдалануға негізделген талдау.
  • Экономика- математикалық- экономикалық есепті шешудің  ең оптималды нұсқасы таңдалынады, қолда бар ресурстарды толығымен пайдалану есебінен өндіріс тиімділігін  арттыру резервтері айқындалады,
  • Стохастикалық ( дисперсионды, корреляциялық) кәсіпорынның шаруашылық қызметінде зерттелетін құбылыстар мен процестер арасындағы стохастикалық ( толық емес ықтималды) тәуекелдіктерді зерттеу үшін қолданады.
  • Функционалды- құндық талдау- резервтерді айқындау тәсілі.

          6. Талдау субьектісі бойынша:

  • ішкі ( басқару талдауы);        
  • сыртқы ( қаржылық талдау).

    Басқару және қаржылық талдаудың айырмашылығы

    белгілер Басқару талдау Қаржылық талдау
    1. Ақпарат пайдаланушылар
    Кәсіпорын және оның бөлімшелерінің басшылары Кәсіпорын басшылары, банктер, салық органдар, инвесторлар, кредиторлар және т.б.
    1. Ақпарат көздері
    Барлық көздер (есептік нормативтік, салалық, есептілік мәліметтері) Қаржылық есептілік  нысандары, 5 нысан
    1. Өлшем бірлігі
    Барлық өлшемдер: заттай, еңбек, ақшалай ақшалай
    1. Талдау обьектісі
    Кәсіпорын және оның бөлімшелері Кәсіпорын біртұтас жүйе ретінде алынады
    1. Талдау  нәтижелеріне қол жетерлік
    Коммерциялық  құпия Барлығына қол  жетерлік
    1.  Талдау жүргізу кезеңділігі
    Қажетіне қарай  және іштей пайдалануға Айлық, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық

Информация о работе Экономикалық талдау