Экономикалық
өсу және оның түрлері.
- Экономикалық өсу түрлері және себептері.
- Экономикалық өсудің типтері мен факторлары.
Экономикалық теорияда
мағызды сұрақтардың бірі ол экономикалық
өсу. Экономикалық өсу дегеніміз
ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен
қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық
өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді
дамуымен байланысты өндірістің нақты
көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі
өзгерістерін атайды. Экономикалық өсу қоғамдық еңбек нәтижесін,
оның өнегелік, рухани сипаттамаларын
көрсетеді. Ол — экономикалық динамиканың
көрсеткіші және қайнар көзі. Бұл экономикалық
теорияның предметі мәселелерінің екінші
жүйесі.
Экономикалық өсудің
мақсаты — бұл адамдардың материалдық
және рухани қажеттіктерін қамтамасыз
ету, қоғам дамуының өнегелік негіздерін күшейту. Адамдардың
білімі, дағды-тәжірибесі, қабілеті адамдар
капиталын құрайды. Бұл адамдардың болашақтағы
өмір-жағдай дәрежесінің кепілі болып
табылады
Экономикалық өсудің
негізгі мақсаттары – халықтың әл-ауқатын
көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық
өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың
жоғарлауы болып табылады, осының құрамына
кіретіндер:
- Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. Бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді.
- Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек.
- Ұлттық табыстың халықтың әр топтарының арасында бөлінуін жақсарту.
- Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.
Экономикалық өсудің өлшеу тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:
- Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.
- Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.
Қоғамдық өндірістің
типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы
мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің
арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы
мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше типке бөлінеді.
- Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары:
- қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту);
- ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).
- Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары:
- жұмыс күшінің санының өсуі;
- капиталдың көлемі өсуі.
- Аралас типі - факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.
Экономикалық теорияда экономикалық өсудің
сапасы деген ұғым әлеуметтік бағытталуының
күшеюімен байланыстырылады, оның сипаттайтын
келесі көрсеткіштер:
- халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;
- адамның бос уақытының көбеюі;
- әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;
- адам капиталына инвестицияны өсіру;
- адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;
- еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.
Экономикалық өсудің
факторлары дегеніміз өндірістің нақты
көлемін және оның тиімділігі мен
сапасын арттыратын құбылыстар ықпалына
мен процестер. Тигізетін ықпалына
қарай экономикалық өсудің факторлары
жанама және тікелей факторларға бөлінеді.
Экономикалық
өсудің факторлары:
Тікелей факторлар: |
Жанама факторлар: |
-Еңбек ресурстарының
саны мен сапасының өсуі.
- Негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы.
- Өндірісті ұйымдастырумен қатар технологияның жетілдірілуі.
- Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны мен сапалылығының артуы.
- Қоғамдағы кәсіпкерлік қабілетінің өсуі.
|
- Сұраныс факторлары – тұтыну, инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі.
- Ұсыныс факторлары – бәсекенің дамуы, ресурстардың бағасының төмендеуі, несие алу мүмкіншілігінің өсуі.
- Бөлу факторлары – қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану.
|
Қазақстан Республикасындағы
экономикалық өсу.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы
Қазақстан халқына Жолдауында «Біздің
ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттігіне
оны әлемдік экономикаға интеграциялаған
жағдайда ғана қол жеткізе алатынымыздың»
атап көрсітілуі ел экономикасының жаһандық
ықпалдастыққа жақындап келе жатқанын
айқындады. Өткен жылдарғы реформалардың
басты қортындыларын бағалай отырып, сөз
жоқ, елдің әлеуметтік-экономикалық келбеті
түбегейлі өзгергенін мойындау керек.
Тәуелсіздік жолдарында өтпелі кезеңнің
бұрынғы жүйесін сапалы жағынан жаңа экономикалық
жүйеге ауыстыруға бағытталған реформалардың
үш маңызды кезеңі болғаны байқалады.
Бірінші кезең-романтикалық, либералдық.
Еркіндік пен демократияны жариялауды
өз-ақ ескіні күйретуші күш қана емес нарықтық
қайта құруларды ілгерілетуші күш те болатындай
көрінген бұл кезең принципті тұрғыда
өз рөлін орындады. Реформалардың басты
қозғаушысы-нарықтық қайта құрулардың
еркін қатысушысы пайда болды. Сонымен
бірге, мемлекеттің экономикадан тым жылдам
шегінуі ынғайында жарияланған жаппай
ырықтандыру бақылаудан тыс инфляция,
өндірістің құлдырауы, жұмысыздықтың
пайда болуы мен өсуі сияқты келеңсіз
жағдайларға әкеліп соқтырды.
Екінші кезең-инфляцияның ауыздықтауға,
қатаң қаржы, ақша-кредит саясатын жүргізуге,
нарықтық экономика қағидаларын қабылдау
мен қатаң орындауға арналған тұрақтандырушылық
бағыт.
Қатаң бағыт елді гиперинфляциядан
және экономиканың күйреуінен құтқарып
қалды.
Сондай-ақ ол реформаларды
бостандық пен демократияның
қажеттігі жөнінде жариялаумен
ғана емес, өркениетті рынок нормаларымен
ережелерін міндетті және мүлтіксіз
сақтай отырып қана жүргізуге
болатынын дәлелдеді. Алайда, кәсіпкерлік
дәстүрлері, меншік нышандары жеткілікті
дамыған елдерде монитаризм шеңберінде
қолдануға болатын қатаң бағыт біздің
халқымыз бен экономикамыз үшін тұтастай
алғанда ауыр жүк болды. Және де реформаторлық
міндеттерді жүзеге асыруға тым революциялық
тұрғыда келу шыныменде жөн болмай шықты.
Прагматикалық жол қоғамға қысымды бәсендетуге,
анағұрлым жұмсақ постмонетарлық бағытқа
көшуге, сонымен бірге отандық өндірісті
нақты көтерумен айналысуға, жұмыспен
қамтуды ұлғайтуға, ішкі рынокқа бет бұруға
арналды.
Айтарлықтай қатаң экономикалық
саясат ұстанған, елдің экономикалық тынысын
нақты сезінетін және экономикалық бағытты
түзеу қажеттігін аңғарған Президент
Н.Назарбаев дамудың жаңа кезеңіне арналған
бірқатар маңызды міндеттерді-экономикалық
өсу бағытын, дамудың жаңа басымдықтарын
қалыптастыруды алға тартты. Реформалардың
бірінші және ең маңызды кезеңінің экономикалық
жүйені, өндірістік қатынастарды түбегейлі
өзгерту жөніндегі басты міндеттері шешілді.
Қазақстан экономикасы нарықтық экономикаға
айналды.
Қазақстан экономикасы әлеуметі
жағынан өзін-өзі қамтамасыз ете алатын
болғанымен, ол өзара байланысқа жүйе
болмады. Бұл жәйт сыртқы рынокқа шығуды
талап етті. Дағдарыс қисыны бойынша рынок
қажет еткен өндіріс дамып, морльдық жағынан
ескірген техникалық тұрғыда артта қалған,
тиімсіз өндірістер ығыстырылып шығарылуы
керек. Алайда, бұл міндеттерді шешу қаржы
ресурстары жетіспегендіктен аса қиын
болды. Қазақстан экономикасы мемлекеттік
бюджет пен ірі кәсіпорындарды қаржылық
қолдау үшін айтарлықтай ауқымды ресурстарды
қажет етті.
Бүгінде Қазақстан дүние жүзінде әлемдегі ірі өндірушілердің
біріне айналды және әлемдік рынокта маңызда
орын алды. 27 тауар позициясы бойынша алдыңғы
лектегі 10 елдің қатарына кіреді. Мемлекеттің
таяудағы 10 жылға арналған сратегиялық
міндеттерінде республиканың экономикадағы
дәстүрлі басымдықтарын барынша пайдалану
қажеттігі міндеттелген. Бұл арада әңгіме
табиғат байлығы мен минералдық шикізат
қоры жөнінде болып отыр. Қазақстан олардың
кейбірінің абсолюттік қоры бойынша да,
өндіру бойынша да, соның ішінде халықтың
жан басына шаққанда жүниежүзінде бірінші
орынға ие.
Қазақстан әлемдік
және минералдық шикізат кешеніндегі өзінің күшті позицияларын сақтай алады
және солай етуі тиіс. Бұл үшін руданы
өңдеу мен метал балқыту жөніндегі қазіргі
заманғы технологиялардың дамуын қамтамасыз
етіп, дәстүрлі дамыған геологиялық, тау-кен
ісін қалпына келтіру қажет. 2000-2005 жылдары
кен металлургия кешеніне инвесторлардың
жылына 2 млрд. доллар және одан да артық
көлемде инвестициялар салуы көзделінген.
Тағы бір айта кетерлік жәйт, шетелдік
инвестициялар экономикалық қайта құруға
жәрдемдесетін болады деп күтілген-ді.
Ондай үмітіміз ішінара ақаталды. Шетелдік
инвестициялардың есебінен өндіруші салаларда
өсімге қол жетті, бұл да экономиканың
жалпы көтерілуіндегі едәуір маңызды
фактор. әйтсе де еліміз өзінің дамуында
біржақтылыққа жол бермеуі керек.
Қазақстанның өзара
қатынастардың жаңа класына кіру шарттары айтарлықтай қатаң.
Егер республиканың шикізат рыногына
қатысуына жол ашық болса, дайын өнімдер
рыногына кіруіне жоғары баж салықтарынан,
инфрақұрылымдары дамыған қуатты трансұлттық
компаниялардан тұратын кедергілер бар.
Осыған байланысты Қазақстан өзінің жаңа
Индустриялық-инновациялық бағдарламасын
жүзеге асыруға байыпты және аса жауапты
қарауы керек болады.
Қазақстанда жоғары
сапалы болат пен арнаулы қорытпалардың
қуатты саласын құру индустриялық-инновациялық
дамудың басым бағыттарының бірі бола алады. Талдаулар көрсетіп
отырғанындай, жаңа материалдардың пайда
болуына қарамастан, әлемде болаттың беріктігі
жоғары тат баспайтын, подшипниктік түрлеріне
қажеттілі өсіп келеді, арнаулы қорытпалардың
жаңа түрлері жасалуда. Халықаралық ұйымдардың
болжамына қарағанда, таяудағы жылдары
болат өнімдерін тұтыну арта түседі. Дұрыс
есеп құрған жағдайда Қазақстан әлемдік
болат рейтингінде қазіргіден 10-15 пункт
жоғарылай алады.
Өз өнеркәсібінің
көтеріліп жатқанына қарамастан
Қазақстан темір, хром, марганец рудаларын үлкен көлемде сыртқа,
ең алдымен Рессей зауыттарына жөнелтуді
жалғастыруда. Республиканың елеулі резервтерінің
бірі болат бұйымдар шығаруды, соның ішінде
мырышпен қапталған болат шығаруды кеңейту
болып табылады. Жалпы метеллургияның
дамуы және арнаулы қорытпалар, жоғары
сапалы болат пен олардан жасалған бұйымдар
шығару республикаға 13-14 млрд. АҚШ долларынан
астам табыс әкеле алады.
Әлем деңгейінде 215-ке
жуық мемлекет бар екенін ескерсек,
оның алдаңғы шептегі елеуінің
санына қосылу біздер үшін бұл асқақ арман. Оған жету шебер
басқару жүйесін, терең білімді, жоғары
біліктілікті, жан-жақты дайындықты, қажымас
еңбекті, үлкен ізденістерді талап етеді.
Алдағы елдер біздер қатарына қосылсын
деп күтіп тұрмайды. Сондықтан біздер
осы арманға даму қарқынын жеделдетіп,
уақыт ұтқанда ғана жетеміз.
1999-2004 Қазақстанның ішкі
ұлттық өнімі 60% жуық өсті. өсу
қарқыны жағынан біздер ТМД
елдерінің алдына шықтық, ал Шығыс
Еуропа елдерімен бір деңгейдеміз.
Шама бойынша енді 2-3 жыл ішінде
ұлттық ішкі өнім 2 есеге көбейеді, қуаты жағынан 1 Қазақстан
2 Қазақстан болады деген сөз. Бір кездері
күрделі экономикалық реформалар жүргізген
Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне олардың
ішкі жалпы өнімінің 2 есе өсуі үшін орта
есеппен 12-13 жыл керек болған, біз осындай
нәтижеге 8-9 жыл ішінде қол жеткіземіз
деген үміттеміз. Яғни алған қарқын жақсы,
осының арқасында алға кеткен елдермен
ара қашықтықты азайтамыз деген жобаның
негізі бар. Бұл қарқын қолданып отырған
саясаттың дұрыстығын растайды. Сонымен
қатар осындай дамуға бізге Алла сыйлаған
жер байлығының да көмегі молынан тиіп
отырғанын мойындауымыз керек.
Адам басына шаққанда
ІЖӨ бізде 2004 жылы 2700 долларға
жетті, яғни 6 жыл ішінде 4 есеге
жуық өсті. 2005 жылы осы көрсеткіш
3207 доллар ал 2007 жылы 3800 доллар болады
деп жобаланып отыр. Осы маңызды көрсеткіш
бойынша біз Түркияның, көптеген Азия
елдерін, Ресейден басқа барлық ТМД елдерін
басып оздық, Шығыс Еуропа елдеріне біршама
жақындадық.
Қазақстан үшін экономикалық
өсудің тиімділігі мен сапасы маңызды
мәселе. Ұзақ мерзім бойы еліміздің экономикалық дамуының
нәтижесі жалпы қоғамдық өнімнің сан жағынан
өсу қарқындылығы арқылы бағаланып отырды.
Кәсіпорындардың болуы мен дамуы іс жүзінде
олардың өздерінің өнімдерін сатудан
түскен табыстар есебінен шығындарын
өтеу қабілетімен байланысты болмады.
Бұл жағдай кәсіпорындардың іс-әрекеттерінің
тиімділігіне тәуелсіз, қаржыландырудың
тыс көзі және еңбек пен капиталдың шекті
өнімділігімен байланыстырылған табыстарды
бөлу жүйесінің болуымен дәлелденеді.
Қазақстан Республикасының жүргізіп отырған
экономикалық саясатының негізгі мақсаты
– шет ел инвестициясының және ішкі жинақтың
жоғары деңгейіндегі экономикалық ашықтығы
негізінде экономикалық өсуге жету. Дамыған
елдердегі экономикалық өсудің стандартты
деңгейі негізінен орта есеппен жылына
2 4,5 пайызды құрайды. Экономикалық өсуге
басқа да бір мақсат – жұмыспен толық
қамтамасыз ету қабыса алады. (Жұмыссыздық
деңгейінің 2-3 %-дық көрсеткіші қолайлы
деп саналады. Іс жүзіндегі көрсеткіш
басқаша: 3,5-8,5 %). Баға деңгейінің тұрақтылығы
мен ұлттық валютаның орнықтылығы мақсатына
мынадай жағдайда жеттік деуге болады,
егер инфляция деңгейі жылына 1-2 %-ды құрайтын
болса. (Іс жүзінде әдетте ол 5-10 %-ға жетеді).