Экономикалық өсу түрлері және себептері

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 15:02, реферат

Описание работы

1. Экономикалық өсу түрлері және себептері.
2. Экономикалық өсудің типтері мен факторлары.

Работа содержит 1 файл

Экономикалық өсу түрлері және себептері.doc

— 29.48 Кб (Скачать)

1. Экономикалық өсу түрлері және себептері.  
2. Экономикалық өсудің типтері мен факторлары.

      Мақсаты: Экономикалық өсудің мән-мағынасын, негізгі факторларын және модельдерін қарастыру арқылы экономиканың ұзақ мерзімдік дамуының негізгі мәселелеріне басты назар салу керек.

                              Негізгі түсініктер мен терминдер  
      Экономикалық өсу, Экономикалық өсудің типтері, Жандану, Рецессия (дағдарыс), Стагфляция Өсу, Тоқырау, Экономикалық өсудің факторлары

                                             Дәріс мән-мәтіні  
       Экономикалық теорияда мағызды сұрақтардың бірі ол экономикалық өсу. Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.  
        Экономикалық өсудің негізгі мақсаттары – халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер:  
- Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді.  
- Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек.  
- Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның арасында бөлінуін жақсарту.  
- Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.  
        Экономикалық өсудің өлшеу тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:  
1. Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.  
2. Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.

       Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше типке бөлінеді.

1. Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары:  
- қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту);  
- ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).  
2. Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары:  
- жұмыс күшінің санының өсуі;  
- капиталдың көлемі өсуі.  
3. Аралас типі - факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.

     Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады, оның сипаттайтын келесі көрсеткіштер:  
1. халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;  
2. адамның бос уақытының көбеюі;  
3. әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;  
4. адам капиталына инвестицияны өсіру;  
5. адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;  
6. жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;  
7. еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.

     Экономикалық өсудің факторлары дегеніміз өндірістің нақты көлемін және оның тиімділігі мен сапасын арттыратын құбылыстар ықпалына мен процестер. Тигізетін ықпалына қарай экономикалық өсудің факторлары жанама және тікелей факторларға бөлінеді.  
      Экономикалық өсудің факторлары:  
Тікелей факторлар: Жанама факторлар:  
-Еңбек ресурстарының саны мен сапасының өсуі.  
- Негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы.  
- Өндірісті ұйымдастырумен қатар технологияның жетілдірілуі.  
- Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны мен сапалылығының артуы.  
- Қоғамдағы кәсіпкерлік қабілетінің өсуі. - Сұраныс факторлары – тұтыну, инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі.  
- Ұсыныс факторлары – бәсекенің дамуы, ресурстардың бағасының төмендеуі, несие алу мүмкіншілігінің өсуі.  
- Бөлу факторлары – қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану.

       Қазақстан үшін экономикалық өсудің тиімділігі мен сапасы маңызды мәселе. Ұзақ мерзім бойы еліміздің экономикалық дамуының нәтижесі жалпы қоғамдық өнімнің сан жағынан өсу қарқындылығы арқылы бағаланып отырды. Кәсіпорындардың болуы мен дамуы іс жүзінде олардың өздерінің өнімдерін сатудан түскен табыстар есебінен шығындарын өтеу қабілетімен байланысты болмады. Бұл жағдай кәсіпорындардың іс-әрекеттерінің тиімділігіне тәуелсіз, қаржыландырудың тыс көзі және еңбек пен капиталдың шекті өнімділігімен байланыстырылған табыстарды бөлу жүйесінің болуымен дәлелденеді. Қазақстан республикасының жүргізіп отырған экономикалық саясатының негізгі мақсаты – шет ел инвестициясының және ішкі жинақтың жоғары дейгейіндегі экономикалық ашықтығы негізінде экономикалық өсуге жету. Дамыған елдердегі экономикалық өсудің стандартты деңгейі негізінен орта есеппен жылына 2 4,5 пайызды құрайды. Экономикалық өсуге басқа да бір мақсат – жұмыспен толық қамтамасыз ету қабыса алады. (Жұмыссыздық деңгейінің 2-3 %-дық көрсеткіші қолайлы деп саналады. Іс жүзіндегі көрсеткіш басқаша: 3,5-8,5 %). Баға деңгейінің тұрақтылығы мен ұлттық валютаның орнықтылығы мақсатына мынадай жағдайда жеттік деуге болады, егер инфляция деңгейі жылына 1-2 %-ды құрайтын болса. (Іс жүзінде әдетте ол 5-10 %-ға жетеді).  
Қазақстан экономикасының өсу динамикасы. Еліміздің экономикасының қазіргі кезеңде тұрақты ұзақ мерзімдік өсуді қамтамасыз ету мәселесі Стратегиялық басымдықтардың маңыздысы болып табылады. Бұл мәселені қарастыру үшін, ең алдымен ағымдық жағдайды дұрыс бағалау қажет. Қазақстан 90-шы жылдардың басынан экономикалық өсудің дағдарысы мен экономикада құрылымдық ілгерілеушілікті бастан өткерді. Отандық экономиканың реформалану үрдісінің өтуіне айтарлықтай ықпал көрсеткен дағдарыстың басқа түрлері бойынша да мәліметтер келтірілуде. Экономикалық өсудің дағдарысы деп әлемдік практикада ІЖӨ-нің жалғасқан үш жыл бойында 9 %-ға төмендеуі алынады.
 
 
 
 
 
 

                                                      Кіріспе

           Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында әрбір кәсіпорын өз атынан тәуелсіз бола отырып, экономикалық және заңдық міндеттемесіне жауапты болуы қажет. Осыдан халық шаруашылық жүргізуші субьектілерінің қаржылық қабілеттілігі тұрақты болуы үлкен маңызы зор. Сол себепті қаржылық жағдай мен ақша қаражаттарының дұрыс және тиімді пайдалануы туралы сараптамасы ең бірінші кезекте болып отыр. Ең біріншіден сараптаманың қорытындысының қолданушыларына: жеке меншікменшік иелері, несие берушілер мен инвесторға, сонымен қатар жабдықтаушылар мен менеджерлерге және салық қызметіне маңызы зор. Кез келген кәсіпорын үзіліссіз ырғақты жұмыс істеп тұру үшін оны уақытылы керекті материалдармен жабдықтап отырудың маңызы зор болып табылады. Ұйымды материалдық қорлармен жабдықтау экономикалық және әлеуметтік дамыту жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өнім өндіруші ұйымдармен, сондай ақ делдалдық ұйымдармен өзіне керекті материалдық қорлармен қамтамасыз ету жөнінде келісім шарттар жасасады немесе өзінің делдалдары арқылы биржада сатып алады. 

                 
 
 
 
 
 

         Батыс елдеріндегі қалыптасқан экономикалық жүйе шеңберінде 
экономикалық өсу мәселесі жетекші нақтылы мақсат болып саналады.

       Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы  өндірістің болуымен түсіндіріледі:  бұл жыл сайынғы өндіріс көлемінің  сандық әрі сапалық артуы. Яғни, экономикалық өсу деп, өндіргіш  күштердің ұзақ мерзімдік дамуымен  байланысты өндірістің нақты  көлемінің табиғи дәрежесінің  ұзақ мерзімді өзгерістерін атайды. 
        Басқаша айтқанда, ЖҰӨ-нің нақты көлемінің өсу қарқынымен өлшенетін немесе осы көрсеткіштің жан басына шаққандағы өсуінің қарқынымен өлшенетін қағидат кең тараған. 
       Экономикалық өсудің мәні-экономиканың негізгі қайшылығын жаңа дәрежеде шешу және ұдайы өндіру б.т: өндірістік ресурстардың шектелуі мен қоғамдық қажеттердің шексіз болуының арасындағы осы қайшылықты шешудің негізгі екі түрі бар: 
Біріншіден, өндірістік мүмкіндіктерді көбейту арқылы. 
Екіншіден, бар болған өндірістік мүмкіндіктерді пайдалану тиімділігн жоғарылату және қоғамдық қажеттіктерді дамыту арқылы. 
         Бірақ осымен процесс бітпейді: дамудың әрбір жаңа кезеңінде өндірістік мүмкіндіктердің молаюымен байланысты қоғамдық қажеттердің барлығы қамтамасыз етілмейді. Қоғамдық қажеттіктер, оларды қамтамасыз ететін өнімдердің өндірісін осы елдің өндірушілері немесе импорт жасалған өнімдердің жеткізушілері игергеннен кейін пайда болады. Бірақ осыған қарамастан, қоғамдық қажеттіктер өндірістік ресурстарға қарағанда біріншілік, жетекші болып табылады. Өйткені, пайда болған қажеттілік бірте-бірте жаппайлыққа айналады, ал бұл жағдай өндірістің үздіксіз дамуын талап етеді. 
Экономикалық өсудің типтері, тиімділігі мен сапасы.

Информация о работе Экономикалық өсу түрлері және себептері