Экономикалық өсу: оларды қамтамасыз етудегі негізгі факторлар мен мемлекеттік шаралар

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 20:42, реферат

Описание работы

Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.

Работа содержит 1 файл

Экономикалық өсу.docx

— 22.60 Кб (Скачать)
 

Экономикалық  өсу: оларды қамтамасыз етудегі негізгі  факторлар мен  мемлекеттік шаралар 

    Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа  жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.

     Экономикалық  өсудің  негізгі мақсаттары – халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер:

  • Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді.
  • Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек.
  • Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның арасында бөлінуін жақсарту.
  • Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.

      Экономикалық  өсудің өлшеу  тәсілдерін екі топқа  бөлуге болады:

  1. Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.
  2. Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға  шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.
 

      Қоғамдық  өндірістің типіне байланысты, өнімнің  өсу шапшандығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік  әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан  экономикалық өсу де бірнеше типке  бөлінеді.

        
 

      

      

        
 

  1. Интенсивті  типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары:
  • қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту);
  • ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).
  1. Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы  ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары:
  • жұмыс күшінің санының өсуі;
  • капиталдың көлемі өсуі.
  1. Аралас типі -  факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. 

      Экономикалық  теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлеуметтік бағытталуының  күшеюімен байланыстырылады, оның сипаттайтын  келесі көрсеткіштер:

  1. халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;
  2. адамның бос уақытының көбеюі;
  3. әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;
  4. адам капиталына инвестицияны өсіру;
  5. адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  6. жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;
  7. еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.
 

     Экономикалық  өсудің факторлары дегеніміз өндірістің нақты көлемін және  оның  тиімділігі мен сапасын арттыратын құбылыстар ықпалына  мен процестер. Тигізетін ықпалына қарай экономикалық өсудің факторлары жанама және тікелей  факторларға бөлінеді.

    • Экономикалық  өсудің факторлары:
    Тікелей  факторлар: Жанама  факторлар:
    -Еңбек  ресурстарының саны мен сапасының  өсуі.
    • Негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы.
    • Өндірісті  ұйымдастырумен қатар технологияның  жетілдірілуі.
    • Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны мен сапалылығының артуы.
    • Қоғамдағы кәсіпкерлік  қабілетінің өсуі.
    • Сұраныс факторлары – тұтыну, инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі.
    • Ұсыныс факторлары – бәсекенің дамуы, ресурстардың бағасының төмендеуі, несие алу  мүмкіншілігінің өсуі.
    • Бөлу факторлары – қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану.
     

          Қазақстан үшін экономикалық өсудің тиімділігі мен сапасы маңызды мәселе. Ұзақ мерзім бойы еліміздің экономикалық дамуының нәтижесі жалпы қоғамдық өнімнің  сан жағынан өсу қарқындылығы арқылы бағаланып отырды. Кәсіпорындардың  болуы мен дамуы іс жүзінде  олардың өздерінің өнімдерін  сатудан түскен табыстар есебінен шығындарын өтеу қабілетімен байланысты болмады. Бұл жағдай кәсіпорындардың іс-әрекеттерінің  тиімділігіне тәуелсіз, қаржыландырудың  тыс көзі және еңбек пен капиталдың шекті өнімділігімен байланыстырылған табыстарды бөлу жүйесінің болуымен дәлелденеді. Қазақстан республикасының   жүргізіп отырған экономикалық саясатының негізгі мақсаты –  шет  ел инвестициясының  және ішкі  жинақтың жоғары  дейгейіндегі  экономикалық  ашықтығы негізінде экономикалық өсуге  жету. Дамыған елдердегі экономикалық өсудің стандартты деңгейі негізінен орта есеппен жылына  2 4,5 пайызды құрайды. Экономикалық өсуге басқа да бір мақсат – жұмыспен толық  қамтамасыз ету қабыса алады. (Жұмыссыздық деңгейінің 2-3 %-дық көрсеткіші қолайлы деп саналады. Іс жүзіндегі көрсеткіш басқаша: 3,5-8,5 %). Баға деңгейінің тұрақтылығы мен  ұлттық валютаның орнықтылығы мақсатына мынадай жағдайда жеттік деуге болады, егер инфляция деңгейі  жылына 1-2 %-ды құрайтын болса. (Іс жүзінде әдетте ол 5-10 %-ға жетеді).

      Қазақстан экономикасының өсу  динамикасы.  Еліміздің экономикасының   қазіргі кезеңде тұрақты ұзақ мерзімдік өсуді қамтамасыз ету мәселесі  Стратегиялық басымдықтардың маңыздысы болып табылады.  Бұл мәселені  қарастыру үшін, ең алдымен ағымдық жағдайды дұрыс бағалау қажет. Қазақстан 90-шы жылдардың басынан экономикалық өсудің дағдарысы мен экономикада құрылымдық ілгерілеушілікті бастан өткерді. Отандық экономиканың реформалану үрдісінің өтуіне айтарлықтай ықпал көрсеткен дағдарыстың басқа түрлері бойынша да мәліметтер келтірілуде.  Экономикалық өсудің дағдарысы деп әлемдік практикадаЖІӨ -нің  жалғасқан үш жыл бойында 9 %-ға төмендеуі алынады. 

        Экономикалық  өсудің тұрақты динамикасы оның өсу  қарқынының төмендеуіне байланысты құбылуы мүмкін. Сондықтан оның осы  құбылысты тудыратын себебін  талдау қажет.

        Бір жағынан — нарықтық экономиканың қалыпты қызмет жасауы экономикалық өсуді тұрақты динамикалық қамтамасыз етуі керек, яғни оның "экономикалық динамикасы" тұрақты байқалуы қажет. Екінші жағынан — нарықтық экономиканың қызмет жасауында тұрақсыздық байқалуы мүмкін; экономикалық өсудің құбылуы  және қарқынының төмендеуі. Бұл өз кезегінде "экономикалық тепе-теңдікті" қамтамасыз ететін факторларды анықтау қажеттілігін тудырады.

        Экономистер көптеген жылдар бойы бұрындары және қазіргі кезде де тепе-теңдік динамикасы моделін іздестірумен айналысқан және айналысуда. Себебі ол бірін-бірі жоққа  шығаратын екі үрдісті қосады: экономикалық тепе-тендік және экономикалық динамика. Тепе-тендік динамикасы моделі классикалық және кейнстік болып  бөлінеді. Классикалық моделдің өкіліне  француз экономисі Жан Батист Сэйді (1772-1823) жатқызамыз. Оның айтуынша барлық қоғам тек өндірушілерден тұрады (олар сондай-ақ тұтынушы болып та табылады). Сөйтіп өзі өндірмеген басқа тауарларды сатып алу үшін, өзінің тауарын сатады. Демек, табыс=шығынға тең. Сондықтан сұраным мөлшері ылғи ұсынымға тең.

        Алайда  нақты нарықтық экономика құрылымы әлдеқайда күрделі: тұтынушы саны ылғида өндіруші санынан асып отырады - табыс  толық жұмсалмайды (бір бөлігі жинақтауға айналады, өндіруші шығынның бір бөлігін  займ (несие) есебінен жүзеге асырады). Бірақ нақты өмірде Сэй моделінде  көрсетілгендей, "сұраным ұсыным болып табылады", теңгерілмейді. Себебі сұраным жинақтау мөлшеріне  кемиді, ал ұсыным несие мөлшеріне  артады. Осыдан барып өте маңызды  тұжырым жасауға болады: жиынтық  сұраным мен жиынтық ұсыным тепе-теңдігі  жинақталған инвестиция мен несиеленген  инвестиция теңдігін талап етеді.

        Жинақтау  тұтынушының жиынтық табысының  бір бөлігі ретінде экономикалық шеңбер айналымынан шығып қалады. Сондықтан олар сүранымға айналмайды және оларға кеткен шығындар өндірушіге қайтарылмайды.                                                            

        Демек, жинақтау макроэкономикалық тепе-теңдікті бұзады. Экономикалық өсудің ең жақсы  деген моделі мынаны ескереді: барлық жинақтау инвестицияға (күрделі қаржыға) айналады.

        Кейнстік  модель табыс қозғалысының басқаша  құрылымын қарастырады: "табыстар -> сұраным", бірақ "табыстар -»  жинақтау" емес.

        Жинақтау  инвестицияның негізін құрайтынын және жинақтау мен инвестиция ылғи да бір-бірімен тең екендігін  Дж. Кейнс дәлелдеген. Себебі фактілік жинақтау мен инвестициялар табыс  пен тұтыну арасындағы айырмашылыққа  тең.

        Егер  табысты ақшалай түрде емес натуралды  заттай түрде қарастырсақ, онда табыс  тұтыну және өндірістік (капиталды) тауарларға бөлінеді.

        Өндірістік  және капиталдық тауарлардың жалпы  шығарылуы нақты сұраным немесе инвестициялық сұраным болып  аталады.

        Инвестициялық сұраным экономикалық жүйедегі бірден-бір  ең маңызды динамикалық элемент  болып есептелінеді. Бұл модельдің  бірден-бір міндеті экономиканы  тұрақты өсу жолына салу. Дж. Кейнс  мынаны көрсетті: тепе-теңдік жағдайына  жету (жиынтық сұраным = жиынтық ұсыным) инфляция, жұмыссыздықпен және өндірістің төмендеуімен сайма-сай келеді.

        Жиынтық сұраным — тауар мен қызмет көрсетудің әртүрлі көлемін байқататын модель. Сондықтан тұтынушы, кәсіпорын  және үкімет кез келген баға деңгейінде сатып алуға дайын.

        Жиынтық ұсыным — кез келген баға деңгейіндегі нақты өндіріс көлемі деңгейін байқататын модел.

          Басқаша айтар болсақ, тепе-тендік жағдайы  ресурстарды толық қолданғанды  көрсетпейді. Тәжірибеде мынандай жағдайлар  кездеседі: өндіріс деңгейі ресурстарды  толық қолдануды қамтамасыз еткенде, ЖҰӨ-м тепе-тендігін құруға талап  еткен деңгейден жоғары болып  келеді. Егер ол жоғары болса, онда ЖҰӨ  тепе-тендігіне жету үшін өндіріс  көлемін қысқарту қажет, яғни өндіріс ресурстарын толық қолданбау жағдайын бөлу керек. Бұл кезде еңбек ресурстарын да толық қолданбау қажет, сөйтіп ол жұмыссыздыққа алып барады. Егер өндіріс деңгейі ресурстарды толық қолданғанда ЖҰӨ тепе-теңдігін құруға талап етілген деңгейден төмен болса, онда сұраным ұсынымнан тұрақты түрде артып отырады. Ұсыным ешқандай артып кетпейді. 

Информация о работе Экономикалық өсу: оларды қамтамасыз етудегі негізгі факторлар мен мемлекеттік шаралар