Экономикалық дипломатияның ұлттық интеллектуальды ресурастардың коммерциализациялануы мен жаңа технологиялардың халықаралық нарығын

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 16:05, доклад

Описание работы

ХХ ғасырдың аяқталу кезеңі екінші реттегі қызығушылықты туғызған Азия-Тынық мұхиты аймағы экономикалық өсу көзқарасынан да, ғаламдық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан күрделеніп отыр. Ол үлкен көлемдегі әскери, теңіз және әуе базаларының орналасуымен айқындалады, әсіресе АҚШ, Ресей, Жапония және Қытай сияқты ұлы державалардың сырткы саясатында векторлықты қалыптастырады. Халықаралық ынтымақтастықтың формаларын белсенді ету үшін бұл аймақтың тартымды болуы: бұл аймақта үлкен шамада адам ресурстары, табиғи шикізаттың қорлары, жоғары дамыған өнеркәсіп, сонымен бірге кең көлемдегі кеңістік шоғырланған.

Работа содержит 1 файл

эссе 6.docx

— 19.06 Кб (Скачать)

Экономикалық дипломатияның  ұлттық интеллектуальды ресурастардың  коммерциализациялануы  мен жаңа технологиялардың халықаралық нарығына қол жеткізуді қамтамасыз етудегі  рөлі

 

ХХ ғасырдың аяқталу кезеңі екінші реттегі қызығушылықты туғызған Азия-Тынық мұхиты аймағы экономикалық өсу көзқарасынан да, ғаламдық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан күрделеніп отыр. Ол үлкен көлемдегі әскери, теңіз және әуе базаларының орналасуымен айқындалады, әсіресе АҚШ, Ресей, Жапония және Қытай сияқты ұлы державалардың сырткы саясатында векторлықты қалыптастырады. Халықаралық ынтымақтастықтың формаларын белсенді ету үшін бұл аймақтың тартымды болуы: бұл аймақта үлкен шамада адам ресурстары, табиғи шикізаттың қорлары, жоғары дамыған өнеркәсіп, сонымен бірге кең көлемдегі кеңістік шоғырланған.

Геократтық (жердің стратегиялық маңызды  кеңістігіне билік) және    талассократтық (теңіз және мұхит кеңістігіне билік) модельдер аймағында орналаса отырып, экономикалық дамудың ұшар шегіне жете келе, «азия жолбарысты» ұлы державалар міндеттерінен кем түспейтін міндеттерді қойды.Азиялық мемлекеттердің мұндай жедел өркендеуі  дамудың еуропалық емес моделін мойындау қажеттілігін көрсетті.

Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің  гүлденген экономикасы өте жоғары аймақтық құрылымдарды құруға бет бұрган кезде, еуропалық үлгіні жүзеге асыруы мүмкін екендігін мойындау керек.

Нарықтық принциптегі әрбір  еуропалық елдің ортақ нарық  еңберінде өз жағдайларына бейімделуі — Азия-Тынық мұхиты аймағында  да табысты түрде қолданылуы мүмкін, мұндай экономикалық бірлесу аймақтағы  саяси көп түрліліктің алуан  сипатын немесе алуан ажарын сақтауға мүмкіндік береді.

Азияға тән өндіріс әдісінен туындаған Азиялық нұсқа мемлекеттің   шаруашылық   өмірге   катысудағы   маңызды   рөлі  айқындады.

Осы жағдайда үкіметтердің жүргізіп отырған саясатты экспансияға мөлшерлеме жасады, оның өзі мемлекеттерді халықаралық  экономикалық қатынастардағы жаңа позициялар тартты.

Экономиканың дамуының бұл үрдісі бұрын-соңды әлсін болған, экономикасы  дамымаған мемлекеттердің жаңа сапалы жағдайға көшуі — қазіргі кезде  ұлтаралық деңгейде нарықты үлгілерді  кұру тенденциясына мойын бұрып  отыр (ОШАМААТЭС).

Әлемдік нарықтың тенденцияларының жекелеген  елдер арасында емес, жекелеген интеграциялық  блоктар арасыңда туындауы XXI ғасырға  тән ерекшелік болып табылады.

Азия-Тынық мұхиты аймағы мемлекеттерінің  жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) құрылымында  өзгерістер болып жатыр:

- ауыл шаруашылығы өндірісі  мен қазба өнеркәсібі үлесінің  азаю тенденциясы бар;

- қызмет көрсету саласы мен  қаржы-несие саласының үлесі өсуде  (Токио, Нью-Йорк, Сингапур, Гонконг  сияқты әлемде төрт   ірі    қаржы   орталықтарының   дислокациясы,   олардың әрқайсысындағы келісімдер көлемі жылына 150 млрд   $-дан асады);

-  техника мен технология, өндірістің автоматтандырылу жетістіктері және басқарудың жаңа әдістері негізіндегі өңдеу өнеркәсібі-экономиканың   алдыңғы   қатарлы   секторы   болып отыр;

-  ғылыми және интеллектуалдық салалардың дамуы жеделдетілуде    олардың    ЖІӨ    құрылымындағы    үлесі    өсуде (Жапония мен Кореяда — 3%, АҚШ, Сингапурде — 2,8%, Тайваньда-1,5%);

-  қазба өнеркәсібінің даму қарқынын төмендету барысында,  экономиканың тұрақты  түрде  өсуін  қалыпты  жағдайда ұстауда оның рөлі сақталып отыр;

- Азиялық Жаңа индустриялық  елдердің кәсіпкерлік капиталынын   шетке   шығарылуы   динамикалык   тұрғыда   өсуде (Гонконгте -12, Тайваньда — 6, Сингапурде — 6, Оңтүстік Кореяда — 5 млрд. доллар);

-   ұлттық  экономиканың  қайта  құрылу базасы  ретінде сыртқы сауданың дамуына басымдық сипат беру;

-  сыртқы экономикалық саясаттағы өнімнің бәсекелестік кабілетін қамтамасыз ету принципіне басымдық сипат беру.

Қазақстан-2030 бағдарламасы белгілі  дәрежеде республиканың халықаралық  экономикалық координаторлар жүйесіндегі  шегін сызып көрсетті.Онда әлемде болып жатқан өзгерістердің динамикалығы ескеріле отырып, Республика алдына мынандай даму стратегиясын құру тапсырмасы қойылған, яғни бұл тапсырма ынтымақтастық жиектерін және келешекте басқа мемлекеттермен болуы ықтимал бәсекелестіктерді көруге мүмкіндік береді.

Бұл кезде Қазақстан күштердің  әлемдік орталықтарының даму стратегиясы  векторына түсуі мүмкін.

Қазақстан Республикасында сыртқы экономикалық саясатын құрушы факторлар  ретінде әр түрлі құбылыстар қарастырылады, бұл кездегі геоэкономикалық  революция салдары оның негізін  қалайды.

Азия-Тынық мұхиты аймағындағы  ерекшеліктер — даму стратегиясы  бағамын анықтаушы факторлар  болып табылады.

Олар: -  Азия-Тынық   мұхиты   аймағы   жүйесіндегі   күштердің әлемдік орта (АҚШ, Жапония; ҚХР, «Азия жолбарыстары», Ресей) мүдделерінің өзара тоғысуы.

Зерттеулер көрсетіп отырғандай, күштердің  әрбір тобы белгілі бір саясатты жүргізеді және күштердің кез  келген тобында шамшылдық бағдарламалардын бар екендігін көруге болады. Мысалы, Тайвань бағдарламасында осы үлкен аралдың Азия-Тынық мұхиты аймағындағы маңызды орынды алатын ірі аймақтық орталыққа айналу мақсаты көрсетілген және дамудың келесі сатысында — әлемдегі маңызды орынды алу мақсаты тұр:

- күштердің қарама-қайшылығы мемлеттердің  инвестициялық өктемдігін жүргізуінде  жүзеге асырылады.

Мысалы, Үлкен Қытай экономикасында инвестициялау көлемі бойынша Тайвань, Сянган, Аоэмень (Аомынь), Сингапур лидерлік орынға ие, екінші орынды — Жапония, үшінші орында АҚШ пен Канада инвестициялары тұр. Инвестициялар көлемдері бойынша  Еуропалық Одақ елдер атап айтқандай  Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия келесі орындарда тұр.

-  мемлекеттердің өзара қатынастарындағы потенциалдық мүмкіндіктерде лайықты емес жағдай туындауда.

Мысалы, ҚХР мен АҚШ-тың өзара  қарым-қатынастарында саяси кикілжіңдер  мен қақтығыстар орын алып отыр, олардың әрқайсысының пайда болуы  жағдайында АҚШ саясаты американдық  — қытайлық қатынастардың басымдылығын қалыптастырады.Мұндай саяси шиеленіс жапон-қытай қатынастарының жақсаруына ықпал етеді, бірақ жапон-қытай  қатынастары 60 — жылдары азды-көпті  реттелді, дегенмен, бірқатар  жер мәселесіндегі түрлі талаптар, екінші дүниежүзілік соғыс салдары бұл жүйеде шектеуші параметрлерді қалыптастыруда

Азия Тынық мұхиты аймағы (АТМА) жүйесіндегі ЖИЕ-гі техника, технология және тауарлардың басты тұтынушылардың ретінде анықтай отырып, жапондық саясат қытайдың әлеуметінің өсуін  ұстап тұратын реттегіштерді  қолданудан жобалап отыр.

Төрт кіші «айдаһардың» келешектегі  сауда серіктестері болып табылатындығы  ескеріле отырып, Жапония мен Қытай  арасында өткізудің бұл нарықтары  үшін бәсекелестік күшейіп жатыр. Тиісінше, Жапония, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттер  ассоциациясының (ОШАМА) елдер мен  төрт «айдаһар»   аумағында ірі қаржылық ағымдарды салуды жүзеге асырып жатыр. Бұүл аймақтың болашағын бағалай отырып, Еуропалық Одақ елдері мынадай саясатты жүргізіп отыр, яғни саудадан АТМА экономикасын тікелей инвестициялауды ұлгайтуға ауысу жүзеге асырылады. ОШАМА және «төрт айдаһар» елдерінің өзара қарым-қатынастарындағы күрделі процестерді ескере отырып, күшті мемлекеттер өздерінің әрбір тактикалық қадамын әрбір қолайлы жағдайда өздері үшін позитивтік позицияларды бекіту мақсатында қолданып отыр.

Бұған Оңтүстік Корея теңізіндегі  жағдай, Қытай тарапынан әскери қауіптерден  қорғау қызмет ете алады. Соның салдарынан белгілі бір дамудың, келіспеушіліктердің  ақталуы негізгі державалар үшін сыртқы-саяси мүдделердің өзектілігін  анықтайды.

Барлық кеңістіктегі күштердің  мұндай балансын ескере отырып, Үлкен  Қытай елдері күшті экономикалық бірлестіктердің құрылуы қажеттілігін сезінуде, ол басқа мемлекеттер мен  блоктардың бәсекесіне төтеп бере алуы тиіс, сонымен бірге шлемдік капиталды  тартатын алып әлемдік супердержаваның  туындалуына әкеліп соғады.

Бұл аймақ, ең алдымен АҚШ әскери қатысудың ғаламдық жүйесінде маңызды буын ретінде қабылданады. Бұл кезде күштер элементтері ретінде әскери және экономикалық күш-қуат; сонымен бірге халықаралық ұйым қызметіндегі жоғары беделділік қарастырылады.

АҚШ алдында тұрған екі міндет: біріншісі — Қытайға «тұсау салу», екіншісі — Ресейге қарсы, яғни Қытайды  өз жағына тарту, АҚШ-тың үкімет органдарын АТМА жүйесіндегі адекваттарын кеңейтуге  итермелейді.

Сонымен бірге, мемлекеттер арасындағы тарихи түбірі бар қақтығыстар, қарама-қайшылықтар  мен дауларды ескере отырып, АҚШ  дипломатиясы осы дауларды шешуде «әлемдік сот» деңгейін алуға бағытталған.

Бұл аймақтағы экономикалық, технологиялық, коммуникациялық, ақпараттық эксианциялардың  күш-қуатының күшеюіне теңіздік әске шоғырлануы бойынша құрылатын  фон қолайлы түрде әсер етеді.

Бұл    аймақтағы    Қытайдың    өзі    екі    мәселені    шешуге бағытталған: елдегі тұрақтылыкты қамтамасыз ету және экономиканы өзгерту бағдарламасын жүзеге асыру үшін қолайлы сыртқы жағдайларды, сонымен бірге қарулану базасын құру  әлемде жетекші орынды алу және АТМА-ға жоғары деңгейде әсер етуді қамтамасыз ету. Бұл мақсаттарға қол жеткізу Ресей  позициясының жойылуы мен қайта қалпына келмеуі, ТМД елдеріндегі исламның өсу факторына, сонымен бірге Синьцзян мен Тибеттің   сепаратистік   күштерін   шектеуге   Қытайды  мүдделі болуы ол үшін тиімді болып табылады.

Оның сыртқы экономикалық саясатының курсы Жапон мен АҚШ  арасындағы тартыс кезінде қайсысының күші басым болатындығына байланысты болады. Бұл құрлықтағы Жапон жаңа нарықтарды игеру және саяси әсер етуді ақырында  күшейтумен қатар өз әсерін сақтап қалуға ұмтылып отыр.

Әскери және экономикалық тұрғыда толыққанды державаға айналу мақсатын көздей отырып; белгілі бір  дәрежеде өзін маңызды одақтасы АҚШ-ты мазалап отыр. Бұл кезде мынаны атап өту керек, АҚШ-тың әскери стратегиясының блогы АҚШ — қа Ресей тарапынан  болатын қауіпті азайту емес, сонымен  бірге Жапон   зқономикасының   әскери   дамуын   басқару   міндетін  қамтамасыз етеді.

Территориялық дауларда, әсіресе  Ресей мен Жапония арасындағы дауларда «әлемдік сот» рөлін атқара отырып, сонымен бірге экология проблемаларын  көтере келе, АҚШ, Ресей мен Жапония  арасындағы байланыстардың жүзеге асуына мүмкіндік   бермейді.   Аймақтағы   бұл   жағдайды   талдай   отырып көптеген сарапшылардың болжауы бойынша, таяудағы онжылдықта шиеленісу ошақтары сақталуы мүмкін. Әр алуан жоспарлық, біртекті емес стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыру процесінде бұл аймақтағы сыртқы экономикалық климатты сипаты мен мазмұндылығы анықталады.


Информация о работе Экономикалық дипломатияның ұлттық интеллектуальды ресурастардың коммерциализациялануы мен жаңа технологиялардың халықаралық нарығын