Экономикалық
дипломатия
Дипломатия - [ лат. duplicata- билеуші шығарған үкімнің түпнұсқасы мұрағатта сақталған көшірмесі немесе дубликаты]
- үкімет органдары,
оның шетелдердегі өкілдері мен сенімді
тұлғалары жүзеге асыратын мемлекеттің
сыртқы саяси міндеттерін іске асыру әрекеттері.
Дипломатияны, көбіне, ресми қарым-қатынас
жасау арқылы мемлекеттің сыртқы саяси
мақсаттары мен мүдделерін іске асыратын
мемлекеттік іс-әрекеттің ерекше түрі
ретінде қарастырады. Дипломатия - сыртқы саясатты
жүргізуге арналған аса маңызды құрал,
үйлесімді құрамдас бөлік. Нақты айтқанда, дипломатия мемлекеттің
сыртқы саяси және халықаралық қатынастарды
жүзеге асырушы тәжірибелік тәсілдер,
құралдар мен әдістерінің жиынтығы болып
табылады. Бейбіт жағдайда бұл құрал аса
жоғары мәнге ие болады және басқа да сыртқы
саяси құралдардың көпшілігі оған бағынышты.
Көптеген елдерде дипломатия мемлекеттердің бейбіт жағдайда
бірлесіп, тыныш өмір сүруінің ғылымы немесе әдістемесі жайлы теориясы деп, мемлекеттер арасындағы
достықты нығайтуға, әріптестікті орнатуға,
олардың арасындағы қандай да бір қайшылықтарды
бейбіт реттеудің саяси амалдары мен әдістері
жөніндегі ғылым ретінде қарастырылады. Дипломатия тарихы, дипломатиялық құқық, дипломатиялық қызмет, дипломатиялық хаттама осы ғылымның
салалары болып табылады. Кей жағдайларда
дипломатияны келіссөздермен байланыстырады,
яғни, дипломатия - халықаралық қатынастарды келіссөздер көмегі арқылы жүргізу; ол халықаралық қатынастарды елшілер мен өкілдер арқылы жүргізіп, реттеу
әдісі немесе әртүрлі қайшылықты мүдделерді
ыңғайлау тәсілі. Бұл тұрғыдадипломатия келісімнің
көмегімен әрекет етеді. Жалпы қалыптасқан
жағдай бойынша "дипломатия" ұғымын
үш мағынада қолдану орын алған:
- Өз мемлекетінің атынан саясат және келіс сөздер жүргізу ғылымы әрі өнері;
- Қандай да бір мемлекеттің өкілдігін, соның ішінде сыртқы істер мекемесін, әлде барлық сыртқы саяси агенттерін қамтитын кұрделі ұғым;
- "Құпия дипломатия" "қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қанға" айналған дүниежүзілік соғыс дипломатының қызметі немесе кәсібі.
Дипломатияның
құпиялылығы, жасырындығы о бастан-ақ
оның ажырамас бөлігі болды. Жаңа заманда
авторлар құпиялылық сияқты дипломатиялық
әдістерге бұрынғыдай мән бермейтін қазіргі
дипломатияның "құнсыздануы" жайлы
айтуда. Қазіргі кезде "екіжақты дипломатия" және "көпжақты дипломатия" түрлері
кеңінен таралған.
- Екіжақты дипломатия деп екі мемлекет арасындағы ресми қарым-қатынастар кешенін айтады.
- Көпжақты дипломатия - бірқатар мемлекеттер арасындағы ресми қатынастар кешені мен халықаралық конференция немесе ұйымдар шеңберінде дипломатиялық әдістер мен құралдар арқылы жүзеге асырылатын өзара іс-әрекет.
1950-1960-шы
жылдар аясында Жапонияда елдің экономикалық әлеуетін пайдалана
отырып, халықаралық дәрежеде рөлін көтеру
мақсатында "Экономикалық дипломатия" пайда болды. С. Хантингтонның пікірінше, экономикалық дипломатия арандату мен
қысым көрсету тетіктері ретінде сауда
және ғылыми-техникалық байланыстарды
пайдалануды білдіреді, оның ойынша американдық
сыртқы саясаттың аса тиімді құралы болып
табылады. Шын мәнінде экономикалық дипломатия - ол мемлекеттің
екіжақты және көпжақты негізде ұлттық экономиканы қолдауға және дамытуға, сонымен қатар,
халықаралық істерде мемлекеттің жалпы
сыртқы саяси курсы шеңберінде мақсатқа
жетуін, сыртқы экономикалық мүдделерді
қамтамасыз ететін дипломатиялық тәсілдер
мен әдістерді және экономикалық шаралар
мен құралдарды (сауда саясаты, жәрдемдесу,
көмек алу) қолдануы. Экономикалық дипломатияға өз елінің сауда
және қаржы секторын қолдау мақсатында
дипломатиялық тапсырма орындайтын сауда
дипломатиясы жақын. Бұл жұмыстың аса
маңызды аспектілері - экспорт және инвестиция
жайлы ақпарат, әлемдік нарықта ұлттық
әнімдерді сату мен әткізуге қолайлы жағдай
туғызу.
Жариялық немесе халықтық дипломатия -
осы көпқырлы құбылыстың тағы бір түрі.
Кейбір авторлар ол XX ғасыр басында мемлекеттің
сыртқы саясатын толық жариялық жағдайында
жүзеге асыруы барысында пайда болды дейді.
Осы орайда бұл ұғым демократиялық немесе ашық дипломатия ұғымдарымен сәйкес келеді. Халық дипломатиясының
дамуына және қалыптасуына эсер еткен
басты факторлардың бірі халықаралық
қатынастардың жаңа акторларының - үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық
ұйымдар, трансүлттық корпорациялар, бұқаралық ақпарат
құралдары және жеке тұлғалардың пайда болуы. Басқа кәзқарасқа сәйкес халықтық дипломатия - АҚШ-тың мәдени алмасу, сыртқы саяси мақсаттағы
үкіметтік тапсырмаларды орындауға қоғам
мүшелерін (журналистерді, ғалымдарды, дәрігерлерді, қылқалам шеберлерін, жазушыларды және
басқа да өкілдерін) кеңінен тартуға бағытталған
сыртқы саяси доктринасының бір бәлігі
болып табылады. Бұл түрі "мәдени дипломатия" деп
те аталады. Мәдени дипломатия шетелдерде өз елінің мәдени, ғылыми-техникалық,
әлеуметтік-гуманитарлық жетістіктерін
жүзеге асыруға бағытталады. Кей жағдайларда
мәдени дипломатияны іске асыруды ерекше
ұйымдар өз қолына алады (Британ Кеңесі,
Элем корпусы)