Экономикалық дамудағыбанкроттын ролi

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2012 в 20:47, курсовая работа

Описание работы

Үкіметтің қарыз алуы республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру мақсатында, Ұлттық банктің қарыз алуы төлем балансын қолдау және Ұлттық банктің алтын-валюта активтерін толықтыру мақсатында, сондай-ақ елдегі жүргізіліп отырған ақша-кредит саясатымен айқындалатын басқа да мақсаттарында жүзеге асырылады. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қарыз алуы аймақтық инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыруға байланысты жергілікті бюджеттің тапшылығын жабу мақсатында жүзеге асырылады.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1. БӨЛІМ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДАҒЫ БАНКРОТТЫҢ РӨЛІ 5
1.1 Банкрот туралы жалпы түсініктеме 5
1.2 Банкроттық: заң және оның құқық қолдану тәжірибесі 6
1.3 Банкротқа ұшырау жолдары 9
2. БӨЛІМ КӘСІПОРЫНДАҒЫ БАНКРОТ ЖӘНЕ ОНЫ БОЛДЫРМАУ САЯСАТЫН БАСҚАРУ 14
2.1Кәсіпорындағы банкроттың пайда болу себептері 14
2.2 Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігі 18
2.3 Төлем қабілеттілігінің көрсеткіштерін болжау 20
3. БӨЛІМ БАНКРОТТЫҚ ЖАҒДАЙДЫ БОЛДЫРМАУДА ҚАРЖЫЛЫҚ АҒЫМДАРДЫ ТАЛДАУ 22
3.1 Банкроттық жағдайдың пайда болу мүмкіндігін және оны болдырмаудың қаржылық ағымдарын талдау 22
3.2 Банкроттықтың алдын алып, кәсіпорынның төлем қабілетін қалпына келтіру шаралары 23
ҚОРЫТЫНДЫ 25
Пайдаланған әдебиеттер</h3> 27

Работа содержит 1 файл

курсовой эканомика.doc

— 132.00 Кб (Скачать)


<h4>2.2 КӘСІПОРЫННЫҢ БАНКРОТ БОЛУ МҮМКІНДІГІ

Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігінің тұрғысынан қаржылық жағдайды болжаудың 4 негізгі тәсілін қарастырамыз:

а) несие беру қабілеттілігі индексінің есебі;

ә) формаланған және формаланбаған белгілердің жүйесін қолдану;</h4>

б) төлем қабілеттілігі көрсеткіштерін болжау;

в) қаржылық ағымның құйылуын талдау.

Формалаиған жэне формаланбаған белгілердің жүйесін қолдану.

Жоғарыда көрсетілген көп факторлы модельдер, қор биржасында өздерінің акцияларына баға кесетін компаниялар үшін ғана мүмкін болады. Сонымен қатар белгінің тек біреуіне бағытталу теория жағынан өте жағымды, ал іс жүзінде ақталмаған. Сондықтан аналитикалық шолумен, болжаумен және кеңес берумен айналысатын көптеген аудиторлық фирмалар мен басқа компаниялар өздерінің аналитикалық бағалауында белгілер жүйесін қолданады.. Мысал ретінде аудит практикасын талдап қорыту (Ұлыбритания) бойынша комитеттің ұсынысын келтіруге болады. Бұл көрсеткіштерді екі топқа бөлуге болады:

Бірінші топқа динамикасының өзгеруі немесе жағымсыз ағымдағы мәндері келешекте банкроттық және қаржылық қиыншылықтардың болуы мүмкіндігін көрсететін динамикасының өзгеруі немесе белгілер мен көрсеткіштер жатады. Оған жататындар:

• негізгі өндіріс қызметіндегі қайталанатын елеулі шығындар;

• ұзақ мерзімді салымдардың көзі ретінде мерзімді заемдарды шамадан тыс қолдану;

• мерзімі еткен кредиторлық борыштың кейбір қауіпті деңгейінің өсуі;

• өтімділік коэффициентінің тұрақты төмен мәндері;

• айналым қаражаттарының аса тапшылығы;

қаражаттар көзінің жалпы сомасындағы қарыздар үлесінің қауіпті шектеріне дейін тұрақты өсуі;

• дұрыс емес қайта инвестициялау саясаты;

• инвесторлар, кредиторлар және акционерлер алдында міндеттемелерді үнемі орындамау;

• дебиторлық борыштың жоғары үлес салмағы;

• нормадан тыс, жатып қалған тауарлар мен өндіріс қорларының болуы;

• банктік жүйедегі мекемелермен қатынасының нашарлауы;

• тиімсіз шарт бойынша жаңа қаржылық ресурстар көзін пайдалану (мәжбүрлі);

• пайдалану мерзімі өтіп кеткен жабдықтарды өндіріс процесінде қолдану;

• ұзақ мерзімді келісімдерді потенциалды жоғалту;

• тапсырыстар портфеліндегі жағымсыз өзгерулер.

Екінші топқа жағымсыз мәндері ағымдағы қаржылық жағдайды шекті жағдай түрінде қарастыруға негізделмейтін белгілер мен көрсеткіштер кіреді. Оған жататындар:

• басқару аппараттарының белді қызметкерлерінен айырылу;

• мәжбүрлі тежеулер, сонымен қатар өндірістік техникалық процестердің ырғақтылығының бұзылуы;

• кәсіпорынның активті түрі, жабдықтың типі, иақты бір жобадан тәуелді болуы;

• жаңа жобаның табыстылығы мен сәттілігіне орынсыз сену;

• кәсіпорынның немен аяқталатыны белгісіз ісіне араласуы;

- тиімді контрагенттерді жоғалту;

• кәсіпорынды техникалық және технологиядық тұрақты жаңартудың қажеттілігін дұрыс бағаламау;

• тиімсіз ұзақ мерзімді келісімдер;

• кәсіпорынмен тікелей немесе оның бөлімшелерімен байланысты саяси тәуекел.

Осы ұсыныстардың құндылыңтарына жүйелілікті мүмкін болатын банкроттық тұрғысынан қарағанда көсіпорынның қаржылық жағдайын кешенді жолмен түсінуді, кез келген кәсіпорынның ешқандай өзгертулерсіз қолдануына болатындығын жатқызуға болады. Қаржылық есеп берулер мәліметтерінен басқа, қосымша ақпарат қажет. Бұл белгілердің шекті мәні салалар бойынша нақтыланады, ал оларды жасау тек қана анықталған статистикалық мәліметтер жиналғаннан кейін жүргізіледі.

 

<h4>2.3 ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТІЛІГІНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІН БОЛЖАУ

Кәсіпорынның банкроттығы жайында шешімдер қабылдау үшін негіз ретінде кәсіпорынның баланс құрылымының қанағаттанарлықтай екенін бағалаудың белгілер жүйесі алынады.</h4> Ол Қазақстан Республикасындағы қанағаттанғысыз мемлекеттік кәсіпорындарды жою, қайта құру, қаржылық-экономикалық сауықтырудың механизмі жайындағы Ережемен (Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 7 қыркүйегіндегі №1002 қаулысымен бекітілген), сонымен қатар 1995 жылдың 12 шілдедегі Қазақстан Республикасының Экономика министрлігімен бекітілген кәсіпрындардың баланстық құрылымын бағалау тәртібі туралы Ережесімен белгіленген.

Осы Ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік комитеті жанындағы кәсіпорындардың қайта құру Агенттігі «Төлем қабілеті жоқ кәсіпорынның қаржылық жағдайын тереңдетіп талдау бойынша әдістемелік ұсыныстар» жасады, оны аталған мемлекеттік органның директоры 1995 жылы 5 қазанда бекітті. Бұл әдістемелік ұсыныстар қанағаттанғысыз кәсіпорындарды сауықтыру, қайта құру және жоюды орындау тәртібін бірдей әдістемелік жолмен жүргізуді қамтамасыз етті. Баланстың құрылымының қанағаттанарлығын бағалау мен талдау келесі көрсеткіштер негізінде жүргізіледі:

1. Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы жабу), ағымдағы активтердің (баланс активінің бөлімі) ағымдағы міндеттемелерге (алдағы кезең табыстарын алып тастағандағы баланс пассивінің 3 бөлімі) қатынасымен анықталады. Ағымдағы өтімділік коэффициенті кәсіпорынның шаруашылық қызметін жүргізу және ағымдағы міндеттемелерді уақытында жабу үшін айналым қаражаттарымен жалпы қамтамасыз етілуін сипаттайды.

2. Меншікті қаражаттармен қамтамасыз етілу коэффициенті меншікті айналым қаражаттарының (меншікті капитал минус ұзақ мерзімді активтер = баланс пассивін I бөлімі минус баланс активінің I бөлімі), ағымдағы активтер құнына (баланс активінің 2 бөлімі) қатынасымен анықталады.


<h4>3. БӨЛІМ БАНКРОТТЫҚ ЖАҒДАЙДЫ БОЛДЫРМАУДА ҚАРЖЫЛЫҚ АҒЫМДАРДЫ ТАЛДАУ

3.1 БАНКРОТТЫҚ ЖАҒДАЙДЫҢ ПАЙДА БОЛУ МҮМКІНДІГІН ЖӘНЕ ОНЫ БОЛДЫРМАУДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ АҒЫМДАРЫН ТАЛДАУ

Банкроттық жағдайдың пайда болу мүмкіндігін алдын ала көрсетіп және оны болдырмауда қаржылық ағымдардың талдауы маңызды әдіс болып табылады. Ол несие алудың мақсатқа сәйкестігін бағалау, қаржы қаражаттарының қажетті көлемдерін және мерзімдер бағалау міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.

Қаржы қаражаттарының қозғалысын немесе кар ағымдарын талдауда көрсеткіштердің 4 тобы қарастырылған: </h4>

- кірістер;

- шығындар (немесе «төлемдер»);

- олардың айырмасы («сальдо», «баланс»);

- нақты бар болуы («өспелі нәтижелі сальдо», топтастырылған «сальдо»), шоттағы бар қаражаттарға сәйкес.

Егер болашақта 4-көрсеткіш («еспелі нәтижелі сальдо») теріс болса, онда ол қарыздың пайда болуын көрсетеді. Егер бұл қарыздарды жабатын мүмкіндік болмаса, ал кредиторлар оларды сот арқылы талап етсе, ол банкротқа немесе форс-мажордық жағдайға алып келуі мүмкін. Демек банкроттықтың бірінші белгісі, ол - соңғы көрсеткіштің теріс болуы.

Банкроттықтың келесі белгісі сыпайылау, ол тіпті өркендеген кәсіпорынның да «несиелік қақпанға» тусу мүмкіндігімен байланысты. Бұндай жағдайда қарыз қаражаттарды алу көлемі қарыз қаражаттарды қайтару көлеміне тең немесе кем. Ол қарыздар алынғаннан кейін бірден кәсіпорынды дамыту үшін жұмсалмағанын білдіреді, ал олардың төлемі оның тиімділігін төмендетеді, яғни өз қаражаттарының «жуылып» кетуі нәти-жесінде шығынды қызметке және банкроттыққа алып кедеді.

Банкроттықтың ықтималдығын бағалаудың бұл әдісі елдерде кеңінен қолданылады. Мысалы, Германияда қаржылық ағымдардың талдауы кәсіпорынның төлем қабілеті жоқтығын анықтау үшін заңды түрде қолданылады.

Төлем қабілетсіздік қаупі, қарыздарды төлеу уақыты кез-келген кезде қолма-қол төлем міндеттемесін орындай алмаған жағдайда болады. Төлем қабілетсіздікті анықтау алынатын және шығатын төлемдер негізінде жасалады.

Төлем қабілетсіздік қаупі болашаққа бағытталған, сондықтан белгісіздік мәселесіне қарсы тұрады. Табы тар мен шығыстардың көптеген көлемдері, қаржылық болашағы нақты жағдайға байланысты екенін көрсетеді

 

<h4>3.2 БАНКРОТТЫҢ АЛДЫН АЛЫП, КӘСІПОРЫННЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ШАРАЛАРЫ

Қаржылық ағымдарды талдау әдісінің артықшылығы есептеудің қарапайымдылығы, алынған нәтижелердің көрнектілігі, басқару шешімдерін қабылдау үшін қежетті ақпараттылығында болып отыр. Бұл әдістің кемшіліктері де бар: қажетті деңгейдегі дөлдікті қажет ететін ақша қаражаттардың түсу көлемін, ұзақ мерзімді болашақтағы төлемдердің көлемін, сонымен қатар кәсіпорындағы аналитикалық есептің қажетті мәліметтерін жоспарлау өте қиын.</h4>

Түсуі мен шығуы жоспарланған, өтімді қаражаттардың барлығы кірістірілген қаржылық жоспар, бағалаудың барабар құралы болып табылады. Банкроттықтың алдын алып, кәсіпорынның төлем қабілетін қалпына келтіру үшін, кәсіпорын келесідей батыл әрекет жасауға мәжбүр болады:

а) қозғалмайтын мүліктің бір бөлігін сату;

ә) басы артық тауарлы-материалдық қорлардан құтылу;

б) жарғылық капиталды өсіру;

в) айналым қаражаттарын толтыру үшін ұзақ мерзімді ссудалар мен заемдарды алу;

г) шығындарды қысқарту бағдарламасын жасау және жүзеге асыру;

ғ) активтерді басқаруды жақсарту;

д) қайтарылмайтын немесе қайтарылатын негізде әр түрлі деңгейдегі бюджеттерден, салалық және салааралық бюджеттен тыс қорлардан мемлекеттік қаржылық көмек алу.

Банкроттықты болдырмауға бағытталған жұмыстың басқа жайы маркетингтік саясатты дұрыс жүргізу болып табылады.

Үшінші бағыт - капиталдың тез айналымын қамтамасыз ету. Кәсіпорынның аз табыс алатынының ең басты себебінің бірі, ол оның қаржыларының үлкен сомасының қозғалыссыз жататындығы. Құралдар көп қолданылмайды, шикізаттың қоры тым көп, ғимараттардың шамадан тыс көп болуы т.б. Бұның барлығы әрекетсіз капитал болып табылады. Кейде капиталдың 2/3 бөлігі доғарылып қалып, барлық тапсырыстар қалған бір белігіне жүктеледі. Баға өскенде ғана болмаса, тауарды ұстап тұрудың ешқандай қажеті жоқ. Ғимараттар немесе құралдардың құндылығы олардың бағасына емес, пайдаланылуына байланысты. Бизнестің мәні айырбастау болып табылады. Пайда нормасы жоғары бағаға емес, сату жылдамдығына байланысты, сондықтан бағаны көтеру банкроттыққа әкеледі, ал капиталдың айналымдылығының ең жоғары жылдам-дығы банкроттықган сақтайды.

Бұл ұсыныстар банкроттықты болдырмайтын жұмыстарға жалпы бағыт береді. Шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштерінің өсу деңгейінің тұрақтылығын Қамтамасыз ету үшін және қаржылық дағдарыс жағдайынан шығу үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартуға бағдарлама жасап шығару керек.

 


<h4>ҚОРЫТЫНДЫ

Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың (жергілікті атқарушы органдардың) қарамағына заңды және жеке тұлғалардың бос ақша қаражаттары несие капиталы ретінде уақытша пайдалануға шоғырландыру үшін және бюджет тапшылығы проблемаларын шешу үшін тартылуы мүмкін. Оны алудың басты әдісі мемлекеттік кредит болып табылады.

Мемлекеттік кредит – жалпымемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және кредит қатынастарының жиынтығы, бұл қатынастарда тараптардың бірі мемлекет, заңды және жеке тұлғалар несиегерлек (кредиторлар) немесе қарызгер болып табылады. Халықаралық экономикалық қатынастар саласында мемлекет қарызгердің де, қарыз алушының да, несиегердің де рөлінде көрінеді. </h4>

Мемлекеттік кредиттің ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында, мезгілігінде және ақылығында. Алайда бұл қатынастарды банк несиесімен шатастыруға болмайды. Несие қоры ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында кәспорындар мен ұйымдарды несиелендіру және оның тиімділігін арттыру үшін пайдаланылады несиелерді жеке адамдар да алады. Шаруашылық жүргізуші субъектілерді банктік несиелендіру несие қорын өнімді пайдалану болып табылады.

Шартты мемлекеттік кредит отандық қарызгерлер: кәсіорындар, ұйымдар, фирмалар, жергілікті билік органдары алған қарыздарына басқа елдердің несиегерлеріне берілген кепілдіктер бойынша үкіметтің міндеттемелері ретінде болады. Қарыз шарттары орындалмаған жағдайда үкімет отандық қарызгердің уақыты келген міндеттемелері бойынша қарызгердің мүлкінен немесе басқа активтерінен бюджет қаражаттары есебінен қарыздың сомасын төлейді.

Мемлекеттік емес қарыз алуды Қазақстан Республикасының резиденттері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып, кез келген мөлшерде, кез келген валютамен және кез келген нысанда дербес жүзеге асырады.

Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік емес қарыз алуды жүзеге асыруға құқығы жоқ.

Мемлекеттік емес қарыздарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерімен заңды тұлғалар тартуы мүмкін. Мемлекеттік кепілдіктермен тартылатын мемлекеттік емес қарыздар қарыз туралы шарттың нысанында болуға тиіс.

Қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының атынан кепілдіктер беруге Үкіметтің айрықша құқығы бар.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің, жергілікті атқарушы органдарының қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының атынан кепілдіктер беруге құқығы жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Экономикалық дамудағыбанкроттын ролi