Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2012 в 18:17, доклад
Экономикалық ақпарат – экономика және оны басқару аясында туындайтын, сондай-ақ осы аяны зерделеу нәтижесінде жасалатын мәліметтер, деректер. Экономикалық ақпарат макроэкономикалық үдерістерді, еңбек, тауар мен капитал қозғалысын, нарықтың, өндіріс пен тұтынудың жай-күйін көрсетеді. Статистикалық, өндірістік-экономикалық, коммерциялық, іскерлік, жағдаяттық, банкілік, биржалық, анықтамалық (соның ішінде, салық, баға, тариф туралы), ғылыми-экономикалық, нормативтік (экон. аядағы құқықтық қатынастарды реттейтін), т.б.
Экономикалық ақпарат
– экономика және оны басқару
аясында туындайтын, сондай-ақ осы
аяны зерделеу нәтижесінде жасалатын
мәліметтер, деректер. Экономикалық ақпарат
макроэкономикалық үдерістерді, еңбек,
тауар мен капитал қозғалысын,
нарықтың, өндіріс пен тұтынудың
жай-күйін көрсетеді. Статистикалық,
өндірістік-экономикалық, коммерциялық,
іскерлік, жағдаяттық, банкілік, биржалық,
анықтамалық (соның ішінде, салық, баға,
тариф туралы), ғылыми-экономикалық,
нормативтік (экон. аядағы құқықтық қатынастарды
реттейтін), т.б. Экономикалық Ақпарат
түрлеріне ажыратылады. Экономикалық
Ақпараттың аталмыш түрлерінде айқын
шекара жоқ. Айталық, “іскерлік ақпарат”
ұғымы серпінді қатарлар, үлгілер
мен бағалаулар түрінде экономикалық
және статистикалық ақпаратты (сандық
экономикалық, демографиялық., әлеуметтік)
қамтуы мүмкін; коммерциялық ақпарат
компаниялар, фирмалар, олардың бірлестіктері
туралы, сондай-ақ баға, компанияның
қаржылық жағдайы, олардың байланыстары,
мәмілелері, өнімдері, т.б. туралы мәліметтерді
қамтуы мүмкін; биржалық және қаржылық
ақпаратта валюталардың бағамы, есептік
мөлшерлемесі, бағалы қағаздардың баға
белгіленімі, инвестиция, баға туралы
мәліметтер қамтылуы мүмкін. Статистикалық
ақпаратта мемллекеттік статистика,
халық санағының деректері, серпінді
қатарлар, әлеуметтік зерттеулердің, қоғамдық
пікірді сұрау салу жолымен анықтаудың
нәтижелері қамтылады. Банк ақпараты мәліметтердің
кең ауқымын біріктіреді, олар: банкілердің
беделін бағалайтын ақпарат, банк жұмысында
пайдаланылатын анықтамалық ақпарат
– клиенттер мен серіктестердің
мекен-жайлары, шоттары, т.б.; биржалық
және қаржылық ақпарат бағалы қағаздардың
баға белгіленімі, түрлі банкілердегі
валюта бағамы туралы ағымдағы және ретроспективті
ақпараттан тұрады; мамандандырылған
ақпарат; жалпы мақсаттағы коммерц.
ақпарат мекенжай-анықтамалық