Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2012 в 10:13, дипломная работа
Ел Президентінің 1997 жылғы 11 қазанда «Қазақстан - 2030» деп аталатын алдағы даму жолымызды байыптайтын ұзақ мерзімді стратегиясын ұсынды. Барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, ел экономикасының өсуі, еліміздің қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуы – деп аталатын Қазақстан халқына жолдауында болашақта жүзеге асырылуға тиіс ұзақ мерзімді «7» басымдылық аталды. «Біздің елімізбен айтқан перспективаларға қол жеткізуі үшін мынадай ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыруы қажет» деп ерекше атап кетті.
ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ КАФЕДРАСЫ
6М050600 «Экономика» мамандығы бойынша Э-21НП тобының 2 курс магистранты ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша
Ескенова Айнур Ерболовнаның
зерттеушілік тәжірибесін өту жөнінде
ЕСЕБІ
Тәжірибені өту орны: Экономика және құқықтық зерттеулер ғылыми зерттеу институты
Тәжірибе уақыты:
«30» қаңтар 2012ж. «24» наурыз 2012ж.
Тәжірибе жетекшілері:
Ханов Т.А.
Э және ҚЗ ҒЗИ директоры
қ.ғ.д., доцент
Э және ҚЗ ҒЗИ
Аға ғылыми қызметкері, х.ғ.к Сарсембаев Б.Ш ___________
Алимбаев А.А.
д.э.н. профессор
ҚАРАҒАНДЫ 2012
Э-21НП тобының магистранты,
ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша
Ескенова Айнур Ерболовнаға
Пікір-мінездеме
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің 2 курс магистранты Ескенова Айнур Ерболовна «30» қаңтардан «24» наурызға дейін 2012ж. Экономика және құқықтық зерттеулер ғылыми зерттеу институтында зерттеушілік тәжірибесін өтті.
Магистрант зерттеушілік тәжірибені өту барысында келесі жұмыс түрлері мен тапсырмаларды орындады: ғылыми-зерттеушілік қызметті жүргізудің әдістемелерін оқу және таңдау, сонымен қатар шетелдік тәжірибе қарастырылды, зерттеушілік жұмыстың салыстырмалы анализін жасау және ұсыныстарды дайындау; статистикалық мәліметтермен жұмыс: зерттеушілік ақпаратты статистикалық өңдеу, олардың дәлдігі туралы қорытынды, талдау, соның нәтижесінде қорытынды жасау – ұсыныстар мен шешімдерді ұсыну.
Зерттеушілік тәжірибе уақытында магистрант қабілеттілігін көрсетті: объектілер қызметінің талдауын жасай білетінін, ғылыми-негізделген қорытындылар жасау, жағдайлар, процестер, құбылыстарды болжау мен жоспарлаудың үлгілерін жасау мен пайдалану, сонымен қатар олардың сандық және сапалық талдауы мен синтезін жасау; ғылыми ақпараттың үлкен көлемімен жұмыс істеу, оның әртүрлі қайнар көздерімен өзіндік жұмыс істеу, шыққан нәтижелерді өңдеу, статистикалық және есептер мәліметтері негізінде талдау; әлеуметтік маңызды процестер мен мәселелерді терең талдау және әлеуметтік-гуманитарлық әдістерді өзінің жұмысында қолдану, топпен жұмыс істеу, өз ойын дұрыс жеткізе білу, бастамаларға жүйрік болу, сонымен қатар топтың басқа мүшелерінің ойымен санасу, топтың шешіміне құлақ асу.
Сонымен қатар жалпығылыми методологияның жақсы білетіндігін, ғылыми-зерттеушілік жұмысты жүргізудің логикасы мен технологиясын меңгергендігін және Қазақстан Республикасының осы мәселелерді шешудегі әдістерімен келісетіндігін көрсетті.
Тәжірибе бағдарламасы толығымен орындалды.
Жалпы тәжірибе өтушінің Ескенова А.Е жұмысы «өте жақсы» деген бағаға лайық.
Кәсіпорын жетекшісі ______________________________
Э және ҚЗ ҒЗИ директоры
қ.ғ.д., доцент
М.О.
Ескенова А.Е
зерттеушілік тәжірибені өту жөнінде
КҮНДЕЛІК
№п\п | Уақыты | Жұмыстың қысқаша мазмұны | Тәжірибе орны (бөлім, бөлімше, қызмет) |
1 | 2 | 3 | 4 |
2 | 30.01 | Ғылыми зерттеуді өткізуге дайындық, оның мақсаты мен міндеттерін, қарастырылып отырған мәселенің өзектілігін анықтау | Жаңа экономика мен жүйелік талдаудың ғылыми-зерттеушілік институты ҚЭУ |
3 | 31.01 | Жеке табыстарды бөлу және қоғамнын әлеуметтік құрылымынын эволюциясының бағытталуын қарастыру |
|
4 | 01.02 | Қазақстан Республикасы халқының табысын және кедейшілік көрсеткіштерін талдау |
|
5 | 02.02 | Кедейшілік және оны бaғaлaу |
|
6 | 03.02 | Кедейшілікті қысқaрту проблемaлaры |
|
7 | 06.02 | Әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік ортаның салаларын реформалаудың негізгі бағыттары | |
8 | 08.02 | Қазақстандағы кедейшілік мәселесі және оны шешу жолдары |
|
9 | 10.02 | Алынған нәтижелерді өңдеу және талдауын жасау |
|
10 | 13.02 | Зерттеушілік мәліметтерді өңдеу және талдау әдістерін таңдау |
|
11 | 14.02 | Статистикалық жинақтармен жұмыс: зерттеушілік мәліметтерді статистикалық өңдеу |
|
12 | 15.02 | Зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми құжаттарды рәсімдеу шарттарымен танысу |
|
13 | 16.02 | Зерттеушілік мәліметтердің дәлдігі жайлы қорытынды, талдау |
|
14 | 17.02 | Зерттеуді жүргізудің әдісін таңдау |
|
15
| 20.02- 29.02 | Тарас Шевченко атындағы Киев Ұлттық университетінде шетелдік ғылыми іс-сапар, оның мақсаты: тұрақты даму негізінде экономиканы басқару механизмі. Сонымен қатар білімін тереңдету, ғылыми-зерттеушілік қызметті жүргізудің әдістерімен танысу, оқу ісі: зерттеушілік мәселе бойынша шетелдік тәжірибе алмасу мақсатында лекция курстарын тыңдау: Интеллектуалдық меншік, Адам өмірінің дамуының альтернативті моделі ретінде тұрақты даму, Ғаламдық экономикада мемлекеттің трансформациясының рөлі мен функциялары, Өтпелі экономика кезіндегі бәсекелік саясат, Экологиялық аудит пен мониторингті ұйымдастыру, Ғаламдық қаржы нарықтарындағы тұрақсыздық және инновациялар, Маркетинг және инновациялардың жылжуы, Қазіргі заманғы менеджмент және басқару кадрларын дайындау мәселелері, Экономика, менеджмент және маркетингтің қазіргі заманғы мәселелері, ТМД елдерінде қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын енгізу, Украинадағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері, Жедел басқарудың маркетингтік құралдарын өңдеу, Экономикалық зерттеулерде интегралды комплекстік бағалау әдістерін қолдану. Практикалық сабақтар: Ғылыми зерттеулерді ақпараттық қамтамасыз ету (В.И. Вернадский атындағы Украинаның Ұлттық кітапханасының негізінде), Адам өмірінің дамуының альтернативті моделі ретінде тұрақты даму, Кәсіпорындардағы технологиялық процестер, бухгалтерлік есептіліктің ерекшеліктері (экспериментальды нан зауыты Киев қ. негізінде), Өтпелі экономика кезіндегі бәсекелік саясат, Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің менеджментін ақпараттық қамтамасыз ету (Тарас Шевченко атындағы Киев Ұлттық университетінің М.Максимович атындағы ғылыми кітапханасының негізінде), Ғылыми экономикалық зерттеуді өткізудің қазіргі заманғы теоретико-методологиялық және практикалық әдістемелері, Жедел басқарудың маркетингтік құралдарын пайдалану практикасы (Славутич пивзаводының негізінде ). В.И. Вернадский атындағы Украинаның Ұлттық кітапханасының әдеби қайнар көздерімен танысу. Шетелдік мемлекеттердің әдеби қайнар көздерімен танысу. Тарас Шевченко атындағы Киев Ұлттық университетінің М.Максимович атындағы ғылыми кітапханасында өзіндік жұмыс.
| КҰУ Киев қ. |
16 | 02.03 | Зерттеушілік жұмысқа ұсыныстарды өңдеу және салыстырмалы талдауын жасау
| Жаңа экономика мен жүйелік талдаудың ғылыми-зерттеушілік институты ҚЭУ |
17 | 04.03 | Қорытынды нәтижелерді сараптау | |
18 | 12.03 | Алынған нәтижелерді бағалау | |
19 | 16.03 | Зерттеу қорытындыларын еңгізу мүмкіндігінің талдауы | |
20 | 19.03 | Еңгізу нәтижелерін бағалау | |
21 | 20.03 | Еңгізу нәтижелерінің интерпретациясы мен апробациясы | |
22 | 24.03 | Тәжірибе жөніндегі есепті рәсімдеу |
Магистрант____________________
Ескенова Айнур Ерболовнаның
тәжірибе өту жөніндегі
Индивидуалды жоспар
№ п\п | Жұмыстар атауы мен өзіндік тапсырмалар | Жұмыстар мен тапсырмалардың орындалу уақыты | |
1 | 2 | 3 | |
1 | Ғылыми зерттеуді өткізуге дайындық, оның мақсаты мен міндеттерін, қарастырылып отырған мәселенің өзектілігін анықтау | 31.01-06.02 | |
2 | Зерттеуді өткізуді ұйымдастыру. Хaлықтың тaбысы және оны өзгерту тенденциялaрын басқару механизмдерін оқу. Қайнар көздер, ғылыми зерттеушілік жұмысты жүргізу мен зерттеу әдістерін оқу; зерттеушілік мәліметтерді өңдеу және әдістерінің анализін жасау, құжаттарды ғылыми рәсімдеудің шарттарымен танысу, ғылыми зерттеулер мен өңделген маиериалды еңгізу шарттары. Нәтиже: зерттеуді жүргізу методикасы. | 07.02-09.02 | |
3 | Зерттеу жұмысының өзектілігін анықтау, оқу-әдістемелік және ғылыми материалдарды оқып білу. Зерттеудің гипотезасын өңдеу, айтылған гипотезаның теоретикалық талдауы. Статистикалық жинақтармен жұмыс.
| 10.02-14.02 | |
4 | Алынған нәтижелердің талдауы мен өңделуі. Статистикалық жинақтармен жұмыс: зерттеушілік мәліметтерді статистикалық өңдеу. Нәтиже: зерттеу нәтижелері бойынша қорытынды.
| 15.02-17.02 | |
5 | Зерттеу мәселесі бойынша шетелдік тәжірибені оқу. Тарас Шевченко атындағы Киев Ұлттық университетінде шетелдік ғылыми іс-сапар негізінде ғылыми-зерттеушілік қызметті жүргізудің әдістерін оқу. В.И. Вернадский атындағы Украинаның Ұлттық кітапханасында және Тарас Шевченко атындағы Киев Ұлттық университетінің М.Максимович атындағы ғылыми кітапханасында практикалық жұмыс өткізу. Шетелдік мемлекеттердің әдеби қайнар көздерімен танысу. Зерттеушілік жұмысқа ұсыныстарды өңдеу және салыстырмалы талдауын жасау.
| 20.02-29.02 | |
6 | Инновациялық қызмет, ұсыныстарды өңдеу. Зерттеу қорытындыларын еңгізу мүмкіндігінің талдауы | 01.03-19.03 | |
7 | Тәжірибе жөніндегі есепті рәсімдеу | 24.03 |
ҚЭУ тәжірибе жетекшісі_____________________
Магистранттың ғылыми жетекшісі _____________________ э.ғ.д., профессор
Алимбаев А.А.
КІРІСПЕ
Зерттеушілік тәжірибе магистаранттың білім алу бағдарламасы мен ғылыми және педгогикалық магистратураның құрама бөлігі болып табылады. Бұл тәжірибе түрі магистранттардың жаңа теориялармен, отандық және шетелдік методологиялық және техникалық қол жеткізулерімен танысуға, ғылыми зерттеулердің қазіргі заманғы әдістерімен танысуға, экспериментальды мәліметтердің интерпретациясы мен оларды өңдеуге бағытталған.
Зерттеушілік тәжірибенің мақсаты: кәсіби білімді тереңдету, жүйелеу, магистарнттың өзіндік ғылыми жұмысты жүргізуді үйренуі, зерттеу және эксперименттер жасау.
Зерттеушілік тәжірибенің міндеттері: кәсіби жұмысты орындау кезінде пайдалану мақсатында ғылыми әдеби қайнар көздерді оқу; зерттеушілік жұмысты жүргізу мен зерттеу әдістері, зерттеушілік мәліметтерді өңдеу мен әдістер анализі; зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми ақпаратты жалпылау мен жүйелеу; қойылған мақсаттар негізінде теоретикалық зерттеулер; ғылыми зерттеудің мақсаты мен міндеттерін өңдеуде тәжірибе жинау; зерттеу әдістерін негіздеу мен таңдау; ғылыми зерттеуде қолданылатын қосымша ғылыми қайнар көздермен танысу.
Магистарнттың тәжірибе өту орны 6М050600 «Экономика» мамандығы бойынша: Экономика және құқықтық зерттеулер ғылыми зерттеу институты
Тәжірибе өту уақыты: 30.01.2012ж.- 24.03.2012ж.
Тәжірибе өту кезінде орындалған негізгі жұмыстар түрлері мен тапсырмалар: зерттеушілік мәліметтерді өңдеу және анализ әдістерін таңдау; статистикалық жинақтармен жұмыс: зерттеушілік мәліметтерді статистикалық өңдеу; зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми құжаттарды рәсімдеу шарттарымен танысу; зерттеушілік мәліметтердің дәлдігі жайлы қорытынды, анализ; зерттеуді жүргізудің әдісін таңдау.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Ел Президентінің 1997 жылғы 11 қазанда «Қазақстан - 2030» деп аталатын алдағы даму жолымызды байыптайтын ұзақ мерзімді стратегиясын ұсынды. Барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, ел экономикасының өсуі, еліміздің қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуы – деп аталатын Қазақстан халқына жолдауында болашақта жүзеге асырылуға тиіс ұзақ мерзімді «7» басымдылық аталды. «Біздің елімізбен айтқан перспективаларға қол жеткізуі үшін мынадай ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыруы қажет» деп ерекше атап кетті.
Елбасының демократиялық ел билеудің дәстүрлеріне жүгініп, реформаны ойдағыдай өрге бастыру үшін жұртшылық пен әрбір азаматты іске жаппай жұмылуға шақыратын саяси бастаманы дер кезінде көтерді. Азаматтық қоғамымыздың кемелділігі де осынай сындарлы бастаманы қаншалықты ұйымшылдықпен қостағанын бүгінгі таңдағы іс - әрекеттер дәлелді айқындап беріп отыр.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі-кедейшілік сияқты өткір әлеуметтік проблемаларды шешу-мемлекет жұмысының басты бағыты. Бұл әл-ауқатты өмірді қамтамасыз ете алмағанымен экономикалық тұтқалар арқылы ең төменгі тіршілік денгейін жасапдұрмысы нашар адамдардың санын азайтуға көмектеседі.
1998 жылы Қазақстанда алғаш рет халықтың кедейшілік индексі есептелді. Осы интегралды көрсеткіш Қазақстандағы кедейшіліктің ерекшеліктерін ескеру арқылы 1 және 2 жоқшылықтар индексі негізінде әзірленді. Бұл жоқшылыктар индексін БҰҰ ДБ ұсынған.
«Қазақстан - 2030» - дан кейін қамтылған мәселелері мен қабылданған шешімдерінің және жоспарлау мерзімінің ұзақтығы жағынан үлкен екінші құжат – ол Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары». Бұл құжатта Қазақстанның 2010 жылға дейінгі даму моделі анықталды. Оның мақсаты – ұзақ мерзімді тұрғыда бәсекеге қабілетті экономиканың негізін қалау делінді. Экономика саласындағы даму моделінде:
халықтың тұрмыс – тіршілігін жақсарту;
кедейшілікті жою;
халықты жұмыспен қамтамасыз ету;
мемлекетті экономикалық өрлеу «локомотивіне» айналдыру;
мемлекеттің қатысуымен жүйе түзетін ірі компанияларды құру және оларды аймақтық және мүмкіншілігінше, әлемдік деңгейге шығару;
Информация о работе Экономика және құқықтық зерттеулер ғылыми зерттеу институты