Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 16:59, доклад
Экология – биология ғылымының негізінде XIX ғасырдың орта шенінде айқындала бастағанымен оның өз деңгейіне көтерілуі XIX ғасырдың аяғымен XX-ғасырдың басы болып саналады. Десе де, алғашқы экологиялық зерттеулердің элементтерін біз көне дәуір оқымыстылары Эмпедокл, Гиппократ, Аристотель, Теофоаст еңбектерінен көреміз. Табиғат құбылыстарын зерттеушілер өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі морфологиялық, физиологиялық бейімдеушіліктерді оның қоршаған табиғи ортасына тәуелді екендігі шеңберінде экологиялық тұрғыдан қарастырады.
Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері және құрылымы
Экология – биология ғылымының негізінде XIX ғасырдың орта шенінде айқындала бастағанымен оның өз деңгейіне көтерілуі XIX ғасырдың аяғымен XX-ғасырдың басы болып саналады. Десе де, алғашқы экологиялық зерттеулердің элементтерін біз көне дәуір оқымыстылары Эмпедокл, Гиппократ, Аристотель, Теофоаст еңбектерінен көреміз. Табиғат құбылыстарын зерттеушілер өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі морфологиялық, физиологиялық бейімдеушіліктерді оның қоршаған табиғи ортасына тәуелді екендігі шеңберінде экологиялық тұрғыдан қарастырады. Экология ғылымының қалыптасуын негізгі 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады.
I кезең. Биоэкологиялық зерттеулердің жаппай сипат алу кезеңі. Бұл кезең XVIII ғасырдың аяқ шенін қамтиды. Мәселен, К.Ленин (1707-1788), Ж.Ламарк (1744-1825), А.Декандоль (1806-1893), П.С.Паллас (1741-1811), И.И.Лепехин (1740-1802), А.Гумбольд (1769-1859), К.Ф.Рулье (1814-1858), Н.А.Северцов (1827-1885), Н.А.Бекетов (1825-1902), Ч.Дарвин (1809-1882), К.Мебиус (1825-1908), Э.Геккель (1834-1919), Е.Варминг (1841-1924), В.В.Докучаев (1846-1903), т.б. табиғат зерттеуші биологтар, систематиктер, географтар өздерінің еңбектерінде экологиялық сипаттағы ғылыми –зерттеулер жүргізіп, экология ғылымының дамуына өз үлестерін қосты. Осы тұстардағы жарық көрген Ж.Б.Ламарктың “Жануарлар мен өсімдіктер эволюциясы”, А.Декандольдың “Ботаникалық география”, К.Ф.Рульенің “Жануарлар экологиясы”, А.Н.Бекетовтың “Өсімдіктер географиясы”, Ч.Дарвиннің “Түрлердің шығу тегі”, В.Докучаевтің “Ландшафтар мен табиғат зоналары туралы ілімі”, т.б. еңбектер экология ғалымының негізін қалаған еді. Ал, неміс зерттеушісі – дарвинист Э.Геккель 1866 жылы “Экология” терминін алғаш рет ғылымға енгізсе, Е.Варминг оны 1895 жылы ботаникаға енгізеді.
II кезең. Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі. Бұл кезең Э.геккель, Е.Варминг, К.Мебиус, т.б. шетелдік табиғат зерттеушілерімен қатар орыс ғалымдарының есімдерімен байланысты, XIX ғасырдың басы мен XX ғасырдың 70-80 жылдарын қамтиды. Атап айтқанда Мәскеу университетінің ғалымдары Н.А.Северцов, М.А.Мензбир, Б.М.Житков, Д.Н.Кашкаров, Н.П.Наумов, А.Н.Формазов, НүИ.Калабухов, т.б. жан-жақты экологиялық зерттеулерді жүргізсе, сол сияқты Қазан универ-ситетінде Н.Ф.Леваковский, С.И.Коржинский, А.Я.Гордягин, Г.И. Панфильев, П.Н. Крылов, т.б. өсімдіктер экологиясын зерттеп дамыта түсті.
Әсіресе, осы кезеңдердегі
Г.Ф. Морозовтың «Орман туралы
ілімі», Д.Н.Кашкаровтың «Орта және
бірлестіктер», «Жануарлар
Экология ғылымы жіктеле
бастады. Оны біз су
Негіздері” (1959), Н.Б.
Наумовтың “жануарлар
Осы орайда, Белоруссия ғалымдарының еңбектері ерекше аталуы тиіс. Атап айтқанда, ғалымдар: В.А. Плющевский-Плющик, П.Ф.Соловьев, А.И. Радкевич, С.В. Шостик, П.Жуков, И.К. Лопатин, Л.С. Долбин, В.В. Адамов, Б.И. Якушев, Г.А. Новиков, Г.Г. Винберг, Л.М. Сущени, Л.В. Камлюк, т.б. өз кезегінде экология ғылымын дамытуда шоқтығы биік тұрды.
Экология ғылымының салалары бойынша көп жылғы ғылыми – зерттеу жұмыстарының негізінде монографиялар, оқу құралдары, анықтамалар жарық көре бастады. Отандық ғалымдардың еңбектерімен қатар шетелдік
экологтар А. Пирсаның “Жануарлар экологиясы” (1926), Ч. Элтонның “Жануарлар экологиясы” (1934), Шелфорд пен Ф.Клементтің “Биология” (1939), Ю. Одумның “Экология және экология негіздері” (1975, 1986), Р.Риклефстін “Жалпы экология негіздері” (1979), Ф.Рамаданың “Қолданбалы экология негіздері” (1981), Н.Чернова мен А.Былованың “Экология” (1988), В.А. Радкевичтің “Экология” (1977), Н.Ф. Реймерстің “Экология” (1944), т.б. еңбектері соңғы жылдары жарық-көрген құнды еңбектер қатарына жатады.
III кезең. Экология ғылымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы экология – бүкіл әлемдік ғылымдар мен әлеуметтік, экономикалық жағдайлар және проблемаларды қамтитын деңгейге жетіп отыр. Осыған орай, экология ғылымының қолданбалы және адам экологиясы бағыттары дами түсуде.
Экологияның жаңа
салалары бойынша теориялық
экология” (1990), М.
Захарченконың “Экологияның
“Экологиялық мониторинг”
(1995), Н. Реймерстің “
Г. Сидеренконың “Экология
ның қазіргі заманғы
Информация о работе Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері және құрылымы