Ивестицияның пайда болуы және даму тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2011 в 10:46, курсовая работа

Описание работы

Ивестицияның пайда болуы және даму тарихы

Работа содержит 1 файл

Ивестицияның пайда болуы және даму тарихы.doc

— 266.00 Кб (Скачать)

       Қазақстан Республикамыздың үкіметімен 2004-2005 жылдарға тікелей инвестиция тарту бағдарламасы жасалды. Оған жобаларды қоса қаржыландыру мен мемлекеттік үлеске ену сияқты инвестицияны ынталандыру формалары енгізілді. Бағдарламада капитал салымшыларды ынталандыру мақсатында жеңілдіктер жүйесі қарастырылып, оған тездетілген амортизация, шығынды қайтару нормасының ұлтайтылуы сияқтылары енген.

       Қазақстан Республикасының Президентінің 2000 жылдың 6 наурызындағы № 349 жарлығымен «Экономикалық басты салаларына инвестициялық іс-әрекетті асырушы  инвесторлар мен келісім —  шарт жасауда жеңілдікпен преференциялар беру тәртібі» бекітілді.

       Тәртіпке  сәйкес, жеңілдіктер мен преференциялар беру жағдайына:

       1) инвестициялық    жобаның    экономиканың басты секторларына  қатысты болуы;

       2) инвестициялық жобаны жүзеге  асыруында қазақстаңдық   заң   тұлғасының   негізгі   қорларына тікелей инвестицияларды жүзеге асыру.

       Инвестщиялық  жобаның тиімді жүзеге асырылуы үшін инвестиция бойынша Қазақстан Республика агентігін келесідей жеңілдіктермен преференциялар беруі мүмкін:

       - натуралды мемлекеттік гранттар;

       - келісім-шарт жасасудан 5 жыл мерзімге жер мен мүлік салығынан босату;

       - салық алына бастайтын табыс  алу кезінен 5 жылға табыс салығынан  босату;

       - инвестициялық жобаны жүзеге  асыруға қажетті құрам-жабдық, шикізат,  материалдар импортты кезііще  кедендік баға салықтарынан толықтай  немесе бір бөлігінен босату.

       Салықтық  жеңілдіктер беру мерзімі негізгі  қорға инвестиция көлемі мен экономиканың басты секторларына жатқызылуына байланысты беріледі. Ал кедендік баға салықтарынан босату оның Қазақстан Республикасында  өндірілмеген немесе көлемі инвестациялық жобаны жүзеге асыру жағдайына сәйкес келмеу жағдайында беріледі.

       Мемлекеттік натуралды гранттарға:

       1) негізгі қорлар — жер учаскелері, ғимараттар, өндіріс  құрал-жабдықтары,   машиналар,   есептеуіш техника  және басқалары.

       2) бейматериалды активтер-ғимаратты, жермен пайдалану құқығы мен басқадай құқықтар.

       3) өндірістік қорлар, аяқталмаған   құрылыс, салықтар, дайын өнім.

       Реформалардың жүзеге асырылуы ғаламдық, жүйеаралық институтционалды-экономикалық өзгерістер қажеттілігінің дәлеллі.

       Бұл жағдай инвестициялық саясат аясында интеграция процестері мен әлемдік нарыққа шығумен байланысты шараларды жүзеге асыруын талап етелі. Машина жасау, жеңіл өнеркәсіп пеп агроөндірістік кешенің бір бөлігінің потенциалды толықтай қамтылмағандығымен сипатталады.

       Реформалардың бастапқы кезеңіндегі болашақ белгісіздігі, көптеген экономикалық агенттердің  әрекет ету мүдделерін қатты өзгеріске  ұшыратқаңдықтан, инвестициялық механизм тиімсіз әрекет етті. Инвестициялық  саланы қалпына келтіру мен халықтың жинақтарын инвестиция түрінде тартуға бағытталған кешенді шаралар экономика реформасының басты бағыты болып табылады.

       Осыған  байланысты отаңдық қор нарығын  дамытудың басты бағыттарына  ішкі инвесторлар институтын күшейту  мен қаржы құралдар тізімін ұлғайту  болып табылады.

       Зейнет  ақы жүйесін реформалау негізінде  зейнетақы қорлары сияқты мүмкіндігі мол инстуцоналды инвесторлар пайда  болды. Қазіргі кезде олардың  активтері 530 млн. АҚШ долларына тең  көлемге жеткен. Қазақстан Республикасының  орналастырған еурооблигацияларының 45 % дейін көлемі зейнетақы корларына тиесілі.

       Корпоративті  бағалы қағаздарға көп мөлшерде инвестицияларды  екінші деңгейлі банктер жүзеге асыра  алады. Бүгінде шетел банктерінде  ностро-есеп шоттарында 52 млрд. теңге  сәйкес мөлшерде қаржылар сақталуда. Бұл  қаржыларды экономиканың нақты секторына немесе бағалы қағаздарға инвестицияға бағыттауға болады. Ол үшін республикада несиелеу келешегі мол жобалардың көп болуы қажет.

       2000 жылы сақтадыру компаниялары  тарапынан экономикалық нақты  секторымен бағалы қағаздарға , инвестиция көлемі 300 млн. АҚШ доллар құрады.

       Қазақстан Республикасы үкіметінің мәжілісінде  сөз сөйлеуде елбасы Назарбаев Н.Ә. жыл сайын елімізге келетін 1,5 млрд. доллар инвестицияны еліміздін  ішкі қорларымыздан алуға толық мүмкіндік  барын мәлімдеді.

       Қазіргі кезде Қазақстаңда шикізат секторының басым болуына қарамастан, ғылыми сыйымды өндіріс үлесін жоғарлату  тенденциясы үстем болуы тиіс.

       Реформалар  жүргізудің алғашқы кезеңдерінде Казақстан  Республикасына инвестицияларды тарту  мәселесі объективті сипатта болды. Ішкі қаржы ресурстарынын жетіспеушілігіне байланыста мемлекеттің экономикалық саясатында шетел тікелей инвестицияларын тарту мен қолайлы инвестициялық хал-ахуалды калыптастыру басты бағыт болды.

       Жыл сайын тартылатын тікелей шетел  инвестициялар көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдері ішінде бірінші орында болып, шетел инвестицияларының көлемі әр түрлі жылдарды 1 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде болды.

       АҚШ мемлекетінің республика экономикасына  инвестиция ағымынын басты ерекшелігіне оның 90 жылдардың ортасында күрт өсуі болды. 1998-1999 жылдары капитал салымдарының көлемі 2.9 млрд. долларға тең болды. 1999 жылдан бастап жыл сайынғы көлемі 1 млрд. доллардан төмен болған жоқ. 2000 жылы республикаға 2 млрд. доллардан астам инвестиция келді, бірақ осы жылы қайтарым 785 млн. долларды құрады. 2001 жылы азиялық дағдарыс әсерінен тікелей шетел инвестиция көлемі күрт төмендетеді, бірақ оның мөлшері 1 млрд. доллардан төмен түскен жоқ.

       Тікелей шетел инвестиция көлемі бойынша  абсолютті көрсеткішке 2002 жылы қол  жеткізілді, бірақ осы инвестиция қайтарым көлемі 1,4 млрд. АҚШ долларын құрады.

       1994 жыл мен 2000 жыл аралығында инвестициялық  іс-әрекетті реттейтіи заң негіздері  қалыптастырылып, инвестициялық  механизмдер үйлестірілді. "Шетел  инвестициялары туралы" және "Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы" заңдар қажетті кепілдіктерді беріп, экономикаға шетел капитталының келуіне жағдай жасады.

       Қазіргі Казақстан экономикасы дамуында жаңа сапалық дәрежедегі кезеңге  келді. Экономикадағы тұрақтандыру процесі аяқталып, тұрақты өсу деңгейіне жетті. Осы жағдай инвестициялық саясатта өзгерістерді тудырды.

       Бүгінде бұл инвестициялық саясат бір  қатар мәселелерді шешуі шарт. Біріншіден, тартылатын инвестициялардың сапалық сипаттамаларына басты  назар аудару. Екіншіден, барлық экономика субъектілері үшін тең дәрежелі жағдайды қалыптастыру. Үшіншіден, экономикалық жан-жақты әлеуметтік бағытын ұстану болып табылады.[19;26]

       Жаңа  жағдай заң негіздерін жетілдіру  етеді. "Инвестициялар туралы" жаңа заң қабылданды, сонымен қатар "Қазақстан Республикасының заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы", "Жер қойнауы мен оны пайдаланушылар туралы", "Мұнай туралы" заңдар дайындалып, "акционерлік қоғамдар туралы" заңға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделуде.

       Жаңа  инвестициялық саясат концепциясында нарықтың барлық агенттерінің халықтың, банктердің, қаржы институтарының, қор нарығы, инвестициялық белсенділігін жоғарлату маңызды орын алуда.

       Қазақстан Республикасының инвестициялық  іс-әрекетті реттеудің тиімділігін  жүзеге асыру мақсатында жаңа Салық кодексінде 138-140 беттерінде инвестициялық салықтың преференциялар қарастырылған. Инвестициялық салықтық преференциялар корпоративті мүлікке табыс салығы бойынша беріледі.

       Инвестициялық салық преференциялары жаңа өндірісті  қалыптастыру, не әрекет етуші өндірісті ұлғайту мен жаңарту мақсатында негізгі қорға инвестиция жасаушы салық төлеушілерге, жалпы жылдың табыс салығын белгіленген сомаға қысқарту, немесе негізгі қор мүлігі салықтан босату мүмкіндігі қарастырылған.

       Қазақстан Республикада инвестициялық іс-әрекетті реттеуге бағытталған заңдардағы өзгерістер мен толықтырулар, оны белсенді жүргізілуі ықпал етеді. 
 
 
 
 
 
 
 

      2.3 2004-2006 жылдардағы инвестициялық қызметті қаржыландыру ресурстарына талдау 

       Қазақстан тұңғыш президенті Н.Ә Назарбаев нарықтық қатынастары ерте қалыптасқан, нарықтық құрылымдары әбден дамыған Америка Құрама Штаттары, Европа, Азияжолбарыстары болып саналатын Оңтүстік Корея, Гонконг, Тайвань, Сингапур, Индонезия, Малайзия, Тайланд және Филипин елдерімен дипломатиялық достық қарым-қатынас орнатып, олардың әлемдегі ірі-ірі транс-ұлттық компанияларын Қазақстан экономикасына тартты. Соның арқасында, әсіресе, шикізат саласына миллиардтаған доллар шетелдік қаражат ұзақ мерзімге әкелініп, Қазақстан экономикасына қан жүгіре бастады. Мысалы, Қазақстан экономикасына тартылған инвестицияның көлемі 28 миллиард долларды құрады. Қазақстан шетелдік инвестиция тартудан ТМД елдері арасында бірінші орынға шықты. Ал 1993 жылдан 2004 жылға дейін 31 миллард долларға инвестиция тартылды. Қазақстан нарығында инвестиция тартуда Америка Құрама Штаттың пайыздық көлемі, басқа мемлекеттермен салыстырғанда өте жоғары екен. Мәселен, Америка Құрама Штаты 30,7%, Англия 13,7%, Италия 7,0%, Швецария 5,7%. Алдағы 25 жылға сомасы 100 миллиард Америка Құрама Штат долларын құрайтын келісім шарт жасалып қойылды. [Қосымша Б] Тағы бір қуатты жағдай Қазақстанда шетелдік қаражатпен 5500 бірлескен кәсіпорын ашылып, қазір тәп-тәуір жұмыс істеп отыр. Ресейде бірлескен кәсіпорынның 1042 жұмыс істесе, Қырғызстанда 99, Украинада 74 ғана жұмыс істеуде. Қазіргі экономикалық өрлеуіміз, жетістіктеріміз шетелдік инвесторлардың арқасы. Сол ағылып келіп жатқан инвестициялардың әсерінен ел еңсесі біршама көтеріліп қалды. Инвестиция тартудың ең маңызды жері – тәуелсіз еліміздің тұтастығын, шекарасын қорғайды. Америка Құрама Штаты, Европа мемлекеттері, еліміздің экономикасына миллиарттаған қаржы сала отырып, Қазақстанға басқа мемлекетің қоқон-лоқы жасалуына жол бермейді. Мәселен, Шеврон, басқа да транс-ұлттық шет мемлекеттік компанияларда Кондализа Райс секілді мемлекет қайраткерінің акциялары бар. Шетелдік ірі компаниялар Қазақстан нарығынан үлкен пайда тауып отырады, сыртқы жауға беріп қоймайтыны анық. Мысалы, кеңестік империя ыдыраған соң, Каспий теңізін бөлер кезде Тұран заманындағы қызылбас ағайындылар теңіздегі шекераны бұрынғысынша қалдырайық деп дипломатиялық  қарсылық көрсетіп бақты. [8;38]

       Қазақстанның  тағы бір ерекшелігі – географиялық құрылымдық жағдайы мұхиттармен  шектеспейді. Соның кесірінен, шикізат  пен өнеркәсіп тауарларын шетке шығару немесе шетелден әкелу әжептәуір шығындар мен жоғарыкәсіби дипломатиялық келіссөздерге қажет. Мәселен, Түркістанда зират арқылы өтетін болғандықтан мұнай-газ құбырын жүргізуге жергілікті тұрғындар қарсылық білдіріп, ойланғандарын іске астыртпай тастады. Кейбір мемлекеттір өз аумағындағы құбырдан өтіп жатқан мұнайды заңсыз жолмен бұрып та алады екен.. Әдейі жарып жіберетіндері де табылады. Халықаралық келісім бойынша, Қазақстан аумағы мұхитпен шектеспейтін болғандықтан халықаралық ұйым   біздің елге өтемақы төлейді. Әлемдегі кез-келген дамыған елдердің барлығы да мұхиттармен шектеседі. Ондай мемлекеттедің әртүрлі тауар таситын үлкен танкерлері балады. Халықаралық келісім бойынша, бейтарап зона белгіленіп қойылады. Ол белгілетен бейтарап зонамен кез-келген мемлекеттің кемелері ешқандай ақы төлемей өздерінің жалауларын желбіретіп жүзе беруге хақы бар. Мәселен, күншығыс елінен танкир шықсын, араб мемлекеттеріне барарда өзіне өнеркәсіп тауарларын толтырып тиеп алады да, қайтар кезінде мұнай шикізатымен елінее оралады. Кедергісіз әрі шығыны аз. Оларды шекарада құрлықтағыдай ешкім ұстап, тексеріп жатпайды.

«Миттал – Стил Темиртау» трансұлттық корпарациясын  бүкіл әлем біледі. (Бұрынғы   аты   « Испат - Кармет»). Түсінікті болу үшін бұрынғы    атымен атай берейік. Оның қожайыны —Лакшами Миттал. Британия азаматы, ұлты индус. Лакшами Миттал әлемдегі ірі бай адамдардың бірімен саналады, оның жеке байлығының мөлшері 20 миллиард доллардан асып жығылады.  FогВes журналы Лакшами Митталды Еуропада саясат пен экономикаға өз ықпалын жүргізетінін жазған. Лакшами Миттал Мексика, Оңтүстік Африка, Индонезия, Алжир, Польша,  Чехия, Франция және Германиядағы болат қарытатын ірі-ірі зауыттардың қожайыны. Еуропа құрылығындағы ең ірілердің қатарына жататын Румыниядағы болат қорытатын зауытқа да оның ықпалы бар көрінеді. Лакшами Миттал 1995 жылдан бастап Испат-Кармет иесі.  «Еconоlust Сrоuр» мәліметі бойынша, ол Қарағандыдағы болат қорытатын зауытты 400 миллион долларға сатып алған екен. Енді «Қазақстан кеңістігінде жұмыс істеп жатқан «Испат-Кармет» ел экономикасына не берді, қандай мөлшерде инвестиция құйды? деген сұрақтар туындайды. Бүгінгі «Испат-Кармет» әлемдегі ірі деген болат қорытататын зауыттың бірі. Жылына 5,5 миллион тонна болат береді. Өндірілген өнімнің 96% шетелге жіберіліп, әлемнің 65 мемлекетіне жөнелітіледі екен. Сыртқы Істер министрлігінің мәліметі бойынша, «Испат-Кармет» 1996 жылдан 2003 жылға дейін Қазақстан мемлекетінің бюджетіне 552 миллион доллар төлеген. Ал, одан басқа 630 миллион доллар көлемінде зауытқа, әлеуметтік салаларға инвестиция салыныпты. Қаржыгерлердің есебі мен болжамы бойынша, «Испат-Кармет» Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 7-10% беретін көрінеді. (ЖІӨ — 37,5 млрд. доллар құраса, демек оның 10%  3 миллард 750 миллион доллар болады). Ал, 2007 жылы Лакшами Миттал 1 миллиард долларды зауыттың техналогиясын жаңалап модернизациялауға, яғни жаңартуды жоспарлап отыр екен. Енді «Испат-Кармет» 1 миллион 400 мыңдай халық тұратын ірі кәсіпорындары бар Қарағанды облысын 6-7 жылдың ішінде аяғынан тік тұрғызып қана қоймай, республикалық бюджетке де көп мөлшерде салық төлеуде. Мемлекеттік мудде жағынан қарағанда, Лакшами Миттал секілді инвесторлар мемлекетке қаржы-экономика жағынан өте тиімді. Қазақстанда тұратын және шетелде тұратьш қалталы қазақтардың қайсысы отанымыздың экономикасына инвестиция кұйыпты? Жеңіл жолмен тапқан ақшаларын супер-маркет пен козинолар, базарлар, сауна салудан әрі бармайды. Біздің қалталыларымыз бір күндік қарын тоқтығын ойлайды. Дана бабаларымыз айтпақшы «Үш күндігін ойламаған әйелден без, үш жылдығын ойламаған еркектен без». [14;15]

Информация о работе Ивестицияның пайда болуы және даму тарихы