Инвестицияның мәні, қызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 08:05, реферат

Описание работы

1 Инвестицияның мәні, қызметі
2 Экономиканы мемлекеттік реттеудегі негізгі инвестициялық бағыттар
3 Қорытынды
4 Сілтемелер

Работа содержит 1 файл

Инвестиция.doc

— 107.00 Кб (Скачать)

- инвестициялық  қызметті қамтамасыз етудің заң  шығарушы кепілдері;

- жеңілдіктер  мен артықшылықтар жүйесін белгілеу (мемлекетті сол немесе басқа  кәсіпорындар мен ұйымдарға олардың қызметіне қолайлы жағдайлар жасау мақсатымен жеңілдіктер мен артықшылықтар беруі);

- Қазақстан  Республикасының мүддесін инвесторлар  алдында көрсетуге өкілетті, бірыңғай  мемлекеттік органның болуы. 

      Заңда тікелей инвестицияларды мемлекеттік  қолдаудың мақсаттары мен міндеттері белгіленген. Бұл қолдаудың мақсаты- экономиканың басым секторларында тауар өндірісін, жұмыс пен қызмет көрсетудің жедел дамуын қамтамасыз ету үшін қолайлы инвестициялық климат жасау болып табылады. Мемлекеттік тікелей қолдаудың ортақ мақсатына жету үшін міндеттердің бірқатарын шешу қажет:

- жаңа  технологияларды , алдыңғы қатарлы  техника мен ноу- хау енгізу;

- жоғары  сапалы тауарлар мен қызмет  көрсетуге ішкі нарықтың қанығуы;

- отандық  тауар өндірушілерді мемлекеттік  қолдау мен ынталандыру ;

- экспортқа  бейімделген және импортты алмастырушы  өндірістерді жетілдіру;

- ҚР- ның  шикізат базасын ұтымды және  кешенді пайдалану;

- менеджмент  пен маркетигтің қазіргі әдістерін  енгізу;

- жаңа  жұмыс орындарын құру;

- жергілікті  кадрларды үздіксіз оқытудың, олардың мамандық деңгейін жоғарлатудың жүйесін енгізу;

- өндірісті  күшейтуді қамтамасыз ету;

- қоршаған  табиғи ортаны жақсарту. 

      Басқару процесі үшін инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды ынталандырудың шаралар жүйесі басты мәнге ие. Соның ішінде, жеңілдіктер жүйесі : бекітілген инвесторлардың мүддесін қорғау бойынша ҚР- ның берген кепілдері, сондай-ақ , келісім шартқа отыру мен оны бұзудың шарттары мен тәртібі қарастырылған. Тікелей инвестицияларды қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, инвестициялар бойынша Мемлекеттік Комитет болып табылады. Ол ҚР- на тікелей инвестицияларды тарту жұмыстарын ұйымдастыру ; инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру; барлық келістіруші және рұқсат құжаттарын алуды қамтамасыз ету; инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру сияқты функцияларды атқарады. 

Қорытынды 

      Шетелдік тікелей инвестицияның өсу себептері және күтілетін үрдістері түралы мыналарды айтуға болады. Халықаралық капитал жылжуының негізгі қатысушылары жеңілдікті инвестициялы режиммен ерекшелінетін елдерге емес,нарықтық үдерістер белсенді дамыған елдерге жатады. Бұл себептерге келесілер жатады: бәсекенің қысымы, жаңа технологиялар , жекешелендіру , үкіметтің қолдауы. Сонымен қатар инвестициялар келуіне белсенді әсер ететін аймақтық елдер тобын атауға болады : ЕО, НАФТА, АСЕАН, АТЭС,МЕРКОСУР. Себебі, олар бизнестің ғаламдануына,барлық деңгейде салыстырмалы инвестициялық режим әзірлеу және қолдануға жағдай жасайды. 

      2000-2004 жылдары елімізге тікелей инвестиция тарту бағдарламасына сәйкес , «1999-2000» жылдардағы Қазақстанға шетелдік инвестицияны тарту бағдарламасының « орындалу нәтижелерін сараптай келе, еліміз экономикалық секторға шетелдік инвестицияны тартудың тиімді аймағы атанды деуге негіз бар. Бұл пікірді шетелдік экономика сарапшылары да қуаттайды. 1993-2001 жыл аралығындағы біздің елге тартылған тікелей шетел инвестициясының жалпы көлемі 16.98 млрд. АҚШ долларын құрайды . 1999 жылы экономикамызға қозғау салған шетел инвестициясының жалпы мөлшері , 1.85 млрд. АҚШ долларына тең келіп, 1998 жылға қарағанда 1.5 есеге өскені айқындалды. Ал , 2000 жылы 1999 жылмен салыстырғанда оның көлемі 49 пайызға өскені , яғни 2.75 млрд. АҚШ долларына жеткені белгілі болды. Шетел қаражатының Қазақстанның « тайқазанына» келіп түсуі және оның көлемінің көбеюі еліміздің әлемдік компанияларға ұнай бастағанын көрсетеді. 2001 жылы шетелдік инвестицияның көрсеткіші , мамандар есептеуінше, 4.41 млрд. Ақш долларын құраған. Инвестициялық белсенділік Қазақстанда Ресейден де жоғары дәрежеде екенін мына мәліметтен – ақ аңғаруға болады . 1998 жылы жекелеген инвесторлар Ресей экономикасына 25.8 пайыз қаржы салса, Қазақстан нарығында ол көрсеткіш 65 пайызға жуықтайды. Қазақстанда инвестициялық ағымның жылдан- жылға көбеюінің басты себебін жаңа мұнай- газ кеніштерінің ашылуымен түсіндіруге болады . Жыл сайын елімізге келетін шетел инвестициясының 70 пайызы тау-кен өндірісіне , оның ішінде мұнай – газ секторына жұмсалса, 10 пайызға жуығы ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібінде игеріледі екен. Бүгінгі таңда өндірістік инфрақұрылым саласында 27 келісім – шарт негізінде шетел инвесторларды жұмыс істеп жатыр. Олар бюджетімізге 689 млн . АҚШ доллары көлемінде « көк қағазын» сала отырып , 3.1 мың жаңа жұмыс орындарының 60 пайызын шетелдіктер иемденеді екен . Үкіметіміз шетелдік инвесторлармен ауылшаруашылығы саласына қатысты жалпы саны 14 келісім – шартқа отырып, 27 млн . АҚШ долларын қолма – қол иемденіп , 1.6 мың жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік жасады. Президент соңғы жылдары Астананың әлеуметтік – экономикалық жағынан гүлденуіне баса назар аударып жүр. Сондықтан болар, Астанаың құрылыс – сәулет және өзге де экономикалық салаларында 20млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылып, 2001 жылдың өзінде – ақ 291 жұмыс орнын ашты. 

      Әлемдік экономикадағы Қазақстанның интеграциялық қозғалысы жыл өткен сайын артып келеді . Мәселен, 2001 жылы шетелдік инвесторлармен 16 келісім – ьшарт жасалып , 817 млн . Ақш доллары көлеміндегі капитал ел экономикасына араласты. Бұл – 200 жылға қарағанда 7.6 есе , 1999 жылға қарағанда 1.4 есе көп . Шетел алпауыттарының Қазақстан бюджетінің жыртығын жамауға себін тигізуі ел экономикасына шетелдік инвестицияны тартудың халықаралық нормаларына сәйкестендіруге , яғни жетілген ұлттық заңнаманың жемісін көруге болатынына үміт ұялатады. Айталық , ел өнеркәсібінің өркен жаюына бағытталып жатқан шетелдік инвестицияның жалпы көрсеткіші капиталдың 31 пайызын құрап отыр. Еліміздегі негізгі капитал көздерінің ең қомақты инвестициялық жобалары деп мыналарды айтуға болады :

Нидерланды  – 580 млн. АҚШ доллары («Испат Кармет»  ААҚ);

Корея – 25.1 млн. АҚШ доллары («LG ELECTRONICS»компаниясының ірі жобасы);

Түркия  – 39 млн. АҚШ доллары («Эфес –  Қарағанды сыра жасау зауытының» ірі жобасы);

Лихтенштейн – 17 млн . АҚШ доллары («АБС орталығы» ААҚ);

Ұлыбритания – 11.7 млн . АҚШ доллары («Лосан –  Мардон» ЖШС-нің ірі жобасы). 

      Аралығында инвестициялық жобаларды іске асыру нәтижесінде келісім- шарт бойыншат 40мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды , 1168.5 млн. АҚШ долларының өнімі өндіріліп, оның ішінде 113.7 млн. АҚШ долларының өнімі экспортталды. Кіріс министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, бюджетке 31.4 АҚШ доллары көлеміндегі түсімдері түскен. Алайда , шетелдік инвестицияны тарту барысында да көп кедергілер бар көрінеді . Олар мыналар :

- Қазақстан  нарығының іскерлік белсенділіктің  төменілігі;

- Реттеуші  шаралар шалағайлығы ;

- Өтімді  қаржы құралдарының азаюы , төлем  күшінің әлсіздік дағдарыстың  орын алуы ;

- Шынайы  ақпараттың жеткіліксіз болуы  ; 

      Инвестициялық саясаттың ұтымды жүйесін қалыптастыру үшін мемлекет Даму бюджеті , Ұлттық мұнай – газ қоры , мемлекеттік неие ұйымы сияқты қаржылық институттар мен механизмдерге мән беруі шарт.

Информация о работе Инвестицияның мәні, қызметі