Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2013 в 10:17, курсовая работа

Описание работы

Инвестиция деп қаражаттарды ұзақ мерзімге белгілі бір салаға пайда табу мақсатында салуды білдіреді. Инвестициялық қызметке банктер делдал ретінде қатысады. Банктер өздерінің инвестициялық қызметінде тиімді инвестициялық саясат жасай отырып жүзеге асырады. Банктердің инвестициялық саясаты инвестиция портфелін басқару бойынша стратегияны құру және іске асыру шараларын, қалыпты қызметті, табыстылықты арттыру, банк балансының өтімділігін қамтамасыз ету бағытында портфельді және тура инвестициялардың оптималды құрылымына жетуді білдіреді. Банктың инвестициялық саясаты банктың басқармасымен жасалады. Инвестициялық саясаттың басты элементтерінің бірі – банктың валюта - қаржылық портфелін, соның ішінде инвестициялық портфелін басқарудың тактикасы мен стратегиясын жасау болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................3


I ─ БӨЛІМ. Инвестиция түсінігі
1.1. Инвестициялардың маңызы, мәні және түрлері.....................................5-6


II ─ БӨЛІМ. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жобалар
2.1.«Қазына» орнықты даму қорының инвестициялық жобаларды қаржыландыруы........................................................................................7
2.2. Инвестициялық жобалар...........................................................................8-11
2.3. Даму банкінің инвестициялық жобалар бойынша атқаратын қызметі
..............................................................................................................................11-13


III ─ БӨЛІМ. Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау
3.1.Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасының құрамына кіретін жобалардың тиімділігін бағалаудың ережесі.............................................14-17
3.2. ҚР-ның тұрғын үй құрылыс саласы нысанын жобалаудың экономикалық тиімділігін бағалау..................................................................17-37


ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................38

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................

Работа содержит 1 файл

Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау.doc

— 444.50 Кб (Скачать)

      9. Ықпалы - бұл аяқталған жобаның  әлеуметтiк-экономикалық жағдайға  әсерi. Iске асыру аяқталғаннан кейiн жұмыс iстеу кезеңiндегi жобаның немесе жобалар тобының салаға немесе аймаққа ықпалы шеңберiнде жобаның жоспарлануы және iске асырылуы жүзеге асырылған салалық немесе аймақтық стратегиялардың мақсаттарымен салыстырылуы мүмкiн.

      10. Тиiмдiлiк - бұл тиiсiнше iшкi (жобаға қатысты) және сыртқы факторлардың үлесiн бөлумен (талдаумен) нәтижелерiн, салдарларын және ықпалын жобаның жоспарланған көрсеткiштерiмен, мақсаттарымен және стратегиялардың мақсаттарымен салыстыру.

 

          3-тарау. Тиiмдiлiктi бағалауға арналған ақпарат көздерi

 

      11. Мыналар тиiмдiлiктi бағалауға арналған  ақпарат көздерi болып табылады:

      iске асырылатын жобалар бойынша  - орындаушы агенттiктiң МИБ-тiң  құрамына енгiзiлген жоба жөнiнде  орындалған жұмыс туралы есебi;

      аяқталған жобалар бойынша - орындаушы  агенттiктiң аяқталған жобаның  жұмыс iстеу барысы туралы есебі.

      12. Орындаушы агенттiктiң МИБ-тiң  құрамына енгiзiлген жоба

жөнiнде орындалған жұмыс туралы жоспар-кесте және есеп беруiнiң

нысаны, мазмұны  және мерзiмдерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң

2000 жылғы 5 маусымдағы N 848  P000848_  қаулысымен бекітілген, МИБ-тi iске 

асыру мониторингiн  жүзеге асыру ережесiнде айқындалған.

     13. Орындаушы агенттiктiң аяқталған  жобаның жұмыс істеу барысы  туралы 

есебi қол жеткен нәтижелер, салдарлары мен ықпалы туралы мәлiметтердi қоса

алғанда, уәкiлеттi органның сұратуы бойынша берiледі және маркетинг,

техникалық, әлеуметтiк, экологиялық, қаржы институциональдық  және

экономикалық  бөлiмдер бойынша жоспарланған нақты деректердi салыстырудан

тұрады.

    

         4-тарау. Тиiмдiлiктi бағалау әдiстемесi

    

     14. Нәтижелердi бағалау кезiнде:

     1) жобаның дайындау кезеңiнде жоспарланған  және түзетілген 

жоспар-кестеде  көрсетілген мынадай нақтылы  өлшемдердің сәйкестiк дәрежесi

белгiленедi:

     -заттай алғандағы жұмыстар көлемi;

     -iске асыру кезеңдерi;

     -қаржы шығындары;

     -жобалық қуаты;

      2) қол жеткiзілген көрсеткiштердiң стандарттар талаптарына және жоспарлау кезеңiнде тұжырымдалған өзге де талаптарға сәйкестiк дәрежесi белгiленедi;

      3) жоспарлау кезеңiнде қабылданған алғышарттардың (бастапқы деректердiң), сондай-ақ күтiлiп отырған ағымдағы шығындардың және оларды қаржыландыру көздерiнiң расталу дәрежесi белгiленедi;

      4) iске асыру барысында туындаған кедергілер мен оларды жою шаралары талданады және iске асыруға қатысушы тараптардың iс-қимылдары бағаланады;

      5) нәтижелер алуда iшкi (жобаға  қатысты) және сыртқы факторлар  үлесiнiң ара қатынасы белгiленедi;

      6) жоспарланған көрсеткiштерге қол жеткiзудiң тиiмдiлiгi туралы қорытынды жасалады.

        15. Салдарын бағалау кезiнде:

      1) жобаның қойылған мақсаттарына  қол жеткізу деңгейі белгiленедi;

      2) мақсаттарға қол жеткiзуде iшкi (жобаға қатысты) және сыртқы  факторлар үлесінiң ара қатынасы белгiленедi;

      3) ағымдағы шығындар туралы нақты  мәлiметтер және жоспарлау кезеңiнде  жасалған алғышарттарды растау  деңгейiне талдау жасалады;

      4) Жобаның жоспарланған мақсаттарына  қол жеткiзудiң тиiмділiгi туралы  қорытынды жасалады.

      16. Јсерiн бағалау кезінде:

      1) салалық және аймақтық стратегиялардың  жоспарланған мақсаттарына қол  жеткізуде жобаның басқа жобалар  қатарында үлесiнiң ара қатынасы  белгiленедi:

      2) саладағы немесе аймақтағы мемлекеттiк  инвестициялардың басымдықтарына түзету енгiзу жөнiнде ұсынымдар әзiрленедi;

      3) жоспарлау кезеңiнде жасалған (бастапқы  деректер) ағымдағы шығындар туралы  нақты мәлiметтер және алғы  шарттардың растау дәрежесi талданады;

      4) салалық және аймақтық стратегиялардың жоспарланған мақсаттарына қол жеткiзуде жоба үлесiнiң тиiмдiлiгi туралы қорытынды жасалады.

      17. Бағалаудың барлық түрiн орындау  кезiнде жаңа (келешек) және жұмыс  iстеп тұрған жобаларды дайындау  және iске асыруды және тұтастай  МИБ-пен жұмысты жақсарту жөнiнде ұсынымдар тұжырымдалады.

 

      5-тарау. Тиiмдiлiктi бағалауды жүзеге  асырудың және оның

               нәтижелерiн пайдаланудың тәртiбi

 

      18. Уәкiлеттi орган дербес немесе  жобаны iске асыруға қатыспайтын  тәуелсiз сарапшыларды және мемлекеттiк басқару органдарын тарта отырып, тиiмдiлiктi бағалауды жүзеге асырады.

      19. Iске асырылатын жобалардың  тиiмдiлiгiн бағалаудың нәтижелерi  туралы есеп жыл сайын жасалады  және жаңа жобаларды талдау  кезiнде пайдаланылатын, оларды iске  асырудың жоспар-кестесiне қажеттi өзгерiстер енгiзу жолымен бағаланатын жобалардың сапасын жақсарту үшiн және алғышарттарды (бастапқы деректердi) түзету үшiн пайдаланылады. Iске асырылатын жобалардың тиiмдiлігiн бағалау нәтижелерi туралы есеп, сондай-ақ МИБ-тiң өткен кезеңдегi орындалуын талдауға қатысты. МИБ-тi талдау бөлiгінің бөлiмiн дайындау кезiнде пайдаланылады.

      20. Аяқталған жобалардың тиімділігін  бағалаудың нәтижелері туралы

есеп әрбір  жобаға қатысты оның ерекшеліктерін ескеріп орындаушы 

агенттікпен келісім бойынша уәкілетті орган белгілеген, жұмыс істеудің

белгілі бір  кезеңі өткеннен кейін жасалады. Аяқталған  жобалардың

тиімділігін бағалаудың нәтижелері туралы есеп МИБ басымдықтарын  түзету

үшін пайдаланылады  және сондай-ақ, салалық және аймақтық стратегиялардың

мақсаттарына  түзету енгізу үшін пайдаланылуы мүмкін.

    

3.2. ҚР-ның  тұрғын үй құрылыс саласы нысанын  жобалаудың экономикалық тиімділігін  бағалау

 

 Тақырыптың өзектілігі.  Тұрғын үй құрылысы жалпыұлттық мазмұндағы маңызды міндеттерінің қатарында Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясының басым бағыттарының бірі болып саналады. Қазақстан Республикасында халықтың қалың жігін қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етудегі 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру - еліміздің әлеуметтік бағытта қарқынды дамуының нақты белгісі. 

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан  халқына арналған жыл сайынғы  Жолдауларында тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету жайын үнемі алдыңғы қатарға қойып келеді. 2008 жылғы Жолдауында Елбасы төмендегідей бағыттарды атап көрсетті:

- тұрғын үйдің қолжетімділігі мен сапасы;

- мемлекеттік  қызметшілер мен бюджеттік сала  қызметкерлеріне тұрғын үй құрылыс  жинақ қорлары жүйесі арқылы  жылына 4%-дан аспайтын пайыздық мөлшерде алдын-ала тұрғын үй займдарын беру;

-  жалдамалы  тұрғын үй құрылысына көңіл  бөлу;

- құрылыс компаниялары  қызметінің ашықтығын қамтамасыз  ету және осы саладағы бәсекелестікті  арттыру;

- тұрғын үй  құрылысына үлескер-қатысушылардың құқықтарының қорғалуын күшейту;

- жеке-дара тұрғын  үй құрылысын ынталандыру мақсатында  жер учаскелерін беру мен рәсімдеу  ережелерін жеңілдету;

- жеке-дара тұрғын  үй құрылысының өнеркәсіптік, арзан  және экологиялық таза технологияларын  игеру;

- алдыңғы қатарлы шет елдік тәжірибені қолдану қажеттігі.

Тұрғын үй саласы – бұл тұрғын үй нысандарына жеке меншік үстемдік ететін халық шаруашылығының ерекше тармағы. Тұрғын үй саласының  нысандары жылжымайтын мүліктер рыногының негізін құрайды. Бүгінгі  күні аталған рынок бизнестің табысты түріне айналды. Сондықтан да, Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүліктер рыногының қарқынды дамуы осы салаға инвестиция салуға дайын мемлекеттің, көптеген бизнес-құрылымдардың назарын өзіне аударуда.

Рынок жағдайында құрылыс, өндірістің басқа салалары сияқты, капитал қарқынының еркіндігі мен меншіктің әрбір нысанының дербестігімен байланысты жаңа экономикалық мазмұнға ие болды. Сондай-ақ, жаһандық экономикалық дағдарыс салдары құрылыс кешені кәсіпорындарын өндірістік-шаруашылық қызмет жүргізуде жаңа әдістер қолдануға, қаржы көздерін іздестіруге, басқару тәсілдерін өзгертуге мәжбүрлеп отыр.

Құрылыс саласына инвестиция салу инвестициялық жобалаумен тікелей байланысты. Жобаға салынған инвестицияның тиімділігін бағалау  жобалау жұмыстарының тәжірибесінде маңызды және қажетті құрамдас бөлім болып табылады. Оған тұрғын үй құрылысы саласындағы инвестициялық-құрылыстық қызметке кері әсерін тигізетін бірқатар факторлар ықпал етеді, атап айтқанда: тұрғын үй саласының әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздыққа барынша бейім болуы; әдістемелік және нормативті қамтамасыз етудің жаңа шарттары мен талаптарына сәйкес болмауы; тұрғын үй құрылысында құрылыс қызметін реттеу мен басқарудың экономикалық әдістерінің жетілдірілмеуі; құрылыста және пайдалануда келісім-шарттық жүйенің дамымауы (тұрғын үй құрылысы саласында маманданған ұйымның болмауы); инвестициялық-құрылыстық қызметке қатысушылар құрамының қызығушылықтарының толық ескерілмеуі; ұйым қызметін жобалауды ұйымдастыру тәжірибесінің және тәсілдерінің жетілдірілмеуі және т.б.

Инвестициялық қызмет мақсаттылығының экономикалық дағдарыс кезіндегі әдістемесі рыноктық экономиканың талаптарына негізделеді, сондықтан инвестиция немесе  мақсаттылығының  критерийі оның тиімділігін бағалау  болып табылады.

Аталған және басқа да себептер мәселенің өзектілігін анықтайды және тұрғын үй саласы нысандарын жобалау мен құрылысының тиімділігін бағалауды тереңдетуге бағытталған зерттеулер жүргізуді қажет етеді.

Мәселенің зерттелу дәрежесі. Экономикалық ғылымда тұрғын үй саласындағы жобалық шешімдерді бағалаудың негізгі тұстары келесі шет елдік ғалымдардың еңбектерінде талданған:  П.Ст. Батлер, Беренс В., Гиттинджер Дж., Дж. Дэниелл, Джек У., Самуэльсон Т., Фридман Д., Харбергер А., Эрланг А. және т.б.. 

Жобалық шешімдер қабылдау теориясын жасақтауда және тұрғын үй саласын реформалау мәселелерін зерттеуде ТМД елдерінің экономист-ғалымдарының еңбектері қомақты үлес қосты, мұндай ғалымдарды атап айтар болсақ: Арсланова З., Бузова И.А., Довдиенко И.В., Зайнуллина Т.Г., Корнай Я.И., Лукьянова Н.Г., Масянова Н.Н., Мелкумов Я.С., Пустоваров Э.А., Рахман И.А., Стулов А.В., Черняк В.З., Яско В.Л. және бірқатар басқа да ғалымдар.

Тұрғын үй секторының тиімді даму негіздеріне теориялық  және тәжірибелік үлес қосқан келесі қазақстандық ғалымдардың еңбектерін атап өтуге болады: Ж.М.Адилов, И.А.Аитов, Р.А.Алшанов, Е.М.Арын, Т.А.Әшімбаев, У.Б.Баймұратов, А.К.Ералы, А.Еремин, Д.К.Еринчинов, Е.Б.Жатқанбаев, Л.Б.Кулумбетова, А.Қ.Қошанов, Р.К.Ниязбеков, К.А.Сағадиев, А.М.Сейтқазиева, А.А.Сурабалдинов, К.Тұрысов, Т.М.Утин, Л.М.Шаекина, Ү.Ж.Шалболова, Ө.Қ.Шеденов, Чанг Чунг Нгиа және т.б.

Тұрғын үй саласы жобаларын бағалау механизмін жетілдірудің қаржылық, статистикалық, сақтандыру, ұйымдық-салалық және экономикалық негіздерін онан әрі зерттеу, тиімділікті арттыру шарттарын қалыптастыру және оларды  шаруашылық субъектілерін басқаруда қолдану қажеттілігі диссертациялық зерттеудің тақырыбы мен бағытын айқындайды.

Зерттеудің  мақсаты мен мәселелері. Диссертациялық жұмыстың мақсаты – тұрғын үй құрылысы нысандарын жобалау тиімділігін бағалаудың ұйымдастырушылық-әдістемелік негіздерін жасақтау және тұрғын үй саласындағы жобалау мен құрылыс тиімділігін бағалау жүйесі элементтерін жетілдірудің теориялық және ғылыми-тәжірибелік ұсыныстарын негіздеу болып табылады.

Диссертацияның  мақсатына және тұрғын үй саласындағы  жобалық шешімдердің тиімділігін  бағалаудың ұйымдық-әдістемелік бағыттарына  сәйкес, келесі мәселелер қойылды:

- тұрғын үй саласында жобалық шешімдердің тиімділігін бағалаудың теориялық және әдістемелік ережелерін зерттеу;

- тұрғын үй  құрылысы нысандары жобалау жүйесі  мен жобалық шешімдердің қазіргі  заманғы даму үрдістерін талдау;

- жобаларды бағалаудың әдістемелік бағыттарын негіздеу және тұрғын үй саласы дамуының шет елдік тәжірибесін  нақтылау;

- Қазақстан  Республикасында тұрғын үй рыногының  қазіргі жағдайын талдау және  тұрғын үй рыногының дамуын  тұрғын үй бағытындағы құрылыс  нысандарына әсер етуші факторлар  негізінде даму үрдістерін анықтау;

- Қызылорда  облысындағы тұрғын үй құрылысының  және тұрғын үй рыногының дамуына баға беру;

- тұрғын үй  нысандары құрылысын жобалаудың  экономикалық тиімділігін айқындау;

-   тұрғын  үй саласын онан әрі дамыту  жөнінде ұсыныстар жасау;

-   тұрғын  үй саласында жобаларды бағалаудың  оңтайлы моделін жасақтап, ұсыну.

 Зерттеудің ғылыми жаңалығын төмендегілер құрайды:

- экономикалық  ғылымдағы жобалық шешімдердің  тиімділігін бағалаудың теориялық  және әдістемелік ережелері негізінде  тұрғын үй саласына қатысты  жобалардың тиімділігін бағалаудың  тұжырымдамалық бағыттары жасақталып, ұсынылды;

- Қазақстан Республикасының  тұрғын үй рыногына кешенді  талдау жүргізілді, талдау негізінде  тұрғын үй саласының даму бағыттары  мен мүмкіндіктері айқындалды;

- тұрғын үй  құрылысы нысандарын жобалық  шешімдердің тиімділігіне бағалау  жүргізілді және баламалы нұсқалар қатарынан ұтымды нұсқаны бағалау мен таңдау бойынша ұсыныстар жасалды;

Информация о работе Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау