ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
І. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ
ЕСЕБІ 5
1.1 Инвестицияның
мәні және оның түрлері 5
1.2 Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын
заңды тұлғалардың инвестицияларының
есебі 7
1.3 Инвестициялық қорлардың түрлері: ашық
және жабық инвестициялық қорлар және
олардың ерекшеліктері 10
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ
ТАЛДАУ 25
3.1 Қазақстандағы
инвестициялар жағдайының көрсеткіштері
25
3.2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық
саясатты жетілдіру жолдары 28
ҚОРЫТЫНДЫ 33
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 35
Кіріспе
Еліміздің инвестициялық
аспектісі ірі салымдары қаржыландыру
үшін жағдайлар жасауға, тауар өндіру
және қызмет етуді жоғары тиімділікпен
нарық қатынастары субъектілерінің
сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға
бағытталуы тиіс.
Қазақстан экономикасын тұрақтандыру
және дамытудың маңызды жолдарының бірі
– инвестициялық қызметті ұлғайту, ең
алдымен еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру
және көбірек тиімді пайдалану болып табылады.
Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан
Республикасына Жолдауында өтпелі кезеңнің
қиындығын және XXI ғасырдағы республиканың
бет бейнесі айқын көрсетілді. Болашақта
Орталық Азиядағы Барыс болу үшін, халықтың
әл-ауқатын және қауіпсіздігін қамтамасыз
ету үшін экономикалық күш-қуатты арттыру
керек. Осы мақсатқа байланысты жеті стратегиялық
басым бағыттарды жүзеге асырудың бір
көзі – шетел инвестициясын пайдалану.
Әрине Қазақстанның халықаралық байланыстары
осы кезеңде де алдымен жақын көршілеріміз
– Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және басқа
да ТМД елдерін қамтиды. Бірақ ірі трансұлттық
капиталды, ҚХР, Батыс және Шығыс елдері,
Мұсылман әлемімен де экономикалық қтынастар
ұлғаяды. Мұны біздің республиканың геосаяси,
геоэкономикалық, географиялық жағдайлары
талап етеді.
«Қазақстан – 2030» стратегиясында Н. Ә.
Назарбаев халықаралық қатынастардың
мынадай маңызды бағыттары мен факторларын
атады: - қуатты сыртқы күштер келешегімізді
айқындауға сөзсіз елеулі рөл атқаратын
күннен-күнге өсе түскен ауқымдану мен
ұлғайып келе жатқан өзара тәуелділік
дәуірде өмір сүріп отырмыз; - шетел инвестициялары
мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары
ашық нарықтық экономикаға негізделген
экономикалық өсу; - Ұлттық қауіпсіздікке
Ресей, ҚХР, Орта Азия, Таяу және Орта шығыс
елдерінің, АҚШ, БҰҰ, Халықаралық валюта
қоры, Дүниежүзілік Азия, Еуропа, Ислам
даму банктерінің, халықаралық институттардың
қолдауларын барынша пайдалану. Кәсіпорын
– түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан
(негізгі, көмекші, қосымша, қосалқы және
эксперименттік) тұратын күрделі механизм.
Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа,
ауыл шаруышылығына және өндірістің басқа
да салаларындағы шаруашылық субъектісіне
мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты
түрінде, яғни капитал түрінде салынып
ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп
дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың
жиынтығын айтады.
І. ИНВЕСТИЦИЯ ТУРАЛЫ
ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 Инвестицияның мәні және оның түрлері
Инвестицияның
көзі болып жаңадан жасалған қосымша
құнның, яғни таза табыстың пайдаланылмай
сақталған бір бөлігі саналады. Басқаша
айтатын болсақ, инвестиция көзі –
жаңадан жасалынған құн немесе таза
табыстың сақталатын бөлігі болып табылады.
Шаруашылық субъектілері немесе кәсіпкерлер
инвестицияны өзінің таза табысының
есебінен, өзін-өзі қаржыландыру немесе
ол үшін сырттан несие алу арқылы
жасайды. Тағайындалу түрлері бойынша
инвестициялар нақтылық және қаржылық
инвестиция болып екі түрге бөлінеді.
Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық
субъектісіндегі белгілі бір материалдық,
өндірістік қорлардың, яғни активтердің
өсуіне, дамуына жұмсалыну үшін салынатын
салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік
қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға,
облигацияларға және басқадай құнды қағаздарға
банктердің депозиттеріне салынған салымдар
болып табылады.
Қазіргі өндіріс үшін ұзақ мерзімді факторлардың
маңызын өсуі ерекше. Егерде кәсіпорын
ойдағыдай жұмыс істейтін, өндіріс қуаттарын
кеңейтетін, өзінің шығарған өнімдерінің
бәсекеге жарамдылығын арттыратын және
рынокта өзінің жайғасынын нығайтатын
болса, онда капитал салу қажет және оны
салу пайдалы. Сондықтан да оған инвестициялық
стратегияны мұқият әзірлеп жоғарыдағы
айтылған мақсаттарға жету үшін оны үнемі
жетілдіріп отыруы қажет. Кәсіпорынның
инвестициялық екі біріктіруден анықталады:
көлемі және ресурстар сипаты, сол сияқты
нарыққа және бәсекеге жарамдылығы. Бұл
екеуінің біріктілігін талдау кәсіпорының
стратегиясын қисынға келтіруге мүмкіндік
береді.
Қандай да бір кәсіпкер құрылысты салу
үшін қаржы керек етеді. Мұндай жағдайда
құрылыс нақты инвестицияның объектісі
болып табылады. Кәсіпкер бұл құрылысты
қаржыландыру үшін өзінің акцияларын
шығарып, басқа біреулерге сатуы мүмкін.
Сөйтіп бұл мысалда кәсіпкердің құрылысқа
салған салымы нақты инвестиция, ал қатысушының
акцияны сатып алуға жұмсаған шығыны қаржылық
инвестиция болып саналады.
Жоғарыда аталған инвестицияның қай түрінің
болмасын алдына қойған мақсаты салым
салған саланы, өндірісті дамыту, ондағы
өндірілетін өнімдердің, дайындалатын
бұйымдардың сапасын барынша жақсарту,
яғни олардың халықаралық стандартқа
сай етіп сыртқы рынокта сата алатын дәрежеге
жеткізу, өндіріске жаңа техникалар мен
технологияны қолдану арқылы табыс табу
болып табылады.
Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне
қарай мынадай категорияларға жіктеледі:
а) қысқа мерзімдік – иелену мерзімі бір
жылға дейін;
ә) ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі бір
жылдан артық.
Жылжымайтын мүліктерге салынған ивестицияларды
иеленуші субъектілер ұзақ мерзімдік
ретінде есептейді.
1.2 Еншілес, тәуелді
және бірлесіп бақыланатын заңды
тұлғалардың инвестицияларының
есебі
Қазақстан Республикасының
Азаматтық Кодексіне сай шаруашылық
тараптарды серіктестігі, егер басқа (негізгі
немесе бас) шаруашылық серіктестігінің,
оның жарғылық капиталындағы үлесінің
басымдылығына байланысты немесе олардың
өзара келісіміне орай немесе өзгеше
жолдармен, шешімдерді айқындауға мүмкіндігі
болса, онда ол еншілес деп есептелінеді;
тәуелді акционерлік қоғам, яғни
бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар
деп жасалған келісімдер нәтижесінде
инвестицияланған объектіге қатысты
қаржылық және өзге аспект деңгейін анықтау
құқығына ие болған басқа заңды тұлғалардың
ықпалына түсіп қалған серіктестерді
айтамыз.
Инвестициялардың есебі 2000 «Инвестициялар»
бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі,
оның құрамына мынадай синтетикалық шоттар
кіреді: 2120 «Еншілес серіктестерге салынған
инвестициялар», 2140 «Тәуелді серіктестіктерге
салынған инвестициялар», 2130 «Бірлесіп
– бақыланатын заңды тұлғаларға салынған
инвестициялар», 2180 «Басқа инвестициялар».
2120-2180 шоттар активті және күрделі болып
келеді. Талдамалы (аналитикалық) есеп
инвестицияланған кәсіпорындар мен инвестициялар
түрлері бойынша жүргізіледі.
Инвестицияларға есеп жүргізілгенде төмендегідей
әдістер қолданылады:
Үлестік қатысу әдісі - инвестицияларды
иеленген мезетте сатып алу құнымен көрсетіп,
кейінірек тәуелді шаруашылық серіктестерінің
таза активтеріндегі өзгерістерде инвестордың
үлесі мойындалуына байланысты олардың
құнының өсуін (кемуі) есепке алу әдісі.
Тәуелді шаруашылық серіктестестігінің
таза кірісінде (шығынында) инвестор үлесінің
өзгеруі қаржылық – шаруашылық қызмет
туралы есепке табысқа жатқызылады.
Үлестік қатысу әдісін қолданған кезде
инвестициялардың баланстық құны тәуелді
шаруашылық серіктестіктерінің таза табысындағы
инвестордың үлесін сараптағандағы өсуі
(кемуі) табысқа жатқызады.
Еншілес ұйымдардың жинақталған таза
табысының жалпы сомасынан тиісті дивидендтер
инвестициялардың баланстық құнын кемітеді.
Еншілес ұйымдардың шаруашылық серіктестігінің
активтерінің қайта бағалануына байланысты
инвестордың үлесінің өзгеруі, инвестициялардың
баланстық құнын көтереді (кемітеді) және
меншікті капиталдың бөлімшесінде көрсетеді.
Инвестор өзінің еншілес ұйымдардың таза
табысында үлестік қатысын қайта жаңғыртуға,
тек таза табыс үлесі, таза шығындар үлесіне
тең болғанда ғана мүмкіндік алады.
Құн әдісі - инвестицияларды иелену мезетінде
сатып алу құнымен көрсетілетін есеп әдісі.
Инвестордың қаржылық – шаруашылық қызметінің
нәтижелері туралы есепте, инвестиция
табысы деп, тәуелді шаруашылық серіктестігінің,
жинақталған жалпы таза табысының сомасынан
тиісті дивидендтердің мөлшері алынғаннан
кейін барып мойындалады. Инвестицияланған
кәсіпорын өте қатаң, ұзақ мерзімді, шектеулі
жағдайларда жұмыс істеп, инвесторға табыс
бере алу қабілеті төмен болса, инвестицияға
иеліктің құны сатып алу құнымен есептеледі.
Мұндай шектеулерді тудыратын төмендегідей
себептер: реттеуші органның бақылауында
болса, кәсіпорын дивидендтері бөлу аспектісіне
араласуы мүмкін; кәсіпорын өз қызметін,
дивидендтерді (табыстарды) шетелге аударуға
шек қойылған немесе валюта бағасы жедел
кеміп кететін елде жүргізілуі мүмкін.
Еншілес ұйымдардың шаруашылық серіктестігіне
инвестициялар оларды болашақта сату
мақсатында алғаннан басқа жағдайда үлестік
қатысу әдісі бойынша біріктірілген қаржылық
есепте есептеледі; тәуелді шаруашылық
серіктестігі инвесторға қаражат беру
қабілетін төмендететін қатаң ұзақ мерзімді
жағдайда жұмыс істейді. Бұл жағдайда
олар құн әдісімен есептелуі тиіс.
Бөлек қаржылық есеп-беруді жүргізуші
инвестор, еншілес ұйымдарға біріктірілген
қаржылық есеп – беруді жасаған кезде,
тек өзінің инвестициясы туралы мәліметті
ғана беруі керек. Біріктірілген қаржылық
есеп-беруді жасамайтын инвестордың есебі,
жеке қаржылық есеп беруден тұрғанымен,
ол мынадай жайларды ескереді: үлестік
қатысу әдісімен немесе құн әдісімен (тәуелді
шаруашылық серіктестігі қатал ұзақ мерзімді
шектеулер жағдайында қызмет істесе немесе
инвестициялар жақын болашақта сату мақсатында
алынса); сатып алу құнымен немесе қайта
бағалау құнымен немесе ұзақ мерзімді
инвестицияларды есепке алудың қабылданған
есеп саясатына сай сатып алу мен ағымдағы
құнының ең төменгі бағасы бойынша есептеледі.
1.3 Инвестициялық
қорлардың түрлері: ашық және жабық инвестициялық
қорлар және олардың ерекшеліктері
Қорды басқару және қызмет етуге келесі
ұйымдар қатысады:
• компанияны басқарушылар қор мүліктерін
басқарады, инвестициялық шешімдер қабылдайды,
инвестицияларға әкімшілік қызмет етеді;
бас-қарушылар сату процесін ұйымдастыру
үшін (кері сатып алу) орналастыру бойынша
агенттерді қатыстырады;
• қор активтерін сақтаушы (қор типтеріне
және елге (мемлекетке) байланысты — қамқоршы
депозитаршы, кастодиан) мүлкіне қатысты
қор бойынша компанияларды басқарушылардың
іс-әрекеттерінің заңдылық функцияларын
бақылауды жүзеге асыра отырып, қор мүліктерінің
есебін жүргізеді және сақтайды; қор активтерінің
номиналды ұстаушысы болып табылады, қор
мүлкімен басқарушының нұсқау ережесі
бойынша мәмілелер жасалады;
• тіркеуші — қордың бағалы қағаздар
иелерінің реестрін жүргізеді, кейде тіркеу
функцияларын компанияның басқарушысы
жүзеге асырады;
• аудитор — есептің дұрыс жүргізілуін
және өздеріне сәйкес елдегі (мемлекеттегі)
сектордың есеп беруін тексереді, бірақ
олардың мақсаты барлық жерде бірдей.
Қорларды негізгі екі параметр бойынша
ажыратады - заңды және операционды құрылым.
Қорлар құрылымы бойынша корпаративті,
трасталық және келісім-шартты болып бөлінеді.
Корпоративті қорлар. Ең кең тараған Қорлардың
типі — корпоративті, ол акционерлік қоғам
тәріздес құралады, басқа компаниялардың
облигацияларын өздерінің акционерлерінің
атынан инвестициялауды жузеге асырады;
бұл инвестициялардан түскен табыс, қор
акционерлерінің арасында дивидендтер
түрінде бөлінеді ал олардың акция пакеттерінің
құны қор инвестициясының құнындағы өзгерістерге
сәйкес өседі (немесе төмендейді). Корпоративті
қордың иесі акционерлер болып табылады,
оны компанияның директоры олардың атынан
басқарады. Қордың инвестициялық портфельдік
басқаруын компанияның тәуелсіз басқарушысы
жүзеге асырады.
Трасталық қорлар. Трасталық қордың қызметінің
негізінде қор активтерінің және қордың
жариялаған қызметінің мақсаттарының
аман сақталуына жауап беретін, қамқоршысы
мен қордың басқарушы компаниясы арасындағы
нақты бөлініс жатыр. Қамқоршымен келісім-шарт
бойынша басқарушы компания қордың инвестициялық
портфелін басқарады, тәртіп бойынша,
әкімшілік процедураларды жүзеге асырады.
Мұндай функциялардың бөлінісі қор мен
оның инвесторлары үшін қорға жетекшілік
етудің қосымша қорғау құралы болып табылады.
Трасталық типті қорлар Ұлыбританияда
және Ұлыбританияның бұрынғы колониялары
мен Австралия сияқты, британдық жалпы
құқығы бар елдерге кеңінен тараған; бұл
нысан сирек болса да Америка Құрама Штаттарында
пайдаланылады.
Келісім-шарттық қорлар. Кейбір елдердің
заңдары бойынша ұжымдық активтерді басқару
үшін трасталарды жасауға рұқсат етілмейді,
бұл мемлекеттерде (негізінен романо-германдық
құқық немесе азаматтық кодекс жүйесімен)
ол үшін қордың келісім-шарттық нысаны
жасалынған. Мұндай нысан кезінде қор
активтерінің заңды иеленушісі болып
не басқарушы, не ұйымдасқан инвесторлар
болып табылады. Активтердің сақталуына
жауап беретін көбінесе банк немесе басқа
кредиттік институт, еншілес құрылымы
немесе оның бөлімшесі басқарушы болып
табылады. Активтерді сақтау функциясымен
қордың басқару функцияларын бөлу кредиттік
институттардың жоғары репутациясымен
және реттеушілер жағынан олардың үстінен
қатаң бақылау арқылы жүзеге асырылады.
Инвесторлардың өздері - акционерлер емес,
дивидендтермен және капиталдың өсуін
алуға құқықтары бар қатысушылар, бірақ
дауыс беру құқықтары жоқ. Олар пайдалана
алатын жалғыз құқық — ол өздерінің активтерін
сату құқығы, егер оларға ол қорды басқару
ұнамаса, одан шығып кете алады. Қорлардың
бұл типі Германия және Францияда қолданылады.
Операциондық көзқарас бойынша жабық
және ашық типтегі қорлар болып бөлінеді.
Жабық типтегі қорлар. Мұнда акциялардың
нақты белгіленген саны болады, акционерлік
қоғамдағы сияқты акциялардың саны, заңдасқан
нысанда құрылады. Сондықтан, қордың акцияларын
қаңдай да бір тұлға алатын болса, олардың
осыған сәйкес саны басқа тұлға арқылы
сатылуы керек және бұл операция қор биржасында
акцияларды жай қолдан-қолға беру ретінде
жүргізіледі. Қосымша акцияларды жасау
және шығару немесе акцияларды жою үшін
сатып алу, әдетте акционерлердің келісімін
талап етеді.
Ашық типтегі қорлар нақтылы белгіленген
капиталы бар жабық типтегі қорға қарағанда
олардың капиталы өзгермелі болады. Акциялар
сатушылар және сатып алушыларға байланысты
әрдайым шығарылып және жойылып отырады.
Осындай тәсілмен қор капиталының өсуі
немесе төмендеуіне акционерлер жиналысын
ұйымдастырмай-ақ уақытымен азая немесе
кеңейе алады. Ашық типтегі қордың акцияларын
қорлардан сатып алуға болады немесе тұрақты
түрде көбінесе күн сайын сатуға ұсына
алады.
Инвестициялық қорлар қызметісіне қатысы
бар ең негізгі көрсеткіштердің бірі болып
қордың барлық таза активтері - қордың
нарықтық бағамен бағаланған барлық активтерінің
белгіленген процедуралары мең қордың
барлық міндеттемелері болып табылады.
Қор-дың бір акциясына (жарнапұл) есептегендегі
таза активтердің құнын акция құны (жарнапұл)
деп атау қабылданған. Бұл көрсеткіштер
келесі түрде есептелінеді:
Қордың таза активтерінің құны (ТАҚ) = Қордың
барлық активтері - Қордың барлық міндеттемелері;
Акция құны (жарнапұл) = Таза активтер құны/
айналымдағы акциялар (жарнапұл) саны
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ТАЛДАУ
3.1 Қазақстандағы инвестициялар жағдайының
көрсеткіштері
Инвестиция тартуға
байланысты атқарылып жатқан жұмыстар
да жеміссіз емес. Қала бойынша бүгінде
әлімнің 52 елінің серіктестерінің қатысуымен
құрылған 127 біріккен және 218 шетелдік
кәсіпорындар жұмыс істейді. Атқарылған
жұмыстың нақты көрсеткіші ретінде
- қала экономикасындаға инвестициялардың
көлемі 2,9 млрд. – тан астам АҚШ
долларын құрады. Өткен жылдың қорытындысына
қарай, негізгі қорды инвестициялар
134185,6 млн. тенгені құрады, бұл дегеніміз
925,5 млн. АҚШ долларына жуық қаржы.
Астана қаласында шетелдік компаниялар
ұсынықты жұмыс істеуде. «Ахсель Холдинг»
компаниясының өз қаражаты есебінен «Ахсель»
бизнес орталығы мен «Рамстор» сауда үйі
салынды. «Окан Холдинг» компаниясымен
салынған «Окан – Интерконтиненталь -
Астана» бесжұлдызды қонақүйі келушілерге
қызмет көрсетуде. «Испат - Кармет» ашық
акционерлік қоғамы жалпы құны 2 млн. АҚШ
долларын құрайтын «Аквапарк» ойын –
сауық кешеннің құрылысын аяқтады. Ұлыбританияның
«Фитцпатрик Констракторс» компаниясы
тарапынан 241 орынға арналған қазіргі
заманғы аурухана салынды.
Жапон халықаралық ынтымақтастық банкісі
заемының қаражаттарынан «Астананың халықаралық
әуежайын қайта жаңғырту» жобасы қаржыландырылуда.
Тұрмыстық қалдықтарды жою жүйесін жаңғырту
жобасы Испан үкіметінің заемы қаражаттарының
есебінен жүзеге асырылады.
Жапон Банкісінің елордалық инвестицияға
салған қаржы көлемі 185 млн. АҚШ долларын
құрайды. Оның ішінде «Астана қаласын
сумен жабдықтау және су шығару» жобасын
жүзеге асыруға бағытталған қаржы – 165
мың. долларға жеткен.
Шет мемлекеттердің және тікелей шетелдік
инвестициялардың гранттары есебінен
қалада бұған қоса 6 жоба – 3 әкімшілік
ғимарат, Ислам мәдени орталығы салынуда,
дипломатиялық қалашық, цирк ғимараты,
екніші кезектегі «Думан» ойын – сауық
орталығы және тағы да басқа нысандар
бой көтеруде. Бұдан тыс 35 мың көрерменге
арналған стадионның құрылысы, әлеуметтік
– мәдени нысандарға арналған бірнеше
тұрғын үй кешендері мен нысандарының
құрылысы жоспарлануда. Астананы дамытудың
бас жоспарына сәйкес Есілдің сол жағалауындағы
нысандары мен инженерлік желілердің
дамуына бағытталатын инвестиция 238,6 млрд.
теңгені құрап отыр.
Инвестиция деп қаражаттарды ұзақ мерзімге
белгілі бір салаға пайда табу мақсатында
салуды білдіреді. Инвестициялық қызмет
ке банктер делдал ретінде қатысады. Банктер
өздерінің инвестициялық қызметінде тиімді
инвестициялық саясат жасай отырып жүзеге
асырады. Банктердің инвестициялық саясаты
инвестиция портфелін басқару бойынша
стратегияны құру және іске асыру шараларын,
қалыпты қызметті, табыстылықты арттыру,
банк балансының өтімділігін қамтамасыз
ету бағытында портфельді және тіура инвестициялардың
оптималды құрылымына жетуді білдіреді.
Банктың инвестициялық саясаты банктың
банктың басқармасымен жасалады. Инвестициялық
саясаттың басты элементтерінің бірі
– банктың валюта - қаржылық портфелін,
соның ішінде инвестициялық портфелін
басқарудың тактикасы мен стратегиясын
жасау болып табылады.
Еліміздің инвестициялық аспектісі ірі
салымдары қаржыландыру үшін жағдайлар
жасауға, тауар өндіру және қызмет етуді
жоғары тиімділікпен нарық қатынастары
субъектілерінің сұраныстарына сәйкес
ұлғайтуға бағытталуы тиіс. Қазақстан
экономикасын тұрақтандыру және дамытудың
маңызды жолдарының бірі – инвестициялық
қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің
ішкі резервтерін жұмылдыру және көбірек
тиімді пайдалану болып табылады. Қазақстан
тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап
экономикалық жағдайда тұрақтандару,
ішкі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз
ету және инвестициялар тарту жөніндегі
саясатты белсенді жүргізе бастады. Қазіргі
уақытта жүргізілген нарықтық экономиканың
оң нәтижелерін айқын көруге болады. Мәселен,
Халықаралық валюта қорының мәліметтері
бойынша 2001 жылы Қазақстан жан басына
инвестиция тару көрсеткіші бойынша ТМД
елдері ішінде алғашқы орындардың бірін
иеленді. Еліміздің инвестициялық аспектісі
ірі салымдарын қаржыландыру үшін жағдайлар
жасауға отандық және шетелдік қаражаттарды
келтіруге, тауар өндіру және қызмет көрсетуді
үлкен тиімділікпен нарық қатынастары
субъектілерінің сұраныстарына сәйкес
ұлғайтуға бағытталуы тиіс. Жеке инвесторлар
Мемлекеттік инвесторларға қарағанда
коммерциялық табысты көбейтуге өте құштар.
Олар тауарларды және қызмет көрсетуді
сұраныстарымен ұштастыра отырып арттыруға,
өндірістің түрлі жобаларымен нағыз тиімділерін
пайдалануға тырысады. Міне, сондықтан
да, жеке инвесторлардың өндірісті дамыту
белсенділігін қолдай отырып, мемлекет
тарапынан оларға қолайлы жағдайлар жасауға,
атап айтқанда, салық салу, несие беру,
кедендік пошлиндер жағынан едәуір жеңілдіктер
беруге тиіс. Қазақстан үкіметі 1996 жылы
1996-1998 жылдарға арналған мемлекеттік инвестициялық
бағдарлама қабылдады. Бұл бағдарламаға
қаржылық секторды, құқықтық реформаны,
мұнай және газ өнеркәсібін, су ресурстарын,
энергетика, көлік, ауыл шаруашылығын,
құрылысты, коммуналдық шаруашылықты,
шұағын және орта бизнесті қолдауды дамытудың
жобалары енгізілді.
3.2 Қазақстан
Республикасындағы инвестициялық
саясатты жетілдіру жолдары
Көптеген елдерде ивестициялық банктердің
қызметін басқа да қаржылық – несиелік
мекемелер немесе коммерциялық банктер
атқарады.
Қазақстан Республикасында да мұндай
банктердің функцияларын негізінен Қазақстан
Республикасының банк жүйесінің екінші
деңгейдегі банктері атқарады. Бірақ Қазақстан
Республикасының коммерциялық банктері
бірінші типті банктердің операцияларын
жүзеге асыру өз деңгейіенде болып отырған
жоқ. Коммерциялық банктің салымдық қызметінің
мақсаты – қаражаттардың сақталуын, диверсифискация,
табыс пен өтімділікті қамтамасыздандыру
.
Біраз уақыт бұрын отандық банктердің
атына олардың нақты экономика секторындағы
шаруашылық субъектілермен қатынастары
туралы қатаң сын айтылған болатын. Қазақстанның
экономикасына айналым және салымның
қаражаттардың тапшылығын банктердің
несиелері қанағаттандырмады.
Бұл жағдай 2000 жылдан бастап жақсара бастады.
Банктер қаржы нарығының неғұрлым активті
және капиталды қатысушылардың бірі болды.
Қазақстандағы бір банктің орташа капиталы
валюта эквивалентінде шамамен 30 млн.
АҚШ долларын құрайды. 2003 жылы банк активтерінің
60 % нақты экономика секторына жіберілді,
өндірістің дамуымен және банктердің
ресурстық базасының артуымен банктер
нақты экономика секторын несиелеуге
белсенді қатысуын көрсетеді.
2002 жылы экономиканы дамытуға кеткен несиелердің
көлемі 672,4 млрд. тенге, шетел валютасында
4,3 млрд. АҚШ долларын артық болды. Ал 2003
жылдың қазан айындағы мәліметтер бойынша
банктердің экономикаға бағытталған несиелерінің
жалпы көлемі 924,3 млрд. теңгені құрады,
бұл 6,25 млрд АҚШ долларынан артық.
Сонымен экономиканы инвестициялауда
банктердің инвестициялық қызметі өте
маңызды. Қазақстанда банктер тарапынан
экономикаға қаражаттарды бөлу көбінесе
несиелер түрінде болып отыр. Банктердің
қаржылық салымдарға қызығушылығын арттыру
жолдарын қарастыру керпек. Жинақтаушы
зейнетақы қорларының активтерін нақты
экономиканы қаржыландыруға жұмсалу жағдайларын
қарастырған жөн.
Инвестициялар. Мемлекет қазіргі таңда
шетелдік капиталды кең көлемде тарта
түсуге, осы үшін кешенді қолайлы факторларды
орнатуға бағыт ұстап отыр. Қазақстандағы
салымның іс-әрекет қаржыландырудың ішкі
және сыртқы көздерінің арқасында өндіру
процесін жандандыруға бағытталған.
Әлемдік банктің Қазақстанды салым үшін
ең қолайлы әлемнің 20 елінің санатына
ендіруі ел экономикасының дамуына берілген
жақсы баға деуге болады. Осы орайда атап
өтер болсак, тәуелсіздігімізді жариялағалы
бергі жылдар аралығында ел экономикасына
АҚШ-тың 21 млрд. долларынан астам қаржы
тартылды.
Қазақстанның бүгінгі күнде әлемдік қауымдастықта
нарықтық экономикасы бар ел ретінде мойындалғанын
атап кету қажет және еліміз ТМД елдерінің
арасында бірінші болып инвестицияның
рейтингке ие болды.
Қазақстан экономикасына келген инвестициялық
салым, мұнай-газ саласын қоса есептегенде,
2003 жылдын қаңтар — қыркүйегінде 729,6 млрд
теңгені құрады, ал бұл, 2002 жылдың сондай
айдағы көрсеткішімен салыстырғанда 10,8
%-ке артық ( 1 – Кестеде көрсетілген).
Кесте 1
Қазақстан экономикасына 2002—2003 жж. Қыркүйек
- желтоқсан айларында түскен инвестиция
ағымы
Қыркүйек - желтоқсан 2003 717,0
Қыркүйек - желтоқсан 2004 ж 547,0
Қыркүйек - желтоқсан 2005 ж 615,0
Қыркүйек - желтоқсан 2006 ж 797,6
Қ.Р. Статистикалық.
агенттік мәліметі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
бюджетіне түскен кіріс көлемі, еліміздің
қаржы министрлігінің мәліметі бойынша
2005 жылдың соңына дейін 838,7 млрд тенгені
құрады, бұл 2003 жылдық аталмыш кезеңімен
салыстырғанда 26,2 % артық, ал шығындар
мен несиелеу — 859,7 млрд теңгені құрады
(35,1% артык). Бюджет дефициті 21 млрд теңгені
құрады.
Ел экономикасының приоритетті салалары
мұнай мен табиғи газ өндіру (негізгі капиталдағы
инвестицияның жалпы көлемінін 44%), көлік
және байланыс (19%), козғалмайтын мүлікпен
операция (9%), өндеу өнеркәсІбІ (8%) болып
табылады .
Екінші деңгейдегі банктердің экономика
саласына салған кредиттік инвестиция,
ұлттық банктің мәліметі бойынша 2003 жылы
924,3 млрд. теңгені құрады, және олардын
тұрақты өсуі байқалуда. Кредиттік салымдардың
жалпы көлемінде ұзақ мерзімді кредиттік
салымдардың үлесі 62,2%, шетел валютасы
салымындағы үлес 54,9% құрады. Банк жүйесіндегі
депозиттер көлемі 759,2 млрд. теңгені құрады,
бүл 2004 жылмен салыстырғанда 36,4%-ке артық,
оның ішінде түрғындардың депозиттік
салымы 319,8 млрд. теңге болды, бұл 2004 жылымен
салыстырғанда 36,7%-ке көп.
Статистикалық деректерге сүйенсек, Астана
инвестиция тарту көрсеткіштерінде республика
бойынша алғашқы бестікте келеді. Жаңа
ғасырға қарыштаған елордамызға келіп
құйылар қаржы көзінің басым бөлігі инвестицияның
үлесінде. Сондықтан да Астана қаласы
бойынша инвестициялық жобалардың мәліметтер
қорын құру жөніндегі жұмыстар сыртқы
экономикалық байланыстар желілері бойынша
жүргізілуде. Аталмыш қорға инвестициялық
жобаларды және сенімді шетелдік серіктестер
іздеудегі бизнес – жоспарлар мен жобалардың
инвестициялық сауалдамалары дайындалып,
ол таяу және алыс шет мемлекеттердің
елшіліктеріне, индустрия және сауда министрлігінің
жанындағы «Қазинвест» ҰҚ – ға жіберілуде.
Инвестиция тартуға байланысты атқарылып
жатқан жұмыстар да жеміссіз емес. Қала
бойынша бүгінде әлімнің 52 елінің серіктестерінің
қатысуымен құрылған 127 біріккен және
218 шетелдік кәсіпорындар жұмыс істейді.
Атқарылған жұмыстың нақты көрсеткіші
ретінде - қала экономикасындаға инвестициялардың
көлемі 2,9 млрд. – тан астам АҚШ долларын
құрады. Өткен жылдың қорытындысына қарай,
негізгі қорды инвестициялар 134185,6 млн.
тенгені құрады, бұл дегеніміз 925,5 млн.
АҚШ долларына жуық қаржы.
Астана қаласында шетелдік компаниялар
ұсынықты жұмыс істеуде. «Ахсель Холдинг»
компаниясының өз қаражаты есебінен «Ахсель»
бизнес орталығы мен «Рамстор» сауда үйі
салынды. «Окан Холдинг» компаниясымен
салынған «Окан – Интерконтиненталь -
Астана» бесжұлдызды қонақүйі келушілерге
қызмет көрсетуде. «Испат - Кармет» ашық
акционерлік қоғамы жалпы құны 2 млн. АҚШ
долларын құрайтын «Аквапарк» ойын –
сауық кешеннің құрылысын аяқтады. Ұлыбританияның
«Фитцпатрик Констракторс» компаниясы
тарапынан 241 орынға арналған қазіргі
заманғы аурухана салынды
Жапон халықаралық ынтымақтастық банкісі
заемының қаражаттарынан «Астананың халықаралық
әуежайын қайта жаңғырту» жобасы қаржыландырылуда.
Тұрмыстық қалдықтарды жою жүйесін жаңғырту
жобасы Испан үкіметінің заемы қаражаттарының
есебінен жүзеге асырылады.
Жапон Банкісінің елордалық инвестицияға
салған қаржы көлемі 185 млн. АҚШ долларын
құрайды. Оның ішінде «Астана қаласын
сумен жабдықтау және су шығару» жобасын
жүзеге асыруға бағытталған қаржы – 165
мың. долларға жеткен.
Шет мемлекеттердің және тікелей шетелдік
инвестициялардың гранттары есебінен
қалада бұған қоса 6 жоба – 3 әкімшілік
ғимарат, Ислам мәдени орталығы салынуда,
дипломатиялық қалашық, цирк ғимараты,
екніші кезектегі «Думан» ойын – сауық
орталығы және тағы да басқа нысандар
бой көтеруде. Бұдан тыс 35 мың көрерменге
арналған стадионның құрылысы, әлеуметтік
– мәдени нысандарға арналған бірнеше
тұрғын үй кешендері мен нысандарының
құрылысы жоспарлануда. Астананы дамытудың
бас жоспарына сәйкес Есілдің сол жағалауындағы
нысандары мен инженерлік желілердің
дамуына бағытталатын инвестиция 238,6 млрд.
теңгені құрап отыр.
Сонымен, курстық жұмысты қорыта келе,
инвестициялық шешім қабылдау мәселелері
туралы мынадай тұжырымға келдім: инвестициялық
шешім қабылдауда мынаны есте ұстау қажет:
қолда бар ақша ағыны өзіне болашақта
орын алатын өсім ағынын, яғни өсудің ағынын
қосу керек. Мысалы, жаңа жабдықты сатып
алу өзгермелі өндірістік шығынды кемітеді.
Үнемдеудің мұндай түрі қолма-қол ақша
алуға жағдай жасайды. Мынаны да айта кету
керек, амортизация қолдағы ақша қозғалысының
есебіне кірмейді.
Тәжірибеде күрделі қаржы жұмсалымының
тиімділігін бағалайтын басқа 2діс жиі
қолданылады. Оның әлдеқайда қарапайым
әдісіне өтелу мерзімінің есебі жатады.
Қорытынды
Инвестиция – экономикалық дамудың жоғары
және тұрақты қарқынын қалыптастыруды,
ғылыми – техникалық прогресс жетістіктерін
еңгізуді, инфра – құрылымды дамытуды
көздейді. Табысқа: проценттер, роялти,
дивиденттер, қысқа және ұзақ мерзімде
инвестициялар бойынша жалдық төлемдер;
қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардың
шығуының қаржылық нәтижелерін; ағымдағы
құнымен есептелген, қысқа мерзімді инвестициялар
бойынша жүзеге асырылмаған табыстар
мен зияндар; қысқа мерзімді қаржылық
инвестицияларды сатып алу және ағымдағы
құнының ең төмендегі бағасы бойынша көрсету
қажеттілігін жүзеге асыратын ағымдағы
құнға дейін төмендеуі және құнының керісінше
өзгеруі; мерзімді қаржылық инвестициялар
құнының төмендеуі; ұзақ мерзімді қаржылық
инвестициялар құнының сөзсіз төмендеуінен
түсетін табыстар түріндегі инвестициялардан
түсетін түсімдер кіреді.
Инвестицияны дамытуда ерекше рөлді кәсіпорындарды
қаржыландыруға және ұзақ мерзімге несие
беруге мамандырылған инвестициялық банктер
мен акционерлік қоғамдарды құру барысында
шығарылған акциялардың мемлекеттік пакеттерімен
айналысатын, кәсіпорындар акцияларын
ауыстыру және оны сатумен айналысатын
инвестициялық қорлар атқарады. Сөйтіп,
қорлар капиталдың экономикасында неғұрлым
пайдалы салалары мен кәсіпорынға капиталдың
құйылуына жағдай жасайды.
Сонымен қатар инвестиция экономикалық
өсудің негізгі бола отырып, елдің әлеуметтік
дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен
қатар инвестиция экономикалық дамудың
жоғарғы тұрақты қарқынын қалыптастырудың,
ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін
өсірудің, инфрақұрылымдың дамытудың
маңызды факторы болып саналады.
Нарықтың шешуші бір сипаты – қор рыногы.
Нарықтық экономика дамыған елдерде кәсіпорындар
өзіне инвестицияға керекті қаржыны қор
рыногына акция шығарып, оны сатып табады.
Өз кезегінде осы акцияны әртүрлі қаржы
қорлары (мысалы, зейнетақы , қауіпсіздендіру
қорлары) және жеке адамдар сатып алады.
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардың
ағымдағы құнының өзгеруінен алынған
табыс немесе залал олардың сол өздерінің
пайда болған кезінде танылады. Есеп саясатында
әрбір субъект қолда бар қысқа мерзімді
қаржылық инвестициялар құнының өзгерісінің
кезеңділігін көрсетуді белгілейді және
ол биржада: не баға нарығында (рыногында)
бағасы белгіленген (котируемый) құны
бойынша, не бағалы қағаздардың табыстылыққа
байланысты келісуші жақтардың белгілеген
бағасы бойынша, яғни әділ есеп айырысудың
нарықтық құны бойынша есептелінеді. Қысқа
мерзімді қаржылық инвестициялар бухгалтерлік
байланыста: ағымдағы құнымен; сатып алу
және ағымдағы құнының ең төменгі бағасымен
есептелінеді. Егер қысқа мерзімді қаржылық
инвестиция сатып алу және ағымдағы құнының
ең төменгі бағасымен есептелсе, баланстық
құны жиынтық көрсеткіш негізінде не инвестиция
түрлері бойынша, не бөлек инвестиция
негізінде анықталады. Қысқа мерзімді
инвестициялардың ағымдағы құнының өзгеруіне
байланысты алынған пайда немесе шығын,
олар пайда болған кезеңдегісімен көрсетіледі.
Сонымен, курстық жұмысты аяқтай келе,
ұсынысым: экономиканы инвестициялауда
банктердің инвестициялық қызметі өте
маңызды. Қазақстанда банктер тарапынан
экономикаға қаражаттарды бөлу көбінесе
несиелер түрінде болып отыр. Банктердің
қаржылық инвестицияларға қызығушылығын
арттыру жолдарын қарастыру керек. Сондай
– ақ, шағын және орта бизнеске инвестицияларды
бөлу шарттарын жеңілдету жолдарын іздестіру
қажет. Жинақтаушы зейнетақы қорларының
активтерін нақты экономиканы қаржыландыруға
жұмсалу жағдайларын қарастырған жөн.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1. Қазақстан
Республикасының Конституциясы
2. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы
28 ақпандағы Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық
есептiлiк туралы N 234 Заңы//Бухгалтер бюллетені-№7,
2007
3. Міржақыпова С.Т. Банктегі бухгалтерлік
есеп//Алматы, 2004
4. Бухгалтерский учет, М., 1998
5. Кеулімжаев Б. Бухгалтерлік есеп принциптері//
Алматы – 2004
6. Кәсіпорындағы сауданы ұйымдастырудағы
бухгалтерлік есеп, Бухгалтерлік есеп
және аудит // N 8, 2001
7. Назарова В. Шаруашылық субъектілердегі
бухгалтерлік есеп// Алматы - 2005
8. Бейсенова М., Садықбекова А. «Кәсіпорын
экономикасы», Алматы – 2002.
9. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н. «Қаржылық
есеп», Алматы – 2001.
10. Радостовец В.К., Шмидт О.Т. «Кәсіпорындағы
бухгалтерлік есеп»,
Алматы – 2003.
11. Тасмағанбетов Т.А. «Бизнестегі есеп
пен талдау», Алматы-2002.
12.Тасмағанбетов Т.А, Омаров А.Ш., Әлібекова
Б.А. «Қаржы есебі»,
Алматы-2000.
13. Назарова В.Л. Басқару есебі// Алматы
– 2005
14. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық
саясатты жетілдіру жолдары//Қоғам және
дәуір. №7-2007
15. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. «Кәсіпорын
экономикасы»,
Алматы - 2003.
|