Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 20:25, курсовая работа
Еліміздің нарықтық экономикалық жолымен дамуы барысында қаржылық инвестициялардың маңызы зор. Ал біздің еліміздің экономикасын көтеру үшін қаржылық инвестицияны тарту бүгінгі күні аса қажетті болып отыр.
«Инвестиция» термині экономикаға жаңа келгендердің ұғымдарына кейде шатасуға дейін апарады. Бұл шатасу мынадан туады- жеке адамның инвестиция дегені тұтастай экономика үшін олай болмай шығуы мүмкін.
КІРІСПЕ
1 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
1.Инвестицияның пайда болуы және дамуы
2.Инвестиция қызметі, инвестициялық операциялар
1.3 Шет мемлекеттердегі инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында тартымды ресурстардың құрлымы мен даму ерекшелігі
2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ РЕСУРСТАРЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ ЕРЕКШЕЛІГІ
2.1 Инвестицияның түрлері мен есептеу әдістері
0.2.2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті
(процесті)рреформалау заңдары
2.3 2009-2011 жылдардағы инвестициялық қызметті қаржыландыру ресурстарына талдау
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БАРЫСЫНДА ТАРТЫМДЫ РЕСУРСТАРЫНДА КЕЗДЕСЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметті қаржыландыру ебарысында кездесетін мәселелер
3.2 Қазақстан Респулликасының инвестициялық қызметті еееее қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер және жетілдіру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазақстанның тағы бір
ерекшелігі – географиялық құрылымдық
жағдайы мұхиттармен
«Миттал – Стил Темиртау»
трансұлттық корпарациясын
Инвестицияларды кейде капиталды салымдар ретінде қарастырады. Осындай қате түсінік, инвестициялық ресурстарды пайдалану объектілері толық анықталмағандықтан туындаған. Егер де олар тек жай және ұлғаймалы ұдайы өндірістің негізгі қорларына бағытталса, инвестиция түріндегі капитал салымдары құрылыс - монтаж жұмыстары, сатып алынған құрал-жабдықтар және тағы басқадай шығындар құны енеді. Сондықтан инвестиция түсінігі капиталды салымдар мәнінен кең ұғым болып табылады. Бұл түзетудің маңыздылығы "юридикалық тұлғалар, азаматтар мен мемлекеттің инвестицияларды жүзеге асырудағы тәжірибелік іс-әрекеттер жиынтығы" түсінігіндегі инвестициялық іс-әрекет мәнін түсінуге қажет. Оларды жүзеге асыру инвестициялық сфералардың:
Инвестицияны тар мағынадағы
анықтамасын капитал құнын
Инвестицияның экономикалық мағынасындағы анықтамасында оны "тірі және затталған еңбектің өндірістін қуаттарды жасақтап, оның көмегімен өндіріс үрдісінде тірі еңбек тұтынуына қарағанда косымша құнды өндіруге бағытталған салымдар үрдісі". М.И.Кулагин инвестиция дегенде ұлттық экономиканың өндіріс, көлік, ауыл шаруашылығы мен басқа салаларға, ұзақ мерзімді пайда алу мақсатында салынған қаржыларды түсінуді ұсынады.
Дж.М.Кейнс пікірінше инвестиция дегеніміз, капиталды мүліктің осы кезендегі өндіріс әрекеті нәтижесіндегі құндылықтың өсімі немесе ұлттық табыстың тұтынылмаған бөлігі.
2005 жылы Қазақстан
Республикасындағы
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 2003 жылғымен салыстырғанда 10,6 % (2009 жылы 44,7 % , 2005 жылы 48,5 % , 2011 жылы 33,0%) өсті.
2003 жылдың деңгейіне
қарағанда негізгі капиталға
жұмсалған инвестициялардың
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардын өңірлік құрылымындағы көлемнің жартысынан астамын (53,1 %) республиканың батыс өңірлеріндегі кәсіпорындар (Атырау облысы - 22,2, Батыс Қазақстан - 18,0 %, Ақтөбе - 7,5 %, Маңғыстау -5,4%) игерген. Мұнда, Алматы (13,9%) және Астана (9,3 %) қалаларының үлесі басым.[Қосымша В]
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлеміндегі ірі кәсіпорындардың үлесі - 47,0%, орташаларынікі - 27,9%, шағындарынікі - 23,9%, халық үлесі -1,2% құрады.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың түрлік құрылымына сәйкес тұрғын емес үйлер мен ғимараттарға кеткен шығындардың үлесі 45,0% құрады, бұл 2009 жылғы көрсеткіштен 9,6 пайыздық пункте артық. Тұрғын үйлерге салынған салымның үлесі 0,6 пайыздық пункте өсіп, 4,8% құрады. Машиналарға, жабдыққа, құрал-сайманға, керек-жарақтарға кеткен шығындардың үлесі 1,6 пайыздық пунктке төмендеді.
Негізгі капиталға жұмсалған басқа шығындар 131 млрд. теңгені құрады, оның 89,1% геологиялық барлауға жұмсалған.
Негізгі капиталға жұмсалған
инвестициялар көлемінің
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың салалық құрылымы 2009 жылмен салыстырғанда аздаған өзгерістерге ұшырады. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі ең көп үлес салмақ бұрынғысынша кең өндіру өнеркәсібіне (41,5%), өңдеу өнеркәсібіне (9,4%), көлік және байланысқа (11,1 %) келеді.
Кең өндіру өнеркәсібінде негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың барлық көлемі дерлік шикі мұнай мен табиғи газ өндіруге және осы салаларға қызмет көрсетуге келеді (93,8 %).
Өңдеу өнеркәсібі салалары
арасында металлургия өнеркәсібінің
үлесіне ғана негізгі капиталға
жұмсалған инвестициялар
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың үлес салмағы жылжымайтын мүлік операцияларымен, жалға берумен және тұтынушыларға қызмет көрсетумен (12,6%) байланысты қызмет түрлерінде елеулі, мұньң 68 % геологиялық барлау мен іздестіруді жүзеге асыратын кәсіпорындардың үлесіне тиеді.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі ауыл шаруашылығында бұрынғысынша мардымсыз (1,3 %).
Білім беру мен денсаулық сақтаудағы инвестициялық белсенділік денгейі әлі төмен қалпында. Бұл салалардың негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы тиісінше 0,7 және 0,4 % кұрады.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі де табиғат қорғау шараларына мардымсыз болды (2,0%). Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлемінде үйлер мен ғимараттарды күрделі жөңдеуге кеткен шығындар үлесі 13,3 % құрады, бұл 2009 жылғы көрсеткіштен 4,2 пайыздық пунктке артық. Күрделі жөндеуге кеткен шығындардың жалпы көлемінен үйлер мен ғимараттарға - 52,3 %, машиналар мен жабдықтарға кеткен шығындар - 47,7% құрады.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды қаржыландыру көздерінің құрылымында меншікті және сырттан тартылған қаражаттың ара салмағы сақталады. Басым қаржылаңдыратын көз ретінде кәсіпорынның меншікті қаражаты қалады, оның негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлесі 55,2 % (2009 жылы 59,3 % ) құрады. Сонымен, меншікті қаражат экономикалық қызметтің мына түрлерінде: темір кеңін ашық әдіспен өндіруде; ағашты өңдеу және жиһаздан басқа ағаш пен тоздан жасалған бұйымдар өндіруде; қағаз массасын, қағаз, картон және осылардан жасалған бұйымдар өндіруде; кокс, мұнай өнімдерін және ядролық материалдар өндіру мен темір жол көлігін шығаруда негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды қаржыландырудың бірден-бір көзі болды. Меншікті қаражаттың едәуір үлес салмағы киім өндіру, үлбір өндеу және бояу; химия өнеркәсібі, темекі өнімдерін өндіру, электр энергиясын өндіру және бөлу, металлургия өнеркәсібі, уран және торий кеңдерінен басқа түсті металл кеңдерін өндіру бойынша кәсіпорындарда және құрылыс қызметін жүзеге асыратын ұйымдарда байқалды (98,5 - 83,2 %). 2005 жылы инвестициялық мақсаттарға жұмсалған меншікті қаражаттың едәуір бөлігі бөлінбеген табыс есебінен қаржыландырылды (89,6%). Негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды қаржыландыруға жұмсалған амортизациялық аударымдар 5,5 % құрады. Маңызды бөлігі - кәсіпорынның жұмыстарды іске асыру мен қызмет көрсетуден түскен айналым қаражаты болып табылатын меншікті қаражаттың басқа түрлері 4,9 % құрады. Сырттан тартылған қаражат құрылымында бюджет қаражатының үлесі 2009 жылғымен салыстырғанда 1,5% өсті, бұл республикалық инвестициялық жобаларды іске асыру үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлуге байланысты. Отандық банктердің және өзге де қаржыландыру көздерінің кредиттер үлесі тиісінше 2,7 және 0,6 % есті. Шетелдік банк кредиттері үлесін 5,7 % темендегені, басқа шетелдің қаражаттың 5,0 % өскені байқалды.[Қосымша Г]
Негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды қаржыландыруға жұмсалған қаражаттың жалпы көлеміндегі сырттан тартылған қаражаттың үлкен үлес салмағы геологиялық барлау мен іздестіруді жүзеге асыратын кәсіпорындарда (94,6%), мемлекеттік басқару ұйымдарында (90,2 %), былғары және одан жасалған бұйымдарды өндіру, аяқкиім өндіру бойынша кәсіпорындарда (81,5%), денсаулық сақтау ұйымдарында (78,2%) және газ тәріздес отынды өндіру мен бөлу бойынша кәсіпорындарды (77,7%) байқалды.
2009 - 2005 жылдары негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көп жағынан шетелдік қаржыландыру көздерін тарту есебінен қаржыландырылып келсе (тиісінше 65 және 59%), енді 2011 жылдан бастап инвестициялық мақсаттарға жұмсалған ішкі ресурстар шетелдік салымдардан басым түскенін айта кеткен жөн. Сонымен, 2009 - 2005 жылдары негізгі капиталға жұмсалған ішкі инвестициялардың үлесі тиісінше 55 және 56 % құрады.
Қаржы емес активтерге жұмсалған
инвестициялар құрылымындағы
Жоғарыда айтылғандардың барлығы экономиканын өсуі мен капиталдың корлануының негізгі көрсеткіші - негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің өсумен сипатталатын экономикалық өсу үрдісінің дамуын көрсетеді. Мемлекеттік инвестицияларды тиімді пайдалануға, ішкі жинақ ақшаны жұмылдыруға, тікелей отандық және шетелдік инвестициялар түсімін ынталандыруға бағытталған Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоспарланған бағдарламасын іске асыру - болашақта инвестшшлық қызметте оң үрдістерді сақтауға мүмкіндік береді.[18;16-19]
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БАРЫСЫНДА ТАРТЫМДЫ РЕСУРСТАРЫНДА КЕЗДЕСЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Инестициялық саясатта кездесетін мәселелердің бірі: Осыдан бірер жыл бұрын «Қазақстан тарихында балмаған ірі ұтылыс» деген мақала Караван газетінде жарық көрді.
«На этой неделе руководитель одиой из нацкампаний оставил в Алматинском казиио 430 тысяч долларов» деп жазыпты газет. Инвесторлар сияқты миллиардтаған қаржы салатын шетелде тұратын немесе Қазақстанда тұратын отандастарымыздың ішінде Қазақстан экономикасының өркендеуіне ықпал ете алатындай бай адамдар бар ма ? Жоқ қой. Бұл шыңдық. Біздің жас түркілердің де қалай байығанын білеміз. Әкелерінен қалған байлығы жоқ екенін, бесіктегі ана сүтін еметін баладан бастап, пайғамбар жасынан асқан кәріге дейін біледі. Мысалы, өнеркәсібі дамымай мешеулеп қалған, экалогиясы құрып біткен Қызылорда облысына Канададан келген «Харрикейн-Құмкөл» (қазіргі аты Рetro Kаzакshan) кампаниясы облыстық бюджетке ақша құймаса не болар еді? Мәселен, «Испат-Кармет» пен Харрикейнді жас түрік пен бұрынғы бір партократ алсын-ақ дейік. Екі облыста да бұрынғы байланыстың үзілуі кесірінен кәсіпорындар тоқтап жатты, он мыңдаған адамдар жұмыссыз ақшасыз қалды. Облыстардың қарыздары шаш-етектен, ол тіпті, жылдан-жылға өсе түсті. Соның кесірінен бюджетке салық түспей қойды. Қарағанды облысында 1 млн 400 мыңдай, Қызылорда облысында 603,8 мыңдай халық бар. Президенттің алдында үлкен жауапкершілік тұрды. Қалайда жаңа жүйеге көшіп, осы тығырықтан өте қысқа мерзімде шығып кетуді көздеді. Ол ушін екі облысқа тек қана инвестиция — шетелдің капиталы ауадай қажет еді. Бұл кезінде өте дұрыс қабылданған шешім екенін өмірдің өзі көрсетіп отыр емес пе?