Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 09:18, курсовая работа
Инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған қосымша құнның, яғни таза табыстың пайдаланылмай сақталған бір бөлігі саналады. Басқаша айтатын болсақ, инвестиция көзі – жаңадан жасалынған құн немесе таза табыстың сақталатын бөлігі болып табылады. Шаруашылық субъектілері немесе кәсіпкерлер инвестицияны өзінің таза табысының есебінен, өзін-өзі қаржыландыру немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы жасайды. Тағайындалу түрлері бойынша инвестициялар нақтылық және қаржылық инвестиция болып екі түрге бөлінеді.
Әрбір үш ай сайын облигация эмитентінің шығарылым шарттары бойынша инвесторға тиесілі проценттер теленіп отырады: ол кезде 1040 шоты дебетгеліп, 1270 шоты 50 001 (16 667 х 3) сомасына кредиттеледі.
Облигациялардың жабылу (погашение) мерзімі таянған кезде эмитент инвесторға олардың салған ақшасын номиналдық құны бойынша қайтарады: ол кезде бухгалтерлік жазудың үш жазбасы жасалады:
Дт 7410, Кт 1130 - 1 000 000;
Дт 2810, Кт 6210 - 1 000 000;
Дт 1040, Кт 2180-1000 000.
2) Сыйақысымен (сыйлығымен) шығарылған облигация. Эмитент 1000 000 теңге сомаға әр қайсысы 1 000 теңге тұратын, 2 жылдық мерзімге арналған, жылына 2 рет жылдық 25%-ік міндетті түрде төлемін жасап отыратын облигацияның 1 000 данасын басып шығарады. Инвестор-кәсіпорын облигациялардың нарықтық құны хабарланған номиналдан 3% артық немесе 1 030 теңгеден астам болған кезде табыс табу үмітімен оларды сатып алған еді, өйткені эмитент нарықтағы орташа төлеммен (нарықтық проценттік ставка 22%) салыстырғанда неғұрлым жоғары проценттер төлемі жөнінде хабарлаған болатын.
Облигациялардың номиналдық құнына қосылған (плюс) сыйлықты қоса есептегенде, оның сомасы 1030000 теңге құраған (1 000 000 + 1 000 х 3 : 100)х100, ол кезде 6010 шоты дебеттеліп, 1040 шоты 1 030 000 теңге сомасына кредиттеледі.
Облигациялар бойынша проценттердің ай сайынғы сомасына (1 000 000 : 100 х 25 = 250 000 жылына немесе айына 20 833 теңге) 1270 шоты дебеттеледі де, 6020 шоты 20 833 теңгеге кредиттеледі.
Эмитент
әрбір жарты жыл сайын
Табысты есептеудің әрбір кезінде ай сайынғы сатып алу мен номиналдық құнының арасындағы айырманың бір бөлігін (30 000 : 24 = 1 250 теңге) есептен шығарып отырады және оның екі жылдық айырмасы 30 000 теңгеге тең болған. Ол кезде, 7450 шоты дебеттеліп, 2020 шоты 1 250 теңгеге кредиттеледі.
Облигацияның жабылу кезеңі таянған кезде эмитент инвесторға оның номиналдық құны бойынша қайтарады, яғни 7410 шоты дебеттеліп, 2020 шоты 1000 000 теңгеге кредиттеледі, және бірден сол заматта тағы да бухгалтерлік есептің екі жазбасы жазылады, сол сомаға: Дт 2160, Кт 6210 және Дт 1040, Кт 2180.
Сонымен, кәсіпорын осылайша облигация эмиссиясында қарастырылған 500 000 теңге табыс алады, мұның ішіндегі 30 000 теңге сомасындағы сыйақы шегерілімі жасалынады.
3) Жеңілдіктерімен (скидкасымен) шығарылған облигация. Кәсіпорын бір облигацияның номиналдық құны 1000 теңге тұратын 2 жылдық мерзімге арналған және жылына екі рет жылдық 25%-тік төлем жасап отыру үшін, 1000 дана облигациясын сатып алуға шешім қабылдаған. Бір жылда түсетін табыстың жалпы сомасы 250 000 теңге болғанда, оның жарты жылдығы 125 000 теңге құраса, ал ай сайынғысы 20 833 теңгеге тең болған.
Сатып алу кезіндегі оның проценттік ставкасы 29%-і құрады. Эмитент әрбір облигациядан 33 теңге шегерім жасап сатуды ұйғарған (1 000 - 33 = 967 теңге). Шегерілім сомасы 33 000 теңге (1 000 х 33 = 33 000 теңге) тең болған жағдайда, онда сатып алған облигациясының есептелген ағымдағы құны 967 000 (1 000 000 - 33 000) теңге болады.
Шегерімімен есептелген облигацияның сатып алу құны 2020 шотының дебеті және 1040 шотының кредиті бойынша 967 000 теңге көрініс табады.
Проценттерден түсетін табыстарды ай сайынғы есептеу кезінде 20 833 (250 000 : 12) сомасына 2170 шоты дебеттеліп, 6120 шоты кредиттеледі.
Эмитент проценттер төлемін төлеген кезде (жылына 2 рет) 12500 теңгеге 1040 шоты дебеттеледі де, 2170 шоты кредиттеледі.
Проценттерден түсетін табыстың әрбір есептелуі кезінде кәсіпорынның табыс сомасын, яғни 33 000 теңгенің бір бөлігін (33 000: 24 = 1375 теңгені) 2020 шотының дебеті мен 6110 шоттың кредитінде көрсетіп, жабу мерзімі таянған кезде, жоғарыдағыдай үш бухгалтерлік жазба жазады (1 млн. теңгеге).
Кәсіпорын облигациядан тіркелген пайызды алуды көздейді.
Облигацияны сатып алғанда олар не номиналдық құнынан төмен, не жоғары бағаға сатып алады. Бірақ осы екі жағдайда да олардың сатып алу құны мен номиналдық құнының арасында айырмасы болады. Облигацияның табысын есептеу осы айырманың төңірегінде жасалады.
Егер
де қаржылық инвестициясы, алатын кезеңі
үшін есептелген пайызымен сатылса, онда
олар күніндегі пайызымен сәйкес келмеуі
мүмкін, ол кезде сәйкес келмеген пайызын
сатушы мен сатып алушы бөліседі. Төленбеген
пайызы келешек кезеңнің үлесіне біртіндеп
таратылады. Мысалға, мамыр айында 1000 дана
облигациясы 1000 теңгелік номиналдық құны
бойынша сатып алынған, оның пайызымен
жалпы құны 1036667 теңге кұраған, оған сәуір
мен мамыр айында - 36667 теңге пайыз есептелінген
(1000 х 1000 х 22% х 2 : 12), 2 жылға, әр үш ай сайын,
ол бойынша эмитентке 22% жылдық пайызын
төлеп тұруды міндетіне алған.
2.3
Инвестицияны сатып
алудағы бухгалтерлік
есептің маңызы
Инвестицияны сатып алушылар бухгалтерлік есепте оны номиналдық құны бойынша көрсетеді (1000000 теңге), ол кезде 2020 шоты дебеттеліп, 3310 шоты кредиттеледі. Ал келесі айда, яғни маусымда, сатып алушы 18333 теңге (1000000 х 22% х 1 : 12) пайызын есептейді, ал ол 2170 дебеті мен 2110 кредиті бойынша керініс табады. Шығару шарты бойынша (әр үш ай сайын) төленуге тиісті пайызының сомасы 55000 теңгені құраған және оған 1040 шоты дебеттеледі де, 2170 шоты кредиттеледі.
Қалған кезендерге ай сайын 18333 теңге сомасында пайыз есептелінеді және оған жоғарыдағы келтірілген номиналдық құны бойынша жасалатын бухгалтерлік жазба жасалады:
1) 7410 шоты дебеттеліп, 2020 шоты - 1000000 теңгеге кредиттеледі;
2) 2180 шоты дебеттеліп, 6210 шоты — 1000000 теңгеге кредиттеледі;
3) 1040 шоты дебеттеліп, 2180 шоты — 1000000 теңгеге кредиттеледі.
2010 шотта: депозиттік сертификаттар, депозиттер, бондар, қазыналық вексельдер, қазыналық ноталар, қысқа және ұзақ мерзімге берілген заемдар, шартты бағалы қағаздар есепке алынады.
Депозиттер — бос ақша қаражаттарының банктердегі салымдары. Олардың түрлері жедел депозиттер, талап өтілгенше салынатын депозиттер және шартты депозиттер (шотты ашу кезінде көрсетілген белгілі бір шарттарды орындағанда немесе бір жағдайлар туындағанда ғана салынуға, иелік етуге болатын басқа бір адамның салыным иесі атына салған қаражаттары) болып бөлінеді.
Бондар - мемлекеттік қазына, жекелеген мекемелер мен кәсіпорындар шығаратын қарыздық міндеттемелері. Бондарды сатып алу және сату қаражаттары суррогатгарының есебінде қолдана алады, ақша суррогаттарының рөлін атқарады.
Қазыналық вексельдер - мемлекеттік қысқа мерзімді міндеттемелердің түрі; олардың пайыздык купондары болмайды. Негізінен, банктер арасында номиналдан кеміту немесе жеңілдік жолымен сатылады. Толық өз құны бойынша сатып алынады. Вексельдердің иелері көрсетілген (номиналдық) бағалар мен сату бағасы арасындағы айырмашылыққа тең табыс алады.
Қазыналық ноталар - қазыналық эмиссия тәртібі бойынша шығарылатын ақшалардың түрі. Қазыналық билеттердің синонимі (асыл металдармен қамсыздандырылмаған және алтын мен күміске ауыстырылуға жатпайды); ұсыну үшін шығарылатын мемлекеттік міндеттемелердің орташа мерзімділігінің бір түрі.
Шартты бағалы қағаздар - бұл опциондар, варранттар, қаржылық фьючерстер, алуға ерекше артықшылық құқығы бар тәріздес бағалы қағаздар.
Опцион — опциондық контрактінің нәтижесі болып табылатын бағалы қағаз, соған сәйкес қатысушылардың бірі біршама уақыт өткен соң бағалы қағаздарды алдын-ала ескертілген бағасы бойынша алуына немесе сатуына құқығы бар қатысушыны айтады, ал екінші қатысушы болса, ақшалай сыйақы алу үшін қажет болған жағдайда бағалы қағаздарды белгілі бір келісілген бағасы бойынша сатуға немесе сатып алуға құқысы бар.
Варрант — бұл негізгі бағалы қағаздарды шығарумен қатар (корпоративтік артықшылығы бар акциялар, облигациялар) көрсетілген қор құндылықтарын сатып алуға қызығушылық тудыру үшін пайда болатын бағалы қағаздар. Варрант оның иесіне белгілі бір уақыт ішінде алдын ала белгіленген баға бойынша сатып алынған бағалы қағаздарға берілетін құқық. Варрант иесі — оның сатып алушысы.
Фъючерлік
контракт — мәміле жасасу кезінде
белгілі бір уақыт мерзімі ішінде белгіленген
бағалар бойынша уағда етілген құндылықтар
көлемін жеткізіп беру туралы келісім
жасалған құнды қағаздар. Фьючерлік контракт
мәмілеге қатысушыларға қор құндылықтарын
жеткізумен ғана аяқталмауы мүмкін, бірақ
ол нақты тауарды жеткізіп беруді де қарастыруы
мүмкін. Бұл жағдайда фьючерлік контракт
мәмілеге қатысушылардың біріне контрактының
құны мен биржалық бағаның арасындағы
айырманы төлеуді қарастырады. Фьючерлік
контракттар бойынша есеп айырысу әрбір
қатысушыға міндетиемелерінің орындалуына
кепілдік беретін сомалар келіп түсетін
биржалық есеп айырысу (клирингтік) палатасы
арқылы жүзеге асырылады.
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ТАЛДАУ
3.1
Қазақстандағы инвестициялар
жағдайының көрсеткіштері
Инвестиция тартуға байланысты атқарылып жатқан жұмыстар да жеміссіз емес. Қала бойынша бүгінде әлімнің 52 елінің серіктестерінің қатысуымен құрылған 127 біріккен және 218 шетелдік кәсіпорындар жұмыс істейді. Атқарылған жұмыстың нақты көрсеткіші ретінде - қала экономикасындаға инвестициялардың көлемі 2,9 млрд. – тан астам АҚШ долларын құрады. Өткен жылдың қорытындысына қарай, негізгі қорды инвестициялар 134185,6 млн. тенгені құрады, бұл дегеніміз 925,5 млн. АҚШ долларына жуық қаржы.
Астана қаласында шетелдік компаниялар ұсынықты жұмыс істеуде. «Ахсель Холдинг» компаниясының өз қаражаты есебінен «Ахсель» бизнес орталығы мен «Рамстор» сауда үйі салынды. «Окан Холдинг» компаниясымен салынған «Окан – Интерконтиненталь - Астана» бесжұлдызды қонақүйі келушілерге қызмет көрсетуде. «Испат - Кармет» ашық акционерлік қоғамы жалпы құны 2 млн. АҚШ долларын құрайтын «Аквапарк» ойын – сауық кешеннің құрылысын аяқтады. Ұлыбританияның «Фитцпатрик Констракторс» компаниясы тарапынан 241 орынға арналған қазіргі заманғы аурухана салынды.
Жапон халықаралық ынтымақтастық банкісі заемының қаражаттарынан «Астананың халықаралық әуежайын қайта жаңғырту» жобасы қаржыландырылуда. Тұрмыстық қалдықтарды жою жүйесін жаңғырту жобасы Испан үкіметінің заемы қаражаттарының есебінен жүзеге асырылады.
Жапон Банкісінің елордалық инвестицияға салған қаржы көлемі 185 млн. АҚШ долларын құрайды. Оның ішінде «Астана қаласын сумен жабдықтау және су шығару» жобасын жүзеге асыруға бағытталған қаржы – 165 мың. долларға жеткен.
Шет мемлекеттердің және тікелей шетелдік инвестициялардың гранттары есебінен қалада бұған қоса 6 жоба – 3 әкімшілік ғимарат, Ислам мәдени орталығы салынуда, дипломатиялық қалашық, цирк ғимараты, екніші кезектегі «Думан» ойын – сауық орталығы және тағы да басқа нысандар бой көтеруде. Бұдан тыс 35 мың көрерменге арналған стадионның құрылысы, әлеуметтік – мәдени нысандарға арналған бірнеше тұрғын үй кешендері мен нысандарының құрылысы жоспарлануда. Астананы дамытудың бас жоспарына сәйкес Есілдің сол жағалауындағы нысандары мен инженерлік желілердің дамуына бағытталатын инвестиция 238,6 млрд. теңгені құрап отыр.
Инвестиция деп қаражаттарды ұзақ мерзімге белгілі бір салаға пайда табу мақсатында салуды білдіреді. Инвестициялық қызмет ке банктер делдал ретінде қатысады. Банктер өздерінің инвестициялық қызметінде тиімді инвестициялық саясат жасай отырып жүзеге асырады. Банктердің инвестициялық саясаты инвестиция портфелін басқару бойынша стратегияны құру және іске асыру шараларын, қалыпты қызметті, табыстылықты арттыру, банк балансының өтімділігін қамтамасыз ету бағытында портфельді және тіура инвестициялардың оптималды құрылымына жетуді білдіреді. Банктың инвестициялық саясаты банктың банктың басқармасымен жасалады. Инвестициялық саясаттың басты элементтерінің бірі – банктың валюта - қаржылық портфелін, соның ішінде инвестициялық портфелін басқарудың тактикасы мен стратегиясын жасау болып табылады.
Еліміздің инвестициялық аспектісі ірі салымдары қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға, тауар өндіру және қызмет етуді жоғары тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс. Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі – инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап экономикалық жағдайда тұрақтандару, ішкі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және инвестициялар тарту жөніндегі саясатты белсенді жүргізе бастады. Қазіргі уақытта жүргізілген нарықтық экономиканың оң нәтижелерін айқын көруге болады. Мәселен, Халықаралық валюта қорының мәліметтері бойынша 2001 жылы Қазақстан жан басына инвестиция тару көрсеткіші бойынша ТМД елдері ішінде алғашқы орындардың бірін иеленді.