Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 11:08, доклад
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда инфляция Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 19-сәуір, 2006 жылы айтқандай: «2002-2005 жылдары жыл сайынғы шығын 27,5 пайызды құраса, ақшамен есептегенде ішкі жалпы өнімнің өсуі 53,2 пайызды құраған. Экономиканың қызуы көтеріле бастағанын біз сезіп отырмыз», соған қарағанда кейбір экономистердің айтып жүрген пікірлері бекер емес: «инфляция ырыққа көнбейтін деңгейге жетеді, экономиканың қызуы көтеріледі, яғни Қазақстан «Голланд ауруының» алдында тұр». Сонымен енді Қазақстанда тез арада шешуге қажетті пробемалардың бірі – инфляция.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі
таңда инфляция Қазақстан Республикасының
ең өзекті мәселелердің бірі болып
отыр. Еліміздің президенті Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев 19-сәуір, 2006 жылы
айтқандай: «2002-2005 жылдары жыл сайынғы
шығын 27,5 пайызды құраса, ақшамен есептегенде
ішкі жалпы өнімнің өсуі 53,2 пайызды құраған.
Экономиканың қызуы көтеріле бастағанын
біз сезіп отырмыз», соған қарағанда кейбір
экономистердің айтып жүрген пікірлері
бекер емес: «инфляция ырыққа көнбейтін
деңгейге жетеді, экономиканың қызуы көтеріледі,
яғни Қазақстан «Голланд ауруының» алдында
тұр». Сонымен енді Қазақстанда тез арада
шешуге қажетті пробемалардың бірі –
инфляция. /1, 7б./
^ Курстық жұмыстың мақсаты – инфляцияның пайда болатын себептерін
толығымен анықтап және баға беріп, одан
туатын салдарымен күресудің жаңа жолдарын
іздестіру.
^ Курстық жұмыстың міндеттері:
- инфляцияның әлеуметтік-экономикалық
құбылысқа әсерін анықтау;
- ҚР инфляциялық жағдайын талдау;
- инфляция мәселелерін талдаудағы перспективаларын
қарастыру.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция
көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті
ақшаның қызметімен тығыз байланысты
деп санайды. «Инфляция» термині (латынның
inflasio сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша
айналысына қатысты ХІХ ғасырдың орта
шенінде пайда болды және АҚШ – тың Азамат
соғысы жылдары (1861-1865) қағаз долларының
қисапсыз көп шығарылуымен байланысты
болды. ХІХ ғасырда бұл термин сондай-ақ
Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық
әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда
бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін
кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік
экономикалық әдебиеттерде 20-жылдары
жазыла бастады.
Сонымен, инфляция дегеніміз – бағалардың
жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы.
Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе
– тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі.
Инфляция – бұл жалпы ұсыныс пен сұраным
ұсынымнан артық болса, бұл тауарға баға
деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген
нарық сәйкессіздігі инфляцияны қалыптастармайды.
Инфляция – бұл нарықтың көбінде сұранымның
артуынан қалыптасқан тепе – теңдіктің
бұзылуына байланысты пайда болған елдегі
баға деңгейінің жалпы өсуі.
Инфляцияның салдары өте күрделі де көп
қырлы. Қарқыны баяу инфляция баға деңгейі
мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан
экономикалық жағдайын уақытша жандануына
ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ, уақыт
артып инфляция тереңдегенде ол ұдайы
өндірістің кедергісіне айналады, қоғамда
экономикалық және әлеуметтік жағдай
қиындайды.
Экономиканың интернациялануы (ұлттық
шеңберден шығуы) инфляцияның бір елден
екінші елге ауысуына мүмкіндік береді,
бұл халықаралық валюта және төлем қатынастарын
қиындатады. Инфляцияның негізгі себептері:
ақша тауарларды сатып алу қабілеті, күшті
валютамен салыстырғанда құнсызданады.
Инфляцияны былай түсіндіру, яғни ақшаның
алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды
бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент
деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның
өсуі – тауарға сұраныстың оның ұсынысынан
артық болуымен байланысты
Инфляцияға қарсы саясатты сипаттағанда,
екі әдістемені бөліп айтуға болады. Бірінші
әдістеме шеңберінде белсенді бюджет
саясаты жүргізіледі – сұранымға ықпал
жасау мақсатында мемлекеттік шығындар
мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында
мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды
көтереді. Осының нәтижесінде сұраным
қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді.
Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі де құрып,
жұмыссыздықты арттырып жіберуі мүмкін.
Ол қоғам үшін инфляцияны тежеудің құны
болады. Құлдырау жағдайында бюджет саясаты
сұранымды кеңейтуге бағытталады.
ХХ ғасырдың екінші жартысында жұмыспен
толық қамту, еркін бәсекелік нарық жағдайы,
бағалардың ұзақ мерзімдік тұрақтылығы
әлемнің бірде-бір елінде қатар қалыптаспағанын
айту қажет. Бұл кезеңде бағалар тоқтаусыз
өсіп отырды, ал 60-шы жылдардың соңынан
бастап экономиканың құлдырау жағдайында
да бағалар өсті. Дағдарыс фазасында бағалардың
өсуі ХІХ ғасырдағы циклдер үшін болмаған
жағдай. Бұл құбылыс экономикада «стагфляция»
деп аталады.
Қазақстанда 2001-2003 ж.ж. арналған Ұлттық
өндірісті дамыту бағдарламасы жасалған
болатын. Қазақстан Үкіметі 2001-2005 ж.ж.,
арналған қысқа мерзімдік Ұлттық өндіріс
салаларын қолдау бағдарламасын бекітті.Соңғы
жылдары Қазақстандағы Аграрлық саясаттың
бағдарламасы жасалуда..
Курстық жұмыстың зерттеу пәні – кез-келген
нарықтық экономикаға тән үлкен мәселелердің
бірі – инфляция табиғаты, пайда болу
себептері мен салдары, онымен күресу
жолдары.
Курстық жұмыстың объектісі – Қазақстан
Республикасының экономикасындағы инфляция
қарқыны.
Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан
Республикасының Заңдар жинағы, статистикалық
ақпарат көздері, нормативті актілер,
мерзімді басылымдар, сонымен қатар шетелдік
және отандық әдебиеттер қолданылды.
І. Инфляцияның теориялық аспектілері
1.1 Инфляция түсінігі, пайда
болу себептері
Инфляция – бұл күрделі де көпфакторлы
құбылыс. Ол ақша айналым арналарының
артық ақша белгіліремен аса толып кетуінің
нәтижесінде тауар мен көрсетілетін қызметтердің
бағасының өсуі. Латын тілінен аударғанда
инфляция «көтерілу, қабыну» дегенді білдіреді.
Ол қағаз ақша айналымына негізделген
экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің
бұзылуымен сипатталады.
Инфляция ең алдымен тауар бағаларының
өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы
ретінде көрінеді
Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде
инфляция болмайды, неге десеңіз, ақша
ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты
құндылықтың өзі болған; қажетті ақша
көлемі алтын – күміс қорымен реттелген.
Қағаз ақша айналымында жағдай басқаша
қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың
тек белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау
қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау
үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға
ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша шектеулі
көлемде ғана сақталады. Олардың көбі
айналымға шығарылады, айналымдағы ақша
көлемі қажеттіліктен тыс өседі.
Артық ақша сұранымды арттырады. Артық
сұраным, өз кезегінде, бағаларға қатты
ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді.
Батыс елдерінде 10 %-ке дейінгі баяу инфляция
қауіпті деп саналмайды. Керісінше, белгілі
бір жағдайда баяу инфляция экономиканың
дамуын жеделдететін фактор ретінде түсіндіріледі.
Баға өскенде тұрғындар тауарды көбірек
сатып алады, себебі кейін ол одан да қымбат
түсетінін біледі. Бұл, өз кезегінде өндірушілерді
ұсынысты арттыруға ынталандырады, нарық
тауарға тез толады. Инфляция жағдайында
әртүрлі салаларда баға бір қалыпты өспейді.
Сондықтан, инфляция экономикада қалыптасқан
диспропорцияларды түзетуге және нарық
шаруашылығын сауықтыруға мүмкіндік береді.
Баяу инфляция кезінде бағалар еңбекақыдан
тезірек өседі. Бұл жағдайда өндіріс шығындары
төмендеп, кәсіпкерлік дамиды.
Бірақ 10 %-тен асқанда инфляция қауіпті.
Экономика әсіресе гиперинфляция кезінде
тез күйрейді. Гиперинфляция жағдайында
бағалар деңгейі бірнеше процентке емес,
бірнеше есеге өседі, ақша тез құнсызданады,
өндіріске инвестиция жасау тиімсіз болады.
Сондықтан қаржы ресурстары айналым мерзімі
қысқа сауда сферасына ауысады. Сауданың
пайдасынан қоғамға тигізетін зияны көптеу,
алып – сату (спекуляция) түрі тез қамтиды.
/2, 287б./
Спекулятивті бизнес ұсыныстың өндірістің
өсуіне ықпал жасамайды, керісінше өндіріс
тоқырауға ұшырайды. Тоқырау мен инфляция
қосылған соң нарықтықтың оңды әсерлері
толық жойылып, нарық механизмі енді экономикаға
теріс әсер ететін болады. Сондықтан стагфляциядан
шығу үшін мемлекет тарапынан инфляцияға
қарсы жедел және жүйелі іс – шаралар
бағдарламасы жасалып іске асырылуы қажет
болады.
Инфляция – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың
құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының
көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар
тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл жалпы
ұсыныс пен сұраным ұсынымнан артық болса,
бұл тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ
мұндай жекелеген нарық сәйкесіздігі
инфляцияны қалыптастармайды. Инфляция
– бұл рыноктардың көбінде сұранымның
артуынан қалыптасқан тепе-теңдіктің
бұзылуына байланысты пайда болған елдегі
баға деңгейінің жалпы өсуі.
Ақша сұранысынан тыс тауар бағалары еңбек
өнімділігіне, нарықтың монополизациялануына,
жаңа салық ставкаларына, сыртқы экономикалық
жағдайға, мемлекеттік реттеуге және басқа
да себептерге байланысты өзгеруі мүмкін.
Яғни бағаның өсуін көптеген себептер
қалыптастырады. Бірақ бағаның кез келген
өсуі де инфляция емес. Сондықтан жоғарыда
келтірілген себептердің арасынан инфляцияны
қалыптастыратынын анықтап алу қажет.
Инфляцияның негізгі себептері: ақша тауарларды
сатып алу қабілеті, күшті валютамен салыстырғанда
құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіру,
яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы,
алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама
эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең
алдымен, бағаның өсуі – тауарға сұраныстың
оның ұсынысынан артық болуымен байланысты.
Белгілі тауар нарығында сұраныс пен ұсыныстың
сәйкестігінің бұзылуы, әлі инфляция емес.
Инфляция – елдегі баға деңгейінің өсуі.
Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық
жағдайлар да әсер етеді. Сонымен баға
өсуінің инфляциялық себептеріне нені
жатқызамыз?
Мысалы, экономиканың конъюнктуралық
ауытқуына байланысты бағалардың өсуін
инфляцияға жатқызуға болмайды. Еңбек
өнімділігі өскенде баға деңгейі төмендейді.
Бірақ егер негізгі өндіріс салаларында
еңбекақы деңгейі еңбек өнімділігінен
тез өскен болса, онда ұлттық шаруашылықта
«шығын инфляциясы» деп аталатын жағдай
қалыптасып, бағалардың жалпы деңгейі
өседі. /2, 288б./
Инфляция негізінен шаруашылықта қалыптасқан
әртүрлі диспропорцияға байланысты болатынын
ескере отырып, оның негізгі себептерін
қарастырып көрелік.
Инфляцияның пайда болу себептері:
Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар
мен табыстар арасында қалыптасқан диспропорция
немесе тепе – теңдіктің бұзылуы. Бұл
мемлекет бюджетінің тапшылығы түрінде
көрінеді. Егер тапшылық Орталық банктің
несиесі, яғни айналымға қосымша ақша
шығару арқылы қаржыланған болса, онда
бұл айналымдағы ақша массасын арттырады,
сондықтан инфляцияны қалыптастыруы мүмкін.
Екіншіден, егер инвистицияларды қаржыландыру,
жоғарыда айтылған әдіспен, яғни Орталық
банктің несие беруімен жүргізілетін
болса, онда бұл да инфляцияның себебіне
айналуы мүмкін.
Үшіншіден, осы күнгі экономикалық теория
бағалардың жалпы өсуін ХХ ғасырда нарық
құрылымының өсуімен түсіндіреді. Бүгінгі
нарық – көбіне олигополия түрінде қалыптасқан.
Осы күнгі ірі фирмалар (тауар өндірушілер,
ұсынушылар) белгілі бір деңгейде нарық
бағасына ықпал жасап, өз өніміне бағаны
өзі белгілей алады. Фирма – олигополия
бағаның өсуін қолдамаса да оның деңгейін
түсірмеуге ұмтылады, нарықта қалыптасқан
баға деңгейінің тұрақты болуына мүдделі.
Қалыптасқан өндіріс түріне жаңа фирмалардың
келуіне шек қою арқылы олигополиялық
фирмалар жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы
диспропорцияны мүмкін болғанша ұзақ
ұстап қалуға ұмтылады.
Төртіншіден, ұлттық экономикалардың
«ашыла» түсуіне, олардың дүниежүзілік
шаруашылық қатынастары жүйесіне тартылуына
байланысты инфляцияның бір елден екінші
елге ауысуы қауіпі артады. «Импортталған
инфляциямен» күресу мүмкіншіліктері
де шектеулі келеді. Әрине, ұлттық валютаның
бағасын арттырып импортты арзандатуға
болады, бірақ бұл жағдайда экспорт қымбаттап,
ұлттық өнімнің әлем нарығындағы өтімділігі
кемиді.
Бесіншіден, «инфляцияны тосу» деген жағдайда
байланысты инфляциялық процесс өзін-өзі
қолдап жалғаса береді. Батыс елдерінде,
көптеген экономистердің пікірінше, «инфляцияны
тосу» психологиясын жеңу антиинфляциялық
саясаттың негізгі мақсаты деп анықталады.
/10,110б./
«Инфляцияны тосу» механизмі экономикаға
қалай әсер етеді? Мәселе мынада: адамдар
біраз уақыт бағалардың өсуін көріп, олардың
болашақта төмендеуінен күдер үзеді де,
жаппай тауар сатып алуға көшеді. Сонымен
қатар олар еңбекақы деңгейін көтеру туралы
үкіметке талап қояды. Еңбекақының өсуі
тұтынушылық сұранымын одан әрі арттыра
түседі.
Инфляцияның себептері сан қилы, бірақ
әр кезде олардың белгілі бір комбинациясы
(құрамасы) қалыптасады. Айталық, Екінші
дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Европа
елдерінде тапшылыққа байланысты өте
күшті инфляция қалыптасқан. Соңғы жылдары
Батыс елдерінде инфляцияның негізгі
себебі мемлекет шығындарының өсуі, «баға
- еңбеқақы», «инфляциялық тосу», «инфляцияның
бір елден екінші елге ауысуы» және басқалары
болды. Бұрынғы Кеңес Одағындағы инфляцияның
негізгі себебі ретінде әкімшілік жоспарлау
жүйесінде қалыптасқан экономикалық диспропорцияларды
айтуға болды.
^ 1.2 Инфляцияның түрлері мен факторлары
Инфляцияның түрлері. Бұрын инфляция төтенше
жағдайда ғана қалыптасатын. Мысалы, соғыс
кезінде мемлекет өзінің әскери шығындарын
қаржыландыру үшін өте көп мөлшерде қағаз
ақша шығаратын. Соңғы екі-үш онжылдықта
көптеген елдерде инфляция ұдайы өндіріс
процесінің тұрақты факторына айналды.
Экономика теориясында, жеке алғанда осы
күнгі Кейнсті жақтаушы экономистер инфляцияның
баяу түрін өндірістің дамуына қосымша
онды әсер ететін фактор ретінде қарастырады.
Баяу инфляцияның саясаты өндіріс пен
нарық (сұраным) жағдайларының өзгеруіне
сәйкес бағаларды реттеп отыруға мүмкіндік
береді.
Баяу немесе жылжымалы инфляцияда бағаның
өсуі 10% дейін болады. Бұл экономикаға
қауіп туғызбайды.
Қарқынды инфляция (бағалардың жылына
10% - 200%-ке дейін өсу түрі) – экономика үшін
едәуір қиын жағдай, бірақ іскерлік қатынастардың
көбі қарқынды инфляцияны алдын ала ескеріп,
оған икемделе береді.
Гиперинфляцияда бағалардың жалпы деңгейі
мыңдаған процентке ( Кэган бойынша айына
50% ) артқан жағдаймен сипатталады. Гиперинфляция
кезінде бағалардың өсу қарқыны айналымға
шығарылған ақша көлемінің өсуінен көп
есе артып кетеді. Гиперинфляцияда бағалардың
өсу қарқыны соншалық, тіпті ақша шығаратын
фабрикалар аптасына тоқтаусыз жұмыс
істегенде де айналымға қажетті ақша көлемін
шығару мүмкіндігі жетпей қалады екен.
Инфляция теңгермелі түрде болуы мүмкін,
яғни бағалар бір қалыпты және баяу өседі.
Бұл жағдайда бағалардың бір жылдық өсуіне
сәйкес процент кесімі (ставкасы) да өседі.
Нарықта тепе-теңдік (тұрақтылық) сақталады.
Теңгермелі емес инфляция кезінде жеке
тауар топтарына баға бірқалыпты емес,
әртүрлі қарқынмен өседі. /14, 105б./
Сонымен, тосылған инфляцияны тосын инфляциядан
айыра білген жөн. Тосылған инфляцияны
алдын ала болжауға болады, немесе оны
үкімет арнайы мақсатпен «жоспарлайды».
Тосын инфляция бағалардың кенеттен және
тез өсуінен көрінеді. Мұндай жағдай ақша
айналымын және салық жүйесін бұзады.
Тұрғындар бағаның өсуінен сескеніп, қолындағы
қаражатын сақтап қалу мақсатында тауарларды
жаппай сатып ала бастайды. Сондықтан
бағалардың кенеттен, тосын түрде өсуі
тұрғындарының «инфляциялық тосу психологиясын»
туғызады. Егер тосын инфляция (бағаның
кенеттен өсуі) экономикасы дамыған елде
пайда болса, ол нарық жағдайына қатты
әсер етпейді. Экономикасы тұрақты да
қуатты елде тұрғындар бағаның уақытша
ауытқуынан қорықпайды; және бағаның өсуі
қаншама тез болса, соншама оның құлдырап
түсіп кетуі әбден мүмкін болатынына сенеді;
сондықтан олар бағаның түсуін күтіп табысын
үнемдеу мақсатында сатып алуды күрт қысқартады.
Нарықтық сұранымның қысқаруы баға денгейіне
әсер етеді, бағалардың өсуі тоқтайды,
олардың деңгейі құлдырап, бастапқы қалпына
келеді.
Бұл жерде қалыпты қызмет атқаратын нарықтық
шаруашылық жағдайында пайда болатын
белгілі Италия экономисі есімімен аталатын
«Пигу әсері», немесе «нақты кассалық
қалдықтың әсері» деп аталатын құбылысты
суреттедік. Айта кететін тағы бір ескертпе,
«Пигу әсері» икемді бағалар мен икемді
процент жағдайында және инфляциялық
тосу болмағанда ғана қалыптасады екен.
Біраз батыс экономистерінің пікірінше,
«Пигу әсері» экономикада нақты болатын
жағдайды емес, тек теориялық болжамды
білдіреді. /14, 106б./
Нарықтық экономиканың механизмі — бәсеке
мен тиімсіз кәсіпорындардың банкроттығы
жеткіліксіз қалыптасқанда, ол өндірістің
жеке салаларында ол жоқ болғанда инфляция
дамиды. Еркін бәсеке жағдайында, мемлекет
шығыстарын немесе кредиттерді қысқарту
жөніндегі шаралармен туындайтын сүранымның
темендеуі кезінде кәсіпорын не өндірістің
көлемін қысқартуға, не оның шығындарын
төмендетуге мәжбүр болады. Макроэкономикалық
деңгейде мұнымен қатар не іскерлік белсенділіктің
құлдырауы, не бағалардың төмендеуі болады.
Алайда фирмалар, компаниялар жағдайдың
жақсаруына үміттене отырып, нарықта тұра
алуға тырысады және бағалар мен өндіріс
шығындарын төмендетуге мәжбүр болады.
Процестің жаппай ауқымдағы әрекеті инфляцияның
төмендеуіне мүмкіндік жасайды.
Монополияландырылған экономикада бұл
механизм әрекет етпейді, өйткені өндіруші-кәсіпорынның
шикізатты, материалдарды, шала фабрикаттарды,
жинақтау бұйымдарын, жабдықты, саймандарды
жеткізушілерді тандай алмайды. Ол жеткізушілер
тарапынан белгіленген бағалармен келісуге
мәжбүр болады және жоғарылатылған бағаларды
өзінің тұтынушыларына, тұтынушылар өз
кезегінде ары қарай технологиялық өзгертіп
жасау бойынша түпкі тұтынушыға — халыққа
аударып салады. Мұндай жағдайда бюджет
шығыстары мен кредиттерді шектеу жөніндегі
шаралар өндірістің құлдырауына жеткізеді.
Батыс елдерінің экономистері жасаған
теорияларда альтернативті (балама) консепция
ретінде «сұраным инфляциясы» және «шығын
инфляциясы» анықталады. Бұл консепцияларда
инфляцияның қалыптасу себептері (механиз-моделі)
қарастырылады.
«Сұраным инфляциясы» жалпы сұраным мен
ұсыным арасындағы тепе-теңдіктің сұраным
жағынан бұзылуын білдіреді. Бұл жерде
мемлекет шығындарының артуы, өндіріс
және еңбек ресурстарын толық іске қосылған
жағдайында өндіріс құралдарына қосымша
сұранымның қалыптасуы және тұрғындардың
тұтынушылық мүмкіншіліктерінің артуы
негізгі себеп болуы мүмкін. Осы жағдайларға
байланысты айналымға артық ақша массасы
шығып, жалпы баға денгейі өседі. Өндіріс
саласында еңбекпен толық қамтылған жағдайда
айналымдағы артық төлем ақша массасы
шектеулі тауар ұсынымына тап болып, бағалардың
инфляциялық өсуін қалыптастырады. Сұраным
инфляциясын график түрінде 1 – суретте
көрсетілген. /2, 98б./
Жоғарыда келтірілген себептерге байланысты
ақша массасының өсуі жалпы сұраным сызығын
солдан оңға қарай жылжытады (AD1 – AD2) және, экономика жалпы ұсыным қисығының
аралық (2) немесе классикалық (3) үзіндісінде
болса, бұл баға деңгейін арттырады (Р1 – Р2), яғни инфляция қалыптасады.
Шығындар инфляциясы график түрінде 2
- суретте көрсетілген:
Айтылған себептерге байланысты өндіріс
шығындары өседі, жалпы ұсыным қисығы
солға қарай жылжиды (AS2 - AS1), баға деңгейі өседі (Р1 –Р2) өндіріс көлемі қысқарады (Q2 – Q1), яғни ЖҰӨ-нің нақты көлемі қысқарады.
Бағалардың өсуі тұрғындардың нақты табысын
төмендетеді. Сондықтан кәсіподақтар
еңбекақының номиналды деңгейін көтеру
туралы талап қояды. Үкімет инфляция шығындарының
орнын толтыру саясатын ұстануға мәжбүр
болады. Табысты индексациялау бағдарламасы
экономиканың әр түрлі салалары үшін бірдей
болу мүмкін емес, басқаша айтқанда табысты
индексациялау барлық топтар үшін бірдей
болмайды. /2, 99б./ Инфляцияның әр түрін
оның басқа түрінен ажырату өте қиын, олар
өзара тығыз байланысты түрде қалыптасып
дамиды. Мысалы, еңбеқақының өсуі табыс
инфляциясының себебі ретінде көрінуі
мүмкін.
ХХ – ғасырдың екінші жартысында жұмыспен
толық қамту, еркін бәсекелік нарық жағдайы,
бағалардың ұзақ мерзімдік тұрақтылығы
әлемнің бірде – бір елінде қатар қалыптаспағанын
айту қажет. Бұл кезеңде бағалар тоқтаусыз
өсіп отырды, ал 60 – шы жылдардың соңынан
бастап экономиканың құлдырау жағдайында
да бағалар өсті. Дағдарыс фазасында бағалардың
өсуі ХІХ ғасырдағы циклдер үшін болмаған
жағдай. Бұл құбылыс экономикада «стагфляция»
деп аталады. /2, 105б./
Мемлекет сұранымды шектеу мақсатында
инфляцияға қарсы іс – шаралар жүргізуі
қажет. Жаңа классикалық экономистердің
айтуынша өндірістің өсуін ынталандыру
және жұмыссыздықты қысқарту саясаты
инфляцияны асқындырады, инфляция бақылаудан
шығып кетеді. Инфляция осы күнгі нарықтық
экономиканың табиғатына сай келеді, инфляция
жағдайларын (бюджет тапшылығы, монополия,
қағаз ақша, т.б.) толық жою мүмкін емес.
Осыған байланысты инфляцияны толық жою
мүмкін еместігі өзінен - өзі және алдын
ала белгілі. Сондықтан да көп елдерде
инфляцияны жою емес, оны бағындыру, қарқынын
баяулатып, реттеу мақсаты қойылған.
Батыс елдерінде жинақталған тәжірибе
көрсеткендей, инфляцияға қарсы ұзақ және
қысқа мерзімдік іс – шаралар саясатын
қолдану қажет. Мемлекеттің ұзақ мерзімдік
саясаты:
Біріншіден, халықтың инфляциялық үрейін
жою мақсатын көздейді. Ол үшін кез келген
үкімет инфляцияға қарсы саясатты үздіксіз
де тұрақты түрде жүргізіп, тұрғындардың
сенімін орнықтыруға тырысады. Үкімет
өзінің белсенді іс шаралары негізінде
(өндірісті ынталандыру, монополиямен
күресу, т.б.) нарықтың тиімді қызмет атқаруына
жағдай жасайды. Үкіметтің мұндай саясаты
тұтынушылардың сана – сезіміне қажетті
әсер жасап, олардың дұрыс шешім қабылдауын
қамтамасыз етеді.
Екіншіден, салықтарды арттырып, бірақ
мемлекеттік шығындарды қысқарту арқылы
бюджет тапшылығын реттеу іс – шаралары
жүргізіледі. бюджет тапшылығын Орталық
банк несиемен қаржыландыру инфляцияны
асқындырады.
Үшіншіден, ақша айналымын реттеу іс –шаралары,
нақты айтқанда, әр жылдық ақша көлемінің
өсуіне шек қою, бұл инфляцияның өсуін
қадағалауға мүмкіндік береді.
Төртіншіден, сыртқы факторлардың әсерін
әлсірету. Жеке алғанда, бюджет тапшылығын
қаржыландыру үшін сырттан алынған қысқа
мерзімдік қарыздардың экономикаға жасайтын
инфляциялық ықпалын әлсірету. Бұл өте
күрделі және өзекті мәселе. Сондықтан
оны арнайы түрде жеке зерттеп, қарастыру
қажет болады.
Жалпы инфляцияның себептері базистік
қатынастардың қарама-қайшылықтарынан,
экономикадағы үйлесімсіздіктер мен дағдарыстан,
оның өздігінен дамуға қабілетсіздігінен,
бүкіл қоғамдық өндірістің төмен тиімділігінен
болады. /16, 503б./
Инфляция сыртқы экономикалық қызмет
тарапынан арандатылуы мүмкін, бұл - импортталатын
жөне экспортталатын инфляция. Бірінші
жағдайда ол шетелдік валютаның шамадан
тыс түсімінен және импорттық бағалардың
жоғарылауынан туады. Түскен шетелдік
валютаны коммерциялық банктер орталық
банкте депозиттейді, орнына ұлттық валютада
баламалы сома алады; банк пасивтері артады,
мұның өзі оларға несие операцияларын
және кредиттік экспансияны кеңейтуге
мүмкіндік береді, ұлттық валютада номиналдандырылған
ақша ауқымының көбейіп кетуіне қозғау
салады.
Экспортталатын инфляция тауарлар мен
қызметтер көрсетуге экспорттық бағаның
көтерілуінен туады, бұл тұтынушы-елдерде,
соның ішінде дамып келе жатқан елдерде
бағаның өсуіне соқтырады. Инфляциялар
халықаралық корпорациялардың нарықтардағы
үстемдік жағдайды пайдаланатын монополиялардың
қызметіне қозғау салады. Корпорациялардың
валюталық операциялары олар болған елдерде
несие капиталының қосымша ұсынымын жасайды.
Сөйтіп шетелдік валютаның қосымша ауқымы
айналысқа түседі және коммерциялық және
орталық банк-тер арқылы ұлттық ақша айналысқа
шығарылады.
Инфляцияныц көріну нысаны — ақшаның құнсыздануы мен өнімге, тауарларға
және қызметтерге бағаның көтеріліуінде
тұлғаланатын оның сатып алуға жарамдалығының
тиісінше төмендеуі.
Инфляцияның табиғаты ақшаның онымен салыстырмалы тұлғаланатын
тауар ауқымынан оқшауландырылған қозғалысты
жүзеге асыратын қабілетсіздігінде. Ақшаның
жұмыс істеу негізі болып табылатын оның
бұл қасиеті оған өзінің арналымын — тауар,
төлем айналымына қызмет көрсете отырып,
тиімді орындауға, қорланым мен құнды
сақтаудың құралы болуға мүмкіндік береді.
Бірақ ақшаның бұл қасиеті мемлекет белгілеген
өлшемге сәйкес оның саны мен оған қарсы
тұратын құнның натуралдық-заттай компоненттерінің
сәйкестігі жағдайында көрінеді. Жалпы
алғанда мұндай тәуелділік айырбас тендеуі
арқылы көрінеді:
Р х Q = М х V,
мұндағы сол жақ бөлігі қоғамдық өнім
құнын, ал оң жағы ақша айналысының жылдамдығын
ескере отырып ақшаның санын (М — ақша
массасы, V — айналыс жылдамдығы) білдіреді.
Ұлттық өндірістің артуы жағдайында ұдайы
өндіріс процестерінде материалдық ағындарға
қалыпты қызмет көрсету үшін ақшаның саны
үйлесімді өсуі тиіс, өндіріс төмендеген
кезде ақшаның артық санын айналыстан
алу қажет. Алайда, практикада соңғы шарт
бірқатар себептер бойынша ылғи орындала
бермейді, бұл себептер тиісінше инфляцияның
өмір сүруінің себептері де болып табылады.
/15, 504б./
Қазіргі мемлекет қаржы-қаражатының, бірақ
өзінің негізгі бөлігінде тауар айналысымен
байланысты емес едәуір көлемін керек
ететін сан алуан функциялар орындайды.
Бұл халықтың аз қамсыздандырылған топтарын
әлеуметтік қолдау шығыстары, денсаулыққа,
мәдени - ақпараттық мақсаттық, білімге,
басқаруға, қорғанысқа, жүмсалатын шығыстар.
Кінәратсыз экономика жағдайында мұндай
шығыстардың көбеюі оның өздігінің дамуына
жәрдемдесуі мүмкін, өйткені тауарлардың
көбеюін және ұлттық өндірістің өсуін
ынталандыра отырып, тиісті өнімге, қызметтер
көрсетуге, тауарларға қосымша төлем қабілеті
бар сұранымды туғызады.
Тұралаушы экономикада мұндай шараларды
қаржыландыру үшін шаруашылық жүргізуші
субъектілер мен халықтың қарыздар алу
жолымен жұмылдырылуы мүмкін бос ақшалары
сияқты салықтық түсімдердің жетіспеушілігі
сезіліп тұрады. Мұндай жағдайда бұл шығыстарды
жабудың бірден-бір көзі қосымша ақша
шығару (эмиссия) болып табылады.
Өндірістік емес сфераны қаржыландыру
міндетіліктермен қатар мемлекет дағдарыс
жағдайында көпшілік қолды тауарларға
салыстармалы төмен бағаларды қолдау
қажеттігінен залалды болып табылатын
өндірістік сфераның қызметін қамтамасыз
ететін салаларды қолдап отырады. Бұл
қолдау не шаруашылық субъекгілерге турақаржылар
бөлуде, не зияндарды өтеуге берілетін
жәрдемқаржыларда, не мұндай субъектілерді
жеңілдікпен несиелендіруде банктердің
төмен пайыздық мөлшерлемелерін өтеуде
көрінеді; сондай-ақ бұл шаруашылық жүргізуші
субъекгілерге берілетін кредиттерге
кепілдік берілуі мүмкін. Барлық жағдайда,
әдеттігідей, баламалы қаржы ресурстарының
алынған көлемі түрінде экономикаға қажетті
қайтарым әкелмейтін қосымша ақшалай
қуат беру болады./15, 216б./
Сонымен қорытатын болсақ, экономистер
инфляцияны екі типке бөледі: сұраныс
инфляциясы және шығынның өсуімен байланысты
болатын ұсыныс инфляциясы деп. Ұсыныс
инфляциясынан туындайтын екі түрлі инфляция
бар: 1) еңбек ақының өсуімен байланысты
болатын; 2) ұсыныс экономикасы механизмінің
бұзылуынан болатын.
^ 1.3 Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық
салдары
Инфляцияның ішкі және сыртқы факторларын
(себептерін) айыра білу қажет. Ішкі факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай
— монетарлық факторларды бөлуге болады.
Ақшаға жатпайтындары — бұл шаруашылық сәйкестігінің бұзылуы,
экономиканың циклдық дамуы, өндірістің
монополизациялануы, инвестициялардың
теңгерімсіздігі, әлеуметтік - саяси сипаттағы
ерекше жағдайлар және басқалары. Ақшалай
факторларға мемлекеттік қаржының дағдарысы
ү бюджет тапшылығы, мемлекеттік борыштың
өсуі, ақша эмиссиясы, сондай - ақ несие
жүйесінің кеңеюі, ақша айналысы жылдамдығының
артуы нәтижесінде несие құралдарының
өсуі және басқалары жатады.
Дүниежүзілік құрылымдық дағдарыстар
(шикізат, энергетика, валюта дағдарыстары),
басқа елдерге инфляцияны экспортқа шығаруға
бағытталған мемлекеттік валюта саясаты,
алтынды, валютаны жасырын экспортқа шығару
инфляцияның сыртқы факторлары болып табылады.
Сөйтіп, көпфакторлы процесс ретінде инфляция
- бұл ақша айналысы заңының бұзылуымен
байланысты болатын қоғамдық ұдайы өндіріс
дамуындағы алшақтықтың көрінісі.
Инфляцияның іс - әрекетін қаржы проблемаларымен
байланыстырып отыру қажет, өйткені инфляция
құбылысы мынандай қаржылық факторларға тәуелді болып келеді:
- белгілі бір салық нысандары мен әдістерін
қолдану; инфляциялық сипаттағы шараларды
мемлекеттік бюджет арқылы қаржыландырудың
ауқымы;
- мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабудың
әдістері; мемлекеттік берешектің көлемі.
Нарықтық экономика кезінде қаржы инфляциялық
процеске бірқатар факторлар арқылы айтарлықтай
әсер етеді ( инфляциялық тенденцияларды
күшейте түседі).
Бірінші фактор — мемлекет шығыстарының өсуі, бұл ерекше
төлей алушылық сұранымының артуына жеткізеді,
сөйтіп тікелей баға белгілеуге әсер етеді.
Тауарлар мен қызметке бағаның көтерілуіне
байланысты ақшаның құнсыздануы бюджет
шығыстарының көбеюіне соқтырады, ал оның
кірістері, ең алдымен, салық түсімдері
қажеттіліктен артта қалып қояды. Бұл
сөзсіз болатын ұзақ уақытқа созылған
тапшылыққа ұрындырады.
Екінші фактор — табысқа (пайдаға) салынатын салықтың
көбеюі. Салықтың едәуір бөлігі баға механизмі
арқылы тұтынушыға ауысады және нарықтағы
бағаның көтерілуінің басты себебі болады.
Үшінші фактор — бюджеттердің ұзақ уақытты тапшылықтары
(өндірістік емес шығындардың неғүрлым
өсуімен байланысты).
Инфляция қаржы қатынастарын да өзгерістерге
ұшыратады.
Біріншіден, инфляция тауарлар мен қызметтерге
бағаның өсуі салдарынан мемлекет шығыстарының
өсуін жандандырады.
Екіншіден, инфляция қаржы ресурстарын
құнсыздандырады және салық түсімдерін
арттырудың қажеттігін тудырады.
Үшіншіден, инфляциялық процесс мемлекеттің
берешегі проблемаларын шиеленістіреді.
/15, 219б./
Сөйтіп, қаржы мен инфляция өзара тәуелді
болып келеді. Қаржы инфляциялық процестердің
тездеткіші бола алатыны сияқты, инфляция
да қаржы қатынастарына әсер етеді. Ақшаның
құнсыздануы және бағаның көтерілуі мемлекеттің
шынайы кірістерін төмендетуге, бюджеттің
шығыстарын көбейтудің қажеттігіне, салық
ауыртпалығының күшеюіне, мемлекеттік
бюджет тапшылығынан болатын мемлекеттік
борыштың өсуіне ұрындырады. Инфляцияның
жоғарғы қарқыны мемлекеттің қаржы ресурстарын
құнсыздандырады, өйткені салықтық кірістер
мен қарыздар оларды есептегеннен кейін
уақыттың белгілі бір межелдемелері арқылы
түседі, сондықтан мемлекеттің алу сәтінде
олар құнсызданады. Осыған ұқсас мемлекеттік
берешектің проблемасы шиеленіседі, өйткені
қарыздарды тарту үшін мемлекет өзінің
бағалы қағаздарының табыстылығын несиелік
пайыз деңгейінен жоғары көтеруге мәжбүр
болады, бұл мемлекеттік борыштың атаулы
өсуін тудырады. /16, 504б./
Қаржы қатынастары мен инфляциялық процестердің
бір бағытты келеңсіз сипаты, бірін-бірі
өзара толықтыра отырып, экономикалық
жүйедегі келеңсіз нәтижелерге апарады.
Мәселен, инфляция бірқатар әлеуметтік-экономикалық
проблемаларды тудырады: ақшалай табыстардың
құнсыздануы, ұзақ мерзімді инвестицияларға
деген экономикалық ынтаның түсуі, ақшалай
жинақтардың құнсыздануы, нақтылы пайыздың
төмендеуі, экономикалық байланыстардың
бұзылуы және т.б.
Төмен инфляция немесе оның болмауы ұлттық
шаруашылықтың түрлі деңгейлерінің қаржылық
көрсеткіштерін жақсартатыны секілді
үқсас жағдайда қаржы қатынастарының
оң бағыттылығы инфляция деңгейін төмендетеді.
Инфляцияны бағалау және өлшеу үшін бағалар
индексінің көрсеткіші — 16 пайдаланылады . Бағалар индексі тұтыну
тауарлары мен қызметтердің ("нарық
себеті") белгілі бір жиынтығының сатып
алу бағасы мен базалық кезеңнің бағасы
арасындағы арақатынасты өлшейді. Ағымдағы
жылдың индексінің қарқыны былайша анықталады.
Ағымдағы жылдың бағалары индексінен
өткен жылдың бағалары индексі шегеріліп,
өткен жылдың баға-лары индексіне бөлінеді,
сонан соң жүзге көбейтіледі.
Қазақстанда тұтыну тауарларының бағасы
мен қызметтер көрсетудің тарифтері өткен
жылға қарағанда былайша өсіп отырды (есе):
1990 - 1; 1992- 2,5; 1993- 30,6; 1994- 22,7; 1995-1,60; 1996-1,39; 1997-1,17;
1998- 1,07; 1999- 1,18; 2000- 1,13. /16, 500б./
Дүниежүзілік практикада егер инфляцияның
қарқыны жарты жыл ішінде және одан басқа
жағдайда көбірек айына 50 пайыз немесе
аптасына 11,5 пайыз құрса, онда мұндай деңгей
гиперинфляцияға сәйкес келеді. Сөйтіп,
Қазақстанда бұл деңгей 1992 -1995 жж. ішінде
айтарлықтай асып түсті.
Инфляциялық процестің қуаттылығын бағалауды
және инфляцияның түрлерін мынандай критерийлер
бойынша ажыратады:
бағалар өсуінің қарқыны бойынша:
баяу — баға жылына 10 пайыз өскенде; бұл кезде
ақшаның номиналдық құны сақталады, кәсіпкерлік
тәуекел болмайды;
өршімелі — баға 100 пайыз шегінде өскенде; ақшаның
затталынуы өседі;
гиперинфляция — баға жүздеген пайызға ескенде; баға
мен табыстардың арасындағы алшақтық
ұлғая бастайды;
бағалар өсуінің теңгерімділік дәрежесі
бойынша:
теңдестірілген және теңдестірілмеген
инфляция; теңдестірілген инфляция кезінде
әртүрлі тауарлардың бағасы бір-біріне
қатысты өзгерусіз қалады, теңдестірілмеген инфляция кезінде - олардың бір-біріне
ара қатысы өнбойы өзгеріп отырады, оның
үстіне әртүрлі үйлесімде;
болжаулық ( болжап айтушылық ) дәрежесіне
қарай:
- күтілген, болжалды және күтілмеген;
- шығу немесе пайда болу орнына қарай:
- импортталынған жене экспортталынған;
- сондай-ақ дамудың әркелкілігімен сипатталатын
сатылы, баға шамалы өскен немесе өзгерусіз қалған,
бірақ тауар тапшылығы күшейген кездегі
тұқыртылған инфляцияны ажыратады.
Қаржы мен инфляцияның өзара байланысын
инфляцияның екі типі бойынша бақылап отыруға болады: сұраным
инфляциясы (тұтынушылар инфляциясы) және
шығындар инфляциясы (өндірушілер инфляциясы).
Бірінші жағдайда ол заңды және жеке тұлғалардың ақша
массасының өсуімен байланысты өнімге,
тауарларға және қызметтерге сұранымның
өсуінің салдары болып табылады.
Екінші жағдайда кәсіпорындардың еңбекке ақы төлеуге,
кредиттер бойынша пайыздық мөлшермелердің
көбеюіне, тұтынатын шикізатқа, материалдарға
бағаның, қызметтер көрсетуге (тасымалдауға,
электр қуатына, ақпаратқа және т.т.) тарифтердің
өсуіне жұмсалатын шығындардың көбеюі
инфляцияны тудырады. Нақты экономикалық
өмірде инфляцияның бұл түрлері және оларға
ілеспелі салдарлар тығыз тоқайласады,
өзін өзара толық-тырады, бұл инфляциялык
шиыршық деп аталынатын факторды тудырады, бұл
кезде өндірістің тұтылынатын компоненттері
баға мен еңбекке ақы төлеудің өсуі нәтижесінде
шығындардың көбеюі шығарылатын өнім
құнының артуына соқтырды, мұндай өнімді
тұтыну жалақының және экономиканың шектес
секторларында материалдық шығындардың
қосымша өсуін талап етеді және осылайша
шексіздікке кете береді.
Инфляция өндірістік сфераға, халықтың
көптеген жігінің материалдық жағдайына,
инвистициялық қызметке қауіпті әсер
етеді.
Инфляцияның классикалық көзі — мемлекеттік
бюджет тапшылығы Қазақстан үшін де сипатты.
Бюджет тапшылығы инфляцияның қайталама
факторы болып табылады, өйткені ол шығындардың
инфляциясынан және осыған байланысты
мемлекет кірістерінің құнсыздануынан
туады. Бюджет тапшылығы Қазақстанның
егемендігі жағдайында да сақталып отыр:
ол 1991ж. бюджеттің бөлігінде 20,4%, 1992-8,6%,
1993-11,9%, 1994-10,2%, 1995-17,4%, 1996-15,4%, 1997-17,7%, 1998-18%,
1999-14,3%, 2000-9,8%,20016,4% құрайды. 2002 жылы республикалық
бюджеттің тапшылығы 4,7 миллиард теңгені
(ЖІӨ-ге 0,12%) құраса , 2003 жылы ол 53,4 миллиард
теңгені немесе ЖІӨ-ге 1,2% құрады.
Инфляцияның дамуына инфляциялық нәтижені
тудырған жаңа салықтарды — алғашқы мөлшерлемесі
28% қосылған құнға салынатын салықты, акциздерді,
экспорттық және импорттық кеден баждарын
енгізу, өнімнің өзіндік құнына қосылатын
қаражаттар аударымдарын экономиканы
жаңғырту қорына (бұрын — инвистициялық
қор), халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің
мемлекеттік қорына аудару, әлеуметтік
сақтандыруға аударылатын аударымдарды
бірден көбейту сияқты қаржыны және әлеуметтік
шараларды асығыс жүргізу мүмкіндігін
туғызды.
Инфляцияның дамуының қосымша факторы
пайдаланылатын кредиттер бойынша пайыздарды
жатқызудың тәртібі болып табылады; кредит
үшін төлемақының өсуі жағдайында бұл
өнімнің өзіндік құнының, оның ізін шала
бағаның да өсуіне соқтырады.
Айтылған факторлар өндіріс шығындарын
— өндірушілер инфляциясын арандатушы
факторларға жатады.
Бағалардың артуы жағдайында халықтың,
әсіресе жеке кәсіптік және әлеуметтік
топтардың әлеуметтік дөмегөйліктерінің
өсуін инфляцияның даму факторы деп есептеуге
болады. /16, 506б./
Сонымен түйіндей келе, кенеттен болған
инфляция алдын ала тағайындалған еңбек
ақы алатындардың, кредиторлардың және
жинақ иелерінің табысына зиян келтіреді.
Алдын ала болжамды инфляцияда адамдар
ақшалары құнсызданудан сақтау үшін әртүрлі
шаралар қоладанады. Олар: болашақты ойластырып
шара қолдану, бағаның өсуін ескеріп номиналды
индексация жасау.
Егер баға жайлап өсе бастаса, ол жағдайда
тұрғындар, кәсіпорындар оған дайындалады.
Ақша жоғалмау үшін тұрғындар тұтыну тауарларын
сатып алады, ал кәсіпорындар инвестициялық
тауарларды алады. «Инфляциялық психоз»
бағаға қысым жасайды, сонымен инфляция
өрши бастайды. Кәсіпорындар шикізат және
даяр өнім алуға тырысады, ювилирлік тауарларды,
алтынды алуға талпынады. Төтенше жағдайларда:
бағаның шексіз өсуі жағдайында экономикалық
қарым-қатынастар күйрейді. Ақша өзінің
функциясын орындай алмайды. Сондықтан
заттай айырбас орын алады. Өндіріс пен
айырбас тоқтауға бағытталады. Қорытындысында
экономикалық, әлеуметтік, саяси бейбастақсыздық
болуы мүмкін.