Инфляцияның теоретикалық негіздері мен аспектілері

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 13:28, курсовая работа

Описание работы

Инфляция – бұл күрделі де көпфакторлы құбылыс. Ол ақша айналым арналарының артық ақша белгіліремен аса толып кетуінің нәтижесінде тауар мен көрсетілетін қызметтердің бағасының өсуі. Латын тілінен аударғанда инфляция «көтерілу, қабыну» дегенді білдіреді. Ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады. Курстық жұмыстың мақсаты: Жалпы инфляцияның мәнін және оның нарықтық жүйеде маңызы жөнінде мәліметтер жинақтап, жүйеге келтіру, инфляция туралы бар білімді тереңдету, қағидаларын талқылап, толық мәліметтер беру. Курстық жұмыстың міндеттері: - инфляцияның әлеуметтік-экономикалық құбылысқа әсерін анықтау;
- ҚР инфляциялық жағдайын талдау; - инфляция мәселелерін талдаудағы перспективаларын қарастыру.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................3

I Инфляцияның теоретикалық негіздері мен аспектілері
1.1 Инфляция ұғымы мен мәні..................................................................5
1.2 Инфляцияның түрлері және олардың жіктелуі....................................7

II Инфляцияның себептері және экономикалық-әлеуметтік салдарлары
2.1 Инфляцияның пайда болуының себептері...........................................12
2.2 Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары....................................14

III Қазақстан Республикасындағы инфляция көрсеткіші және антиинфляциялық саясат
3.1 ҚР инфляция деңгейі және көрсеткіштері...........................................18
3.2 ҚР инфляцияға қарсы саясаты және инфляция деңгейін төмендету жолдары ........................................................................................................22

Қорытынды..............................................................................................30

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................32

Работа содержит 1 файл

курсовой.doc

— 252.50 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасындағы инфляцияның  дамуы – мемлекеттік бюджет тапшылығына байланысты. Бюджет тапшылығы   инфляцияның   қайталама  факторы  болып табылады, өйткені ол  шығындардың  инфляциясынан  жәнге  осығарн  байланысты  мемелкет  кірічстерінің  құнсыздануынан туады.

Бағалардың өсуі тұрғындардың нақты табысын төмендетеді. Сондықтан кәсіподақтар еңбекақының номиналды деңгейін көтеру туралы талап қояды.

Қазақстанда инфляцияның пайда  болуына келесі себептер себепші  болды: қоғамдық өндірістің терең деформациясы мен диспропорциясы; экономиканың құрылымдық ауытқуы; тауар өнімдерін өндірушілердің монополизмі; милитаризацияланған экономика; мемлекеттік бюджеттің ақшасын тиімсіз пайдалану. Қазақстандағы инфляциялық тетіктердің іс-қимылы мемлекеттік  қаржыландырылумен және жеңілдік несиелендірумен ынталандырылды. Бағаны либерализациялау және өндірісті қысқарту кезінде осыған ерген жалақыны көтеру сұраныс инфляциясының өндірістің шығындар инфляциясына қайта өсуіне әкелді. Ақшалай жүйенің бұзылуы және елде қаржы шиеленісуін құру; айырбас үрдістерінің табиғилануы; ұлттық өнімді бөлудегі нақты өзгерістер; халықтың мүліктік қабаттасуының күшеюі; инвестициялардың қысқаруы; тауарлар мен қызмет көрсетулерге бағалардың әркелкі өсуі инфляцияның салдарлары болып табылады.

Экономикалық өсімнің антиинфляциялық  стратегиясы инфляцияны реттеуге бағытталған кезең – кезең бойынша шараларды өткізуді талап етеді. Инфляцияның негізгі факторларын ұстап тұру үшін «мақсат ағашын» салу қажет. Инвестициялық үрдісті жандандыру арқылы инвестиция дағдарысын жеңу бірінші кезектегі антиинфляциялық шаралар болып табылады. Әлемді тәжірибе нақты кепілдіктер мен инвестициялық қауіпті сақтандыру арқасында жеке сектордың капиталын барынша тарту мүмкіндігі туралы куәландырады. Барлық деңгейдегі бюджеттерді сауықтыру және Қазақстанда бюджеттік дағдарыстың көрінуінің өзіндік нысандарын меңгеру. Антиинфляциялық стратегияда маңызды орын алады, оның ішінде:  еркін көлемде қаржыландыру; бюджеттік қаражатты мақсатсыз пайдалану; мемлекеттік бюджеттің орындалуына әлсіз бақылау. Инфляцияны ұстау үшін бизнесті әлсіретпеуге тиіс ғылыми негізделген салық саясаты қажет «шағын» бизнесті қолдауға бағытталған шаралар керек. Тауарлық өндіріс жағдайларында барлық шаруашылық байланыстар ақшамен жүргізіледі. Сондықтан антиинфляциялық саясат ақша эмиссиясын және оның айналым жылдамдығын реттеуді көздейді. Қазақстанның банктік жүйесін санациялау мен реструктуризациялау антиинфляциялық саясаттың және экономикалық өсу стратегиясының маңызды бағыты  болып табылады. Баға мен жалақыны реттеу – көпфакторлы антиинфляциялық стратегияның құрамалы бөлігі. Инфляциялық үрдісті реттеу үшін, сондай-ақ оның сыртқы факторларын бейтараптандыру қажет.

Осылайша инфляцияның әлсіруіне  әлемдік теория мен практикада жинақталған  қаражаттың бүкіл арсеналдарын онымен күресуге әрекет жасағанда ғана, сондай-ақ оны Қазақстанның жағдайларына үнемі дағдыландыра отырып қол жеткізуге болады.

      Сонымен тоқсан  сөздің тобықтай түйініне келетін  болсақ, инфляция төңірегінде қозғалып  жатқан мәселелерді жай сөз  ретінде қалдырмай онымен күресу  шараларын жетілдіріп, тиімді жолдарын іздестіру керек. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

 

  1. Бухгалтерия-Жұмабек Жанділдин «Қазақстан экономикасының «қызуы» қандай?». // Айқын апта №71 (523) 20.04.2006, бейсенбі.
  2. Бимендиева Л.А. «Экономикалық өсу – ұлттық экономиканың қызмет етуінің   нәтижесі ретінде» // Хабаршы журналы № 6, 2004 ж.
  3. Бердалиев К.Б «Қазақстан экономикасын басқару негіздері», 

 

      Алматы – 2001.

  1. Жүнісов Б., МәмбетовҰ., Байжомартов Ү.  «Нарықтық экономика  негіздері»    Алматы «Экономика»-2000ж
  2. Көшенова Б.А. «Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары»

 

      Алматы «Экономика»-2000ж

  1. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие»,  Алматы – 2000 ж.
  2. Мэнкью Н.Г. «Макроэкономика»,  Москва 1999 г
  3. Мауленова С.С. «Экономикалық теория».  Алматы – 2004.
  4. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С. «Микроэкономика».  Алматы – 2000 ж. 
  5. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының   ұзақ мерзімдік (2030 ж. дейінгі) даму стратегиясы.  Алматы - 1997
  6. Райханов Н. «Қазақстанның экономикалық реформа жолы өзінше»  // Ақиқат  -1996ж
  7. «Экономикалық саясат», // Экономика Алматы - 2002
  8. Ільясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. «Қаржы», // Алматы,2005ж.
  9. «Макроэкономика», Н.Қ. Мамыров, М.Ә. Тілеужанова.  Алматы – Экономика, 2003ж.
  10. Қазақстан Республикасының президентінің халыққа жолдауы. 2006 жыл, маусым 
  11. «Банки Казахстана» №3, 2006ж. // Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2006 жылдың 7-мамыр №5 баспасөз-релизі 2006 жылдың қаңтар-ақпанға арналған.
  12. Сәйденов Әнуар. Ұлттық валюта: белесті жылдар бедері. //Егемен Қазақстан 2005ж. – 15 қараша, 6 бет.
  13. «Банки Казахстана»  №1, 2005ж. // Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі №004 баспасөз-релизі 2005 жылғы 13 қаңтар.
  14. «Банки Казахстана» №10, 2005ж. //Досниязова А.К. Инфляционное таргетирование.
  15. «Банки Казахстана» №8, 2006ж. //Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі баспасөз-релизі 2006 жылғы 16 тамыз.
  16. Қаржы-инвестициялық журнал «LS(Личный счет)» №2(17) Қыркүйек-қазан 2008жыл
  17. Г.С.Вечканов, Г.Р.Вечканова «Макроэкономика» Москва 2008г
  18. Егемен Қазақстан газеті 26 қараша 2008 жыл.

 


Информация о работе Инфляцияның теоретикалық негіздері мен аспектілері