Инфляцияның себептері және экономикалық-әлеуметтік салдарлары

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2013 в 19:06, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты:
Жалпы инфляцияның мәнін және оның нарықтық жүйеде маңызы жөнінде мәліметтер жинақтап, жүйеге келтіру, инфляция туралы бар білімді тереңдету, қағидаларын талқылап, толық мәліметтер беру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- инфляцияның әлеуметтік-экономикалық құбылысқа әсерін анықтау;
- ҚР инфляциялық жағдайын талдау;
- инфляция мәселелерін талдаудағы перспективаларын қарастыру.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................3 I Инфляцияның теоретикалық негіздері мен аспектілері
1.1 Инфляция ұғымы мен мәні..................................................................5
1.2 Инфляцияның түрлері және олардың жіктелуі....................................7
II Инфляцияның себептері және экономикалық-әлеуметтік салдарлары
2.1 Инфляцияның пайда болуының себептері...........................................12
2.2 Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары....................................14
III Қазақстан Республикасындағы инфляция көрсеткіші және антиинфляциялық саясат
3.1 ҚР инфляция деңгейі және көрсеткіштері...........................................18
3.2 ҚР инфляцияға қарсы саясаты және инфляция деңгейін төмендету жолдары ........................................................................................................22
Қорытынды..............................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................32

Работа содержит 1 файл

курсовой.doc

— 252.00 Кб (Скачать)

Қазақстанда жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға көшу терең экономикалық дағдарысты жеңумен қоса  жүргізілді.   Өндірістің  құлдырауы  экономиканың барлық салаларында жүріп жатты.

Реформаның барлық кезеңінде кейде  әсіре инфляцияға арналған өршімелі инфляция экономикалық дағдарыстың  дәлелді сипатыты болып табылады. Тұтыну бағалары 1992 ж. 3006 %-ды, 1993 ж. 2266 %-ды құрады. Инфляцияның айлық қарқыны  көбіне 30 % мөлшерінен асты, ал 1993 ж. қараша айында ол 55 %-ға жетті. Бұл жағдай стагфляция деп аталады. 1994 ж. сегіз ай мерзімінде инфляция деңгейі 1993 ж. осы мерзіммен салыстырғанда 608 %-дан 759 %-ға көтерілді.

ҚР Ұлттық банкісі жүргізген  қатаң монетарлық саясат арқасында  жағдай өзгеріп, инфляция айына 18-19 % деңгейінде тұрақтанды. Инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі 1997 ж. - 11,2 %; 1998 ж. - 1,9; 1999 ж. - 17,8; 2000 ж. - 9,8; 2001* ж. -6,4 %-ды құрады.

Қазақстан   Республикасындағы   өтпелі   кезеңдегі   инфляция себептеріне мыналарды жатқызуға болады:

-ұлттық экономикада өндірістің  терең құлдырауынан болған тауар  тапшылығы;

-өндірілген өнімдерге энергетикалық,  материалдардың, еңбектің жоғары  мөлшерде жұмсалуы;

-өз тауарлары мен қызметтеріне  бағаны негізсіз көтеруге мүмкіндік берген жеке тауар өндірушілер монополизмі;

-мемлекеттік бюджеттің тапшылығы,  оны бүркемелеу үшін мемлекет  қағаз ақша шығарады;

-мемлекеттің өнімсіз шығындарының  жоғары деңгейі;

-басқа мемлекеттердегі экономикалық  дағдарыстардың ықпалы.

Инфляция жағдайында Үкімет «қымбат  ақша» саясатын ұстануға мәжбүр болды, Ұлттық банк несие беру процентін  және міндетті резерв нормасын өте  жоғары деңгейде ұстап отырды. Осылай жүргізілген монетарлық (ақша-қаржы) саясаттың нәтижесінде инфляция ауыздықталды, сонымен бірге ішкі өндіріс пен нарық екі-үш есе қысқарды, ұлттық өндіріс орындары тоқтап қалды, жұмыссыздық күрт өсті. Негізінен сыртқа өнім шығаратын шикізат өндіру салалары жұмысын тоқтатқан жоқ, керісінше экспорт көлемін айтарлықтай өсірді. Нарыққа көшу жылдары Қазақстанда бұрыннан калыптасқан   өндіріс аралық   диспропорциялар   қысқарғанның   орнына арта түсті.

Инфляцияны тез ауыздықтау Казақстанда  жүргізіліп жатқан нарықтық реформаны  құқық бойынша ресімдеудің шараларын  белгілеумен байланысты болды.  Республикамыз  ТМД  аумағында  алғашқылардың  бірі болып мынадай маңызды экономикалық зандарды қабылдады: "Шетелдік инвестициялар туралы" заң, "Салықтар жәнс бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" жаңа заң, "Бюджеттік жүйе және басқалар туралы" заң.

 Үкімет  "Стратегия-2030"  сәйкес  инфляция  қарқынының  жыл ішінде 5-6% шамасында болуына  ұмтылып отыр. Мұндай нәтижеге  жету үшін Үкімет:

-   ақшалай-несиелік және бюджеттік  саясатты  қаталдандырады;

-  ішкі инвестициялық мүмкіндіктерді өрістетуге көмектесетін қаржылық механизмді дамытады;

-жинақтаушы зейнетақы қорларға  ақшалай қаржылардың айтарлықтай  бөлігін қауіпсіз инвестициялауды  қамтамасыз етуге ұмтылады;

    - бюджеттік жетіспеушілікті  қаржыландыруға құнсызданбайтын  көздерді пайдаланады;

     - мемлекеттік құнды  кағаздардың айналым мерзімін ұзартады және т.б.

Жалпы алғанда, инфляцияға қарсы саясаттың  ұзақ мерзімдік  стратегиялық  жєне  күнделікті  жүргізіліп  отыратын ағымдық,  тоқтаусыз  тактикалық  түрі  болды.   Монетарлық саясат негізінен күнделікті жүргізіліп отыратын, айналымдағы  ақша  көлемін кадағалап реттейтін тактикалық саясат түріне жатады. Әрине, белгілі бір жағдайларда, мысалы, гиперинфляция кезінде, бұл әдіс негізгі реттеу әдісіне айналуы занды. Бірақ, жалпы алғанда, дамыған Батыс елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, күнделікті тактикалық, ақша-несие арқылы экономиканың дамуын реттеу саясаты үзақ мерзімдік стратегиялық даму саясатының шеңберінде жүргізіліп отырады екен. Қазақстанда 2001-2003 жж. арналған Ұлттық өндірісті дамыту бағдарламасы жасалған. Осы жылы Қазақстандағы Аграрлық саясаттың бағдарламасы жасалуда. Жақында Қазақстан Үкіметі 2001-2005 жж. арналған қысқа мерзімдік Ұлттық өндіріс салаларын қолдау бағдарламасын бекітті. Сонымен қатар, Қазақстанның барлық әкімшілік-экономикалық аймақтарының (облыстарының) экономикалық-әлеуметтік бағдарламалары жасалып, іске асырылуда. Осы бағдарламалардың барлығын стратегиялық саясаттың құралы ретінде қарастыруға болады. Енді Қазақстанда да монетарлық-қаржы саясаты ұзақ және орта мерзімдік реалды экономиканы қолдау және дамыту бағдарламаларының   шеңберінде жүргізілетін болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2 ҚР инфляцияға қарсы  саясаты және инфляция деңгейін  төмендету жолдары  

 

Антиинфляциялық саясат. Антиинфляциялық  саясаттың мақсаты инфляцияны басқарушылық етіп, ал оның деңгейін едәуір бірқалыпты етіп жасау. Ол үшін ақшалай – несиелік, бюджеттік, салықтық әдістері, кірістер саласындағы іс-шаралар, сондай-ақ тұрақтандырудың әртүрлі бағдарламалары қолданылады. Инфляциямен күресудің әдістері тура және жанама болуы мүмкін.

  1. жанама әдістер: а) оларды орталық банктың басқаруы арқылы ақшаның жалпы салмағын реттеу; ә) оларды орталық банктердің басқаруы арқылы коммерциялық банктердің несиелік және есептілік пайыздарын реттеу; б) коммерциялық банктердің міндетті қорлары, орталық банктердің ашық базарда құнды қағаздармен операциялары.
  2. Тура әдістер: а) мемлекеттің несиелерді және сонымен  бірге ақшалай салмақты тура және тікелей реттеуі; ә) бағаларды мемлекеттік реттеу; б) жалақыны мемлекеттік (кәсіподақтармен келісу бойынша) реттеу; в) сыртқы сауданы, капиталды әкелу мен әкету және валюта бағамын мемлекеттік реттеу.

Антиинфляциялық саясаттың бірнеше жіктеулері бар. Мысалы, ортодоксальды және гетеродоксольды.

    1. Ортодоксальды нұсқасы экономикаға мемлекет жағынан аз араласудың классикалық емес тұжырымдамасына негізделген. Бюджеттің теңгерілу және айналымда ақшалай салмақтың өсу темпін ұстап тұру проблемаларын шешуде оның қызмет саласын шектеуді ұсынады.
    2. Гетеродоксальды нұсқа экономикалық үрдістердің барысына аса белсенді мемлекеттік араласуды көздейді, соның ішінде: баға мен жалақының өсімін уақытша тоқтатып тастау; кәсіпкерлікті және халықтың жинақтарын ынталандыру жөніндегі шаралар, ең алдымен салықтық ауртпалықтарды төмендету арқылы; нарықтық инфрақұрылымды дамыту және өмірге маңызды салалар мен өндірістерді қолдау; сыртқы сауда мен валюталық операцияларды реттеу.

Құнсызданудың (инфляцияның) жағымсыз әлеуметтік және экономикалық салдары  көптеген елдер үкіметтерін белгілі  экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етеді. Бұл жерде экономистер ең алдымен мына сұрақтың жауабын табуға ұмтылады: күрделі де тегеурінді іс-шаралар арқылы инфляцияны жою керек пе, әлде инфляция жағдайына икемделген дұрыс па?

Бүл екі ұшты мәселе әртүрлі елдерде  ерекше жағдайларға байланысты шешіледі екен. Мысалы, АҚШ-та және Англияда инфляциямен күресу мәселесі мемлекет деңгейіне көтеріліп қойылады. Басқа бірталай елдерде инфляцияға икемделу іс-шаралары жүргізіліп, тіпті арнайы бағдарламалар да жасалады (табыстарды индексациялау және т.б.) .

Инфляцияға карсы саясатты сипаттағанда, екі әдістемені бөліп айтуға болады. Бірінші әдістеме шеңберінде (оны  осы күнгі Кейнс теориясының  өкілдері зерттейді) белсенді бюджет саясаты  жүргізіледі - сұранымға ықпал жасау  мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде сұраным қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді. Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі де қысқарады. Бұл экономикада дағдарыс жағдайын қалыптастырып, жұмыссыздықты арттырып жіберуі мүмкін. Ол қоғам үшін инфляцияны тежеудің құны болады. Құлдырау жағдайында бюджет саясаты сұранымды кеңейтуге бағытталады. Егер сұраньм жеткіліксіз болса, онда мемлекеттің инвестиция бағдарламасы іске қосылады және шығындар артады, салықтар төмендетіледі. Ең алдымен табысы төмен нарық субъектілеріне салынатын салық қысқартылады. Бұл бірден нәтиже береді: сұраным тез өседі, ол өндіріске ықпал жасайды, жалпы экономикалық өсу басталады. Бірақ 60-70 жылдары дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, сұранымды бюджет арқылы ынталандыру инфляцияны күшейтуі мүмкін екен. Сонымен бірге бюджет шығындарының артуы бюджет тапшылығын қалыптастырады және салық пен шығын арқылы экономиканы реттеудің  мүмкіншілігі қысқарады.

Екінші әдістемені жана классикалық бағыттағы экономистер ұсынады. Олар бірінші орынға ақша-несие арқылы реттеу әдісін кояды. Бұл әдіс экономика жағдайына жанама түрде икемді ықпал жасайды. Бұл саясатты үкіметке тікелей бағынбайтын Орталық банк жүргізеді. Орталық  банк айналымдағы ақша  көлемін өзгертсді және қарыз пайызы (процент) кесімін реттейді, сонымен экономикаға ықпал жасайды.

Басқаша айтқанда, мемлекет сұранымды  шектеу мақсатында инфляцияға қарсы  іс-шаралар жүргізуі қажет. Жаңа классикалық  экономистердің айтуынша өндірістің өсуіп ынталандыру және жұмыссыздықты қысқарту саясаты инфляцияны асқындырады, инфляция бақылаудан шығып кетеді. Инфляция осы күнгі нарықтық экономиканың табиғатына сай келеді, инфляция жағдайларын (бюджет тапшылығы, монополия, қағаз ақша, т.б.) толық жою мүкін емес. Осыған байланысты инфляцияны толық жою мүмкін еместігі өзінен-өзі және алдын ала белгілі. Сондықтан да көп елдерде ипфляцияны жою емес, оны бағындыру, қарқынын баяулатып, реттеу мақсаты қойылған.

Батыс елдерінде жинақталған тәжірибе көрсеткендей, инфляцияға қарсы ұзақ және қысқа мерзімдік іс-шаралар саясатын қолдану кажет. Бұл шаралар жиынтығын келесі схема түрінде сипаттауға болады. Мемлекеттің ұзақ мерзімдік саясаты, біріншіден, халықтың инфляциялық үрейін жою мақсатын көздейді. Ол үшін кез келген үкімет инфляцияға қарсы саясатты үздіксіз де тұрақты түрде жүргізіп, тұрғындардың сенімін орнықтыруға тырысады. Үкімет өзінің белсенді іс-шаралары негізінде (өндірісті ынталандыру, монополиямен күрсу, т.б.) нарықтың тиімді кызмет атқаруына жағдай жасайды. Үкіметтің мұндай саясаты тұтынушылардың сана сезіміне қажетті әсер жасап, олардың дұрыс шешім қабылдауын қамтамасыз етеді.

Екіншіден, салықтарды арттырып, бірақ мемлекеттік шығындарды қысқарту арқылы бюджет тапшылығын реттеу іс шаралары жүргізіледі. Бюджет тапшылығын Орталық банк несиесімен қаржыландыру инфляцияны асқындырады.

Үшіншіден, ақша айналымын реттеу іс шаралары, нақты айтқанда,  жылдық ақша көлемінің өсуіне шек қою, бұл инфляцияның өсуін қадағалауға мүмкіндік береді.

Төртіншіден, сыртқы факторлардың әсерін әлсірету. Жеке алғанда, бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін сырттан алынған қысқа мерзімдік қарыздардың экономикаға жасайтын инфляциялық ықпалын әлсірету. Бұл өте күрделі және өзекті мәселе. Сондықтан оны арнайы түрде жеке зерттеп, қарастыру қажет болады.

Қысқа мерзімдік саясат инфляция қарқынын уақытша төмендетуге бағытталады. Бұл мақсатта мемлекет өз иелігіндегі  меншік бөлігін жекешелендіріп, бюджетке қосымша түсім түсірсді; қосымша  өнім өндіретін кәсіпорындарға әртүрлі  жеңілдіктср береді; акцияларды сату арқылы инфляциялық сұранымды қысқартады; көлемді импорт арқылы да ұсынымның өсуін, бағаның тұрақтануын қамтамасыз етеді.

Күнделікті сұранымды қысқарту аркылы да инфляцияға қарсы әсер етуге  болады. Ол үшін салымдарға төленетін  процент кесімдерін арттыруға болады. Сонда қор сақтау нормасы артады, ал тұтыну шығындары қысқарады.

Инфляцияға қарсы саясаттық  байланысты инфляциямен күресу шығындары  туралы мәселе туындайды. Инфляцияға қарсы  күрес жұмыссыздықты арттырып, өндіріс  көлемін қысқартуы мүмкін. Мамандардың есептеуінше, инфляцияны 1%-ке төмендету үшін жұмыссыздықты оның табиғи деңгейінен 2%- ке арттыру қажет болады екен, бірақ бұл жағдайда ЖҰӨ-нің көлемі оңтайлы деңгейінен 4%-ке төмен калыптасады.

Инфляцияны ауыздықтау үшін көптеген елдер үкіметтсрі 60-шы жылдардан бастап табыс пен бағаны реттеу саясатын жүргізген еді. Саясат инфляциямен күресудің нарықтық емес, әкімшілік әдісіне жақын болғандықтан, қойылған мақсатқа әрқашан жеткізе  бермеген.   АҚШ  тәжірибесі   көрсеткендей,  табысты тежеу саясаты, түптеп келгенде, ұзақ мерзімде тұрақты нәтиже бермеген. 1971-1974 жылдары АҚШ үкіметі жалақы мен баға деңгейін тікелей реттеу тәртібін қолданған екен. 70-жылдардың  соңында  табыс  пен  бағаны  тікелей  реттеу тәртібі жойылып, оның орнына орындауға міндетті емес үкіметтің  ұсынысы   ретінде   сақталған   болатын.   Ал   80-жылдардың басында президент  Р. Рейганның әкімшілігі  бұл мәселемен     айналысатын мемлекет мекемелерін таратып жіберген.

Инфляцияның өрістеп, күшеюі экономикалық жөне әлеуметтік қарама - қайшылықтарды асқындырып жіберетіндіктен  мемлекет инфляцияны жою жөне ақша айналысын түрақтандыруға арналған шаралар қолдана бастайды . Инфляция кезінде мемлекет іс - қимылының  екі нұсқасы   болады:

1) бейімделу саясатынжүргізу  немесе инфляцияға бейімделу;

Бұл кезде табыстарды, жалақыны, пайыздық өлшерлемелерді,инвестицияларды  индекстеу жөнінде шаралар қолданылады;

Компаниялар мен фирмалар қысқа мерзімде жобаларды өткізеді, жеке тұлғалар табыстың қосымша көздерін іздестіреді және т.с.с.

2)  инфляцияны төмендету немесе басу жөнінде инфляцияга қарсы шаралардың кешенін жүргізу .

Инфляцияны жою жөніндегі  шаралардың кешені қоғамның іс-әрекет етуінің өндірістік — экономикалық, қүқықтық, институционалдық, моралдық-адамгершілік сфераларының әр түрлі жақтарына әрекет етуді қамтиды десекте олардың шешушісі базалық, өндірістік — экономикалық сфера болып табылады.

Сұраным инфляциясын  жоюға ақша жөне фискалдық саясатты пайдаланудың біршама қатардағы  макроэкономикалық әдістермен жетуге болады.

Инфляцияга қарсы саясат— инфляциямен күреске бағытталған экономиканы мемлекеттік реттеу жөніндегі шаралар кешені. Мүндай саясаттың екі негізгі жолы белгіленген дефляциялық саясат және кірістер саясаты.

Информация о работе Инфляцияның себептері және экономикалық-әлеуметтік салдарлары