Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 09:01, реферат
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нарықтық экономиканы құрудың бүкіл кезеңінде инфляция тұрақтандыру үдерісіне анықтаушы ықпал ететін шешуші факторлардың бірі болып қала береді. Дамушы нарығы бар экономикаларда инфляцияның өзіндік ішкі ерекшелігі бар.
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нарықтық
экономиканы құрудың бүкіл кезеңінде
инфляция тұрақтандыру үдерісіне анықтаушы
ықпал ететін шешуші факторлардың бірі
болып қала береді. Дамушы нарығы бар экономикаларда
инфляцияның өзіндік ішкі ерекшелігі
бар.
Экономикасы өтпелі елдерде өтпелі кезеңнің
тез өзгеретін жағдайлары, ерекшеліктері
және қарама-қайшылықтарымен белгіленетін
инфляцияның ерекше түрі туралы сөз қозғау
керек.
Бұл елдердегі инфляцияның негізінде
бірнеше өзара байланысты себептер жатады.
Ұсыныс жиынтығының көлемінен қысқа мерзімді
сұраныстың асып кетуі байқалған жағдайда,
ол сұраныс жағынан пайда болуы мүмкін
(сұраныстың инфляциялануы). Ол өндіріс
факторларының кенеттен қымбаттауы салдарынан
жиынтық ұсыныс қысқарған кезде, өнімді
шығару шығындары инфляциясынан пайда
болуы мүмкін.
Инфляция қарқыны жұмыссыздық деңгейіне
тәуелді болады. Инфляция қарқынының өсуі
жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне ықпал
етеді және керісінше.
Жұмыссыздықтың жоғары деңгейі (стагнация)
мен бағалардың жалпы деңгейінің жоғары
өсімділігінің бір сәттегі үйлесімі инфляцияға
тән болады.
Ақшалай салымдардың есебінен жұмыссыздықтың
қысқаруын ынталандыратын мемлекет саясаты
инфляцияның деңгейін күткен деңгейден
де жоғарыға көтереді.
Берілген мәселелерді зерттеудің дер
кезінде орындалуы және өзектілігі, қазіргі
жағдайда әлемдік экономикада болып жатқан
жағымды өзгерістермен байланысты. Әлемдік
экономика тек ұлттық экономиканың жиынтығы
ғана болып қоймай, сонымен бірге өзара
байланысты жүйеге – жаһандық әлемдік
шаруашылыққа айналып бара жатыр. Жаһандану
халықаралық сауданың ырықтандырылуында,
кәсіпкерлік капиталдың ұтқырлығында,
ұлттық нарықтардың ашықтығында көрініс
тапты. Осының бәрі әр түрлі ұлттық экономикаларда
инфляциялану жағдайларының қалыптасуына
әсер етпей қоймады.
Инфляцияның кең таралуы және тұрақтылығы
оны қазіргі заманғы нарықтық шаруашылықтың
табиғи және қажетті бөлігі ретінде қарастыруға
мүмкіндік береді, оған қатысты «күрес»
емес, «реттеу» терминін қолданған орынды.
Реттеудегі басты мәселе – инфляцияны
белгілі шекте ұстап тұру, яғни осы шектеулердегі
инфляция экономикалық дамуға, жұмысбастылыққа
және төлем балансының тепе-теңдігіне
зиян келтірмейтін болады.
Осы орайда инфляцияны қазіргі заманғы
өндірістің даму факторы немесе осы дамудың
міндетті төлемі ретінде түсіндіруге
болады. Бірақ оны «бақылаусыз қалдыруға»
болмайды, оның реттелуі үздіксіз және
тиімді болуы тиіс.
Соңғы жылдары ТМД елдерінің инфляцияға
қарсы саясатта қол жеткізген елеулі жетістіктеріне
қарамастан, инфляцияның жаңа айналымының
қаупі бұрынғыдай сақталып келеді. Бағалардың
үйлеспеуіне және өндірістік қуаттарды
қолданудың төмен тиімділігіне байланысты
инфляцияның әлеуеті де едәуір болып отыр.
Осының барлығы осы елдердегі, соның ішінде
Қазақстандағы инфляция мен қаржылық
тұрақтылық мәселелерін маңызды етеді.
Аталған мәселелердің өзектілігі қазіргі
жағдайда инфляцияның мәнін, түпкілікті
себептерін және даму тетіктерін анықтау
қажеттілігімен, Қазақстандағы инфляция
үдерісінің табиғатымен және ерекшеліктерімен,
инфляцияны реттеудің қаржылық құралдарын
жетілдірумен және шетел тәжірибесін
қолдану негізінде мемлекетте инфляцияға
қарсы саясаттың негізгі бағыттарын көрсетумен
анықталады.
Осының барлығы диссертациялық зерттеу
тақырыбын таңдауға негіз болды және динамикалық
үдеріс ретінде инфляциялану феноменін
зерттеу, инфляцияны реттеу құралдарын
қалыптастыру және тиімді деңгейде оны
ұстап тұру бойынша сәйкес ұсыныстарды
зерттеп дайындау қажеттілігін анықтады.
Мәселенің ғылыми-зерттелу деңгейі. Инфляция
– күрделі және көп жоспарлы әлеуметтік-экономикалық
үдеріс. Оны зерттеуге бай әлемдік және
отандық экономикалық әдебиет арналған.
Осы жағдайдың өзі біржақтылықтан және
қарапайымдылықтан, сонымен қатар ақшаның
сандық теориясының постулатына сүйенетін
инфляцияның тым монетарлық түсініктемесінен
сақтандырады.
Берілген күрделі әлеуметтік-экономикалық
үдеріске тән қарама-қайшы құбылыстарды
және негізгі ойды зерттеуге Д. Юм, А. Маршалл,
Дж.М. Кейнс, А. Филлипс, П. Самуэльсон, Р.
Солоу, М. Фридмен, Р. Дорнбуш, С. Фишер сияқты
шетелдік экономист ғалымдар айтарлықтай
үлес қосты.
Өтпелі экономикалардағы және нарығы
жаңадан дамып келе жатқан мемлекеттердегі
инфляцияны М.А. Афанасьев, А. Белоусов,
Р.Н. Евстегнеев,
А. Илларионов, Г. Колодко, Я. Корнаи, М.Ю.
Малкина, С.М. Никитин, С. Пекур, Я. Ростовски,
Дж. Сакс, В.В. Усов, В.Н. Шенаев және т.б.
ғалымдар зерттеді.
Қазақстандағы инфляцияны қарастыратын
жұмыстарға Р.А. Алшанов,
Т.А. Әшімбаев, М.Б. Кенжегузин, К.А. Сағадиев,
Ғ.С. Сейітқасымов, А.Қ. Қоша-нов, Р.А. Қамшыбаев,
Н.К. Күшікова, В.Д. Мельников, Ә.Д. Челекбай,
Ұ.А. Те-кенов сияқты ғалымдардың зерттеулері
жатады.
Инфляцияға тікелей қатысты үлкен көлемді
ғылыми әдебиеттер бар: оның мәніне, пайда
болу тетіктеріне, экономиканың басқа
ірі өтпелі ақшалық және шынайы секторларымен
байланысына қатысты. Бірақ, әлемдік экономиканың
жаһандану жағдайында оның эволюциясының
объективті ерекшеліктерін және табу
заңдылығын ескере отырып, өтпелі жүйелердегі
инфляцияның құрама және жүйелі зерттеу
табиғаты байқалмады. Әдетте инфляцияның
көптеген мәселелері экономиканы саралау
және нарықтық шаруашылықтың әр түрлі
буынтықтарында қоса қарастырылады. Бүгінге
дейін отандық экономикалық әдебиеттерде
инфляцияның және қаржылық тұрақтылық
мәселелерін құрама монографиялық зерттеулері
жоқ. Берілген диссертациялық зерттеу
мүмкіндігінше бұл кемшілікті толықтырады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық
зерттеудің мақсаты әлемдік тәжірибе
негізінде экономикасы өтпелі кезеңде
мемлекеттерде инфляцияның теориялық-әдістемелік
ерекшеліктерін дәлелдеу және жаһандану
жағдайында Қазақстан экономикасының
қаржылық тұрақтылығына себеп болып, оны
реттеудің құрама шараларын дайындау.
Зерттеу мақсатынан туындайтын міндеттер:
– Филлипс қисығының негізінде инфляция
теориясының негізгі күйлерінің эволюциясын
зерттеу;
– өндірістің көлемі мен инфляция қарқыны
және номиналды еңбекақының өсу қарқыны
мен күтілген инфляция арасындағы өзара
байланысты сипаттау;
– инфляцияның экономикадағы қаржылық
тұрақтылыққа әсерін айқындау;
– инфляцияны қаржылық тұрақтандыру және
қаржылық реттеу бойынша шетел тәжірибесінің
негізінде осы тәжірибені Қазақстан экономикасында
қолдану мүмкіндігін дәлелдеу;
– экономикасы өтпелі мемлекеттерде инфляцияның
өзіне тән ерекшеліктерін анықтау және
экономиканы антиинфляциялық реттеу бойынша
ұсыныстар жасау;
– ұлттық валютаны нығайтуда ақша-несие
саясаты және инфляцияның одан әрі өсуін
қатал қадағалаудың әсерін анықтау.
Жұмыстың зерттеу нысаны – жаһандану
жағдайында экономиканың тұрақсыздануына
себеп болатын инфляция үдерісі, инфляцияның
пайда болу және даму заңдылықтары болып
табылады.
Зерттеудің пәні – инфляцияны шетелдерде
реттеп отыру және экономиканы қаржылық
тұрақтандыру мақсатында әлемдік тәжірибені
Қазақстанда қолдану.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік
негізі – шетелдік және отандық ғалымдардың
инфляция теориясы саласындағы, макроэкономикалық
теория мен антиинфляциялық реттеудегі,
сонымен қатар қаржылық тұрақтылық және
қаржылық менеджменттегі іргелі еңбектері,
ғылыми көзқарастары және тұжырымдамалары
ретінде қызмет атқарды. Ғылыми-әдістемелік
аппарат ретроспективтік, себеп-салдарлық
және ағымдағы құрама сараптаманы және
синтезді, салыстыруды, жүйелік тәсілді,
болжаудың статистикалық әдісін және
жағдайларды модельдеуді қамтиды. Шетелдердің
орталық банктерінің, халықаралық қаржылық
мекемелердің, шетел ғалым-экономистерінің
монографияларының, батысеуропалық мемлекеттердің
мерзімді басылымдары материалдарының
деректері, сонымен қатар ҚР заңнамалық
және нормативтік актілері, ҚР Агенттігінің
ҚР орталық банкі бойынша деректері, ҚР
БҒМ Экономика институтының, ҚР ЭжБЖМ
Экономикалық зерттеулер институтының,
Қазақстанның Даму институтының, ҚР-ның
Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу
және қадағалау агенттігінің деректері,
мерзімді экономикалық және қаржылық
басылымдардың материалдары зерттеудің
ақпараттық базасы болып табылады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Бұл диссертация
әлемдік экономиканың жаһандану жағдайында
инфляцияны және қаржылық тұрақтылықты
реттеу мәселелерін зерттеуге бағытталған
ғылыми жұмыс.
Қорғауға шығарылатын жағдайлар:
– экономиканың жедел өсуші монетизациясының
– қысқа мерзімді кезеңдегі инфляцияның
жоғарылауына, банк жүйесіндегі өтімділіктің
артық көлемі жинақталуының – орташа
мерзімді кезеңдегі инфляцияның өсуіне,
ал қаржы агрегаттарының тұрақты едәуір
өсуінің – экономикадағы инфляция фонының
сақталуына ықпалы негізделді;
– инфляцияның өсуіне жол бермеу мақсатында
қысқа мерзімді нота шығару, репо операциясын
өткізу және екінші деңгейдегі банктерден
депозиттерді тарту жолымен шетелдік
валютаның көлемді түсімін залалсыздандыру;
– инфляцияның өсу қарқынын баяулату үшін
қайта қаржыландыру мөлшерлемелері әсерін
реттеуді және ең аз резервтік талаптардың
мөлшерімен оларды тұрақтандыру және
ұлғайту жолымен күшейту ұсыныстары;
– экономикасы өтпелі мемлекеттерде инфляцияның
өзгеше ерекшеліктерін ашу және экономиканы
антиинфляциялық реттеу жолдары ұсынылды.
Зерттеу нәтижесінің теориялық және тәжірибелік
маңыздылығы. Жұмыстың теориялық маңыздылығы
– нағыз зерттеу, инфляция теориясының
дамуына және экономиканың қаржылық тұрақтылығына,
әлемдік шаруашылықтың жаһандану жағдайында
инфляцияны реттеуге теориялық аспектілер
мен әдістемелік тәсілдерді пайдалануда
белгілі үлес қосатындығы. Берілген зерттеудің
теориялық жағдайы мен себеп болуды келесі
оқу құралдарында «Қаржылық сараптама»,
«Экономикалық саясат», «Қаржылық менеджмент»,
сондай-ақ өтпелі кезеңде инфляция үдерістерді
келешекте ғылыми-зерттеу үшін қолдануға
болады.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы,
алынған нәтижелерді антиинфляциялық
саясатты дайындауда және коммерциялық
банктер мен басқа да ақша-несие мекемелерінің
жұмысында қолдануға мүмкіндік береді.
Зерттеу нәтижелерін енгізу. Ғылыми қорытындылар,
тәжірибелік ұсыныстар мен жобалар инфляцияға
қарсы іс-шараларды дайындау кезінде Ұлттық
банктің жұмысына енгізілді.
Жұмыстың негізгі тұжырымдарын сынақтан
өткізу. Диссертациялық зерттеу бойынша
негізгі ұсыныстар мен жобалар халықаралық
ғылыми-тәжірибелік конференцияларда
баяндалды: «Экономиканы дамытудың және
ТМД елдерінде экономикалық білімі бар
мамандарды дайындаудың өзекті мәселелері»
(Тараз, 17.06.2005); «Жас ұрпақ – бәсекеге қабілетті
Қазақстан үшін» (Алматы, 19–20.04. 2006); «Үздіксіз
экономикалық білім беру: білім беруді
және әдіснамалық қамсыздандыруды модернизациялау»
(Алматы, 25–26.01.2007).
Басылымдар. Зерттеудің тақырыбы бойынша
жалпы көлемі 3,5 б.т. болатын тоғыз жұмыс
жарыққа шықты.
Диссертацияның құрылымы мен қисынына
зерттеудің мақсаты мен міндеттері және
материалды жүйелі баяндау қажеттілігі
себеп болды. Диссертация 143 бет көлемінде
мазмұндалған, ол кіріспеден, үш тараудан,
қорытындыдан, атаулар мен қосымшалардан,
пайдаланылған деректер тізімінен тұрады.
Жұмыс 15 кестемен және 31 суретпен безендірілген.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Нарықтық экономиканың өнідірісті ұйымдастырудың
болып өткен түрлерімен салыстырғандағы
артықшылығы, ол жедел экономикалық өсімді
қамтамасыз етуге қауқарлы. Алайда нарықтық
экономика бұрын болмаған апаттармен
де байланысты. Сөз ең алдымен инфляция
және жұмыссыздық туралы болып отыр.
Инфляция тауарлар мен қызметтерге қатысты
ақшаның құнсыздануы болып есептеледі
және бағалардың өсуі түрінде көрініс
табады. Егер өткен жылдардағы бағалар
индексі мәлім болса, онда инфляция қарқыны
ағымдық және базалық кезеңдер бағалары
индекстері айырмасының базалық кезең
индексіне қатынасы ретінде анықталады,
ол пайызбен өрнектеледі:
(1)
мұнда π – инфляция қарқыны;
Р – ағымдық кезең бағаларының көрсеткіші;
Р0 – базалық кезең бағаларының көрсеткіші.
Инфляция қарқынының кіші мәндері үшін
«70 санының ережесін» қолдануға болады.
Инфляцияның кішігірім қарқыны кезінде
(жылына 5%-дан аз), егер 70-ті бағалардың
жыл сайынғы өсу қарқынына бөлсе, онда
бұл – инфляция қарқыны екі еселенетін
шамамен алынған жыл саны:
, (2)
мұнда – шамамен алынған жылдар саны,
осы уақыт ішінде инфляция қарқыны екі
есеге ұлғаяды;
π – ТБИ-дің жыл сайынғы өсу қарқыны, %.
«70 санының ережесі» көбіне-көп нақты
жалпы ішкі өнімнің немесе жеке қор жинақтарының
екі еселену уақытын анықтау үшін қолданылады.
Сандық тұрғыдан алғанда, инфляция төмендегі
түрлерге бөлінеді: біркелкі – шамамен
жылына 5–10%-ға дейін, шоқырақтаушы – 20-50%-ға
дейін және гиперинфляциялық – жылдық
көрсеткіші 100%-дан астам.
Әлемдік тәжірибеде инфляцияның гиперинфляцияға
ұласуының көптеген мысалдары бар.
Инфляция деңгейін өлшеу үшін статистер
ЖІӨ (жалпы ішкі өнім) дефляторының көрсеткішін
қолдануды ұсынады. Осы жағдайда «таразы»
ретінде ағымдағы ЖІӨ-нің көлемі алға
шығады. Бұл – Пааше бағалар индексі:
(3)
мұнда – Пааше бағалар индексі;
– ағымдағы кезең бағаларында берілген
ЖІӨ-нің ағымдағы көлемі;
– базистік кезең бағаларында берілген
ЖІӨ-нің ағымдағы көлемі.
Инфляцияны өлшеудің басқа әдісі Ласпейрес
бағалар индексі болып табылады. Ол бағаларды
өлшеу үшін «таразы» ретінде ЖІӨ-нің базалық
көлемін қолданады.
Берілген әдіс тұтыну және көтерме бағаларын
және т.б.өсімін өлшеу үшін кеңінен пайдаланылады.
Ласпейрес көрсеткішінің формуласы:
(4)
мұнда – Ласпейрестің бағалар индексі;
– ЖІӨ-нің ағымдағы кезең бағаларымен
есептелген базалық көлемі;
– базистік кезең бағаларымен есептелген
ЖІӨ-нің базалық көлемі.
Тәжірибе көрсеткендей, Ласпейрес бойынша
өлшенген бағалар көрсеткіші бағалардың
өсуі жағдайында тым жоғарылатылған мәнді
береді. Ал ол Пааше бойынша өлшенсе, онда
инфляция деңгейін төмендетіп жібереді.
Біздің ойымызша, осындай жағдайда орташа
мәндерді пайдаланған жөн. Олардың бірі
орташа геометриялық көрсеткіш ретінде
есептелетін Фишер индексі болып саналады:
, (5)
мұнда – Фишер индексі.
Ақшаның сандық теориясы айналым үшін
қажетті ақша саны баға деңгейіне және
нарықта айналыста жүрген тауарлар мен
қызметтер көлеміне тікелей пропорционалды
тәуелділікте және ақша бірлігінің айналым
жылдамдығына кері тәуелділікте екенін
көрсетеді:
, (6)
мұнда M – экономикадағы ақша көлемі;
P – бағалардың орташа деңгейі;
V – ақша бірлігінің айналым жылдамдығы;
Y – нарықта айналыста жүрген тауарлар
мен қызметтер массасы.
Инфляция бағалардың өсуінен көрініс
табатындықтан және осы өсім пайыз түрінде
болып келетіндіктен, бұл формула инфляцияға
әсер ететін негізгі факторларды көрсетеді.
Бұл, біріншіден, тауар массасының көлемі.
Дәл соғыс кезеңдерінде өндірісті азаматтық
салалардан бөліп әкету орын алады, демек,
инфляция – соғыстар мен төңкерістердің
тұрақты серігі.
Екіншіден, экономикадағы ақша санының
артуы. Орталық банктің негізгі мақсаттарының
бірі – айналымда басы артық ақша көлемінің
көптеп жүруіне жол бермеу. Ақшаның қосымша
эмиссиясы экономиканы реформалау және
төңкерістермен үнемі қосақталып жүреді,
өйткені бұл кезде өндіріс – «екінші дәрежелі»
іс, ал бастысы – өзгерістерді іске асыру
(жерді қайта үлестіру, меншіктің басқа
қолға өтуі және т.б.). Бірақ «судың да сұрауы
бар», бәріне де, оның ішінде қайта құруға
да ақша керек. Төңкерістер, соғыстар мен
реформалар негізінен баспа станогы, яғни
инфляциялық салық арқылы есеп айырысады.
Үшіншіден, инфляция ақша айналымының
жылдамдығына тәуелді. Әдеттегі жағдайда
бұл – ақша айналымының едәуір дәрежедегі
статикалық, баяу өзгеретін сипаты. Бірақ
ол кейде тым қозғалмалы шамаға айналып
кетеді. Әдетте, бұл дәл жоғары инфляция
кезінде, «ыстық» ақшалардан қашу кезеңдерінде
орын алады. Гиперинфляция кезінде халық
ақшаны арзандап кетпей тұрғанда жұмсауға,
оларды нақты құндылықтарға алмастыруға
асығады. Бұл жағдайда айналым жылдамдығы
бірнеше есеге ұлғаяды, сөйтіп ол инфляцияның
келесі орамының әрі қарай тарқатылуының
факторына айналады.
Төртіншіден, инфляцияның факторы ақшамен
атқарылатын тауар массасының көлемі
болып табылады. Дағдарыс кезеңінде өндіріс
көлемінің қысқаруы ақшаның құнсыздануына
алып келеді. Бұндайда кедейлену салдарынан
халықтың сатып алушылық қабілеті де төмендеп,
қысқаратыны ықтимал. Төңкерістер мен
революциялық реформаларға да өндіріс
көлемі ере жүрмейді, ол өспейді. Сонымен
қатар, әдетте, негізгі революциялық өзгерістер
инфляциялық салық, яғни ақша массасының
өсуі есебінен іске асырылады.
Бесіншіден, нарықтық экономикаға көшуді
жүзеге асырған постсоциалистік елдер
үшін бастапқы кезеңде инфляцияның жоғары
қарқыны туындатқан төлемдер дағдарысы
тән болды.
Нарықтық қатынастарға енудің Ресейлік
және Қазақстандық жолы басынан бастап
тауарлардың да, мемлекеттік бюджеттің
де тапшылығының жоғары деңгейімен, яғни
мемлекеттік шығындардың мемлекеттік
табыстардан асып кетуімен айқындалды.
Сондықтан да инфляцияның орын алуы таңқаларлық
жағдай емес еді. Төменде келтірілген
1-кестеде оның көлемі көрсетілген.
1-кесте – Экономикалық реформа барысындағы
Ресей мен Қазақстандағы инфляция
Жылдар
1998 1999 2000 2001 2002
Ресей 84,4 36,5 20,2 18,6 15,
Қазақстан 12,5 17,8 9,8 6,4 6,
Ескерту – ҚР Статистика агенттігі материалдары
бойынша құрастырылған.
Инфляция ақша белгілерінің айырбастаудың
үздіксіз үдерісін және қоғамдық капиталдың
ұдайы өндірісін қамтамасыз етуге қажетті
мөлшермен салыстырғанда басы артық санының
шығарылуымен байланысты құнсыздануы
болып саналады десек, онда Филлипс қисығы
бұл үдерісте жұмыссыздық деңгейі мен
инфляция қарқыны арасындағы тәуелділікті
сипаттайды.
Филлипс еңбек өнімділігі өсуінің шамамен
2%-дық қарқыны кезінде Ұлыбританиядағы
жұмыссыздық деңгейі мен инфляция қарқыны
арасындағы ара қатыс графигін жасап шықты
(1-сурет).
1-сурет – 1960 ж. Ұлыбритания үшін Филлипс
қисығы
1-суреттен көрінгендей, Ұлыбританияда
баға деңгейінің тұрақтылығы жұмыссыздық
деңгейі жылына 2%-дан төмен түспеген жағдайда
ғана сақталуы мүмкін, егер жұмыссыздық
2%-ға дейін қысқарса, онда баға 1%-ға көтеріледі,
ал 1,5%-ға дейін қысқарса, онда бағаның
өсуі 2,5%-ды құрайды.
АҚШ-қа арналған Филлипс қисығы Ұлыбританияға
арналған Филлипс қисығынан шығатын нәтижелерден
анағұрлым өзгеше нәтижелер көрсетеді.
Бағалар тұрақтылығына жұмыссыздық деңгейі
5,5%-ға тең болғанда қол жеткізіледі. Ұлыбританияда
жұмыссыздық деңгейі 2,5% болған кезде ғана
баға тұрақтылығы сақталса, АҚШ-та 5,5%-да
ғана инфляция көрініс табады. Басқа сөзбен
айтқанда, Филлипс қисығы инфляция мен
жұмыссыздық арасындағы балама (альтернатива)
деп болжанады десек, онда мемлекеттік
экономикалық саясаттың дилеммасы, яғни
1) жоғары инфляция кезінде жұмыссыздықтың
төмен деңгейін қолдау немесе 2) инфляцияның
төмен деңгейінде жұмыссыздықтың жоғары
деңгейін қолдау мәселесі алдан шығады.
Инфляцияның салыстырмалы түрдегі жоғары
қарқынымен күресу үшін мемлекет жиынтық
сұранысты сығымдау бойынша іс-шаралар
кешенін өткізуі тиіс. Бұны ақша көлемін
азайту және мемлекеттік шығындарды қысқарту
көмегімен жүзеге асыруға болады. Зерттеу
икемді бағалар жағдайында жиынтық сұранысты
ынталандыру арқылы шығарылымды арттыруға
бағытталған саясат инфляцияға әкеп ұрындыратынын
көрсетті.
Инфляциямен күресу үшін Үкімет табыс
саясатын, яғни жалақы мен бағаларды тікелей
бақылауды іске асырады. Егер табыс саясаты
бюджет тапшылығын қысқарту және ақша
массасын бақылау бойынша шаралар енетін
экономикалық саясат іс-шараларының тұтас
кешенінің құрамдас бөлігі болып табылса,
онда ол тиімді.
Бағалар мен еңбекақының тұрақталуы инфляцияның
төмендеуіне, яғни бағалар өсімінің орташа
қарқынының қысқаруына алып келеді, бірақ
бұл жағдайда бағалар ресурстарды тиімді
таратуда белсенді рөл ойнаудан тысқары
қалады. Қысқа мерзімде шығындар шамалы
ғана болуы мүмкін, алайда егер еңбекақы
мен бағалар ұзақ уақытқа белгіленсе,
онда еңбек ресурстары мен жекелеген тауарлар
тапшылығы пайда болады.
Диссертациялық жұмыста экономикалық
өсімнің тұрақты қарқынына ұзақ мерзімді
факторларды тарту жолымен қол жеткізілетіні
атап өтіледі, ол факторлар бағалар төмендеуінің,
нақты еңбекақы деңгейін арттыру және
халықтың өмірін жақсартудың алғы шарты
болып табылатын еңбек өнімділігінің
ұдайы өсірілуін қамтамасыз етеді. Төмен
еңбек өнімділігі – аз деңгейлі еңбекақының
басты себебі. Бүгінгі таңда уақыт бірлігі
ішінде Ресейдегі жұмыскер Германия мен
Жапониядағы өз әріптесіне қарағанда
5-6 есе аз өнім шығарады.
Субсидия беру жүйесі кәсіпорындардың
белгілі бір топтарын нарықтық механизм
қысымынан қорғауға бағытталған. Субсидиялар
кәсіпорындардың кей шығындарға назар
аудармауына және нарықтық жағдайдың
өзгерістеріне көңіл бөлмеуіне мүмкіндік
береді. Жүргізіліп жатқан өнеркәсіптік
саясат мемлекеттік корпорацияларды немесе
тіпті тұтас салаларды да ресми қаржыландыруды
көздейді, олар стратегиялық немесе саяси
тұрғыдан қажет деп танылады. Осы салалардың
(металлургия, энергетика, әуе және кеме
жасау) көпшілігінде көлемнен үнемдеу
бар болғандықтан, үкімет фирмаларды ірілендіруге
қол жеткізеді. Өнеркәсіп саясаты субсидия,
мемлекеттік тапсырыстар, сауда саясаты
сияқты түрлер қабылдауы мүмкін.
Сауда саясаты импорттық квоталар мен
тарифтерді, сатып алу саясатын, экспорттық
несиелерді анықтайды. Ресей мен Қазақстанның
алдағы ДСҰ-на кіруіне байланысты отандық
кәсіпорындарға өз өнімдерін осы халықаралық
ұйымның талаптарына сәйкестендіруіне
көмек көрсету қажет.
Диссертациялық зерттеу нәтижелері көрсеткендей,
қаржылық тұрақтылыққа және соған сәйкес
елдегі инфляциялық үдерістердің дамуына
сыртқы факторлар елеулі әсерін тигізеді.
Дамушы нарықтарға үздіксіз келу үстіндегі
капитал ағыны үшін негізгі тәуекелдер
мыналар болып есептеледі: АҚШ-тағы пайыз
мөлшерлемесінің күтілген деңгейден асып
кету мүмкіндігі, валюталардың айырбас
бағамының деструктивті тербелістері,
тәуекелді инвестицияларға кедергі келтіруі
мүмкін жаһандық қаржылық дисбаланстарға
қатысты алаңдаушылық, геосаяси тәуекелдер,
сол сияқты әлемдік нарықтағы мұнай ұсыныстарында
орын алуы мүмкін секірістер. Бұл қалыптасу
үстіндегі нарықтардағы активтер бағасы
әлі де болса сыртқы әсерлерге тәуелді
екендігін дәлелдейді. Сондықтан әрбір
жекелеген елде инфляцияны реттеу негіздері
оның тарихи даму ерекшеліктерінен, сонымен
қатар экономикалық, әлеуметтік және саяси
жағдайының өзгешелігінен туындауы тиіс.
Алайда бар айырмашылықтарды ескергеннің
өзінде де инфляцияны реттеу көп елдерде
ортақ сипатқа ие. Ол радикалдығы, мерзімі
және өткізілу бір ізділігі бойынша ғана
ажыратылады. Жалпы мемлекеттің үдеу үстіндегі
инфляцияға жауабы екі түрлі болуы мүмкін:
– халық оған неғұрлым зиянсыз бейімделетіндей
жағдай қалыптастыру;
– оған қарсы тұруға қабілетті шаралар
жүйесін жасау.
Инфляция тауар мен қаржы нарықтарында
жиынтық сұраныстың жиынтық ұсыныстан
тұрақты түрде артуына алып келетін деформациялармен
байланысты болу себепті антиинфляциялық
реттеу шарасы міндетті түрде үш блоктан,
яғни жиынтық сұранысты реттеу, жиынтық
ұсынысты реттеу және валюталық реттеуден
тұрады.
Макроэкономикалық аспект ақша-несие,
бюджет-салық және валюталық саясаттың
тауар, ақша және валюта нарықтарына әсер
ету мәселелерін қамтиды. Антиинфляциялық
саясаттың қандай да бір құралын қабылдау
нақты экономикалық жағдайдың ерекшеліктерін
сипаттайтын шарттардың неғұрлым үлкен
көлемін бағалау нәтижесі болып табылады.
Антиинфляциялық саясат әлемдік тәжірибеде
әр түрлі бюджет-салық, ақша-несие іс-шараларын,
тұрақтандыру бағдарламалары мен ресурстарды
реттеу және бөлу бойынша іс-қимылдардың
бай ассортиментіне ие деп саналады. Сұраныс
инфляциясы туындағанда, оны бақылау үшін
шектеуші немесе тойтарушы бюджет-салық
саясаты қажет. Бұл жағдайда үкімет мемлекеттік
шығындарды азайта және салықтарды көтере
алады.
Бюджет-салық және ақша-несие саясаты,
әдетте, оқшау түрде емес, бірлескен түрде
жүзеге асырылады. Егер олар бір-біріне
байланысты емес, тәуелді болса, онда бюджет-салық
және ақша-несие саясатының әр түрлі түрлерінің
төрт ықтимал комбинациясы орын алады:
1) кеңейтуші бюджет-салық және кеңейтуші
ақша-несие саясаты; 2) шектеуші бюджет-салық
және шектеуші ақша-несие саясаты; 3) кеңейтуші
бюджет-салық және шектеуші ақша-несие
саясаты; 4) шектеуші бюджет-салық және
кеңейтуші ақша-несие саясаты. Бірінші
комбинация өндіріс көлемін (Y) ұлғайтады,
бірақ та пайызға (i) әсер етпейді. Екінші
комбинация I (инвестиция) шамасына ықпал
етпейді, бірақ та Y шамасын, яғни шығару
көлемін азайтады. Сондықтан бірінші комбинация
экономикалық құлдырау кезінде, ал екіншісі
инфляция кезінде ғана тиімді болады.
Экономика құрылымына олардың әсері і
көрсеткішінің, яғни пайыз мөлшерлемесінің
аз өзгеруіне байланысты маңызды емес.
Үшінші және төртінші комбинациялар үшін,
керісінше, Ү шамасы, яғни өндіріс көлемінің
мөлшері өзгермейді, өйткені бюджет-салық
және ақша-несие саясаты жиынтық табысқа
қарама-қайшы бағыттарда ықпал етеді,
оның есесіне пайыздың мөлшері айтарлықтай
өзгереді: (3) комбинация оны ұлғайтады,
ал (4) комбинация оны азайтады. Пайыз мөлшерлемесі
салымдармен тығыз байланысты болғандықтан,
бұл комбинациялардың әрқайсысы айқын
құрылымдық эффект иеленуі мүмкін.
Валюталық реттеу – валюталық саясатты
іске асыру құралдарының бірі. Валюталық
саясаттың келесідей негізгі нысандары
қолданылады: дисконттық, девиз саясаты
және оның бір түрі – валюталық интервенция,
валюталық қорларды әртараптандыру, валюталық
шектеулер, валютаның айырбасталу дәрежесін
реттеу, айырбас бағамының режимі, девальвация,
ревальвация.
Валюталық саясат нысандарының бірі ретінде
валюталық шектеулер оқтын-оқтын пайдаланылады.
Олар валюталық бақылаудың құрамдас бөлігі
болып табылады, оған мемлекеттің көрсетілген
операцияларды қадағалау, тіркеу, статистикалық
есепке алу бойынша шаралары кіреді.
Антиинфляциялық, әрі тұрақтандыру бағдарламасын
жүзеге асыруда инфляцияны реттеудің
ортодоксалды және гетеродоксалды әдістеріне
баса назар аударылады.
Ортодоксалды әдісте мемлекеттік бюджет
тапшылығын мемлекеттік шығындарды (басқару,
қорғаныс салалары, әлеуметтік мақсаттар,
мемлекеттік секторды қолдау, мемлекеттік
субсидиялар мен күрделі қаржы, т.б.) азайту
ғана емес, сондай-ақ салықтық ауыртпалықты
күшейту есебінен қысқартуға ерекше көңіл
бөлінеді. Қатаң бюджет-салық саясаты
ақша-несие саясатын күшейту жолымен қабаттаса
жүреді, бұл «қымбат ақшалар» саясатында,
яғни ақша эмиссиясын шектеу, ОБ несиелерін
қысқарту, пайыздың есептік мөлшерлемесін
арттыру, резервтік талаптар нормасын
ұлғайту, мемлекеттік бағалы қағаздарды
қор нарығында сату, т.б. іске асады.
Ортодоксалды әдістің экономикалық тұрақтандырушыны
(«зәкір» деп аталынатын стабилизаторды)
таңдауымен байланысты екі негізгі түрі
бар. Бірінші жағдайда ақша зәкірі таңдалады,
яғни негізіне қалқымалы айырбас бағамына
ие қатаң бюджет-салық және ақша-несие
саясатына негізделген монетарлық әдістер
қаланады, бұндайда антиинфляциялық шаралар
ретінде жиынтық сұраныстың қысқаруы
мен ақша массасының шектелуі алға шығады.
Екінші жағдайда валюталық зәкір таңдап
алынады, онда басты назар басқарылатын
девальвация, валюталық дәліз орнату,
белгіленген бағам жолымен айырбас бағамын
тұрақтандыруға аударылады; көрсетілген
шара инфляциялық күтілімді төмендетуге,
экономикалық субъектілер іс-әрекетін
алдын ала болжау дәрежесін арттыруға
мүмкіндік береді, ішкі бағаларды жария
етілген бағамға байлап тастайды, сөйтіп
антиинфляциялық салдар иеленеді.
Гетеродоксалды әдісте бағалар мен табыстарға
қатысты қолданылатын тұрақтылық саясатына
баса назар аударылады, дегенмен бұл кезде
ортодоксалды әдістің екі зәкірін де,
басқаша айтқанда, монетарлық саясат пен
айырбас бағамын тұрақтандыруды өз ішіне
тартуы мүмкін. Әңгіме бағалар мен табыстардың
шын мәнісіндегі (көбінесе, уақытша) тұрақталуы
жайында қозғалып отыр, бұл қаржылық тұрақтылықтың
үшінші «зәкірінің» пайда болуын білдіреді.
Инфляцияның өсуі өндіріс көлемін қысқартады.
Жоғары инфляцияның экономикаға ұзақ
мерзімді әсері жағымсыз болмақ. Елдердің
көп бөлігін қамту жолымен жүргізілген
зерттеулер жоғары инфляцияның он жылдық
кезеңге, әсіресе жылына 10–20%-дан асатын
түріне есептелуі экономикалық өсімнің
үдеуімен емес, қайта тежелуімен байланысты.
Бұрын орталықтандырылған жоспарлы экономика
иеленген елдердің көбінде инфляцияны
салыстырмалы түрдегі төмен деңгейде
тұрақтандырғаннан кейін ғана жағымды
экономикалық өсімді қайтадан қамтамаыз
ету мүмкін болды.
Талдау керсеткендей, инфляция деңгейін
төмендетуге көмектесетін механизмдерді
(тетіктерді) таңдау әр елде қатаң, әрі
жеке-жеке іске асырылды. Инфляцияның
әр елдегі өз себептері де, сол сияқты
өсу қарқыны да әр түрлі. Олар уақыт жөнінен
де бір-бірінен алшақ. Егер Латын Америкасы
елдерінде инфляцияның өсу қарқыны 70–80
жылдарда 300%-ға жетсе, Жапонияда олар нөлге
тең дерлік болды. Сонда да инфляция қарқыны
көрінуінің ең шеткі көрсеткіштеріне
көңіл бөлсек, онда соғыстан кейінгі кезеңге
тоқтаусыз да біркелкі инфляция тән болған.
Егер антиинфляциялық саясат тәжірибесіне
тікелей назар аударсақ, онда әр түрлі
дамыған да, дамушы да батыс елдеріндегі
жоғары инфляциямен күрестің басым көпшілік
мысалдары олардың бұл жолда аралас бағдарламаларды
пайдаланғандығын көрсетеді. Бұнда ортодоксалды
да, гетеродоксалды да бағдарлама шаралары
үйлесім тапқан.
Ресейлік реформаны, әдетте, қаржы тұрақтылығының
ортодоксалды типімен байланыстырады.
Сонымен қатар гетеродоксалды сипатқа
ие шаралар да қолданылған. Олардың кейбірі
ашық сипат иеленді (энергоқорлар, темір
жол транспорты, коммуналдық қызмет, т.б.
бағаларын біртіндеп жіберу; 1994 жылға
дейін еңбекақыны арттыруға салынатын
салықтың өмір сүруі; бюджеттік ая жұмыскерлерінің
жалақысы бойынша біртұтас тарифтерді
енгізу); басқалары көбіне-көп әлеуметтік
тұрғыдан зиянды сипат (бағаларды ырықтандыру
нәтижесінде халықтың ақшалай салымдарының
құнсыздануы, жалақының жаппай төленбеуі)
иелене отырып, жанама түрде іске асырылды.
Инфляцияны ауыздықтаудың қажеттігі бюджет-салық
және ақша-несие саясатын қатайтуды талап
етті. Осымен сәйкес 1995 жылдың ортасынан
бастап валюталық дәліз орнату жолымен
рубльді долларға бір жақты байлап қою
режимі енгізілді, бұл сол кезде елдегі
инфляциялық күтілімді шектеуге мүмкіндік
берді.
Бұндай бағам саясаты 1997 жылғы қарашадағы
қаржы дағдарысына дейін жүргізілді, бұл
кезде резидент еместердің мемлекеттік
бағалы қағаздар құнын елеулі түрде түсіруі,
ал кейіннен банк жүйесіндегі еркін ақша
құралдарының шапшаң көтерілген деңгейі
шетелдік валютаға сұраныстың тұрақты
да айтарлықтай ұлғаюына алып келді. Сол
кезде Ресей Банкі ішкі валюталық нарыққа
интервенция жасау көмегімен айырбас
бағамы деңгейін қолдауға мәжбүр болды.
1998 ж. тамыз айынан бастап Ресейде бірінші
орынға өте қиын міндет, яғни дефолттың
дефолт-юреге айналуына жол бермеу мәселесі
шықты. Бұл жағдайда Ресей Банкі үкіметпен
келісе отырып, қалқымалы айырбас бағамы
саясатын қабылдады.
Ресейдегі 1998 ж. 17 тамыз оқиғасы қаржы
дағдарысы мен қаржы нарығының жекелеген
сегменттерінің тепе-теңдігінің бұзылуы
кезінде мемлекеттің тек жекелеген нарықтық
құралдар көмегі арқылы ақша-несие саласында
жүріп жатқан үдерістерді басқару бойынша
мүмкіндіктері жағдайды түбірімен өзгерту
үшін жеткіліксіз болғандығын көрсетті.
Сыртқы қарыз түріндегі капитал ағынының
деңгейін зерттеу кезінде елдің резервтік
активтерінің көрсеткіштерін бақылау
қажет. ХВҚ-ның төлем балансы бойынша нұсқауына
сәйкес резервтік активтер – сыртқы міндеттемелерді
тікелей жедел төлеуге, елдің валюталық
бағамын реттеуге және т.б. мақсаттарға
дайын елдің сыртқы активтері. Сыртқы
активтерге резервтік активтердің қатынасы,
оның ішінде активтердің қысқа мерзімді
қарызға қатынасы капиталдың халықаралық
нарықтағы өзгерістері кезінде елдің
тәуекелдік деңгейінің пайдалы көрсеткіші
болып табылады. Қысқа мерзімді қарыздың
көлемі, әдетте, бір жыл ішінде төлеу қажет
қарызды көрсетеді, сондықтан қарыз алудың
сыртқы көздері болмаған жағдайда елдің
төлем қабілетінің пайдалы көрсеткіші
болып саналады. Қысқа мерзімді сыртқы
қарыздардағы резервтік активтердің үлесі
неғұрлым аз болса, дағдарыстың пайда
болу мүмкіндігі солғұрлым жоғары болады.
Ресей Банкінің ақша массалары динамикасының
сәйкес экономикалық жағдайлары мен рубльдің
нақты көрсеткіште біраз нығаюын қамтамасыз
еткен ақша-несие және валюталық саясатының
арқасында 1999 ж. макроэкономикалық көрсеткіштерді
жақсартуға, атап айтқанда инфляцияны
төмендетуге және қаржы тұрақтылығын
жүзеге асыруға қол жеткізілді
(2-сурет).
2-сурет – Тұтыну бағалары индексінің
серпіні
(алдыңғы жылдың сәйкес кезеңіне, % түрінде)
Жалпы өтпелі экономикаға ие елдер тәжірибесі
тұрақтылыққа, егер ол парасатты макроэкономикалық
саясат тұрғысынан қолдау тапса, айырбас
бағамы базасында ғана емес, сонымен бірге
ақшалай негізде де қол жеткізуге болатындығын
көрсетті.
Төмендегі 2-кестеде көрсетілгендей, Қазақстанның
қысқа мерзімді сыртқы қарыздағы резервтер
үлесі өте жоғары. 2004 жылы резервтік активтер
қысқа мерзімді сыртқы қарыздан екі есе
асып кеткен. Бұл Қазақстан қажет болған
жағдайда бір жылға дейінгі қысқа мерзімді
міндеттемелерді жабуға дайын екенін
көрсетеді. Бірақ 2005 жылы жағдай күрт өзгерді.
Елде жиналып қалған қысқа мерзімді сыртқы
қарыз көлемін резервтер енді жаба алмайтын
болды.
2-кесте – Халықаралық инвестициялық ахуал
бойынша өтімділік көрсеткіштері
Млн. АҚШ долл.
Жылдар
Көрсеткіштер 1999 2000 2001
Резервтік активтер 2003 2096 2508 3141
Жалпы сыртқы қарыз 12081 12685 15157 18251
Сыртқы қарыздағы резервтер үлесі, % 17 17 17 17 22 28 16 26
Қысқа мерзімді сыртқы қарыз 1805 1021 1366 2360
Қысқа мерзімді сыртқы қарыздар бойынша
резервтер үлесі, % 111 205 184 133 132 235 88
ЖІӨ-ге ағымдағы шот балансының үлесі,
% -1.41 2.00 -6.28 -4.16 -0.
Экспорттағы сыртқы қарыздың үлесі, % 175 123 148 157 153 145 142
Ескерту – ҚР ҰБ деректері бойынша автор
құрастырған.
Дағдарыстар
қысқа мерзімді сыртқы қарыздағы
резервтердің жоғары үлесі бар елдерде
де, мысалы Венесуэлада, Малайзияда, Колумбияда
орын алғандығын атап өткен жөн.
1994 жылы Венесуэлада болған дағдарысқа
дейін осы көрсеткіш Қазақстанға қарағанда
елеулі жоғары болды және ол 250%-ды құрады.
Бірақ Венесуэланың тауар мен қызмет экспортындағы
сыртқы қарызының үлесі Қазақстанға қарағанда
екі есе жоғары болды, яғни экспорттық
түсім елдің қарызын 280%-ға қамтамасыз
ете алмады, ал осы уақытта Қазақстанда
бұл көрсеткіш 177%-ды құрады.
Халықаралық инвестициялық позиция (көзқарас)
мәліметтері бойынша нетто-позиция елдің
төлем қабілеті тәуекелділігінің көрсеткіші
болып саналады. 3-кестеден көрініп тұрғандай,
Қазақстан 1998 жылдан бастап, жарамсыз
нетто-позицияны сақтап келеді. Сыртқы
міндеттемелердің ел активтерінен шапшаң
артуы 2000 жылы орын алды және сол уақыттан
бері жағымсыз өсім үрдісіне ие.
3-кесте – Қазақстанның халықаралық нетто-позициясы
Млн. АҚШ доллары
Жылдар
Көрсеткіштер 1998 1999 2000
Сыртқы активтер 2391 2599 4613 6117
Ішкі міндеттемелер 3596 3669 15727
Нетто-позиция -1205 -1070 -
Нетто-позицияның өсімі, алдыңғы кезеңмен
салыстырғанда, % -3866 11 -939 -18 -5 -7 -6 -
Ескерту – ҚР ҰБ деректері бойынша автор
құрастырған.
Сөйтіп,
Қазақстанға сыртқы қарыздар, қарыздық
бағалы қағаздар шығарылымы түрінде
келетін капитал ағымы
Ұлттық Банк үкіметке несиелер бермейді,
өзінің мемлекеттік бағалы қағаздар қоржынын
мүлдем ұлғайтпайды. Коммерциялық банктерді
қайта қаржыландыру мардымсыз көлемдерде
жүргізіледі. Валюталық резервтерді арттыру
нәтижесінде туындайтын ақшалай ұсыныстардың
артықшылығын залалсыздандыру мақсатымен
Ұлттық Банк коммерциялық банктерден
депозиттер тартады.
Басқа да тауарлар тәрізді бағасы өсетін
доллар бағамы инфляцияға әсер етеді.
Бұл фактор импортталушы инфляция түрлеріне
қатысты. Сатып алынатын долларлар елдегі
тауарлар мен қызметтер бағасының сомалық
көлемін көтереді, яғни кәсіпорындар,
банктер және тұрғындар тарапынан ұлттық
валюта мен қосымша төлем төлеуге қабілетті
сұранысқа қажеттілік бар. Экономиканың
«долларизация» жағдайында мемлекет инфляцияны
монетарлық әдіспен бақылау мүмкіндігінен
айрылады, өйткені тауарларға ұсыныс тек
теңгеге ғана емес, өткізілетін көлемі
белгісіз долларға да болады.
Долларға қарағандағы теңге бағамының
төмендеуі бағаның инфляциялық өсуінің
белсенді факторы болды, өйткені импорттық
тауарлар Қазақстан тұтыну нарығының
жартысын құрады. Импортталатын инфляцияның
тетіктері доллар мен басқа да шетел валюталарына
жоғары сұраныстың пайда болуынан айқын
көрінді.
Соңғы уақытта Үкімет пен Ұлттық Банк
өзінің ақша-несие саясатында екі мақсатқа
жетуге ұмтылуда. Бірінші мақсат – инфляцияны
төмендету, екіншісі – экономиканың нақты
секторы жағдайының нашарламауы үшін
теңгенің тиімді бағамын ұстап тұру болып
табылады. Бұл мақсаттар іс жүзінде бір-біріне
қарама-қайшы. Бюджет тапшылығы мен мемлекеттің
ірі қарызды тұтыну мүмкіндігі жоқ кезде
инфляцияны төмендету өте қиын емес. Ұлттық
банктің нарықтан валютаны сатып алуын
және өзінің алтын-валюта қорын көбейтуін
тоқтату қажет. Мұндай жағдайда ақша көлемі
баяу өседі, одан кейін ол мүлдем тоқтайды.
Бұл инфляцияның төмендеуін ең соңында
нөлге дейін алып келеді.
Сонымен бірге бұл нақты, атаулы құнында
көрініс табатын теңге бағамын білдіреді,
ол өз кезегінде импорттың өсуіне, экспорттаушылар
жағдайының нашарлауына және өндірістің
құлдырауына әкеліп соқтырады.
Соңғы уақытта әлемдік нарықта орын алған
үрдіс Қазақстан макроэкономикасының
дамуына жағымды әсер еткенмен, бірнеше
мәселені де туындатты. Соның бірі – кәсіпорындардың
нақты секторлары мен коммерциялық банктердің
сырттан қарыз алуы, оның ішінде банк жүйесінің
шартты түрдегі өтімділігі. Сыртқы қаржыландырудың
қомақтылығы ішкі несиелеу көлемін арттырды.
Екінші деңгейлі банктер жүргізген белсенді
несие саясаты ақша көлемінің өсімін және
соған сәйкес айналымдағы қолма-қол ақшаның,
ең бастысы тұтынушы сұранысының өсуін
туындатты.Жыл сайын еңбекақы мөлшерінің
көтерілуі есебінен тұрғындардың тұтыну
қабілеті артты.
2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда еңбекақы
19,7%-ға, нақты көріністе – 10,2%-ға өсті. Еңбекақының
өсуі елдегі экономикалық белсенділіктің
артуымен айқындалады. Экономиканың бюджеттік
секторындағы еңбекақы өсуінің артынша
басқа салаларда да сонымен мөлшерлес
өсім ере жүрді.
Экономикада инфляциялық көріністің сақталуы
ақша агрегаттарының елеулі өсуіне себеп
болды. Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің халықаралық таза резервтерінің
өсуі 2006 жылы оның қаржылық базасының
26,5 пайызға, яғни 1501,5 млрд. теңгеге дейін
кеңеюіне мүмкіндік жасады (4-кесте).
Инфляцияның төмендеуін тізгіндеу инвестициялық
белсенділік пен тұтынушылық сұранысы
жоғары экономиканың елеулі өсуіне қарсы
әрекет етеді. Экономикалық көтерілу экономиканың
ақша көлеміне толығуын туындатады. Мұндай
толығудың ең маңызды критерийі ақша көлемінің
МЗ агрегатының ЖІӨ-ге қатынасы арқылы
танылады. 1995–2006 жылдардағы бұл қатынастар
келесі жағдайда қалыптасты (6-кесте).
5-кестеден көрінгендей, ЖІӨ-нің өсуі экономиканы
монетизациялау деңгейінің көтерілуінен
орын алды.
Елге шетел валютасының ағылып келуі қуат
көздеріне әлемдік бағаның жоғары болуымен
байланысты еді, олар Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорына аударылуының есебінен
тазаланды. 2006 жылдың аяғында ҚР ҰҚ-ның
активтері 13 млрд. АҚШ долларынан асты.
4-кесте – ҚР-ның кезең аяғындағы ақша
агрегаттары
Млн. АҚШ теңге
Жылдар
1999 2000 2001 2002 2003
Қаржылық база (резервтік ақшалар) 126749 134416 174959
Өткен кезеңмен салыстырғандағы өзгерістер,
% 55,7 6,0 30,2 19,0 52,3 82,
МО (айналымдағы қолма-қол ақша) 103486 106428 131175
М1 162115 195442 224234
М2 237260 290643 337980
М3 (ақша жиыны) 273880 397015 576023
Өткен кезеңдермен салыстырғандағы өзгерістер,
% 84,4 45,0 45,1 32,8 27,0 69,
Ескерту – ҚР ҰБ деректері бойынша автор
құрастырған.
Республиканың
банк секторы капиталдың халықаралық
нарығынан қарыз алып, артық ұсынысты
көбейтуі ішкі валюталық нарықта
елеулі ықпал көрсетті. Шетел активтеріне
қаржы салу көлемі айтарлықтай дамығаны
байқалды. Банктердің шетел инвестициялары
түрінде валюталарды шетелге
толассыз шығаруы, ҚР ҰҚ-ның өсуі, сондай-ақ
операциялар бойынша тікелей
инвестициялық қаржылардың
5-кесте – Қазақстандағы ЖІӨ мен ақша көлемінің
қатынастары
Жылдар ЖІӨ
іс жүзіндегі бағада, млрд теңге Жыл аяғындағы
МЗ, млрд тенге ЖІӨ-ге МЗ қатынасы, %
1995 1014,2 115,7 11,4
1996 1415,8 135,0 9,5
1997 1672,1 173,0 10,3
1998 1733,3 148,5 8,6
1999 2016,5 273,9 13,6
2000 2600,0 397,0 15,3
2001 3250,6 376,0 17,7
2002 3747,2 764,9 20,4
2003 4449,8 969,9 21,8
2004 5542,5 1650,1 29,8
2005 6867,0 1881,3 27,4
2006 9738,8 3716,0 38,2
Ескерту – ҚР Статистика агенттігінің
деректері бойынша автор құраған.
Әлемдік тауар нарығында Қазақстан экспортының
негізгі тауарларына бағаның өсуі отандық
өндірушілердің ішкі нарықта өз тауарларының
бағасын соған сәйкес көтеруіне мәжбүр
етті. Бір жағынан, мемлекеттік бюджет
шығынының өсуі экономикалық белсенділікті
ынталандырса, екінші жағынан, инфляциялық
қысымды күшейтті. Ел табысының өсуімен
қатар күтілген инфляция қосымша инфляциялық
фактор болды.
Қалыптасқан макроэкономикалық жағдай
республиканың тұтыну нарығында инфляциялық
үрдістің күшеюіне алып келді. Нәтижесінде,
ол жыл аяғында (2005 жылдың желтоқсанынан
2006 жылдың желтоқсанына дейін) Статистика
агенттігінің деректері бойынша 2006 жылы
8,4%-ды (2005 жылы 7,5% еді), ал орташа жылдық
инфляция – 8,6%-ды құрады (3-сурет).
2006 жылғы инфляцияға ықпал еткен негізгі
микро және макроэкономикалық факторларға
экономиканың елеулі өсуі, Қазақстанға
шетел капиталының үздіксіз ағыны, банк
несиелерінің айтарлықтай көтерілуі,
қуат және шикізат тауарларына әлемдік
бағаның жоғары болуы жатты.
3-сурет – Инфляция серпіні
Мұнайлы жерлерді әрі қарай игеру төлем
балансының ағымдағы шотына ағылатын
капиталдың қосымша көздеріне жол ашты,
бұл өңдеуші өнеркәсіптің бәсекелестік
қабілетін төмендетуге әсер етуі мүмкін,
өйткені тікелей инвестицияны әрі қарай
игерумен жалғасатын экспорттық түсімдердің
көбеюі теңгенің айырбастау бағамын нақты
қымбаттатуға тікелей қысым көрсетеді.
КОРЫТЫНДЫ
Жүргізілген зерттеулер нәтижелері келесідей
қорытындылар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік
береді:
1. Қаржы тұрақсыздығынан және инфляцияның
жаңа орамынан қашу үшін номиналды еңбекақы
өзгерістерінің қарқынын бағалар деңгейі
өзгерістерінің қарқынымен ұштастыру
ұсынылады, өйткені табыс пен бағалар
ара қатынасында тікелей тәуелділік бар.
Ақша массасының өсімі жылдамдығының
өзгерістері қысқа мерзімді кезеңде шығарылу
деңгейіне ғана емес, сонымен қатар инфляция
деңгейіне де әсерін тигізеді. Ұзақ кезеңде
ақша массасының өсімі жылдамдығының
өзгерістері тек инфляция қарқынына ғана
әсер етеді. Инфляцияның әрбір жаңа толқыны
қоғамнан шығын талап етеді және антиинфляциялық
саясат «бағасы» өсе түседі.
2. Шетелдік тәжірибе антиинфляциялық саясаттың
құрамдас бөлігі ретінде валюталық бақылау
мен валюталық реттеу шараларын жемісті
пайдаланудың көптеген мысалдарын алға
тартады. Валюталық бағдар тұрақты болып
тұрғанда, бұндай саясат өзін-өзі ақтайды.
Валюталық саясат ойдағыдай жүзеге асуы
үшін ұлттық валютаның айырбасталымдылығы
ұсынылады, бірақ ол ағымдағы операциялар
шеңберінен шықпағаны жөн.
3. Жалпы өтпелі экономикаға ие елдер тәжірибесі
тұрақтылыққа, егер ол парасатты макроэкономикалық
саясат тұрғысынан қолдау тапса, айырбас
бағамы базасында ғана емес, сонымен бірге
ақшалай негізде де қол жеткізуге болатындығын
көрсетті. Айырбас бағамы базасында тұрақтандырудың
артықшылығы инфляция төмендеуінің неғұрлым
жылдам қарқынында, өндіріс пен жұмысбастылықтың
анағұрлым аз түсуінде жатады.
4. Қазақстан үшін әлемдік валюта тербелістерінің
әсерінен теңге бағамының төмендеуі (бекуі)
арқылы туындайтын импортталушы инфляция
ерекше қауіпті. Тұтыну тауарлары импортының
елде шығарылатын тауарлардан асып кетуі
осы тауарлар бағасы өзгерістерінің серпінін
бақылауға мүмкіндік бермейді және елдің
экономикалық, әрі ұлттық қауіпсіздігіне
қатер төндіреді.
5. Ақша көлемінің жылдам өсуіне және соған
сәйкес экономиканың монетизациялануын
жеделдетуге жол бермеу ұсынылады, өйткені
тез өсудегі монетизация инфляцияның
қысқа мерзімді кезеңде көтерілуіне, банк
жүйесінде өтімділіктің шамадан тыс қорлануы
инфляцияның орта мерзімді кезеңде өсуіне,
ал ақша агрегаттарының тұрақты да елеулі
артуы экономикада инфляциялық фонның
сақталуына әсер етеді.
6. Инфляцияның өсу қарқынын ауыздықтау
үшін қайта қаржыландыру мөлшерлемесі
мен минималды резервтік талаптар нормативтерінің
реттеушілік әсерін оларды арттыру және
«қымбат ақшалар» саясатын жүргізу жолымен
күшейту ұсынылады.
7. Инфляцияның өсуін болдырмау мақсатында
шетел валютасының кең көлемді түсімін
залалсыздандыруды қысқа мерзімді ноттар
шығару, репо операциясын жүргізу және
екінші деңгейлі банктерден депозиттер
тарту жолымен жүзеге асыру ұсынылады.
ДИССЕРТАЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
КЕЛЕСІ ЕҢБЕКТЕРДЕ ЖАРИЯЛАНҒАН
1. Синдицированное кредитование экономики
Казахстана // Материалы междунар. науч.-практ.
конф. «Актуальные проблемы развития экономики
и подготовки специалистов с экономическим
образованием в странах СНГ»
(г. Тараз, 17 июня 2005 г.). – Алматы: Изд. Алмат.
акад. экономики и статистики, 2005. – С.
184–185. – 0,3 п.л.
2. Кластерлік өндірістің даму мәселелері
// Материалы науч. конф. студентов, аспирантов
и молодых ученых вузов Алмат. региона
«Молодое поколение – за конкурентноспособный
Казахстан» (г. Алматы, 19–20 апреля 2006 г.),
«ТОО Interconsult Ltd» баспасы. – 2006. – 2 бөлім.
– 50–51 бб. – 0,3 б.т.
3. Перспективы развития в Казахстане финансирования
экономики за счет выпуска негосударственных
долговых обязательств // ҚазЭУ хабаршысы.
– Алматы: Экономика, 2006. – № 5. – С. 13–17.
– 0,5 п.л.
4. Экономиканы несиелендіру мен қаржыландырудың
банк және қор моделінің артықшылықтары
мен кемшіліктері // Қазақ ұлттық аграрлық
университетінің «Исследования, результаты»
журналы. – Алматы, 2006. – № 2. – 43–46 бб.
– 0,4 б.т.
5. Финансовый рынок Казахстана: проблемы
и пути развития // Материалы республик.
учеб.-метод. конф. «Непрерывное экономическое
образование: модернизация обучения и
методического обеспечения (25–26 января
2007 г.). – Алматы: Экономика, 2007. – Ч. II. –
С. 214–218. – 0,3 п.л.
6. Инфляцияның пайда болуы және оны реттеу
жолдары: әлемдік тәжірибе және Қазақстан
тәжірибесі // Материалы междунар. науч.-практ.
конф. «Проблемы становления национальной
инновационной системы и развитие научного
потенциала экономики Казахстана» (16 мая
2007 г.). – Алматы, 2007, 524–536 бб. – 0,4 б.т.
7. Мировой опыт преодоления инфляции потребительских
цен и финансовых активов // Хабаршы (Еуразиялық
ұлттық университет). – Астана, 2007. – №
1. – С. 306–314. – 0,4 п.л.
8. Кластерлік саясаттың дамуы есебінен
экономикалық даму // ҚазЭУ хабаршысы.
– Алматы: Экономика, 2007. – № 2. – 128–130
бб. – 0,4 б.т.
9. Регулирование инфляции и инфляционных
ожиданий: мировой опыт и практика Казахстана
// Вестн. Новосибир. гос. ун-та. – Новосибирск,
2007. –
Т. 7, вып. 3. – С. 45–51. – 0,5 п.л.
Инфляция проблемасы экономикалық ғылымда
маңызды
орын алады оның көрсеткіштері мен әлеуметтік – экономикалық салдарлары елдің және бүкіл әлемдік шаруашылықтың экономикалық қауіпсіздігін бағалауда күрделі рөл атқарады. Қазіргі замандағы жағдайларда осы мєселенің өзектілігі инфляцияның дамуының мәнін, тереңдетілген себептерін және оның ерекшеліктері мен антиинфляциялық саясаттың негізгі
бағыттарын
айқындау қажеттілігімен
анықталады.
Менің
курстық жұмысымның тақырыбын таңдауыма инфляция проблемасын жеткіліксіз
зерделеу аспектісі елеулі әсерін тигізді.
Дүниежүзінде
ХХғ.
екінші жартысында инфляция болмаған елдер тіпті жоқ. Егер 30-шы жылдары негізгі проблема
жұмыссыздық болса,
одан кейін негізгі проблема инфляция
болды. Инфляцияның жылдық темпілері әлемдік экономикада 2,9%-дан 50-ші жылдары,
11%-ға
дейін 80-ші жылдары өсті. Қазақстандағы макроэкономикалық құбылыстардың ерекшеліктеріне келсек, бұл «стандартты емес» нарықтық құрылым.
Қазіргі
замандағы инфляцияға бірқатар айырмашылықтар тән: егер бұрын инфляция локальді сипатта болса,
ал қазір-
күнделікті,
барлық
орамды;егер бұрын үлкен және кіші кезеңді қамтыса, атап айтқанда кезеңдік сипатта болса, ал қазір- хроникалық; қазіргі замандағы инфляция ақшалай ғана емес, сонымен бірге ақшалай емес факторлардың да әсерінде тұрады.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көп уақыт бойы қолданылып келе жатыр. «Инфляция»
термині АҚШ-та 1861-1865жж. азамат соғысы тұсында, екі жыл ішінде доллардың 60% - ға сатып
алу қабілетінің төмендеуі
кезінде қолданыла бастады. Инфляция дегеніміз
не? Инфляция – бұл бағаның жалпы деңгейінің өсуі . Ал инфляцияның жалпы анықтамасы – бұл елде айналымдағы қағаз ақша көлемінің тым көбейіп кетіп, оның ақша тауары (алтын) жөнінде құнсыздануына ұласуы және соның салдарынан тауар бағасының өсуі. Қазіргі кезде қолданылып келе жатқан анықтама – бұл ұсыныс пен сұраныс арасындағы дисбаланс жєне бағаның өсуіне байланысты басқа да ұлттық шаруашылық пропорциялар бұзылуы нәтижесі. Жаңа қоғамда инфляцияда көрінетін байланыс қиындады: қағаз ақшаның алтынға тәуелдігі мүлдем үзілген; ақша айналымының дәстүрлі заңы бұзылған және инфляция жаңа халықаралық сипатта қалыптасыда. Бұның бір себебі мынада: көп елдер инвестицияны ынталандыру
және
экономиканы емдеу құралы ретінде ақша шығару қарқынын көтереді. Сондықтан инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің қағаз ақшаны шектен көп шығаруымен байланысты, бұл эмиссия ішкі айналым қажеттілігін де асып кетті. Нәтижесінде ақша құнсызданады, баға өседі, сондықтан барлық шаруашылық пропорциялар бұзылады. Инфляция – қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктен туындайтын бағаның өсуі
ретінде анықталады. Ақша массасының өсуі ірі масштабқа жеткенде инфляцияның басты факторлары ақша массасындағы өзгеріс болып табылады.
Инфляция – бұл күрделі де, көпфакторлы құбылыс; ал қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс
процесінің бұзылуымен сипатталады. Инфляция
ең
алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеде.
Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды,
неге десеңіз, , ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі болған: қажетті ақша көлемі алтын – күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың тек белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша шектелуі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктеп тыс өседі. Артық ақша сұранымды арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде бағаларға қатты ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді.
Инфляцияның экономикалық - әлеуметтік салдарлары және антиинфляциялық саясат.
Инфляцияның салдары өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны баяу инфляция баға деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдайдың (конъюнктураның) уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ, уақыт артып
инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады, қоғамда экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды.
Инфляция қоғамда ақшадан қашу белсенділігін арттырады, бұл процесс қарқынды
да, ұлғаймалы
түрде
жүреді,
тауар тапшылығы асқындайды, ақшалай қор жинау мүддесі жойылады, ақша-несие жүйесінің қызметі бұзылады, тауарды тауарға тікелей айырбастау (бартер) туындап
кеңейеді.
Баға
деңгейінің қарқынды өсуі
фискал (қазына) жүйесіне де теріс әсер етеді, экономнкада «Танзи-Оливер әсері»
деп аталатын нәтиже қалыптасады. Бұл әсерді XX ғасырдың 70-жылдары Латын Америкасы экономистері
ашып зерттеген еді. Инфляция салықтан түскен табысты (түсімді) құнсыздандырады. Мысалы, егер салықтар
жылдың үшінші
ширегінде (кварталында) есептеліп осы
жылдың
төртінші
ширегінде төленген болса, онда гиперинфляция
жағдайында
бюджетке түскен түсімдер құнсызданады, яғни бюджет түсімінің нақты мөлшері азаяды. Инфляция жағдайында тұрғындардың қолында сақталған ақша қоры құнсызданады, несие беруші мекемелер
мен банктер шығын шегеді.
Экономиканың интеграциялануы (ұлттық шеңберден шығуы) инфляцияның бір елден екінші елге ауысуына
мүмкіндік
береді, бұл халықаралық валюта және төлем қатынастарын қиындатады.
Антиинфляциялық саясат. Антиинфляциялық саясаттың мақсаты инфляцияны басқарушылық етіп, ал оның деңгейін едәуір бірқалыпты етіп жасау. Ол үшін ақшалай – несиелік, бюджеттік, салықтық әдістері,
кірістер саласындағы іс-шаралар, сондай-ақ тұрақтандырудың әртүрлі бағдарламалары қолданылады. Инфляциямен күресудің әдістері тура және жанама болуы мүмкін.
1) жанама әдістер: а) оларды орталық банктың басқаруы арқылы ақшаның жалпы салмағын реттеу; ә) оларды орталық банктердің басқаруы арқылы коммерциялық банктердің несиелік және есептілік пайыздарын реттеу;
б) коммерциялық банктердің міндетті қорлары, орталық банктердің ашық базарда құнды қағаздармен операциялары.
2) Тура әдістер:
а) мемлекеттің несиелерді және сонымен бірге ақшалай салмақты тура және тікелей реттеуі; ә) бағаларды мемлекеттік реттеу; б) жалақыны
мемлекеттік (кәсіподақтармен келісу бойынша) реттеу; в)
сыртқы
сауданы, капиталды әкелу мен әкету және валюта бағамын мемлекеттік реттеу.
Антиинфляциялық саясаттың бірнеше жіктеулері бар. Мысалы,
ортодоксальды және гетеродоксольды.
1. Ортодоксальды нұсқасы экономикаға мемлекет жағынан аз араласудың классикалық емес тұжырымдамасына негізделген. Бюджеттің теңгерілу
және
айналымда ақшалай салмақтың өсу темпін ұстап тұру проблемаларын шешуде оның қызмет саласын шектеуді ұсынады.
2. Гетеродоксальды нұсқа экономикалық үрдістердің барысына аса белсенді мемлекеттік
араласуды көздейді, соның ішінде: баға мен жалақының өсімін уақытша тоқтатып тастау; кәсіпкерлікті және халықтың жинақтарын ынталандыру жөніндегі шаралар, ең алдымен салықтық ауртпалықтарды төмендету арқылы; нарықтық инфрақұрылымды дамыту және өмірге маңызды салалар мен өндірістерді қолдау; сыртқы сауда мен валюталық операцияларды реттеу.
Құнсызданудың (инфляцияның) жағымсыз әлеуметтік
және
экономикалық салдары көптеген елдер үкіметтерін белгілі экономикалық саясат
жүргізуге
мәжбүр етеді.
Бұл
жерде экономистер ең алдымен мына сұрақтың жауабын табуға ұмтылады: күрделі де тегеурінді іс-шаралар
арқылы
инфляцияны жою керек пе, әлде инфляция жағдайына икемделген дұрыс па?
Бүл
екі ұшты
мәселе әртүрлі
елдерде ерекше жағдайларға байланысты шешіледі екен. Мысалы,
АҚШ-та
және
Англияда инфляциямен күресу мәселесі мемлекет деңгейіне көтеріліп қойылады. Басқа бірталай елдерде инфляцияға икемделу іс-шаралары жүргізіліп, тіпті арнайы бағдарламалар да жасалады (табыстарды
индексациялау және т.б.) .
Инфляцияға карсы саясатты сипаттағанда, екі әдістемені бөліп айтуға болады. Бірінші әдістеме шеңберінде (оны осы күнгі Кейнс теориясының өкілдері зерттейді) белсенді бюджет
саясаты жүргізіледі - сұранымға ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде сұраным қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді. Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі де қысқарады. Бұл экономикада дағдарыс жағдайын қалыптастырып, жұмыссыздықты арттырып жіберуі мүмкін. Ол қоғам үшін инфляцияны тежеудің құны болады. Құлдырау жағдайында бюджет саясаты сұранымды кеңейтуге бағытталады. Егер сұраньм жеткіліксіз болса, онда мемлекеттің инвестиция
бағдарламасы
іске қосылады
және
шығындар
артады, салықтар төмендетіледі. Ең алдымен табысы төмен нарық субъектілеріне салынатын салық қысқартылады.
Бұл
бірден нәтиже береді: сұраным тез өседі, ол өндіріске ықпал жасайды, жалпы экономикалық өсу басталады.
Бірақ
60-70 жылдары дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, сұранымды бюджет арқылы ынталандыру инфляцияны күшейтуі
мүмкін
екен. Сонымен бірге бюджет шығындарының артуы бюджет тапшылығын қалыптастырады және салық пен шығын арқылы экономиканы реттеудің мүмкіншілігі қысқарады.
Екінші әдістемені жана классикалық бағыттағы экономистер ұсынады. Олар бірінші орынға ақша-несие арқылы реттеу әдісін кояды. Бұл әдіс экономика жағдайына жанама түрде икемді ықпал жасайды. Бұл саясатты үкіметке тікелей бағынбайтын Орталық банк жүргізеді. Орталық банк айналымдағы ақша көлемін өзгертсді және қарыз пайызы (процент) кесімін реттейді,
сонымен экономикаға ықпал жасайды.
Басқаша
айтқанда,
мемлекет сұранымды шектеу мақсатында инфляцияға қарсы іс-шаралар жүргізуі қажет. Жаңа классикалық экономистердің айтуынша өндірістің өсуіп ынталандыру және жұмыссыздықты қысқарту саясаты инфляцияны асқындырады, инфляция бақылаудан шығып кетеді. Инфляция осы күнгі нарықтық экономиканың табиғатына сай келеді, инфляция жағдайларын
(бюджет тапшылығы, монополия, қағаз ақша, т.б.) толық жою мүкін емес. Осыған байланысты инфляцияны толық жою
мүмкін
еместігі өзінен-өзі және алдын ала белгілі. Сондықтан да көп елдерде ипфляцияны жою емес, оны
бағындыру, қарқынын
баяулатып, реттеу мақсаты қойылған.
Батыс елдерінде жинақталған тәжірибе көрсеткендей, инфляцияға қарсы ұзақ және қысқа мерзімдік іс-шаралар саясатын қолдану
кажет. Бұл шаралар жиынтығын келесі схема түрінде сипаттауға болады. Мемлекеттің ұзақ мерзімдік саясаты, біріншіден,
халықтың инфляциялық үрейін
жою мақсатын
көздейді.
Ол үшін
кез келген үкімет инфляцияға қарсы саясатты үздіксіз де тұрақты түрде жүргізіп, тұрғындардың сенімін орнықтыруға тырысады. Үкімет өзінің белсенді іс-шаралары негізінде
(өндірісті
ынталандыру, монополиямен күрсу, т.б.) нарықтың тиімді кызмет атқаруына жағдай жасайды. Үкіметтің мұндай саясаты тұтынушылардың сана сезіміне қажетті әсер жасап, олардың дұрыс шешім қабылдауын қамтамасыз етеді.
Екіншіден, салықтарды арттырып, бірақ мемлекеттік шығындарды қысқарту арқылы бюджет тапшылығын реттеу іс шаралары жүргізіледі. Бюджет тапшылығын Орталық банк несиесімен қаржыландыру инфляцияны асқындырады.
Үшіншіден,
ақша
айналымын реттеу іс шаралары, нақты айтқанда, жылдық ақша көлемінің өсуіне шек қою, бұл инфляцияның өсуін қадағалауға мүмкіндік береді.
Төртіншіден,
сыртқы
факторлардың әсерін әлсірету. Жеке алғанда, бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін сырттан алынған қысқа мерзімдік қарыздардың экономикаға жасайтын инфляциялық ықпалын әлсірету. Бұл өте күрделі және өзекті мәселе. Сондықтан оны арнайы түрде жеке зерттеп, қарастыру қажет болады.
Қысқа мерзімдік
саясат инфляция қарқынын уақытша төмендетуге бағытталады. Бұл мақсатта мемлекет өз иелігіндегі меншік бөлігін жекешелендіріп, бюджетке қосымша
түсім
түсірсді; қосымша өнім өндіретін
кәсіпорындарға әртүрлі
жеңілдіктср
береді; акцияларды сату арқылы инфляциялық сұранымды қысқартады; көлемді импорт арқылы да ұсынымның өсуін, бағаның тұрақтануын қамтамасыз етеді.
Күнделікті
сұранымды қысқарту
аркылы да инфляцияға қарсы әсер етуге болады. Ол үшін салымдарға төленетін процент кесімдерін арттыруға болады.
Сонда қор
сақтау
нормасы артады, ал тұтыну шығындары қысқарады.
Инфляцияға қарсы саясаттық байланысты инфляциямен күресу шығындары туралы мәселе туындайды. Инфляцияға қарсы күрес жұмыссыздықты арттырып, өндіріс көлемін қысқартуы мүмкін. Мамандардың есептеуінше, инфляцияны 1%-ке төмендету үшін
жұмыссыздықты оның табиғи деңгейінен
2%- ке арттыру қажет болады екен, бірақ бұл жағдайда ЖҰӨ-нің көлемі оңтайлы деңгейінен 4%-ке төмен калыптасады.
Инфляцияны ауыздықтау үшін көптеген елдер үкіметтсрі 60-шы жылдардан бастап
табыс пен бағаны реттеу саясатын жүргізген еді. Бұл саясат негізінен табысты шектеуге
бағытталған.
Саясат инфляциямен күресудің нарықтық емес, әкімшілік әдісіне жақын болғандықтан, қойылған мақсатқа әрқашан жеткізе бермеген. АҚШ тәжірибесі көрсеткендей, табысты тежеу саясаты,
түптеп
келгенде, ұзақ мерзімде тұрақты нәтиже бермеген. 1971-1974 жылдары АҚШ үкіметі
жалақы
мен баға
деңгейін
тікелей реттеу тәртібін қолданған екен. 70-жылдардың соңында табыс пен бағаны тікелей реттеу тәртібі жойылып, оның орнына орындауға міндетті емес үкіметтің ұсынысы ретінде сақталған болатын. Ал 80-жылдардың басында президент Р. Рейганның әкімшілігі
бұл
мәселемен
айналысатын мемлекет мекемелерін таратып
жіберген.
Қорытынды.
Информацияның жеке жағдайлары тарихта орын алғанына қарамастан инфляция жаңа экономикалық фактор болып табылады. Инфляция
– бұл
көп
факторлы үрдіс, және монетаристердің көзқарасы бойынша инфляция – таза ақшалай құбылыс.
Инфляция айтарлықтай дәрежеде сол немесе басқа елдің экономикалық дамуының нақты кезеңдерінің ерекшеліктерімен анықталады. Экономикасы әлсіз дамыған елерде инфляциялық үрдіс кірістерге бюджеттік шығыстардың күрт жоғарлауымен
болатын артық ақшалай эмиссияның анықтаушы әсерінде тұрады. Дамыған елдерде айналымда жүрген ақшалай салмақ орталық банктердің қатаң бақылауыда болады. Сондықтан ақшалай салмақтың айналым арналарының ернеулеуі болмайды.
Қазақстанда
инфляцияның пайда болуына келесі себептер
себепші болды: қоғамдық өндірістің терең деформациясы мен диспропорциясы;
экономиканың құрылымдық ауытқуы; тауар өнімдерін өндірушілердің монополизмі; милитаризацияланған экономика;
мемлекеттік бюджеттің ақшасын тиімсіз пайдалану. Қазақстандағы инфляциялық тетіктердің іс-қимылы мемлекеттік қаржыландырылумен және жеңілдік несиелендірумен ынталандырылды.
Бағаны
либерализациялау және өндірісті қысқарту кезінде осыған ерген жалақыны көтеру сұраныс инфляциясының өндірістің шығындар инфляциясына қайта өсуіне әкелді. Ақшалай жүйенің бұзылуы және елде қаржы шиеленісуін құру; айырбас үрдістерінің табиғилануы; ұлттық өнімді бөлудегі нақты өзгерістер; халықтың мүліктік қабаттасуының күшеюі; инвестициялардың қысқаруы; тауарлар мен қызмет көрсетулерге бағалардың әркелкі өсуі инфляцияның салдарлары болып табылады.
Экономикалық өсімнің антиинфляциялық стратегиясы инфляцияны реттеуге
бағытталған кезең – кезең бойынша
шараларды өткізуді талап етеді. Инфляцияның негізгі
факторларын ұстап тұру үшін «мақсат ағашын» салу қажет. Инвестициялық үрдісті жандандыру арқылы инвестиция дағдарысын жеңу бірінші кезектегі антиинфляциялық шаралар
болып табылады. Әлемді тәжірибе нақты кепілдіктер мен инвестициялық қауіпті
сақтандыру
арқасында
жеке сектордың капиталын барынша тарту мүмкіндігі туралы куәландырады. Барлық деңгейдегі бюджеттерді сауықтыру және Қазақстанда бюджеттік дағдарыстың көрінуінің өзіндік нысандарын меңгеру. Антиинфляциялық стратегияда маңызды орын алады, оның ішінде: еркін көлемде қаржыландыру; бюджеттік қаражатты мақсатсыз пайдалану; мемлекеттік бюджеттің орындалуына әлсіз
бақылау.
Инфляцияны ұстау үшін бизнесті әлсіретпеуге тиіс ғылыми негізделген салық саясаты қажет «шағын» бизнесті қолдауға бағытталған шаралар керек. Тауарлық өндіріс жағдайларында барлық шаруашылық байланыстар ақшамен жүргізіледі. Сондықтан антиинфляциялық саясат ақша эмиссиясын және оның айналым жылдамдығын реттеуді көздейді. Қазақстанның банктік жүйесін санациялау мен реструктуризациялау
антиинфляциялық саясаттың және экономикалық өсу стратегиясының маңызды бағыты болып табылады. Баға мен жалақыны реттеу – көпфакторлы антиинфляциялық стратегияның құрамалы бөлігі. Инфляциялық үрдісті реттеу үшін, сондай-ақ оның сыртқы факторларын бейтараптандыру қажет.
Осылайша инфляцияның әлсіруіне әлемдік теория мен практикада жинақталған қаражаттың бүкіл
арсеналдарын онымен күресуге әрекет жасағанда ғана, сондай-ақ оны Қазақстанның жағдайларына үнемі дағдыландыра отырып қол жеткізуге болады.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Крымова В. «Экономикалық теория» - Алматы, 2003ж.
2. Осипова Г. М. –Экономикалық теория негіздері/ Алматы 2002ж
3. Сейтқасымов Ғ. С.
– Ақша,
несие, банктер/оқулық Алматы: экономика, 2001ж
4. Халықаралық Қазақстан
сайты (www.kazakh.ru)
5. Қабдиев
Д. Қ.,
Оралтаев Т. Қ., Ескендіров Ә. Е., Бекмолдин С. Қ., Хабибулин Б. Х., Темірбекова А.
Б., Беленов А. Т. – Экономикалық саясат/ Алматы: экономика 2002ж
Қазақстан
Республикасы білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім
атындағы Семей мемлекеттік университеті
Студенттің өздік жұмысы
Тақырыбы:
«Антиинфляция»