Инфляция пайда болуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2011 в 19:01, реферат

Описание работы

Осы күндері Қазақстанда қалыптасып отырған инфляцияның ерекшеліктерін және негізгі себептерін бұрынғы Кеңес Одағының тарихи – экономикалық даму процесінде қалыптасқан өндіріс, қаржы және баға жүйелерінің құрылымдылық диспропорцияларынан іздестірген дұрыс болады.

Содержание

1. Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы және оның ерекшеліктері

2. ҚР инфляцияға қарсы күресінің болашаққа арналған бағыттары

3. Инфляцияға қарсы саясатын жетілдіру жолдары

4. Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы 2009-2010 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары

Работа содержит 1 файл

инфляция.doc

— 117.50 Кб (Скачать)

Жоспар: 

1. Қазақстандағы инфляцияның  пайда болуы және  оның ерекшеліктері

2. ҚР инфляцияға  қарсы күресінің  болашаққа арналған  бағыттары 

3. Инфляцияға қарсы  саясатын жетілдіру  жолдары

4. Қазақстан Республикасының  инфляцияға қарсы  2009-2010 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары 
 
 

1. Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы және оның ерекшеліктері 

    Осы күндері Қазақстанда  қалыптасып  отырған  инфляцияның  ерекшеліктерін және негізгі  себептерін  бұрынғы  Кеңес Одағының тарихи – экономикалық даму  процесінде  қалыптасқан өндіріс, қаржы және баға жүйелерінің  құрылымдылық  диспропорцияларынан іздестірген дұрыс болады.

    Қоғамдық  өндіріс  құрылымы қаржы  баға  жүйелерін  анықтайды. Өндірісте  диспропорциялар қалыптасса, қаржы  мен  баға жүйелерінде де  сәйкессіздіктер  пайда болады.

      Қеңес экономикасының  70 – ші  жылдың даму кезеңдерінде қоғамдық  өндірістегі  диспропорциялар  әр бесжылдық  сайын тоқтаусыз   ұлғайып тереңдеп отырған. Кеңес  экономикасында  тарихи  түрде  қалыптасқан диспропорцияларды  бірнеше топқа бөліп анықтауға болады:

  1. өнеркәсіп өндірісі мен ауыл шаруашылығы арасындағы алшақтық;
  2. ауыр өнеркәсіп пен жеңіл өнеркәсіп арасындағы сәйкессіздік;
  3. шикізат өндірісі мен дайын (түпкі) өнімдер  өндірісінің  арасындағы  диспропорция;
  4. әскери өндіріс пен азаматтық  өндіріс  арасындағы сәйкессіздік;
  5. материалдық өндіріс пен материалдық емес  өндіріс арасындағы  диспропорция т.б.

    Бұл диспропорциялар Кеңес экономикасының өзінде  бағалардың инфляциялық  өсуін тұрақты  түрде қалыптастырып  келді. Кеңес шаруашылық жүйесінде  әрбір 10 -15 жылда бір рет жүргізіліп келген бағаларды реформалау шаралары осы инфляцияның нәтижесін заңдастыру ғана болған.

    Қазақстанда қалыптасқан өндірісаралық, оның ішінде шикізат өндірісі мен түпкі өнімдер  өндірісі арасындағы  диспропорция, тіпті бұрынғы Одақтас Республикаларға қарағанда, бірнеше есе жоғары. Қазақстанның  экономикасы  негізінен Кеңес Одағының, тіпті бүкіл социалистік  елдер қауымдастығының шикізат пен энергия  өндіруші базасы ретінде дамып қалыптасқан. Қазақстанда  өндірілетін шикізат өнімдерінің 90-95 % шетелдерге жіберіліп отырған, ал  өзіне  қажетті өндіріс құралдарының 90 %, тұтыну тауарларының 60% сырттан тасымалданатын. Кеңестік жүйе ыдырап  күйреген кезде Қазақстанда тауар тапшылығы  қалыптасқаны белгілі. 1991-1993 жылдары Ресейден тауарлар алу үшін  алынған несие  көлемі бір жарым млрд. доллардан артып кеткен болатын. 1993-1998 жылдары Қазақстандығы бағалардың өсуі мен ақшаның құнсыздануы 2000% - тен 20% - ке төмендеді. Бұл кездері Қазақстанда гиперинфляция  қалыптасты, тек  өзіміздің ұлттық  валютаны  (тенгені) енгізгеннен кейін ғана, Қазақстан инфляцияға қарсы  саясат жүргізіп, оның деңгейін 3 жылдың ішінде 100 есе төмендетті. Бұл өтпелі кездегі Қазақстанның  макроэкономикалық  деңгейдегі  айтарлықтай  жетістігі болды. Бірақ Қазақстан үшін бұл жеңіс тегіннен  тегін келген жоқ, оның нәтижесінде  ұлттық өндіріс  күрт құлдырап кетті. Мысалы, жеңіл өнеркәсіп  пен  машина  жасау көлемі 90 %  - ке, ауыл   шаруашылық  пен азық – түлік  шаруашылықпен  азық – түлік өндірісі – 50 -60% -қысқарды.

    Сонымен түйіндей келе, Қазақстан Республикасындағы инфляцияның дамуы – мемлекеттік бюджет тапшылығына байланысты болған болатын. Бюджет  тапшылығы Қазақстанның  егемендінгі жағдайында  да  сақталынып тұрды: ол 1991 ж.  бюджеттің шығыс бөлігінде 20,4 %, 1992 – 8,6 %,  1993 – 11,9 %,1994 – 10,2 %, 1995 – 17,4%, 1996 – 15,4 %, 1997 – 17,7  %, 1998 – 18 %, 1999 – 14,3 %, 2000 – 9,8 %, 2001 – 6,4 %, 2002 – 5,2 % құрады. 2008 жылы  республикалық бюджеттің тапшылығы  1,453 млрд.  теңгені (ЖІӨ-ге 0,11 %) құрады. Бюджет тапшылығы   инфляцияның   қайталама  факторы  болып табылады, өйткені ол  шығындардың  инфляциясынан  және  осыған  байланысты  мемелкет  кірістерінің  құнсыздануынан туады. /8,45б./  

2.  ҚР да инфляцияға қарсы күресінің болашаққа арналған бағыттары 

    Қазақстан экономикасында сақталып отырған жақсы  жағдайға байланысты Қазақстан республикасының  Ұлттық Банкі ақша қатынастарын реттеудегі жаңа режимге, яғни инфляциялық таргеттеуге  көшуге бағыт алды. Осы бөлімді  қарастырғанда Ұлттық Банктің осындай  бағытты не үшін, инфляциялық таргеттеудің негізгі бағыты туралы мәселелер қозғалатын болады.

    Еліміздегі  макроэкономикалық тұрақтылыққа қол  жеткізу, қаржы секторының пәрменді дамуы, сыртқы экономикалық конъюнктураның жайлы болуы Ұлттық Банктің қызметінің сапалы және жаңа жолға түсуіне себепші болды. Бұл өз кезегінде ақша-кредит саясатының құрылуына және дамуына ықпал етіп, іскерлік ортаға, коммерциялық емес банктердің жұмысын бақылауға және ақша айналымын тұрақтандыруға әсерін тигізді.

    Ұлттық  Банктің ақша-кредит саясаты ақша агрегаттары мен теңге бағамына ғана байланысты емес, сонымен қатар, басқа да монетарлық емес факторларға: ауыл шаруашылық өнімдері, жанармай және тұрғындық-коммуналдық шаруашылық қызметтерінің бағасына да байланысты инфляцияны минимизацияға бағытталған.

    2002 жылдан бастап Ұлттық Банк  өзінің ең басты мақсатын ақша-кредит  саясатын дайындап, негізгі еуростандарттарға  жақындауға мүмкіндік беретін  инфляциялық таргеттеудің негізгі  принциптеріне ауысуды негізгі  бағыты деп алды. Инфляциялық  таргеттеу ақша базасының көрсеткіштерінен, инфляциялық көрсеткіштерге біртіндеп бағытталуды көздейді. Бұған себепші болған инфляцияның «монетарлық» құштарлығының деңгейінің төмендеуі. Осыған байланысты, Ұлттық Банктің негізгі және соңғы бағыты – мемлекетте бағаның тұрақтылығын сақтау.

    Таргеттеу (ағыл. targeting – бағыт алу, бағыттау, бағытталу) монетарлық саясатта – бұл ортамерзімдік перспективада негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді бағытты басқару процесі.

    Бүкіләлемдік  тәжірибеде таргеттеудің бірнеше стратегиялары ажыратылады, олардың ішінде: номиналды табысты таргеттеу, пайыздық мөлшерлемені таргеттеу, номиналды жалақыны таргеттеу, монетарлық таргеттеу, валюта бағамын таргеттеу (курстық таргеттеу), инфляцияны таргеттеу.  

    Ең  бірінші болып инфляциялық таргеттеуді қолданған 1990 жылы Жаңа Зеландияның Орталық Банкі. Соңғы он жылдың ішінде инфляциялық таргеттеуді қолданған монетарлық саясатты енгізген елдердің саны күрт өсті. Олардың ішінде: Канада (1991ж.), Ұлыбритания (1993ж.), Финляндия (1993ж.), Швеция (1993ж.), Испания (1994ж.). Біртіндеп инфляциялық таргеттеу элементтерін қолдануға келесі елдер келді: Чехия, Бразилия, Израиль, Чили, Норвегия, Исландия, Польша және Венгрия.

    Инфляцияның Ұлттық Банк болжамының деңгейіне жақын  болуы монетарлық сасаттың жеңісі болып табылады. Қазақстанда да болжамды деректер жасалынып, олар нақты деректермен салыстырылып жүр (2-кестеден қараңыз). Инфляция деңгейі көрсеткішінің қажеттілігі тек ақша нарығын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар экономиканың бүкіл жағдайын көрсететіні екендігі тек ІІ Дүниежүзілік соғыстан кейін ғана ғылыми тұрғыдан дәлелденді. /22, 57б./

    Инфляциялық таргеттеудің негізгі элементтері:

  1. ортамерзімдік көрсеткіштерді жария ету;
  2. ақша-кредит саясатының негізі ретінде баға тұрақтылығының институционалды келісімі;
  3. ортамерзімдік бағдар алудағы тәуелсіздік;
  4. ақша-кредит саясатының жоғары транспаренттілігі;
  5. қадағалау органдарының жоғарғы жауапкершілігі.

    Ұлттық  Банктің инфляциялық таргеттеуге  көшуінің қажеттілігінің терең түсіндіру  үшін 4 бөлімнен тұратын инфляциялық  таргеттеудің негізін көрсетуге болады:

  1. күшті жақтары (strenght);
  2. әлсіз жақтары (weakness);
  3. мүмкіншіліктер (opportuinies);
  4. қатерлер (threans);
 

    Күшті жақтары.

    Соңғы жылдардың қорытындылары бойынша  Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағы  республикалырының арасында көшбасшылық позиция тұр (экономикалық қарқынды даму, инфляция деңгейінің тұрақты болуы, ұлттық валютаның тұрақтылығы, бюджет дифицитінің аздығы, халықтың әл-ауқатының жақсаруы, Қазақстанға инвестициялық рейтингтің берілуі). Елдегі саясаттың тұрақтылығы да жаңа ақша бағыттарына көшуде басты рөлдерді алады.

    2004 жылдан бастап қаржы нарығындағы  бақылаушы және тұрақтандандырушы  функцияларды Қазақстан Республикасының  бақылаушы және тұрақтандандырушы  Агенттігі атқарады. Қаржы нарығындағы  бақылаушы және реттеуші функцияларының бөлінуі Ұлттық Банктің ерекше статусын белгіледі. Бүкіл ТМД елдерінің арасында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық банкке қатысты функциялары бар бірғана банк.

    Ұлттық  Банк – елдегі инфляцияны төмендетуге бағытталған ақша-кредит саясатын тәуелсіз өткізуші болып табылады. Инфляцияны төмендетуге бағытталған ақша-кредит құралдарының толық арсеналы Ұлттық Банктің иелігінде.

    Елдегі  инфляция процесстерін және ликвид деңгейлерін  қазіргі таңда аса маңызды  және оптималды құралдарының бірі ақша нарығындағы айырбастау ставкалары арқылы реттейді. Инфляция қызуын төмендету үшін Ұлттық Банк ақша-кредит саясатын қатаң тәртіпке бағыттап, қайта қаржыландыру ставкаларын көтеріп, 8%-ға дейін жеткізді. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қайта қаржыландару ставкасы жылдық инфляция деңгейінен сәл жоғары болу керек.

    Ақша-кредит құралын қолдану деңгеінде де, Ұлттық Банктің дербестігі инфляциялық таргеттеуді енгізудің ең бірінші талабы болып табылады. Бірақ Ұлттық Банк дербес болса да, өз құралдарын фискалдық бағытта, яғни бюджет дефицитінің (сеньораж) эмиссиялық қаржыландыруында мүмкіншіліктері шектеулі. 1998 жылдан бастап Ұлттық Банктің бюджетті қаржыландыруы тоқтатылды және заң жүзінде бекітілді : «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы».

    Соңғы жылдары теңге енгізілгені кезден бастап алғаш рет ұлттық валютамыздың АҚШ долларына шаққанда тұрақтандырылғаны байқалды және ол Қазақстанның бүкіл қаржы секторында көрініс тапты. Ұлттық валютаның ревальвациясы коммерциялық банктердің депозит базасының деңгейінің өсуіне әсер етті. Сақталып отырған теңгенің тұрақтылығы болашақта Қазақстан экономикасын дедолларизацияға әкелуі мүмкін. Қаржы сегментіндегі жайлы жағдайдың сақталып отыруы пайыз ставкаларының процесін құрудағы маңызды рөлін атқарып төмендеуіне себепші болады.

    Әлсіз жақтары. Қазақстанның шикізатқа бағытталған  экономикасы, экспортқа шығарылатын  көлемі мен дүниежүзілік шикізат  ресурстарының бағасына тәуелділігі  төлем балансымен ұлттық валютаға әсерін тигізеді.

    Қазақстанның  қаржы секторы реалды секторға қарағанда жоғарғы деңгейде даму үстінде. Депозиттік базаның және несиелік экономиканың кеңеюіне қарамастан, реалды секторды қанағаттандыруға қаржының жетіспеушілігі, оның кейінгі экономикалық дамуына әсерін тигізеді. Соның салдарынан басқа жаңа қаржы көздерін іздеуге тура келеді.

    Экономикаға «долларизация» деңгейіндегі монетарлық құралдардың әсері қаржы-несие  сферасын әлсіретеді. Бұл оның инфляцияға әсерін тигізе алатындағын көрсетеді. Экономикадағы «долларизация» деңгейін жоғарғы деңгейде сақтап қалу қаржы-несие саясатына және Қазақстан экономикасына асау жеріне кері әсерін тигізеді.

    Ұлттық  Банктің бағалы қағаздар портфелі көлемінің  жетіспеушілігі – ашық рынокта кең  көлемде операциялар жасауға  кедергі келтіреді. Міне осы операциялар  инфляциялық таргеттеуге жоғары талаптар қояды.

    Қазақстанның  2015 жылға дейінгі индустриалды-инновациялық даму стратегиясының қабылдануы және Қазақстан экономикасындағы диверсификация процесінің жылдамдығы – экономикалық әр жақтылығы. Бұл өз кезегінде экономиканың дүниежүзілік конъюктураға тәуелділігін төмендетеді. Бұл жерде ішкі және сыртқы рыноктарда бәсекеге түсе алатын елдің индустриалды комплексін құру туралы айтылған.  

    Инфляция  инфляциялық таргеттеу кезінде  маңызды рөлді атқарады. Сонымен  қатар, ауыспалы ұсыныс пен сұраныс, ақша агрегаттары, пайыздық ставкалар, валюталық бағам, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы, инфляция және баға мен инфляциялық тосу бірге қолданылады. Осыған байланысты Ұлттық Банк трансмиссиондық модель дайындап, ақша-кредит саясатының экономикаға әсерін бақылап, «базалық инфляцияның» индексі саналуда.

    Бүкіл әлемдік мұнайға деген баға тербелісі  Қазақстан экономикасына кері әсерін тигізу қаупі тұр, себебі айырбастау курсы тұрақты болмай мұнай шығару экспортының көлемінің ұлғаюына байланысты ұлттық валютамыздың курсының ревальвациясына, ол өз кезегінде «Голланд ауруының» симптомдарына әкелуі мүмкін. Көрші елдердегі экономикалық тұрақсыздық та біздің елдің экономикасына зардабын тигізу қаупі бар.

    Отандық қаржы нарығының сиымдылығының  жеткіліксіздігі оған шетел капиталын толық жұтуға мүмкіншілік бермейді. Қысқа мерзімді спекулятивті капиталдың келуі экономиканың күйреуіне, сонымен қатар, елде экономикалық кризиске қақтығысу қаупі болуы мүмкін.

    Сонымен қорыта келе, инфляциялық таргеттеу  принциптеріне көшу процесі, көптеген элементтердің институционалдық негізі инфляцияның бағыт көрсеткішінің Қазақстанда жұмыс жасауымен және осы режимді орнықтыруға барлық жағдайлар жасалғанымен жеңілдетіледі. Бірақ, тек қана практика жүзінде ғана қорытындыға келіп, осы режимнің ақша-кредит саясатындағы орнын анықтауға болады.      
 

Информация о работе Инфляция пайда болуы