Инфляция дегеніміз не, пайда болу себептері

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 21:53, реферат

Описание работы

Инфиляция термині латын сөзі – inflation – көтерілу, қампию,тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кету процесін білдірген. Инфляция – бұл күрделі де көпфакторлы құбылыс. Ол ақша айналым арналарының артық ақша белгіліремен аса толып кетуінің нәтижесінде тауар мен көрсетілетін қызметтердің бағасының өсуі. Ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.

Содержание

Кіріспе
Инфляция дегеніміз не, пайда болу себептері

II. Негізгі
Инфляцияның түрлері мен факторлары
Инфляцияға қарсы саясатын жетілдіру жолдары

III. Қорытынды

IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

498_Cs6.doc

— 120.50 Кб (Скачать)

Австралия, Канада, Финляндия, Жаңа Зеландия, Испания, Швеция, Ұлыбритания инфляцияның мақсатты таргеттеуіне көшті. Сонымен қатар, рыноктық экономикасы қалыптасып келе жатқан көптеген елдер де: Бразилия, Чили, Чехия, Израиль, Польша, Оңтүстік Африка Республикасы инфляцияны таргеттеуге көшеді. Инфляцияны мақсатты таргеттеудің түрлі түрлендірулері болады.

Ұлттық Банк рыноктық мөлшерлемелерді репо мөлшерлемесімен айқындалатын кейбір дәлізде үстап тұру арқылы инфляцияны басқаруды көздейді. Сонымен бірге инфляциялық таргеттеу тетігінің мынадай түрі болады. Ұлттық Банк репо мөлшерлемесі мен оның өзгерістері дәлізінің енін өзгерте отырып банктік резервтер мен банкаралық пайыздық мөлшер-лемелер арасындағы белгілі бір балансқа қол жеткізеді. Банкаралық мөлшерлемелер өз кезегінде, кредиттер мен депозиттер бойынша банктік мөлшерлемелерге ықпал етеді, сонымен қатар банктік өтімділікті, яғни инфляцияны да айқындайды. Инфляциялық таргетгеу кезіндегі негізгі құралдар ашық рынок операциялары болады. Ашық рынок операцияларына ішкі рыноктан мемлекеттік бағалы қағаздарды, оның ішінде кері сатып алу міндеттемесімен (репо операцияларымен) сатып алу және сату кіреді. Репо операцияларының көлемі мен мөлшерлемелері оперативтік көрсеткіштер болып табылады. Мемлекеттік бюджет орнықты болғанда, макроэкономикалық тұрақтылық және қаржы жүйесінің тұрақтылығы, орталық банктің тәуелсіздігі, ақпараттың ашықтығы жағдайларында инфляциялық таргеттеу табысты енгізілуі мүмкін. Қазіргі кезде Қазақстанда осы алғышарттардың бәрі бар.

Қазіргі уақытта инфляциялық таргеттеуді еңгізуге дайындық шеңберінде мынадай шаралар қабылданды. Ұлттық Банк 2000 жылдан бастап ақша-кредит саясатын жоспарлаудың үш жылдық деңгейін белгіледі. 2004 жылдан бастап инфляция бойынша мақсатты керсеткіштер — "базалық инфляция" индексі қолданыла отырып белгіленеді. Бұл индекс монетарлық емес факторлар бағаларының деңгейіне дағдарыстық ыкдалын жояды және инфляциялық процестердің негізгі үрдістерін көрсетеді. 2004 жылдың қаңтарынан бастап Ұлттық Банктің мақсаты ретінде бағаларды тұрақтандыру және мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыруға тиым салу міндеті заңмен бекітілді, бұл инфляциялық таргеттеу енгізудің қажетті шарттарының бірі болып табылады. Еліміздің орталық банкі ретінде Ұлттық Банктің тәуелсіздігін күшейтетін нормативтік-құқықтық актілер әзірленіп жатыр. Тұрақты негізде қайта қаржыландыру мөлшерлемесін белгілеу мүмкіндігі қарастырылуда. 2002 жылдың қазан айынан бастап Халықаралық валюта қоры Ұлттық Банкке инфляциялық таргеттеу тетігін әзірлеу мәселелеріне қатысты ақпараттық және консультациялық көмек көрсетіп келеді.

Инфляциялық таргеттеуге көшуге қажетті база жасау үшін Ұлттық Банктің алдында бірқатар мынадай ірі проблемаларды шешу міндеті түр:

- ашық рынок операцияларын кең ауқымды көлемде жүргізуге көшу үшін жағдайлар жасау;

- өзінің бағалы қағаздар портфелін ұлғайту;

- бағалы қағаздардың қайталама рыногын дамыту;

- трансмиссиялық тетіктің үлгісін, яғни репо мөлшерлемесі өзгерісінің инфляция деңгейіне ықпалын бағалауға мүмкіндік жасайтын үлгіні әзірлеу;

- инфляциялық таргеттеуді пайдалана отырып, шешім қабылдау қағидаттарын іске асыру рәсімін өзірлеу және т.б.

Жоғарыда жазылған мәселелерді  қортындылай келе қазіргі таңда  біздің экономикамызда жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясатындағы ең тиімді жолы – инфляциялық таргеттеуді қолдану. Әлемдік тәжірибе көрсеткедей бұл ең дұрыс та, тиімді бағыт болып табылады.

      Инфляция қоғамда ақшаның құнсыздануы, бұл процесс қарқынды да ұлғаймалы түрде жүреді, тауар тапшылығы асқындайды, ақшалай қор жинау мүддесі жойылады, ақша-несие жүйесінің қызметі бұзылады, тауарды тауарға тікелей айырбастау (бартер) кеңейеді.

Инфляция жағдайында Үкімет «қымбат – ақша»  саясатын ұстануға мәжбүр болды, Ұлттық банк несие  беру «процентін  және міндетті резерв нормасын өте  жоғары деңгейде ұстап отырды. Осылай  жүргізілген  монетарлық  (ақша – қаржы) саясаттың нәтижесінде  инфляция  ауыздықталды, сонымен бірге ішкі  өндіріс  пен нарық  екі – үш есе қысқарды,  ұлттық  өндіріс  орындары тоқтап қалды, жұмыссыздық  күрт өсті. Негізінен  сыртқа  өнім шығаратын шикізат өндіру  салалары жұмысын  тоқтатқан жоқ,  керісінше  экспорт көлемін айтарлықтай өсірді. Нарыққа  көшу жылдары Қазақстанда  бұрыннан  қалыптасқан  өндірісаралық диспропорциялар қысқарғанның  орнына арта түсті.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Экономикалық теория негіздері. Оқлық. – Алматы, «Санат», 1998. – 479бет.
  2. Жүнісов Б., МәмбетовҰ., Байжомартов Ү.  «Нарықтық экономика  негіздері»   Алматы «Экономика»-2000ж
  3. Көшенова Б.А. «Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары»

     Алматы «Экономика»-2000ж

  1. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие», Алматы – 2000 ж.
  2. Мауленова С.С. «Экономикалық теория». Алматы – 2004.

 

 

 

     Абай атындағы  Қазақ Ұлттық Педагогткалық университеті

                        Физика-математика факультеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Мок 111 тобының  студенті Марат Айгерім

Тексерген: Жазылбек Ляззат Исатаевна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                2012ж

 


Информация о работе Инфляция дегеніміз не, пайда болу себептері