Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 06:20, реферат
Қазіргі таңда инфляция Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 19-сәуір, 2006 жылы айтқандай: «2002-2005 жылдары жыл сайынғы шығын 27,5 пайызды құраса, ақшамен есептегенде ішкі жалпы өнімнің өсуі 53,2 пайызды құраған. Экономиканың қызуы көтеріле бастағанын біз сезіп отырмыз», соған қарағанда кейбір экономистердің айтып жүрген пікірлері бекер емес: «инфляция ырыққа көнбейтін деңгейге жетеді, экономиканың қызуы көтеріледі, яғни Қазақстан «Голланд ауруының» алдында тұр». Сонымен енді Қазақстанда тез арада шешуге қажетті пробемалардың бірі – инфляция.
Кіріспе
І бөлім. Инфляцияның теориялық аспектілері
Инфляция түсінігі, пайда болу себептері
1.2 Инфляцияның түрлері мен факторлары
ІІ бөлім. Қазақстан Республикасындағы инфляция және оны реттеу негіздері
2.1 Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы және оның ерекшеліктері
2.2 Қазақстан Республикасындағы инфляцияның қазіргі кездегі
даму қарқынын талдау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Монополияландырылған экономикада бұл механизм әрекет етпейді, өйткені өндіруші-кәсіпорынның шикізатты, материалдарды, шала фабрикаттарды, жинақтау бұйымдарын, жабдықты, саймандарды жеткізушілерді тандай алмайды. Ол жеткізушілер тарапынан белгіленген бағалармен келісуге мәжбүр болады және жоғарылатылған бағаларды өзінің тұтынушыларына, тұтынушылар өз кезегінде ары қарай технологиялық өзгертіп жасау бойынша түпкі тұтынушыға — халыққа аударып салады. Мұндай жағдайда бюджет шығыстары мен кредиттерді шектеу жөніндегі шаралар өндірістің құлдырауына жеткізеді. Батыс елдерінің экономистері жасаған теорияларда альтернативті (балама) консепция ретінде «сұраным инфляциясы» және «шығын инфляциясы» анықталады. Бұл консепцияларда инфляцияның қалыптасу себептері (механиз-моделі) қарастырылады.
«Сұраным инфляциясы» жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы тепе-теңдіктің сұраным жағынан бұзылуын білдіреді. Бұл жерде мемлекет шығындарының артуы, өндіріс және еңбек ресурстарын толық іске қосылған жағдайында өндіріс құралдарына қосымша сұранымның қалыптасуы және тұрғындардың тұтынушылық мүмкіншіліктерінің артуы негізгі себеп болуы мүмкін. Осы жағдайларға байланысты айналымға артық ақша массасы шығып, жалпы баға денгейі өседі. Өндіріс саласында еңбекпен толық қамтылған жағдайда айналымдағы артық төлем ақша массасы шектеулі тауар ұсынымына тап болып, бағалардың инфляциялық өсуін қалыптастырады. Сұраным инфляциясын график түрінде 1 – суретте көрсетілген.
Жоғарыда келтірілген себептерге байланысты ақша массасының өсуі жалпы сұраным сызығын солдан оңға қарай жылжытады (AD1 – AD2) және, экономика жалпы ұсыным қисығының аралық (2) немесе классикалық (3) үзіндісінде болса, бұл баға деңгейін арттырады (Р1 – Р2), яғни инфляция қалыптасады.
Шығындар инфляциясы график түрінде 2 - суретте көрсетілген:
Айтылған себептерге байланысты өндіріс шығындары өседі, жалпы ұсыным қисығы солға қарай жылжиды (AS2 - AS1), баға деңгейі өседі (Р1 –Р2) өндіріс көлемі қысқарады (Q2 – Q1), яғни ЖҰӨ-нің нақты көлемі қысқарады. Бағалардың өсуі тұрғындардың нақты табысын төмендетеді. Сондықтан кәсіподақтар еңбекақының номиналды деңгейін көтеру туралы талап қояды. Үкімет инфляция шығындарының орнын толтыру саясатын ұстануға мәжбүр болады. Табысты индексациялау бағдарламасы экономиканың әр түрлі салалары үшін бірдей болу мүмкін емес, басқаша айтқанда табысты индексациялау барлық топтар үшін бірдей болмайды.
Инфляцияның әр түрін оның басқа түрінен ажырату өте қиын, олар өзара тығыз байланысты түрде қалыптасып дамиды. Мысалы, еңбеқақының өсуі табыс инфляциясының себебі ретінде көрінуі мүмкін.
ХХ – ғасырдың екінші жартысында жұмыспен толық қамту, еркін бәсекелік нарық жағдайы, бағалардың ұзақ мерзімдік тұрақтылығы әлемнің бірде – бір елінде қатар қалыптаспағанын айту қажет. Бұл кезеңде бағалар тоқтаусыз өсіп отырды, ал 60 – шы жылдардың соңынан бастап экономиканың құлдырау жағдайында да бағалар өсті. Дағдарыс фазасында бағалардың өсуі ХІХ ғасырдағы циклдер үшін болмаған жағдай. Бұл құбылыс экономикада «стагфляция» деп аталады.
Мемлекет сұранымды шектеу мақсатында инфляцияға қарсы іс – шаралар жүргізуі қажет. Жаңа классикалық экономистердің айтуынша өндірістің өсуін ынталандыру және жұмыссыздықты қысқарту саясаты инфляцияны асқындырады, инфляция бақылаудан шығып кетеді. Инфляция осы күнгі нарықтық экономиканың табиғатына сай келеді, инфляция жағдайларын (бюджет тапшылығы, монополия, қағаз ақша, т.б.) толық жою мүмкін емес. Осыған байланысты инфляцияны толық жою мүмкін еместігі өзінен - өзі және алдын ала белгілі. Сондықтан да көп елдерде инфляцияны жою емес, оны бағындыру, қарқынын баяулатып, реттеу мақсаты қойылған.
Батыс елдерінде жинақталған тәжірибе көрсеткендей, инфляцияға қарсы ұзақ және қысқа мерзімдік іс – шаралар саясатын қолдану қажет. Мемлекеттің ұзақ мерзімдік саясаты:
Біріншіден, халықтың инфляциялық үрейін жою мақсатын көздейді. Ол үшін кез келген үкімет инфляцияға қарсы саясатты үздіксіз де тұрақты түрде жүргізіп, тұрғындардың сенімін орнықтыруға тырысады. Үкімет өзінің белсенді іс шаралары негізінде (өндірісті ынталандыру, монополиямен күресу, т.б.) нарықтың тиімді қызмет атқаруына жағдай жасайды. Үкіметтің мұндай саясаты тұтынушылардың сана – сезіміне қажетті әсер жасап, олардың дұрыс шешім қабылдауын қамтамасыз етеді.
Екіншіден, салықтарды арттырып, бірақ мемлекеттік шығындарды қысқарту арқылы бюджет тапшылығын реттеу іс – шаралары жүргізіледі. бюджет тапшылығын Орталық банк несиемен қаржыландыру инфляцияны асқындырады.
Үшіншіден, ақша айналымын реттеу іс –шаралары, нақты айтқанда, әр жылдық ақша көлемінің өсуіне шек қою, бұл инфляцияның өсуін қадағалауға мүмкіндік береді.
Төртіншіден, сыртқы факторлардың әсерін әлсірету. Жеке алғанда, бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін сырттан алынған қысқа мерзімдік қарыздардың экономикаға жасайтын инфляциялық ықпалын әлсірету. Бұл өте күрделі және өзекті мәселе. Сондықтан оны арнайы түрде жеке зерттеп, қарастыру қажет болады.
Жалпы инфляцияның себептері
базистік қатынастардың қарама-
Инфляция сыртқы экономикалық қызмет тарапынан арандатылуы мүмкін, бұл - импортталатын жөне экспортталатын инфляция. Бірінші жағдайда ол шетелдік валютаның шамадан тыс түсімінен және импорттық бағалардың жоғарылауынан туады. Түскен шетелдік валютаны коммерциялық банктер орталық банкте депозиттейді, орнына ұлттық валютада баламалы сома алады; банк пасивтері артады, мұның өзі оларға несие операцияларын және кредиттік экспансияны кеңейтуге мүмкіндік береді, ұлттық валютада номиналдандырылған ақша ауқымының көбейіп кетуіне қозғау салады.
Экспортталатын инфляция тауарлар мен қызметтер көрсетуге экспорттық бағаның көтерілуінен туады, бұл тұтынушы-елдерде, соның ішінде дамып келе жатқан елдерде бағаның өсуіне соқтырады. Инфляциялар халықаралық корпорациялардың нарықтардағы үстемдік жағдайды пайдаланатын монополиялардың қызметіне қозғау салады. Корпорациялардың валюталық операциялары олар болған елдерде несие капиталының қосымша ұсынымын жасайды. Сөйтіп шетелдік валютаның қосымша ауқымы айналысқа түседі және коммерциялық және орталық банк-тер арқылы ұлттық ақша айналысқа шығарылады.
Инфляцияныц көріну нысаны— ақшаның құнсыздануы мен өнімге, тауарларға және қызметтерге бағаның көтеріліуінде тұлғаланатын оның сатып алуға жарамдалығының тиісінше төмендеуі.
Инфляцияның табиғатыақшаның онымен салыстырмалы тұлғаланатын тауар ауқымынан оқшауландырылған қозғалысты жүзеге асыратын қабілетсіздігінде. Ақшаның жұмыс істеу негізі болып табылатын оның бұл қасиеті оған өзінің арналымын — тауар, төлем айналымына қызмет көрсете отырып, тиімді орындауға, қорланым мен құнды сақтаудың құралы болуға мүмкіндік береді. Бірақ ақшаның бұл қасиеті мемлекет белгілеген өлшемге сәйкес оның саны мен оған қарсы тұратын құнның натуралдық-заттай компоненттерінің сәйкестігі жағдайында көрінеді. Жалпы алғанда мұндай тәуелділік айырбас тендеуі арқылы көрінеді:
Р х Q = М х V,
мұндағы сол жақ бөлігі қоғамдық өнім құнын, ал оң жағы ақша айналысының жылдамдығын ескере отырып ақшаның санын (М — ақша массасы, V — айналыс жылдамдығы) білдіреді.
Ұлттық өндірістің артуы жағдайында ұдайы өндіріс процестерінде материалдық ағындарға қалыпты қызмет көрсету үшін ақшаның саны үйлесімді өсуі тиіс, өндіріс төмендеген кезде ақшаның артық санын айналыстан алу қажет. Алайда, практикада соңғы шарт бірқатар себептер бойынша ылғи орындала бермейді, бұл себептер тиісінше инфляцияның өмір сүруінің себептері де болып табылады. /15, 504б./
Қазіргі мемлекет қаржы-қаражатының, бірақ өзінің негізгі бөлігінде тауар айналысымен байланысты емес едәуір көлемін керек ететін сан алуан функциялар орындайды. Бұл халықтың аз қамсыздандырылған топтарын әлеуметтік қолдау шығыстары, денсаулыққа, мәдени - ақпараттық мақсаттық, білімге, басқаруға, қорғанысқа, жүмсалатын шығыстар. Кінәратсыз экономика жағдайында мұндай шығыстардың көбеюі оның өздігінің дамуына жәрдемдесуі мүмкін, өйткені тауарлардың көбеюін және ұлттық өндірістің өсуін ынталандыра отырып, тиісті өнімге, қызметтер көрсетуге, тауарларға қосымша төлем қабілеті бар сұранымды туғызады.
Тұралаушы экономикада мұндай шараларды қаржыландыру үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың қарыздар алу жолымен жұмылдырылуы мүмкін бос ақшалары сияқты салықтық түсімдердің жетіспеушілігі сезіліп тұрады. Мұндай жағдайда бұл шығыстарды жабудың бірден-бір көзі қосымша ақша шығару (эмиссия) болып табылады.
Өндірістік емес сфераны қаржыландыру міндетіліктермен қатар мемлекет дағдарыс жағдайында көпшілік қолды тауарларға салыстармалы төмен бағаларды қолдау қажеттігінен залалды болып табылатын өндірістік сфераның қызметін қамтамасыз ететін салаларды қолдап отырады. Бұл қолдау не шаруашылық субъекгілерге турақаржылар бөлуде, не зияндарды өтеуге берілетін жәрдемқаржыларда, не мұндай субъектілерді жеңілдікпен несиелендіруде банктердің төмен пайыздық мөлшерлемелерін өтеуде көрінеді; сондай-ақ бұл шаруашылық жүргізуші субъекгілерге берілетін кредиттерге кепілдік берілуі мүмкін. Барлық жағдайда, әдеттігідей, баламалы қаржы ресурстарының алынған көлемі түрінде экономикаға қажетті қайтарым әкелмейтін қосымша ақшалай қуат беру болады.
Сонымен қорытатын болсақ,
экономистер инфляцияны екі типке бөледі: сұраныс
инфляциясы және шығынның өсуімен байланысты
болатын ұсыныс инфляциясы деп. Ұсыныс
инфляциясынан туындайтын екі түрлі инфляция
бар: 1) еңбек ақының өсуімен байланысты
болатын; 2) ұсыныс экономикасы механизмінің
бұзылуынан болатын.
ІІ. Қазақстан Республикасындағы инфляция
және оны реттеу негіздері
2.1 Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы және оның ерекшеліктері
Осы күндері Қазақстанда қалыптасып отырған инфляцияның ерекшеліктерін және негізгі себептерін бұрынғы Кеңес Одағының тарихи – экономикалық даму процесінде қалыптасқан өндіріс, қаржы және баға жүйелерінің құрылымдылық диспропорцияларынан іздестірген дұрыс болады.
Қоғамдық өндіріс құрылымы қаржы баға жүйелерін анықтайды. Өндірісте диспропорциялар қалыптасса, қаржы мен баға жүйелерінде де сәйкессіздіктер пайда болады.
Қеңес экономикасының 70 – ші жылдың даму кезеңдерінде қоғамдық өндірістегі диспропорциялар әр бесжылдық сайын тоқтаусыз ұлғайып тереңдеп отырған. Кеңес экономикасында тарихи түрде қалыптасқан диспропорцияларды бірнеше топқа бөліп анықтауға болады:
Бұл диспропорциялар Кеңес экономикасының өзінде бағалардың инфляциялық өсуін тұрақты түрде қалыптастырып келді. Кеңес шаруашылық жүйесінде әрбір 10 -15 жылда бір рет жүргізіліп келген бағаларды реформалау шаралары осы инфляцияның нәтижесін заңдастыру ғана болған.
Қазақстанда қалыптасқан өндірісаралық, оның ішінде шикізат өндірісі мен түпкі өнімдер өндірісі арасындағы диспропорция, тіпті бұрынғы Одақтас Республикаларға қарағанда, бірнеше есе жоғары. Қазақстанның экономикасы негізінен Кеңес Одағының, тіпті бүкіл социалистік елдер қауымдастығының шикізат пен энергия өндіруші базасы ретінде дамып қалыптасқан. Қазақстанда өндірілетін шикізат өнімдерінің 90-95 % шетелдерге жіберіліп отырған, ал өзіне қажетті өндіріс құралдарының 90 %, тұтыну тауарларының 60% сырттан тасымалданатын. Кеңестік жүйе ыдырап күйреген кезде Қазақстанда тауар тапшылығы қалыптасқаны белгілі. 1991-1993 жылдары Ресейден тауарлар алу үшін алынған несие көлемі бір жарым млрд. доллардан артып кеткен болатын. 1993-1998 жылдары Қазақстандығы бағалардың өсуі мен ақшаның құнсыздануы 2000% - тен 20% - ке төмендеді. Бұл кездері Қазақстанда гиперинфляция қалыптасты, тек өзіміздің ұлттық валютаны (тенгені) енгізгеннен кейін ғана, Қазақстан инфляцияға қарсы саясат жүргізіп, оның деңгейін 3 жылдың ішінде 100 есе төмендетті. Бұл өтпелі кездегі Қазақстанның макроэкономикалық деңгейдегі айтарлықтай жетістігі болды. Бірақ Қазақстан үшін бұл жеңіс тегіннен тегін келген жоқ, оның нәтижесінде ұлттық өндіріс күрт құлдырап кетті. Мысалы, жеңіл өнеркәсіп пен машина жасау көлемі 90 % - ке, ауыл шаруашылық пен азық – түлік шаруашылықпен азық – түлік өндірісі – 50 -60% -қысқарды.
Сонымен түйіндей келе, Қазақстан Республикасындағы инфляцияның дамуы – мемлекеттік бюджет тапшылығына байланысты болған болатын. Бюджет тапшылығы Қазақстанның егемендінгі жағдайында да сақталынып тұрды: ол 1991 ж. бюджеттің шығыс бөлігінде 20,4 %, 1992 – 8,6 %, 1993 – 11,9 %,1994 – 10,2 %, 1995 – 17,4%, 1996 – 15,4 %, 1997 – 17,7 %, 1998 – 18 %, 1999 – 14,3 %, 2000 – 9,8 %, 2001 – 6,4 %, 2002 – 5,2 % құрады. 2008 жылы республикалық бюджеттің тапшылығы 1,453 млрд. теңгені (ЖІӨ-ге 0,11 %) құрады. Бюджет тапшылығы инфляцияның қайталама факторы болып табылады, өйткені ол шығындардың инфляциясынан және осыған байланысты мемелкет кірістерінің құнсыздануынан туады.
2.2 Қазақстан Республикасындағы қазірг инфляцияның даму қарқынын талдау
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 2008 қазандағы берген мәліметтері бойынша мынадай жағдайды көруге болады:
Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің ресми деректері бойынша инфляцияның ең жоғарғы деңгейі 2008 жылдың қаңтар-тамыз айларында орын алды, яғни 19.4 % құрады. Бұл соңғы жылдарда белгіленген ең жоғарғы деңгей болып табылады. Әсіресе азық түлікке деген баға өте жоғары деңгейде болып, көшбасшылыққа ие болды – 27.8%.