Халықаралық валюта

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 09:25, реферат

Описание работы

Валюта(итал. voluta — құн, баға) — тауарлар құнының шамасын өлшеу үшін пайдаланылатын ақша өлшемі. Халықаралық валюталық қаржы операциялары тәжірибесінде ол мынадай мәндерде қолданылады: 1) мемлекеттің ақша өлшемі және оның типі (алтын, күміс, қағаз ақша), мысалы, Қазақстанның ұлттық ақшасы — теңге, Ресейдікі — рубль; 2) шет мемлекеттердің ақшасы; 3) халықаралық (аймақтық) есеп айырысу өлшемі (вексель, чек, банкнот) және төлем құралы.

Работа содержит 1 файл

Валюта.doc

— 44.00 Кб (Скачать)

Валюта(итал. voluta — құн, баға) — тауарлар құнының шамасын өлшеу үшін пайдаланылатын ақша өлшемі. Халықаралық валюталық қаржы операциялары тәжірибесінде ол мынадай мәндерде қолданылады: 1) мемлекеттің ақша өлшемі және оның типі (алтын, күміс, қағаз ақша), мысалы, Қазақстанның ұлттық ақшасы — теңге, Ресейдікі — рубль; 2) шет мемлекеттердің ақшасы; 3) халықаралық (аймақтық) есеп айырысу өлшемі (вексель, чек, банкнот) және төлем құралы. 19 ғ-ға дейін күміс валюта мен биметаллизм кең тарады. 19 ғ-дың басында Ұлыбританияда, 19 ғ-дың 2-жартысынан басқа елдерде алтын валюта енгізілді. Валютаның жалпы дағдарысы кезеңінде (1-дүниежүзілік соғыс кезінде) қағаз валюта кеңінен қолданыла бастады. Алтын мен күміске айырбасталмайтын банкноттар қағаз ақша түрінде болды. Ел экономикасында ауық-ауық инфляция болғанда, қағаз валюта құнсызданып отырды. Мұндай жағдайда кейбір елдер өз валютасының номиналды алтындық баламын тұрақтандыруға тырысады. Көптеген елдерде валюта курсы валюталық шектеу арқылы реттеледі. Валюталар пайдаланылу тәртібіне қарай айырбасталымды (конверсияланатын), ішінара толық айырбасталымды және айырбасталмайтын (томаға тұйық) валюта болып үшке бөлінеді. [2]

Бірінші топқа  валюталық шектеу жойылған елдердің валютасы (АҚШ доллары, т.б.) жатады. Ол кез келген шет ел валютасына айырбасталады. Ішінара айырбасталымды валютаға валюта операцияларын жасауға толықтай валюталық шектеу жойылмаған елдердің валютасы (мысалы, Ұлыбританияның, Францияның, Италияның, сондай-ақ ТМД елдерінің) жатса, соңғы топқа барлық операциялар бойынша валюталық шектеу сақталған елдердің валютасы жатады. Томаға-тұйық валюта өз мемлекеті шегінде ғана айналыста болады. Валюта (итал. Vаlute – құн, баға) – тауарлар құнының шамасын өлшеу үшін пайдаланылатын ақша өлшемі.

Ұлыбританияда ХІХ ғасырдың басында валюта енгізілді. 1931 жылы алтын стандарты пайда болып, оның құрамына Британияға қарасты 21 ел кірді. Блокқа қатысушылардың валюта резервтері кірді. Англияның банкісіне орналастырып, өзара және басқа елдермен есеп айырысып, негізінен фунт стерлинг арқылы жүргізілді. АҚШ-та алтын стандарты (1933 ж) жойылғаннан кейін АҚШ доллары құрылды. Оған Латын Америкасы елдері мен Канада кірді. Бұл блоктың мүшелері АҚШ доллары мен өз валюталары арасында тиісті балама сақтауға міндеттенді. Мысалы, 1, 2 АҚШ долларына тең бол

са, валюта нарығында  фунт стерлинг пен доллар осы қатынаста  айырбасталды.

Валюталандыру 

Клиенттің немесе корреспонденттің жеке есептік шоты бойынша, банк жазған әрбір сомаға пайыздар есептелетін датаны белгілеу үшін колданылатын термин.

[өңдеу]

Валюталық реттеу 

Елдің төлемдік балансын нығайтуды, ұлттық валютаның  тұрақтылығын, ішкі валюталық рыноктың дамуын және оны қадағалап, бақылауды  қамтамасыз ету мақсатында валюталық  операцияларды өткізу тәртібін тұрақтандыру бойынша өкілеттелген мемлекеттік органдардың (валюталық реттеу органдары) қызметі.

[өңдеу]

Валюталық реттеудің  мақсаттары мен міндеттері

Валюталық, реттеудің  мақсаты тұрақты экономикалық өсуге  қол жеткізу және экономикалық қауіпсіздікті  қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің  саясатына жәрдемдесу болып табылады. 

Валюталық реттеудің  міндеттері:

Қазақстан Республикасында  валюталық құндылықтардың айналысының  тәртібін белгілеу;

Казақстан Республикасының  дүниежүзілік экономикаға одан әрі  кірігуі үшін жағдайлар жасау;

Валюталық операциялар  мен капитал легі жөніндегі ақпараттық базаны қамтамасыз ету болып табылады.

[өңдеу]

Валюталық басқыншылық 

Шетелдік валютаның  комақты партиясын банктің сатып  алуы немесе сату жолымен жүзеге асырылатын валюталық рынок пен валюта курсына әсер ету үшін елдің Ұлттық банкісінің мақсатты түрде бағытталған бір реттік елеулі әрекеті. Валюталық басқыншылық мемлекеттің мүддесіне орай, шетелдік валюталардың бағамын реттеу үшін жүзеге асырылады.[3]

Валюта  операциялары 

Валюталық құндылықтарға  меншік құқығының және өзге де құқықтардың көшуіне, сондай-ақ валюталық, құндылықтарды төлем қаражаты ретінде пайдалануға байланысты операциялар; валюталық құндылықтарды, ұлттық валютаны, номиналы ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздарды және төлем құжаттарын, резиденттер шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасына әкелу, жіберу және аудару, сондай-ақ Казақстан Республикасынан әкету, жіберу және аудару.

[өңдеу]

Валюта  құндылықтары 

Валюталық заңнамаға  сәйкес, елдің аумағында айналысқа  түсуге қатысты ерекше режим бекітілген құндылықтар. Мыналар валюта құндылықтары болып табылады:

шетел валютасы;

номиналы шетел  валютасымен көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құжаттары;

резидент еместер  шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздар;

тазартылған құйма алтын;

резиденттер мен  резидент еместер арасында, сондай-ақ резидент еместер арасында операциялар  жасалған жағдайда қолданылған ұлттық. валюта, номиналы ұлттық. валютамен  көрсетілген бағалы қағаздар және төлем  құжаттары;

резиденттер мен  резидент еместер арасында, сондай-ақ резидент еместер арасында операциялар жасалған жағдайда қолданылған резидент шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздар.

[өңдеу]

Валюта  Тәуекелдігі 

Қор және тауар  биржаларында сыртқы сауда, кредиттік  және валюталық операцияларды өткізу кезінде, ұлттық валютаға қатынасы бойынша шетелдік валюта курсынын өзгеруімен байланысты валюталық құндылықтарды жоғалту қаупі. Ашық валюталық ұстанымы бар болған кезде пайда болады.

Ақша, өзінің дамуы  барысында екі түрге бөлінеді: толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар .

Толық құнды  ақшалар – номиналдық құны оны  дайындауға кеткен нақты құнымен  сәйкес келетін ақшалар.

Мұндай ақшаларға  металл ақшалар, соның ішінде: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлі  формада болған. Монета түріндегі формасы - бұл олардың соңғы формасы. Монетаның бет жағы – аверс, артқы жағы - реверс және жаны – гурт деп аталады. 

Еуропалық валюта жүйесі  

Еуропалық Одақ шеңберінде өткен күрделі келіссөздердің нәтижесінде 1979 жылы Еуропалық валюта жүйесі құрылды.

Еуропалық валюта жүйесі — ұлттық валюталардың экономикалық интеграция шеңберінде қызмет етуімен  байланысты экономикалық қатынастар жиынтығын  көрсететін халықаралық (аймақтық) валюта жүйесі.

Еуропалық валюта жүйесі үш элементтен тұрады: 1) ЭКЮ — Еуропалық Валюта жүйесінің негізі; 2) валюта курстары мен интервенцияларының механизмі; 3) валюта курсын тұрақтандыру үшін қолданылатын кредиттеу (несиелеу) механизмі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиет

Орысша-қазакша заңдык түсіндірме сөздік-анық тамалық. - Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6

2,0 2,1 “Қазақ Энциклопедиясы”, II-том

Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы - Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9 
 

Информация о работе Халықаралық валюта