Халықаралық сауда

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2011 в 11:54, доклад

Описание работы

Халықаралық сауда – халықаралық еңбек бөлінісі негізінде пайда болған әртүрлі елдің тауар өндірушілері арасындағы байланыс формасы болып табылады, және олардың өзара экономикалық тәуелсіздігін білдіреді. Сонымен бірге, халықаралық сауда дегеніміз - әлемнің барлық елдері арасында жүргізілетін төлемі бар жиынтық тауар айналымы. Халықаралық дамуын ғылыми тұрғыда түсіндіруге тырысқан бірнеше классикалық теориялар бар. Олардың қатарында:

Работа содержит 1 файл

Халықаралық сауда.docx

— 20.11 Кб (Скачать)

            Халықаралық сауда – халықаралық еңбек бөлінісі негізінде пайда болған әртүрлі елдің тауар өндірушілері арасындағы байланыс формасы болып табылады, және олардың өзара экономикалық тәуелсіздігін білдіреді. Сонымен бірге, халықаралық сауда дегеніміз - әлемнің барлық елдері арасында жүргізілетін төлемі бар жиынтық тауар айналымы. Халықаралық дамуын ғылыми тұрғыда түсіндіруге тырысқан бірнеше классикалық теориялар бар. Олардың қатарында:

     ·        Меркантилизм – феодализмнің ыдырауы мен капитализмнің қалыптасуы кезеңіндегі (ХҮ-ХҮІІІ ғғ.) сауда буржуазиясының мақсат-мүдделерін кескіндейтін экономикалық ілім мен экономикалық саясат. Меркантилистер байлық көзі өндіріс аясы емес, айналым аясы болады деген қағидаға сүйенеді; олар мемлекет ауқаттылығы елде ақшаның (алтынның, күмістің) мүмкіндігінше неғұрлым көп жиналғандығына байланысты деп есептеді және елден шет елге шығарылатын тауарлар елге әкелінетін тауарлардан көп болуына қол жеткізуге тырысты.

     Бұл ілімді қолданушылар ұлттың өркендеуінің негізі алтын қорларының болуында деп  бекітті. Ақша құралдары (алтын, күміс  түрінде) әскерді ұстауға мүмкіндік  береді, мемлекет басшысының басқарушы  ретіндегі дәрежесін күшейтеді, алтынның қордалануы отарлау соғыстарын жүргізуге, фабрикалар (мануфактуралар) салуға, жаңа жұмыс күшін қалыптастыруға себепші болады.

     Меркантилистердің ойынша, сыртқы сауда қалайда алтынды  қолға түсіріп алуға негізделуі қажет, себебі жай тауар айырбасы жағдайында (мысалы, жүнді шарапқа  айырбастағанда) ол тауарлар тұтынылады да өз айналымын мүлде тоқтатады. Бұл кезде сауда нөлдік сомамен  ойын түрінде қарастырылды, яғни бір  ойыншының ұтысы екіншінің ұтылысы  деген сөз. Меркантилистердің көзқарастары бойынша, әлемдегі барлық байлық шектеулі, сондықтан бір елдің баюы, екінші елдің кедейленуі арқылы жүргізіледі. Экономикалық жүйе 3 сектордан тұрады: өндіруші сектор, ауылшаруашылық секторы  және шетелдік колониялар. Елдің байлығын қазынадағы алтын мен күмістің көлеміне байланысты деп есептеген олар, мемлекеттің  мүддесін нығайту үшін алтынның сырттан  әкелуіне қолайлы жағдайлар жасау  керек деді.

     ·  А.Смиттің «Абсолютті артықшылықтар теориясы». Бұл теория бойынша - әрбір ел өзінде аз шығын жұмсап өндірген өнімін экспортқа шығарады (өндіруде абсолютті артықшылықтарға ие), ал импорттан өндірістерде көп шығын жұмсалатын тауарларды сатып алады (өзі өндірген тиімсіз, сатып ала бере ма? Бағасы төмен болса, кім төлейді?). Сонымен бірге, А.Смит еркін сауда теориясының негізін қалаушы (ЛЭССЭ - ФЭР) экономикаға мемлекеттің араласпауы және еркін бәсеке.

     ·  Салыстырмалы артықшылық теориясы. Д.Рикардо «Саяси экономияның және салық салудын принциптері» деген еңбегінде (1817ж.) екі мемлекет арасындағы айырбас қай шектерде тиімді екенін және халықаралық маманданудың критерийлерін айқын көрсете отырып, классикалық теорияны тығырықтан шығарды.

     Рикардо атап көрсеткендей, елдің ешбір өндірісте  абсолютті артықшылығы болмаса  да, сауда екі жақ үшін де тиімді. Тіпті сауда болмаған жағдайда да, екі ел арасындағы баға қатынасындағы  сәл айырмашылықтың өзі әрбір  ел үшін салыстырмалы артықшылыққа қол  жеткізеді (егер саудалық қарым-қатынастардың  орныққанын есепке алсақ), яғни басқа  тауарларға қарағанда, өндірісі анағұрлым  тиімді тауар өндіріліп, тап осы  тауар басқасына айырбасталынып, экспортқа шығарылуы тиіс.

     Сонымен, Рикардо «Салыстырмалы артықшылық теориясын» (заңын) ашты: ол бойынша, «әрбір елдің белгілі бір тауарды шығаруда салыстырмалы артықшылығы болады және оны сауда кезінде басқа тауарларға айырбастау тиімді. Екі тауар өндіруден абсолютті шығындар деңгейі жоғары елдер де тауар айырбасынан пайда ала алады».

     ·  Хекшер-Олин теориясы. Бүкіл халықаралық сауда дамуының шикізат қоры әлеуетінің айырмашылықтарын байланыстыратын теория халықаралық экономиканың басты теориясының бірі болып табылады. Оны шведтің екі экономисі құрастырды: Эли Хекшер - экономика тарихындағы атақты швед маманы. Ол 1919 жылы өзінің қысқаша құрастырған тақырыбын жариялады және 1977 жылы Хекшердің оқушысы Бертиль Олин осы   теорияны   жалғастырып,   өңдеп,   Нобель   сыйлығына   ие болды. Сондықтан бұл теорияны «Хекшер-Олин теориясы» деп атайды. Бұл теорияның басқаша атауы - «факторлық пропорция теориясы» және ол бөлшектер аралық байланысты ұсынады, яғни әр елдің шикізат әлеуетіндегі фактор, қайсы бір өнеркәсіпте шығатын өнімдерге бөлшектеп қолданылады.

     ·  Леонтьев парадоксы. Хекшер-Олиннің ережелері мен қорытындыларын тәжірибелік тұрғыдан тексеруге арналған көптеген зерттеулердің ішіндегі ең негізгісі - американ экономисі, Нобель сыйлығының лауреаты Василий Леонтьевтің жұмысы болып табылады. Елдегі капиталдың салыстырмалы молшылығы (артықшылығы) Американың сыртқы саудасына әсер етпейтіні белгілі болды. АҚШ шет елден әкелгенге қарағанда, еңбек сыйымдылығы молырақ және капитал сыйымдылығы азырақ өнімдерді шет жаққа шығара бастады.

     Леонтьев  өз есептеулерін жургізу үшін американ экономикасының 1947 жылғы «шығындар  шығарылымы» салааралық балансын пайдаланды. Сол арқылы өнеркәсіп 50 секторға бөлініп, оның 37-і өз тауарларымен сыртқы рынокқа  шықты. Өндірістің еңбек пен капитал  сияқты екі факторы есепке алынды. Бұдан әрі қарай жалпы құны 1 миллион доллар болатын тауарлар қоржыны бөлініп көрсетілді. Олардың  әрқайсысында импорттық және экспорттық тауарлардын типтік жиынтығы сақталынды. Мәселен, егер тамақ өнеркәсібі экспорттың жалпы сомасының 10%-ын құраса, онда бұл  құны 1 миллион долларға тең болатын  қоржында тамақ өнеркәсібіндегі  құны 1 миллион соманың 10%-ы, яғни 100 мың  доллар бар екендігін білдіреді.

     Зерттеу нәтижесі шет елге шығарылатын құны 1 миллион доллар және шет елден  әкелінетін құны 1 миллион доллар тұратын  тауарларды өндіруге қажетті капитал мен еңбек сомаларын өзара салыстыру арқылы алынды (2-кесте).

             ·  Халықаралық бәсекелестік теориясы. Американ экономисі М.Портер 1991 жылы «Елдердің бәсекелестік артықшылықтары» деген зерттеуді жариялады. Зерттеуде халықаралық сауда мәселелері мүлде жаңа қырынан талқыланды: «Халықаралық рынокта елдер емес, фирмалар бәсекеге түседі. Елдің бұл алатын орнын анықтау үшін фирманың бәсекелестік артықшылыққа қалайша қол жеткізетінін және оны қалай сақтап қалатынын түсіну керек».

     Портер  өз үлестеріне экспорттың 1/2-і келетін 10 ірі өндірістік елде зерттеу жүргізген. Ол осы зерттеу нәтижесінде елдің  әлемдік рыноктағы бәсекелестік қабілеті соларға бағынышты негізгі  параметрлерінің өзара байланысын көрсететін «ұлттың халыкаралық бәсекелестік қабілеті» деген теориясын тұжырымдады.

     Портер  казіргі сыртқы сауданың дамуын анықтайтын 4 негізгі параметрді атап көрсетті:

     -  факторлық шарттар;

     -  сұраныс шарттары;

     -  жақын орналасқан және қызмет  көрсететін салалар;

     -  фирма стратегиясы және бәсекелестік.

     Майкл Портердің теориясы «Халықаралық бәсекелестік теориясы» - елдердің бәсекеге қабілеттілігі  оның алдыңғы қатарлы фирмаларының бәсекеге төзімділігімен анықталады.

     ·  Халықаралық құн теориясы. Стюарт Милль өзінің «Саяси экономияның принциптері» (1848 ж) атты еңбегінде айырбас қандай баға арқылы жүзеге асырылатынын анықтады.

     С.Милльдің пікірінше, айырбас бағасы әрбір  елдің экспортының жиынтығы оның импортының жиынтығын төлеуге мүмкіндік  беретін деңгейдегі сұраныс пен  ұсыныс заңы бойынша белгіленеді.

          Әрбір елдің экспорты мен импорты нақты және құндық көрсеткіштер бойынша есептеледі. Құндық көрсеткіштер ұлттық валютамен есептеледі және халықаралық салыстырулар үшін АҚШ долларына айналдырылады. Халқықаралық салыстырулар жүргізу мақсатында экспорт FOB бағасымен, ал импорт CIF бағасымен есептеледі.

     Халықаралық сауда-саттықтың құрылымы негізінен  екі түрлі бағытта қарастырылады:  

  • географиялық бөлінуі тұрғысынан (географиялық құрылым);
  • тауарлық толығулар тұрғысынан  (тауарлық құрылым).

            Қазіргі кезде әлемдік сауданың құрылымында сауданың классикалық теориялары шеңберінде түсіндірілмейтін өзгерістер болуда. Бұл құбылыстар классикалық теорияларды жетілдіруге немесе жаңа теориялар жасақтауға ықпал етті.

     ·  Өнімнің өмірлік циклі теориясы. ХХ ғ. 60-ж. ішінде американ экономисі Р.Вернон өнімнің өмірлік циклі теориясын ұсынды. Бұл теория арқылы өнімнің рыноктағы өмірге бейімділігі мен сатушының мақсатына жетуін қамтамасыз ететін уақыт аралығында дайын өнімнің әлемдік саудасының дамуын түсіндіруге ұмтылды.

           Өнімнің өмірлік  циклі 4 кезеңнен тұрады: ендіру, өсу, жетілу және құлдырау.

     ·        Масштаб эффектісі теориясы. 80 жылдың басында Крюгман, Ланкастер және т.б. экономистер масштаб тиімділігі теориясын ұсынды. Теорияның мазмұны белгілі бір технологиялар мен өндірісті ұйымдастыруда өндірілетін өнімнің көлемін ұлғайтуға қарай, яғни үнемдеу жаппай өндіріске негізделген.

           Теория авторларының пікірінше, дамыған елдер негізгі  өндіріс факторларымен тең деңгейде қамтамасыз етілген, сондықтан осы  жағдайда олар бір – бірімен өндіріс  тиімділігі бар салаларға маманданып сауда жасағандықтары тиімді. Бұл  кезде мамандану - өндіріс көлемін  арттыруға және өнімді аз шығынмен өндіруге және арзан бағамен сатуға мүмкіндік береді. Тиімділік жүзеге асу үшін сыйымды рынок керек. Халықаралық сауда өткізу рыногының  кеңеюіне жол ашады. Басқаша айтқанда, халықаралық сауда ортақ интег-ған  рын. қалыптасуға мүмкіндік береді, (жеке елдерге қарағанда), сондықтан  тұтынушыға арзан бағалы өнімдер  көп ұсынады.

     ·  Рыбчинский теоремасында сипатталатын факторлар ұсынысын бір қалыпты емес өсуінің маңызы ерекше, себебі: басқа да өзгермелі факторлардың тұрақтылығы кезіндегі ұсыныс факторларының бірінің өсуі осы факторларды қарқынды пайдалану барысындағы тауар өндірісінің өсуіне және басқа тауарлар өндірісінің қысқаруына әкеледі.

     ·  Самуэльсон–Джонс теориясы – сауда нәтижесінде экспорттық салалар үшін ерекше факторларын (елдер арасында қозғалмайтын) иелерінің табыстары өседі, ал импортпен бәсекеге түсетін ерекше салықтық факторлар иелерінің табыстары азаяды.

     ·  Столпер–Самуэльсон теориясы – халықаралық сауда бағасы өсіп келе жатқан тауарды өндіру үшін белсенді қолданылатын факторлар бағасының өсуіне әкеледі, бағасы төмендеп келе жатқан тауарды өндіру үшін қолданылатын факторлардың бағасының төмендеуіне әкеледі.            

Информация о работе Халықаралық сауда