Халықаралық сауда ұйымдарының мәні мен ролі

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 13:00, доклад

Описание работы

Көп жақты және екі жақты ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар жасау және осы бағытты келісімдеу мақсатында көптеген халықаралық, соның ішінде үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдар пайда болды.
Халықаралық ұйымдар сауда тосқауылдарын жою бойынша маңызды мәселелерді шешеді, мемлекеттер арасындағы кең тауарайналымына және валюталардың тұрақтандырылуына жәрдемдеседі, басқа да сыртқы сауда мәселелерін қарастырады. Олар өзара тәуелді халықаралық ынтымақтастықтың күрделеніп келе жатқан сипатына жауап қайтару үшін және әр мемлекет пен оның субьектісіне халықаралық қызметке қатысудың өз мүмкіндіктерін пайдалануға жәрдемдесу мақсатында құрылған.

Работа содержит 1 файл

Халықаралық сауда ұйымдарының мәні мен ролі реферат [www.topreferat.com].doc

— 90.00 Кб (Скачать)

  Өз кезегінде қосылушы ел  әдетте БСҰ-ның басқа мүшелері сияқты құқықтарға ие болады, ол оның сыртқы нарықтардағы дискриминациясының жойылуын білдіреді. Ұйымның қандай да бір мүшесі теріс құқықты әрекеттер жүргізген жағдайда кез келген ел сәйкес арызбен дауларды шешу бойынша органға бара алады (ДШО), оның шешімдерін БСҰ-ның әр қатысушысы сөзсіз орындауға міндетті.

  Бекітілген процедураға сәйкес  нарықтарға ену либерализациясы  және қосылу шарттары бойынша жүргізілген барлық келіссөздердің нәтижелері келесі ресми құжаттармен толтырылады:

  -жұмыс тобының баяндамасы, онда қосылушы елдің келіссөздер нәтижесі бойынша өзіне қабылдайтын құқықтары мен міндеттерінің толық пакеті мазмұндалады;

  -тауарлар саласындағы тарифтік жеңілдіктер мен ауыл шаруашылығын қолдау деңгейі бойынша міндеттер тізімі;

  -қызметтер бойынша арнайы  міндеттер тізімі және РНБ-ден  алынған тізім;

  -қосылу туралы протокол, онда  екі және көп жақты деңгейде  жасалған келісімдер заңдық күшіне енеді.

  БСҰ-ға жаңа елдердің қосылуының  маңызды шарттарының бірі-олардың ұлттық заңдары мен сыртқы экономикалық қызметін реттеу тәжірибесін Уругвайлық раундтың келісімдер пакетінің жағдайына сәйкес келтіру болып табылады.

  Қосылудың ең соңғы кезеңінде Генералды кеңеспен бекітілген және жұмыс тобымен үйлестірілген құжаттардың толық пакетін қосылушы елдің ұлттық заң шығарушы органы ратификациялайды. Бұдан кейін аталған міндеттер БСҰ құжаттарының және ұлттық заңның бір бөлігі болады, ал кандидат елдің өзі БСҰ-ның статусына ие болады.          

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                    


Информация о работе Халықаралық сауда ұйымдарының мәні мен ролі