Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2011 в 17:22, доклад
Әлемдік экономика немесе дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз - ұлттық шаруашылықтың жиынтығы. Ол үздіксіз қозғалыста және өсу үстінде болады. Өзара күрделі байланыстардың нәтежесінде бір - біріне қарама - қайшы, бірақ та біртұтас әлемдік экономикалық жүйе қалыптастырады.
Халықаралық экономикалық қатынастар.
Әлемдік экономика немесе дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз - ұлттық шаруашылықтың жиынтығы. Ол үздіксіз қозғалыста және өсу үстінде болады. Өзара күрделі байланыстардың нәтежесінде бір - біріне қарама - қайшы, бірақ та біртұтас әлемдік экономикалық жүйе қалыптастырады.
Дүниежүзілік шаруашылықты оқыту мен зерттеудің үлкен теориялық - әдістемелік және тәжірибелер меңызы бар. Әрі қазіргі кезеңнің проблемаларын ғана түсініп қоймай, оның әр аймағында болып жатқан экономикалық даму деңгейінің ерекшеліктерін біле отырып , жалпы дүниежүзілік шаруашылықтың даму барысын ( бағытын ) ойластыруды терең түсіну ықпал етеді.
Халықаралық экономикалық байланыстарды зерттеу жұмысымен А. Смит , Д. Рикардо , К. Маркс , Ф. Энгельс , В. Леонтьев т.б. ғалымдар айналысты.
Дүниежүзілік шаруашылықты өзара байланысты екі жүйеден - ұлттық шаруашылықтың жиынтығы және халықаралық экономикалық байланыстардан тұрады. Оның дүниежүзілік шаруашылықты байланыстыратын бірнеше элементтері бар. Мысалы , егер бұл категорияға техникалық - экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ , дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы және де аймақтық дамуы жалпы бір заңдылыққа бағынады. Қазіргі кездегі өндірістің материалдық негізі машина техникасы , ұлттық шаруашылықтың даму деңгейінің қандайы болсын , оның материалдық - техникалық базасының негізіне байланысты болады. Сондай - ақ , қоғамдық құрылымның сипаты мен жекелеген ерлердің ұлттық шаруашылығы , әр мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты - оның басқа елдермен экономикалық байланыстарының бағытын, дүниежүзілік шаруашылықтың әлеуметтік экономикалық сипатын көрсетеді.
Дүниежүзілік шаруашылық дегенде , тек бір ғана қарапайым байланысты ғана емес, сонымен бірге, шаруашылық жиынтығынан тұратын: халықаралық еңбек бөлінісі мен еңбекті кооперациялау нәтижесінде туындайды мемлекетаралық экономикалық қатынастарды да сөз етеміз.
Қазіргі жағдайда кез - келген мемлекеттің экономикасының дамуы дүниежүзілік шаруашылық байланыс арқылы ғана толық деңгейде жан - жақты дами алады.
Әлемнің біртұтастығы алуан түрлі , 160-тан астам тәуелсіз, экономикалық еркін субъектілерді қамтиды. Әр ел өзінің тарихи - географиялық , ұлттық , әлеуметтік - саяси құрылымы бойынша , бір - бірінен ерекшеленеді. Ұлттық экномикалық жүйелердің әлемдәк щаруашылыққа бірте - бірте кіруі қажеттіліктен туындап отыр , сондай - ақ оған XX ғасырдың соңындағы ғаламдық заңдылықтардың бірі деп қажет. Бұл заңдылықтар көптеген елдерде болып жатқан экономикалық және саяси реформаларға , әр елдің ішкі күрделі шешімдеріне байланысты сол елдрдің экономикасын дүниежүзілік еңбек бөлінісіне итермелейді. Социалистік елдердің экономикасы жалпы алғанда сыртқы әлемге жабық болды, мемлекеттік принципті уағыздады, соған байланысты ұзақ жылдар бойы ұлттық шаруашылықтың артта және бір орында қалуы байқалды. Буның өзі кәсіпорындардың ғылыми техникалық өзгерісті қабылдауын, сондай-ақ, бәсекелесу механизмін төмендетті, ал ол ұсыныс пен сұраныс заңдалақтарының құралы.
Бүгінгі таңда аталған мәселелер уақыт ағымынан кейін артта қалып отыр, демек, тағы да бір мойындайтын қағида : ұлттық экономиканың дүниежүзілік шаруашылықтың бір бөлігі деп қаралуының өзі, оны ХЭК-тар пәнінде тереңірек қарастыруға бағыттайды.
ХХ ғасырдың соңында әлемдік экономиканың негізгі бағыты оның ғаламдық сипат алуында және бұл шешуі фактор халықаралық экономикалық байланыстардың жаңа кезеңі болып табылады.
Сонымен, әлемдік экономика - экономикадағы жалпы зандылықтармен бірге, нақтылы болып жатқан құбылымтарды да зерттейді.Бұл ғылым дүниежүзілік шаруашылықтың даму ерекшілігін (ұлттық экономиканы, аймақтық экономикалық кеңістікті) қарастырады.
Дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуы ұзаққа зозылатын процесс.Ал өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуы транспорттық және экономикалық байланыстардың қалыптасуының толық нәтижесі. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі болса, дүниежүзілік сауда -экономикалық, қаржылық және ғылыми -техникалық байланыстарды біртұтас мақсатқа біріктіреді.
Ұлттық экономиканың дүниежүзілік шаруашылықпен қосылуының өзіндік ерекшеліктері бар.Кез келген мемлекеттің (мейлі, ол үлкен немесе кіші болсын) сыртқы экономикалық байланыс жүйесіндегі ең сезімтал тұсы-оның экономикалықсаясаттағы, яғни халықаралық байланыстар жүйесінде атқарып отырған қызметінде.Бұдан қоғамның ішкі жағдайы, оның әлеуметтік -экономикалық және саяси бағыты, мәдени байлығы жан-жақты көрінеді.
Қазіргі кезде кез келген мемлекеттің сыртқы зкономикалық байланысы, оның көлемі, құрылымы, ол байланыстардың бейнесі барлығы - ұлттық шаруашылықтың дүниежүзілік байланыстағы деңгейін көрсетеді.Дүниежүзілік шаруашылықтың әр жүйесінде мемлекет арасында күрделі байланыстар және құрама -қайшылықтар болып тұрады.
Дегенмен, өндірістің классыкалық капиталистік әдісі өзінің даму заңдылықтарында ұлттық шекарадан шығып халықаралық деңгейге жетті.Еңбекі бөлудің интернационалдық жүйесі машина индустриясының пайда болуына байланысты болды.ХІХ ғасырдың 50-60 жылдарында дүниежүзілік нарық тез дамып, әлемдік өндірістің дамуының жеделдеуіне ықпал етті.1917 жылдарда дүниежүзілік шаруашылық екі жүйе ауқымында дамыды.Бұл, бір жағынан, өндірістік әдістің жеке немесе аралас түрі болса, екінші жағынан, мемлекеттік меншік жағдайында олардың өзара байланыс жасауы еді.
Әрине, дүниедүзілік шаруашылықтың бұл екі түрі күрделі байланыста дамыды.Дүниежүзілік социалитік жүйенің ыдырауына байланысты геосаяси кеңістікте үлкен өзгерістер болды.Солтүстік пен Оңтүстіктің бұрыңғы байланысы қайта жаңғырды.Ол байланыстардың қандай болуын болашақ көрс етеді.Белгілі бір нәрсе, шаруашылықтың дұрыс деңгейде дамуының екі бастамасы бар: біріншіден, мемлекетаралық экономикалық байланыстардың объективті қажеттілігі; екіншіден, даму барысында екі жақтың да өзара қызығушылығы. Бұндай бастапқы элементтерсіз халықаралық қарым-қатынас пен ынтымақтастықтың болуы мүмкін емес. Бұларға : баға заңы, ұсыныс пен сұраныстың түйісу заңы, уақытты үнемдеу және соған байланысты еңбекті бөлудің тереңдеу заңыдары жатады.
Бұл заңдар ұлттық шаруашылықты дүниежүзілік шаруашылыққа , ХЭБ -ге кіруге итермелейді.Шаруашылық өмірді интернаиализациялау мәселесі бірнеше рет көтерілді.Оның негізгі күші технологиялық революция еді.Әрине, интернаиализациялау барысында елдер арасындағы байланыстар жылжымайды, әрі күрделене түседі. Сыртқы сауда, тауар айырбастау, басқа да жаңа экономикалық байланыс түрлерімен толықтырылады.Бұлар автоматты түрде өздегеннен іске аспайды, сондайөақ саяси іс-қимылмен кедергілерді жоймаса, бірте-бірте ұлттық шаруашылықта хаос туындайды.
Әрине, әр ұлттық шаруашылық өзіне табыс әкелетін айырбас түріне ұмтылуы керек.Бұндай байланыстарды ұйымдастыруда мемлекет өзіне табыс түсетін жағын ойластырады.Ал бұл тек дайын өнім айырбастауға ғана жүзеге асуы мүмкін.Сондықтан өндіріске ең алдымен білікті маманның, ғалымның, инженердің күрделі еңбегін қажет етеді.Тек сонда ғана әр ұлттық экономиканың экономиканың халықаралық экономикалық байланыстар жүйесінде деген тең құқықтығы сақталады.
Экономикалық байланыстардың даму қарқынының күшеюі:экономикалық саяси, мәдени, әскери, экономикалық т.б. барлық сферада халықаралық байланыстың негізін терендете түседі.Бірақ бұл формула түгел емес:бұл байланыстардың сапа жағынан болуы қажет.Мысалы, егер бір жағы шикізат және энергия, екінші жағы дайын өнім айырбастаса, бұл жеғдайда екі ел тепе -тендікте дами алмайды.себебі өзара тең түсетін базасы жоқ.Осындай қарама-қайшылық бірте-бірте экономикалық, содан соң саяси түсінбеушілікке әкеледі.Сонымен, сыртқы экономикалық байланыс «екі функциялық» бірлестікте көрінеді. Бұл, бір жағынан, жалпы саяси, глобалды, ал екінші жағынан, ұлттық, халықшаруашылылығы аспектіде көрінеді.
ТМД елдердің әлемдік нарықа шығуы, сондай-ақ шетелдік крпорациялардың жаңадан қалыптасып келе жатқан ұлттық нарыққа кіруі көптеген пробремаларды тудырды.Олар шаруашылықта бұрын-сонды кездеспеген қиындықтар еді.Егемендікке қолы жеткен Қазақстан Республикасы да осындай қиындықтарға тап болды.Қорыта келгенде мұның барлығы ТМД елдерінде нарық жағдайында теориялық жіне тәжірибелік біліммен қаруланған халықаралық деңгейдегі мамандардың жетіспеуінен деуге болады.
Әлемдік шаруашылық және оның бір бөлігі болып саналатын ХЭК -тың дамуы 80-жылдармен салыстырғанда , 90-жылдары жаңа жағдайда дами бастады. Біріншіден, әлемнің біртутастығы айқындала бастады.Қазіргі әлемдік шаруашылық, бір жағынан, әлемнің бір бөлігі болып саналатындықтан, бүкіл әлемнің біртутас зандылықтары мен қағидаларына бағынады.Сондықтан экономикалық тұрғыдан толық шеттеу мүмкін емес.Екінші жағынан, дүниежүзілік шаруашылықтың негізіне нарық қатынасы жатады.Ал бұл жағдайда экономикасы жоғарыдеңгейде дамыған елдер ғана алға шыға алады.
Қазргі кездегі халықарарлық экономикалық қатынасқа тән қасиет оның сан және сапа жағынан өсуінің көрінуі.
ХЭК -тың негізгі формаларына жататындар:
Мына схемадан ХЭҚ-тардың формаларын көруге болады:
Халықаралық экономикалық қатынастардың маңызды формалары
Халықаралық экономикалық қатынастар |
|
Жоғарыда аталған байланыстардың барлығы қазіргі кезде бурын-сонды болып көрмеген көлемде өсуде.Бір ғана мысал:халықаралық капитал қозғалысының көлемі тек соғы жылдары 30-40 % -ке өсті.1995 жылы 315 млрд-тан 1996 жылы 400млрд-қа өсті.Ал,халықаралық сауданың жылдық өсу қарқыны (6-8 %) өндірістің өсу қарқынынан (2,25%) жоғары болды.Қазіргі кезең белгілерінің бірі - еңбек ресурстары миграциясының кең көлемде тарауы, өндіріс факторларының бірі - еңбек факторларының халықаралық масштабта ауысуын көрсетеді.Бұл процеске ондаған миллион адамдар қатысады.Нарық жүйесіндегі ХЭҚ -тың жаңа кезеңге өтуінінің бірнеше алғы шарты бар.Оның жоғары кезеңі - халықаралық ынтымақтастық.
Қандай да болсын, халықаралық экономикалық байланыс- дүниежүзілік экономикалық байланыстардың көрінісі.Дүниежүзілік шаруашылық көп уақыттар бойы бір-біріне қарамақайшы саяси және экономикалық жүйеден тұрды.Соңғы кездегі саяси картадағы өзгерістерге байланысты дүниежүзілік шаруашылық та жаңа сипат алуда.