Халықаралық еңбек бөлінісінің халықаралық экономикадағы ролі

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 15:22, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың басты мақсаты - Қазақстан Республикасының халықаралық байланыстың жаңа түрі ретінде халықаралық еңбек бөлінісі кезінде біріккен кәсіпкерліктің экономикалық тетіктерін, сипатын, түрі мен артықшылықтарын зерттеу, сипатын, түрі мен айырмашылықтарын зерттеу, оның транзиттік экономика жүйесіндегі әлеуметтік мүмкін боларлық жолдарын анықтау.

Содержание

Кіріспе ……………………………………………………………………...

1-тарау. Халықаралық еңбек бөлінісінің халықаралық
экономикадағы алатын орны мен ролі
1.1. Халықаралық еңбек бөлінісінің мәні мен ерекшеліктері………………………………………………………...
1.2. Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісінің алатын орны мен ролі………………………………….....................

2-тарау. Біріккен кәсіпорындар-халықаралық еңбек бөлінісінің
негізгі нысаны
2.1. Қазақстандағы біріккен кәсіпорындардың қазіргі жағдайына талдау…………………………………………………………...........
2.2. Қазақстандағы біріккен кәсіпорындардың даму деңгейін бағалау………………………………………………………………

3-тарау. Қазақстан Республикасында біріккен кәсіпорындардың дамыту болашағы
3.1. Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісінің қатысу болашағы мен кейбір мәселелері………………………………….....................
3.2. Қазақстан Республикасында біріккен кәсіпорындарды дамыту мүмкіндіктері мен болашағы……………………………................

Қорытынды…………………………………………………………….....

Пайдаланған әдебиеттер тізімі…………………………………………..
3




7

17




28

49




58

62

66

70

Работа содержит 1 файл

Халықаралық еңбек бөлінісінің халықаралық.doc

— 519.00 Кб (Скачать)

 

Мұнда біз Қазақстанның сыртқы сауда айналымының жалпы  көлемінде экспорттың үлесі – 64,4 % екендігін және импорттың үлесі  – 35,6 % құрайтындығын көріп отырмыз. Сонымен қатар біз бұны мына диаграмма  арқылы көре аламыз (1 - диаграмма).

1-диаграмма. Қазақстанның  сыртқы  сауда айналымының  жалпы  көлеміндегі  экспорттың  және  импорттың  үлесі

 

2004 жылы жалпы көлемі  қыйыр шетелге 48 %, таяу шетелге  – 52 % жеткізілген. Қазақстан ТМД  экспорт көлемі бойынша Ресей  (84,7 %) мен Украинадан (5,9 %) кейін үшінші (2,9 %) орында.

Қазақстан экспортының  құрылымында металл бұйымдарының үлес салмағы жоғары: минералды өнімдер  және химиялық өнімдер, ал машина мен  құралдардың үлес салмағы төмен.

Табиғи күйінде жеткізілетін өнімдер қатарына мыс, қара металдар прокаты, ферроқоспалар, мырыш, мұнай, мазут, отын және тыңайтқыштар жатады. Осы тоғыз шикізат өнімдерінің үлесіне экспорттың 54 % келеді.

Бұдан біз Қазақстан  Республикасының қазіргі кезде  шикізат және материалдар экспортына бейімделгендігін және табыстарға жетуде басқа елдер алдында артықшылықтарымыздың бар екендігін көре аламыз.

Қазақстан Республикасының  серіктес елдермен және тауарлар топтары  бойынша экспорттың құрылымын келесі диаграммалар арқылы анық көре аламыз (2 - диаграмма және 3 - диаграмма).

 

 

 

 

 

 

 

 

2-диаграмма. Қазақстан  Республикасының 2004 жылдың қаңтар-қараша  айындағы  серіктес елдермен экспорттың  құрылымы.

 

3-диаграмма. Қазақстан  Республикасының 2004 жылдың қаңтар-қараша  айындағы  тауар топтары бойынша экспорттың құрылымы.

 

 

 

Қазақстан табиғи материалдық  ресурстар шығаруға маманданған, яғни арзан ресурстарды жабдықтаушы  ретінде, халықаралық еңбек бөлінісіндегі  Қазақстанның рөлі мен орнын қамтамасыз етеді. Егер де еліміздің импортын қарастырсақ, онда келесі тенденцияларды көруге болады.

4-диаграмма. Қазақстан Республикасының 2004 жылдағы тауардың негізгі топтар бойынша импорттың құрылымы.

 

Яғни мұндағы тауар  бойынша негізгі үлесін машиналар  мен құрал-жабдықтар құрайтындығын анық көріп отырмыз.

Импорттық саясат ең алдымен  импортты қатаң түрде бақылауға  бағытталуы керек.

Қазіргі кезде республика территориясына негізінен ішімдік бағыттағы  және төменгі сапалы тауарлар енгізіледі, сондықтан бұларға тосқауыл қою керек. Ұлттық өндіріске зиян келтіретін өнімдердің енуін жанама әдістер арқылы шектей отырып, халықаралық тәжірибеге сәйкес импортты тергеу керек және Қазақстан өз бетімен жүзеге асыра алатын импорт алмастырушы өндірісті дамытуы керек. Импорттық тауарларды сатып алуға валюталық кірістердің және импортық несиенің едәуір бөлігі, сонымен қатар мемлекеттік емес құрылымдардың қаражаттары жұмсалады.

Бұдан біз Қазақстанның импортындағы негізгі үлес салмақты Ресей Федерациясы  алып отырғандығын көреміз - 49%, Алмания - 7%, АҚШ- 5%, Ұлыбритания - 4%, басқалар - 26%.

Бұдан біз минералды ресурстар  шығаруға маманданған, яғни арзан ресурстарды  жабдықтаушы ретінде халықаралық  еңбек бөлінісіндегі Қазақстанның рөлі мен орнын қамтамасыз етеді. Егер де еліміздің импортын қарастырсақ, онда оң және теріс жақтарын көруге болады.

Қазақстан Республикасының халықаралық  еңбек бөлінісіне қатысу формалары. 1987 жылдан бастап одақ  республикалары экспорттық-импорттық операциялар  жоспарын өз бетімен жасады және оларға сыртқы нарыққа шығаруға ресми түрде рұқсат берілген.

Осыған дейін сыртқы экономикалық және республикалық байланыстар  халықшаруашылық кешеннің және бірыңғай мемлекеттік жоспардың құрамында  қалыптасқан. Одақ мемлекеттерінің  кеңесі экспорт бойынша тапсырмаларды  тікелей мемлекеттік бақылаудағы кәсіпорындармен өндірілетін өнімдерге белгіледі. Негізгі экспортер-кәсіпорындар одақ министрлігінің қарауында болды және олардың жоспарында экспортқа өндірілетін өнімдер бойынша тапсырмалар белгіленеді. Осындай қарым-қатынас жүйесі импорттық операциялар кезінде де жүргізілді.

Тыңшы органдарының шешімімен кәсіпорындардың, салалық, аймақтық, республикалық органдардың  құқықтары мен міндеттері анықталды  және олардың құрылымында сыртқы экономикалық байланыстар жөнінен  арнайы бөлімшелер құрылды.

1987 жылы “Казахимпорт” республикалық  сыртқы сауда бірлестігін құрылды, 1989 жылы Сыртқы сауда мемлекеттік  комитет құрылып, 1991 жылы Сыртқы  сауда байланыс министрлігі болып  қайта құрылды. 1993 жылдың маусымынан  бастап оны республика Премьер-министрінің  орынбасары басқарды.

Республиканың өндірістік потенциалы тиімді пайдалану, нарық қажеттілігін қанағаттандыру, республиканың әлемдік  шаруашылық байланыстарға тартылуын  тездету мақсатында 1994 жылдың маусымында Сыртқы экономикалық байланыс министрлігін, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп министрлігі мен Сауда министрлігін тарату негізінде Қазақстан  Республикасының Сауда және өнеркәсіп министрлігі құрылды.

Министрлер кабинеті аппаратында, Экономика, Қаржы министрліктерінде, Ұлттық банкте арнайы бөлімшелер құрылып бекітілді, Кеден комитеті мен Сыртқы экономикалық банк (Алембанк) ұйымдастырылды.

Шетел мемлекеттерінің несиелерін тарту жөніндегі жұмыстарын үйлестіру  және қауырт мәселелерді шешу үшін Премьер-министр басшылығымен шетелдік несиелер жөніндегі республикалық комиссия құрылды.

Қазақстан Республикасы шетелдік несиелерді тарту, пайдалану, қызмет ету және өтеу процестеріне мемлекеттік реттеуді күшейту және отандық өнімдер  экспортын ынталандыру үшін 1994 жылдың шілде айында Қазақстан-Алембанкісінің барлық халықаралық міндеттер жөніндегі құқығын иеленуші болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік экспорттық-импорттық (Эксимбанк) банкісі құрылды. Алембанк-Қазақстан дүние жүзінің 170 ірі банктерімен корреспонденттік байланыстары бар: 13 бас кредиттік желілерге қызмет көрсетеді; бірқатар ірі объектілерді қаржыландырады; валюталық несиенің 85 өндіріс сферасына жұмсайды.

Қазақстан Республикасының экономика  министрлігінде ашық 24 кредиттік желілер  шеңберінде шетел несиелерін қолдануға  бақылау жасалады, оның ішінде 19 мемлекет және 5 халықаралық ұйым.

6260 млн. АҚШ доллар соммасына  шетел капиталының қатысуымен 15 ірі инвестициялық жоба жүзеге  асырылу керек.

Республика ішілік және республикадан  тыс отандық бизнес қарым-қатынасында  делдал болып Қазақстанның сауда-өндірістік палатасы табылады. Ол 1959 жылы ұйымдасқан және 1989 жылдан бастап өз алдына дербес болды. Қазіргі кезде оның мүшелік құрамына 400-ден аса ұйым кіреді, және оның қарауында  “КазЭкспо”, “Казнешсервис”, “Казахстанэкспертиза” сияқты маманданған фирмалар құрылды.

Облыс орталығында республикалық  палаталық уәкілдігімен дербес сауда  өндірістік палаталар құрылуда. Шетел  мемлекеттерімен біріккен сауда  палаталарын құру жөнінен мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Франциямен біріккен сауда палатасы құрылды. 9 елде сауда үйлері құрылды.

Республикада кәсіпкерлік қызметті ынталандыру, отандық экономиканың дүниежүзілік шаруашылық байланыс интеграциялануына  жағдай жасау мақсатында Алматы қаласында  “Атакент” еркін сауда аймағы құрылды.

Қазақстан Республикасында шетел фирмаларының 160 өкілдіктері тіркелді, шетел капиталының қатысуымен 10 банк жұмыс істейді, 6812 тіркелді (2004ж. Шілде).

ТМД елдерінің ішінде Қазақстан бірінші болып егеменді мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін нормативтік құжаттарды қабылдады.

Осының барлығы Қазақстан  Республикасының қазіргі кездегі  дамуының халықаралық экономикалық қарым-қатынастар сферасында тәуелділік жағдайын ескертеді. Бұлай болмау керек.

Егер біз мемлекетіміздің  дамуын, халықаралық еңбек бөлінісіндегі  рөлінің жоғарылауын қаласақ, онда елдің өнеркәсіп өндірісін біртіндеп отырып экспорт пен импорттың құрылымын өзгертуіміз керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-ТАРАУ. БІРІККЕН  КӘСІПОРЫНДАР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕҢБЕК  БӨЛІНІСІНІҢ НЕГІЗГІ НЫСАНЫ

 

2.1. Қазақстандағы  біріккен кәсіпорындардың қазіргі  жағдайына талдау

 

Казіргі кезде дүниежүзілік өндіргіш күштердің даму кезеңі дамыған  материалдық-техникалық негізін, халықаралық  еңбек бөлінісі жүйесін және халықаралық  кооперацияның әртүрлі формаларын қоса алғанда экономикнаың интернационализациялану  процесін күшейтудің объективті қажеттілігін қамтамасыз етеді.

Батыс экономистері “экономиканың  интернационализациялануы” түсінігін  бірқатар факторлардың көрінуімен байланыстырады, олар: өндірістің жағрафиялық орналасуының рөлі, басқаруда халықаралық деңгейдің  әсер етуі, капиталға қатысу дәрежесі т.б. Экономиканы интернационализациялаудың алғашқы көрінісі өндірістің жағрафиялық орналасу теориясы негізге ала отырып, өндірістік күштер факторларының орналасуын, ұлттық нарықты таңдауды, яғни тікелей инвестицияны таратудың қажеттілігін интернационализацияның объективті негізінің халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі екендігін көрсетеді, яғни тарихи және логикалық дамудың алғышарт факторы болып мемлекеттер арасындағы табиғи-жағрафиялық ерекшеліктер, климаттық жағдайлар, пайдалы қазба қорлары, құнарлық жерлер, территория көлемі, тұрғындар саны және т.б. жатады.

Интернационализациялану феноменін, біріншіден, ТҰҚ сияқты ірі  шаруашылық бірлестіктердің қызмет ету қажеттіліктерімен байланыстырады. Бірақ, экономиканың интернационализациялануы ТҰҚ қызметімен ғана емес, сонымен қатар оның басқа да формалары бар.

Біріншіден, бұл мемлекеттер  арасындағы өндірістік қатынастардың  дамуына жағдай жасайтын халықаралық экономикалық бірлестіктер мен одақтар;

Екіншіден, БҰҰ Бас  Ассамблеясы резолюцияларымен расталып, құрылуына құқық берілген ТҰҚ қарама-қарсы мақсатта ұйымдасқан өндіруші-ел ассоциациялары;

Үшіншіден, еркін экономикалық аймақтар;

Төртіншіден, мемлекетаралық немесе трансұлттық қаржылық өндірістік топтар;

Бесіншіден, біріккен банктер түріндегі біріккен қаржылық институттар;

Алтыншыдан, бір уақытта  капиталдар қозғалысының формасы болып  табылатын шетел инвестициялары;

Жетіншіден, қазіргі кезде  экономика интернационализациялауының формасы ретінде негізгі мәнге ие болатын біріккен кәсіпкерлік.

Тауарлармен, технологиямен, капиталмен халықаралық айырбастың жаңа жолдардың бірі ретінде біріккен кәсіпкерліктің тез дамуы, әлемдік  экономикадағы болып жатқан өзгерістерді көрсетеді:  мемлекет саясатындағы, өндіріс технологиясы мен құрылымындағы өзгерістерге байланысты өндіріс факторлары мен нарықтық сұранс сипатының өзгерісі. Қазіргі кезде көптүрлі кооперациялық байланыстардың дамуын есепке ала отырып, біріккен кәсіпкерлік феномен едәуір күрделі сипатқа ие болып жатыр: фирмааралық қарым-қатынастардың әртүрлі формалары мен біріккен кәсіпорындар құрудан бастап, аймақтық және аймақаралық бірлестіктер шеңберінде ірі, ауқымды интеграциялық жобаларды жүзеге асыруға дейін.

Сөйтіп, біріккен кәсіпкерлікті  зерттеу экономика интернационализацияланудың басқа формалары алдында келесі көрсеткіштермен сипатталатындай, бірқатар артықшылықтарды анықтайды: бірінші, шетел нарығына төменгі шығындармен және тәуекелмен шығу үшін, біріккен кәсіпкерлік жолымен кедергілерді жою;

Екінші, біріккен кәсіпкерлік  негізінде мердігерлік және серіктестік қарым-қатынастардың ірі трансұлттық корпорациялардың үстемдік етуі алдындағы артықшылығы;

Үшінші, өндірістік қуаттардың, ұлттық компаниялардың керек-жарағының  өзгеруінсіз қосылу мүмкіндігі;

Төртінші, ынтымақтастықтың әрбір “таза” формаларына жататын компоненттердің біртұтас құрамдас бөліктерінің болуы;

Бесінші, бірігуге жататын  қаржылық міндеттемелерге байланысты әрбір серіктестіктің қаржылық қатысуын толық бағалауға кететін шығындарды азайту;

Алтыншы, протекционистік  тосқауылдарды жою және ірі халықаралық инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға қатысуды кеңейту мүмкіндігі, яғни экспорттан бастап сыртқы нарыққа шығудың тікелей формаларына көшу;

Жетінші, шоғырланған  елде үкіметтік жеңілдіктерді, субсидияларды, тапсырыстарды пайдалану;

Сегізінші, біріккен кәсіпкерлік  процесінде мақсаттарға тез жетуге мүмкіндік беретін серіктестік  қарым-қатынасты белсенді түрде  дамыту.

Соңғы жылдары экономика  ғылымында “біріккен кәсіпкерлік” ұғымы “біріккен кәсіпорын” формасындағы біріккен кәсіпкерлік Батыс пен Шығыс арасындағы экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуде, бұрынғы Кеңес Одағы елдерімен экономикалық қарым-қатынасты жөндеуде маңызды орын алады.

Біріккен кәсіпорындардың  формасы мен құрылу мақсатына  байланыссыз, біріккен кәсіпорындарды ұйымдастыру негізінде ортақ принциптер жатыр.

Біріншіден, әрбір серіктестіктің капитал салымы ретінде қарастыруға болатын, активтерді бөлшектеп біріктіру жолымен құрылған біріккен кәсіпорын (ақша қаражаттары, ғимараттар, құрыл-жабдықтар, “ноу-хау”, интелектуалды меншік және т.б.).

Екіншіден, серіктестер  арасындағы пайдамен тәуекелді болу әрбіреуінің капитал алымын есепке ала отырып жүргізіледі.

Үшіншіден, біріккен кәсіпорындардың  қызметі қабылдауышы ел заңдылығына  сәйкес жүзеге асырылады.

Төртіншіден, серіктестер  басқару жауапкершілігін әрбіреуінің капитал салымына сәйкес бөліседі.

Бесіншіден, басқару қайта  құрылған басқару органдарының көмегімен  жүзеге асырылады.

Әлемдік тәжірибе біріккен кәсіпорындардың акционерлік қоғам  формасында немесе серіктестік формасында немесе келісім-шарттың кәсіпорындар формасында құрыла алатындығын көрсетеді. Акционерлік қоғам және серіктестік формасында құрылған кәсіпорындардың әртүрлі формалары болды (1 сурет).

Информация о работе Халықаралық еңбек бөлінісінің халықаралық экономикадағы ролі