Халық аралық еңбек бөлінісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2012 в 10:17, дипломная работа

Описание работы

Әлемдік экономикадағы құрылымдық өзгерістер интерназионализациялау процесінің белсенділігіне қолайлы жағдайлар туғызды, ол бұл елдердің дамуына әсер етуші факторлар мен жағдайлардың түбегейлі өзгеруіне алып келеді және осы мемлекеттердің ұлттық үлесінің қысқарып, ұлтаралық үлестің өсуіне алып келеді.
Технология деңгейінің тез өсуі мен жаңа қаржылық орталықтардың қалыптасуы кезінде интернационализациялау процесі трансұлттық компаниялар деңгейімен ғана шектелініп қоймай, мыңдаған ұсақ және орта кәсіпорындарды да қамтиды. Оларға тән қасиеттердің бірі экономикалық интернационализацияның әртараптандыру нысандары болып табылады. Олардың ішінде қазіргі кезеңде ең маңыздылысы біріккен кәсіпорындар.
Халықаралық біріккен кәсіпкерліктің дамуының кең тәжірибесі оның бейімділік қабілетінің жоғарлығын, біріккен, компаниялардың икемділігі, экономикалық прогрестің жаңа жетістіктерін қолдануда білімділігін, олардың әлемдік нарық өзгерістеріне өз тактикасы мен стратегиясын тез бағыттай алу қабілеттілігін көрсетеді.

Содержание

Кіріспе ……………………………………………………………………...
1-тарау. Халықаралық еңбек бөлінісінің халықаралық
экономикадағы алатын орны мен ролі
1.1. Халықаралық еңбек бөлінісінің мәні мен ерекшеліктері………………………………………………………...
1.2. Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісінің алатын орны мен ролі………………………………….....................
2-тарау. Біріккен кәсіпорындар-халықаралық еңбек бөлінісінің
негізгі нысаны
2.1. Қазақстандағы біріккен кәсіпорындардың қазіргі жағдайына талдау…………………………………………………………...........
2.2. Қазақстандағы біріккен кәсіпорындардың даму деңгейін бағалау………………………………………………………………
3-тарау. Қазақстан Республикасында біріккен кәсіпорындардың дамыту болашағы
3.1. Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісінің қатысу болашағы мен кейбір мәселелері………………………………….....................
3.2. Қазақстан Республикасында біріккен кәсіпорындарды дамыту мүмкіндіктері мен болашағы……………………………................
Қорытынды…………………………………………………………….....
Пайдаланған әдебиеттер тізімі…………………………………………..

Работа содержит 1 файл

дипломка.doc

— 522.00 Кб (Скачать)

Бұл заң Қазақстан  территориясында шетел инвестицияларының  ұлттық инвесторларға рұқсат берілген барлық ұйымдасқан - құқықтық формасында біріккен кәсіпорын, еншілес және шетел  заңды тұлғалар өкілеттігі ретінде қызмет етуге мүмкіндік бар екендігін бекітеді. Осы заң шетел инвесторларына басқа да маңызды кепілдіктер береді.

Тікелей шетел инвестициялары Қазақстан үшін, оның қазіргі кезеңдегі  экономикалық жағдайын ескергенде, басқа  мемлекетаралық экономикалық ынтымақтастық формаларымен салыстырғанда бірқатар айтарлықтай артықшылықтарына ие болады:

    • біріншіден, отандық тауарлар мен қызметтерді өндіруге олар шетел капиталын салу көзі болып табылады;
    • екіншіден, технология трансфертін, “ноу-хау”, алдыңғы қатарлы басқару әдістерін және маркетингі, және мемлекеттің сыртқы қарызын өтеуді кқамтамасыз етеді.

1995 жылы еліміздің  салық жүйесін реформалау жылы  болып табылады, яғни жаңа салық  кодексінің және салықтық тәжірибелерді  жүргізу болып есептеледі. Республикадағы  жүргізілген салықтық реформалардың негізгі идеясы: бюджет пайдасын қалыптастыру, экономикалық бейтараптықты, және салық жүйесінің қарапайымдылығы мен әділдігін іске асыру. Салық кодексінде салық негізінің кеңеюін анықтайтын, саклық пайызын тұрақтандыру және өз табысын адамдардан салықты төмен дәрежедә алу прнциптері қарастырылады.

Шетел қатысуы мен 100 % -ды шетел капиталы барлық заңды  тұлғаларды тіркеу туралы процедурасын жеңілдету және жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Президенті мен 1995 жылы заң күші бар “Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы” заң күші бар Жарлығына қол қойды. Осы заңға сәйкес барлық заңды тұлғаларды тіркеу ҚР-ның Юстиция министірлігі және оның аймақтық органдары арқылы жүзеге асырылады. Заңды тұлғалардың тізімге алынуы 15 күн аралығымен қажетті құжаттар және құрылтайлық құжаттар арқылы шектеледі.

Заңды түрде қорғаумен  қоса, шетел инвесторларына қосымша  кепілдік беруді мемлекетаралық инвестицияны қорғау, және ынталандыру келісім-шарты  қамтамасыз етеді. Тәуелсіздік алағалы  бері еліміз мұндай келісім шартын 23 елмен жасады. Қазіргі кезде 21 елмен келісім-шарт жобасы талқылануда.

“Қолайлы экономикалық ахуал” қалыптастыру көптеген факторлардан тәуелді болып келеді. Халықаралық  салық және инвестиция жөніндегі  орталық сарапшыларының жүргізген “ҚР-дағы инвестициялық ахуал” бағдарламасы нәтижесі бойынша, еліміздегі инвестициялық ахуалдың болашағы зор. Бірақ, қазіргі таңда тұрақсыз деген тұжырымға келеді. Инвестициялардан түсетін пайданың мүмкіндігіне қарамастан, анықталмағандық Қазақстанға шетел инвестиция ағымын тежеуші фактор болып отыр. Сонымен бірге салық жүйесінің даму дәрежесінің төмендігі, кеден режимінің тиімділігі, әкімшілік органдарының көпсандылығы және валюталық режим салынған капитал ресурстарының өзін-өзі өтеуі үшін нақтылы жағдайды туғызбай отыр.

Қазіргі кезеңде, жаңа салық  кодексінің, “Валюталық реттеу туралы”, 1997 жылғы 10 сәуіріндегі “Сыртқыц қарыз  және сыртқы қарызды басқару туралы”, 1997 жылғы 28 ақпандағы “Тікелей инвестицияларын  мемлекеттік қолдау туралы”, 1997 жылғы 5 наурыздағы № 77-1 “Құнды қағаз нарығы туралы”, 1997 жылғы 6 наурыздағы № 82-1 “Инвестициялық қорлар туралы” Заңдардың қабылдануы елімізде экономикалық ақаулының біршама алға қадам басқандығын көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Сонымен біз Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуын қарастырдық. Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісіндегі орны халықаралық экономикалық қатынастағы жағдайымен анықталынады.

Халықаралық экономикалық қатынас еңбек бөлінісі процесінен, өндіріс пен ғылымның халықаралық мамандануынан және шаруашылық өмірдің интернационализациялануынан туындайды.

Халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі, яғни халықаралық экономикалық қатынас табиғи және жасалынға өндірістік технологиялық фаторлардан, сонымен бірге әлеуметтік, ұлттық, этикалық, саяси және моралдық жағдайларына тәуелді болады.

Халықаралық экономикалық қатынас рөлі, даму қарқыны, мүмкіндктері және оның негізгі нысандар арақатынасы және бағыттары халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен анықталады, яғни оның ең жоғарғы түріне өтеміз. Халықаралық еңбек бөлінісінің жалпы түрі халықаралық салааралық айырбасты, әсіресе, өндірілетін және өнделетін жеке елдер салаларын айқындайды. Жеке еңбек бөлінісі әртүрлі салалар мен өндірістердің дайын өнім халықаралық саудасының үстем болуына және дамуына әкеледі. Сонымен біртектес халықаралық еңбек бөлінісі өндірістің жекелеген кезеңдеріне мамандануды білдіреді, ол ғылыми-техникалық, жобалық-құрылыс және технологиялық, инвестициялық жоба сатыдаь болуы мүмкін. Мамандану және кооперация формаларының дамуы халықаралық экономикалық қатынас дамуына алғышарттар туғызады.

Дамушы елдер (олардың ішінде Қазақстан) халықаралық еңбек бөлінісі жүйесінде маңызды орын алады. Олардың орны мен рөлі олардың экономикалық дамуы және өнеркәсіп дамуы деңгейлеріне байланысты.

Қазіргі кезеңде олар өнеркәсібі дамыған елдерге шикізат көзі рөлін атқаруда. Бірақ, өздерінің экономикасының даму шарттарына байланысты кейбір дамушы елдер дайын өнім шығаруға мамандануға көшуде, негізінен оларға Оңтүстік-Шығыс Азия және Латын Америкасының жаңа индустриалды елдері жатады. Осыған қарамастан, олар халықаралық еңбек бөлінсі және уақыт бойы өнеркәсібі жоғарғы дамыған елдер үшін екінші сатыда болады. Бірақ, біз халықаралық еңбек бөлінісінің халықаралық экономикалық қатынаспен тығыз байланыста екендігін ескергеніміз жөн. Сондықтан, тиімді сыртқы экономикалық саясат жүргізе отырып, Қазақстан халықаралық еңбек бөлінісі жүйесінде өз орнын біршама алға жылжыта алады.

Қазақстан әлемдік бизнес тарапынан үлкен мүмкіндіктерге ие, ал жекелеген салаларында әлемдік нарықта кейбір өнім түрлерін өндіруде монополист болып есептелінеді. Қазақстанның бір кемшілігі ол әлемдік көлік жүйеден алыс орналасқан, әсіресе теңіз жолдарынан алшақ орналасқан.

Сонымен, Қазақстанның сыртқы экономикалық қызмет тапсырмаларын шеше отырып, біз Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіндегі рөлі мен орнын көтереміз. Еліміздің шикізат экспорттаушылар қатарынан ғылым сыйымдылығы жоғарғы өнімдердің түріне мамандануына мүмкіндік береміз.

Қорыта келгенде, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен Қазақстанда біріккен кәсіпорындардың дамуы кең таралуда. Қазақстанда біріккен кәсіпорындарды дамыту кезінде мына төмен қорытындыларды жасауға болады:

1. Біріккен кәсіпорындардың даму көрсеткіштері мен ынталандыру механизмінің болмауы. Осыған сәйкес, тиімділікті көтеру үшін көрсетілген кәсіпкерлік компоненттерін есепке алу жүйесін құру қажет.

2. Біріккен кәсіпкерлік қызметінің экономикалық салық жүйесін ырықсыздандыру. Біріккен кәсіпорындардың құрылған бірінші 3 жылда барлық салық түрлерінен босату шетел қатысуымен құрылған ұсақ және орта кәсіпорындар санының өсуіне ықпал етеді. Мемлекеттің ғылыми-техникалық талаптарын сай негізгі принципке сәйкес салықтан босатудың жекелеген тәсіолдерін қамтиды бағдарлама қалыптастыру қажет.

3. Валюталық және кедендік саясаты ырықсыздандыру біріккен кәсіпорындарда шетел капиталдың қолдануды және пайдалануды ынталандыруға ықпал етеді. Осыған байланысты, кедендік режимді ырықсыздандыру инвестициялық тауарларды импорттауда кедендік бажға өз әсерін тигізеді. Әкелінетін жабдықтар мен технологияларға баждық жойылуы, біріккен кәсіпорындардың өндірістік процесінен қолайлы әсерін тигізеді, себебі көрсетілген кәсіпорындардың айтарлықтай көпшілігі біріккен кәсіпорындардың жарлық қорына ақшалай емес активтерді салады.

4. “Қолайлы экономикалық ахуал” қалыптастыру үшін салық жүйесін оңайлату қажет. Сол үшін салық салудың жеңілдетілген механизмін қолдану, инвестициялық салық үзілісін қамтамасыз ету қажет, сонымен қатар стратегиялық, технологиялық, техникалық экономика потенциалына және инфрақұрылымды жетілдіруімен байланысты жобаларды салықтан босату тиіс.

5. Мемлекеттік басқару құрлымын оңайлату мақсатты көрініс табады. Бүгінгі таңда басқару органдарын рационализациялау бағыты үстем болып отыр, сонымен қатар бірккен кәсіпкерлік процесін реттеу министірліктер, жергілікті ведомстволар үстемдігінде қалып отыр. Орталық органдар жүйесінде де бірқатар проблемалар кездесуде. Қазіргі кезде халықаралық кәсіпкерлікті екі мемлекеттік органдар басқарады: Сыртқы қарыз жөніндегі комитет және Инвестиция жөніндегі мемлекеттік комитет. Біріккен кәсіпкерлікті басқарумен айналысатын әкімшілік органдар санының қысқаруы қазақстандық және шетел серіктестерінің бірігіп жобаны жүзеге асыруына қолайлы жағдай тигізер еді. Осыған байланысты халықаралық кәсіпкерлік пен капиталдардың қозғалысын реттеп отыратын біртұтас мемлекеттік орган құру ыңғайлы болар еді. Бұл орган бақылау, ынталандыру және мәлімет жеткізуші функцияларды қамтитын, кең қызмет көздерін қамтуы қажет. Нақтылы мұндай қызмет атқарушы орган бюрократияның тежелу көзі болып табылады.

6. Мемлекеттің тарифтік саясат жетілдіру қажет. Ол – экономикалық ақуал құрушы компоненттердің бірі. Бұл бағытта қажетті шаралардың бірі сыртқы экономикада инвестициялық тауарлар үшін жеңлдік режим қалыптастыру үшін қажет.

Шетел инвестициясын  тартудың ынталандыру маңыздылығы 2030 Қазақстанның даму стратегиясында, сонымен қатар Қазақстан Республикасының  Президентінің 1998 жылы 28 қаңтарда қабылдаған № 3834 “2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясын жүзеге асыру шаралары туралы” қаулысында көрсетілген. Экономиканың даму стратегиясының бір принципі ретінде шетел инвестициясын тиімді түрде қорғау қарастырылған. Осыған орай шетел инвестицияларын тартуды ынталандыруды жүзеге асырудың шаралары ретінде жеңілдіктер мен шетел инвестициясының үлесін арттыру үшін жағдайлар жасау қарастырылады. Олай болса, заңдардың тұрақтылығын қамтамасыз етумен бірге, оның экономикалық өзгерістерге байланысты бейімделуін қамтамасыз ету қажет. Сонымен, тікелей ұлттық және шетел инвестициясын тартудың ең маңыздысы өзгерістерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік комитетінің үкімінің бекітуімен белгілі жағдайларды ескере отырып, толықтырылып немесе керісінше қажетсіз объекті салықтық жеңілдіктер үшін алып тасталынып, түзетіліп отыруға тиісті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1. Ашимбаев Т.А. Экономика Казахстана на пути к рынку: тенденции и размышления. Алматы, 1994 г.

2. Берденов Қ. Қазақстан мемлекет ретінде қалыптасуы мен экономиканың дамуы. – Алматы, 1998 ж. – 216 б.

3. Воловой В.В. Политэкономия. М, 1999.

4. Елемесов Р. Переходная экономика: проблемы методологии и теории. Алматы, 1998 г.

5. Ермекова Э.М. Состояние и перспективы развития социальной сферы в Казахстане: занятость и уровень жизни населения // Вестник КазГУ 2001 №5.

6. Информационно-статистический сборник «Казахстан: 2003-2004годың, Алматы, Агенство РК по статистике.

7. Кубаев Е. Экономичская политика и экономический рост. Алматы,  2000 г.

8. Кенжегузин М.Б., Додонов В.Ю. Шевелев С.А. Формирование и реализация казахстанской модели устойчивого экономического роста. Алматы, 2001 год.

9. Курс переходной экономики. Под.ред. Л.И. Абалкина. М, 1997 г.

10. Казахстан в цифрах за 2004 год. Агентство РК по статистике. 2004.

11. Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауы.//Егеменді Қазақстан 2003, 5 сәуір.

12. Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауы.//Егеменді Қазақстан 2005, 18 ақпан.

13. Назарбаев Н.А. Рынок и социально-экономическое развитие. Москва «Экономикаң, 1994 г.

14. Назарбаев Н.А. Казахстан – 2030. Алматы, 1998.

15. Селезнев А. Макроэкономические факторы роста производства // Экономист. 1999 №5.

16. Статистический сборник: Промышленность РК и ее регионов 2003-2004, Алматы, Агентство РК по статистике. 2004.             

17. Сидоров М.Н., Федотов А.А. Национальный доход: факторы роста. Структура. Методы прогнозирования.

18. Тодаро М.П. Экономическое развитие. Москва, 1997 г.

19. Оразәлі С. ХХІ қандай экономикамен келем. – Алматы. – Қазақстан. - 1996 ж. 120 б.

20. Общий обзор социально-экономического развития. Агенство РК по статистике // Банки Казахстана 2004 №4.

21. Уровень жизни населения. Агентство РК по статистике, 2004г. Алматы.

22. Экономическая теория. Под. ред. А.И. Добрынина, М, 1999.

23. Экономическая теория. Учебник. Под.ред. И.П. Николаевой. М,   1998 г.

24. Ясин Е. Бремя государства и экономической политики//Вопросы экономики. 2002 №11.

 

 

 

1 Қазақстан – цифрларда, 150-152 б.

2 Қазақстан – цифрларда, 152-154 б.

3 Информационно-статистический  сборник «Казахстан: 2003-2004 годы», Алматы, Агенство РК по статистике, 221 стр.

4 Информационно-статистический  сборник «Казахстан: 2003-2004 годы», Алматы, Агенство РК по статистике, 222 стр.

5 Информационно-статистический  сборник «Казахстан: 2003-2004 годы», Алматы, Агенство РК по статистике, 222 стр.

6 Информационно-статистический  сборник «Казахстан: 2003-2004 годы», Алматы, Агенство РК по статистике, 223 стр.


Информация о работе Халық аралық еңбек бөлінісі