Еркін немесе жетілген (таза) бәсеке

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 07:12, лекция

Описание работы

(Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жарайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі.Екінші жақтан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекетгік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістеріннің жүйесі.

Работа содержит 1 файл

антопа.docx

— 89.31 Кб (Скачать)

Еркін немесе жетілген (таза) бәсеке.Жетілген бәсеке жағдайындағы сұраныс және ұсыныс механизмдері.

(Бәсеке дегеніміз, бір жағынан,  іс-қимыл жарайтын салада ұнамды  нәтижеге жету үшін жүріп отыратын  экономикалық жарыс, шаруашылық  жүргізудің қолайлы жағдайына  ие болу үшін, пайданы мол алу  үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі.Екінші жақтан, ол нарық субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары. Форма жағынан бәсеке ұйымдастырудың нормалары мен ережелерінің, мемлекетгік және жеке құрылымдардың директивалары мен іс-қимыл әдістеріннің жүйесі.

Бәсекені экономикалық процесс ретінде шаруашылық жүргізуші субъектердің белгілі әрекеттерінің жиынтығының түрі деп тануға болады.Осы әрекеттер экономикалық цикл түрінде жинақталады. Осыған бірте-бірте жүріп отыратын төменде аталған ұдайы өндірістік процестер жатады:

• өндіріс және еңбек ұжымдарының  материалдық-заттық элементтерін қалыптастыру;

• өндірісті ұйымдастыру, оны шикізатпен, материалдармен, жартылай фабрикаттармен жабдықтау және өндірістік, несие-қаржылық және жобалау мекемелерінің бір-біріне әсер етуі;

• бәсекеге төзімді өнім өндіру;

• өнімді сату. Бұл үшін оның саны анықталады, өткізілетін орны мен  уақыты белгіленеді;

• пайда есебінен инвестициялық қор жасау және оны өндірісті кеңейту үшін пайдалану.

Өнімнің «өмір сүру циклі» бәсекелік  күрес дәрежесіне елеулі әсер етеді. Өнімнің «өмір сүру цикліне» оның шығарыла бастауынан өндірілуі тоқтағанша жүріп отыратын мерзімі, «өмірі»  жатады. Бұл цикл төрт фазадан тұрады:

• жаңа өнімді игеріп, өндіріске енгізіп  орналастыру. Бұл арада сату көлемі көп емес, шығарылған өнімнің бағасы жоғары болады;

• өндірістің өсуі — өндірістің масштабы өседі, сұраныс өседі, жоғары баға сақталады;

• кемелдену. Өндіріс көлемі ең жоғары дәрежеге жетеді, сұраныс толық қанағаттанады, өндіріс қарқыны бәсеңдейді, бәсеке шиеленіседі, баға төмендей бастайды;

• ескіру. Бұл фазада сұраныс төменгі  шегіне жетеді, өндіру азаяды. Бәсеке сайысы сөне бастайды. Өнімнің басым көбінің  өндірілуі тоқталады, жаңа өнім өндіру басталады. Бәсекелік сайыста шаруашылық жүргізуші субъектер өз бәсекелесіне мардымсыз ерекеттер қолданады. Мұндай әрекеттерді «бейниетті бәсеке»  деп атауға болады:

• бәсекелес туралы өтірік немесе қате мәліметтер тарату;

• тауардың сапасы туралы және оның сипаттамасы, жасау әдісі мен жасалған орны туралы жалған ақпарат тарату;

• бәсекелестің тауарлық белгісін, оның фирмасының атын, маркировкасын заңсыз пайдалану;

• тауардың сапасы туралы дұрыс түсінік  бермейтін жарнама жасау;

• бәсекелестің тауарын жамандап көрсететін салыстырмалар қолдану;

• келісім бойынша ездері ғана білуіне тиісті салаға жататын конфиденциялық ғылыми-техникалық өндірістік және басқадай информацияны таратып жіберу. Аталған  шартбұзушылықпен күресуҚазақстанда мемлекеттік антимонополиялық агенттікке жүктелген.

Еркін бәсеке жеке меншікке және шаруашылықтың оңашалануына негізделеді. Өндірушілер бір-бірімен тек нарық арқылы байланысады.

Жеке фирма өз өнімін өткізуде іс жүзінде нарықтағы айырбас жағдайларына ешқандай әсер ете алмаса, онда осындай болмыс — бәсекелік қабілетгін, ең жоғарғы дәрежесі болып табылатын жетілген бәсеке деп аталады.

Жетілген бәсеке нарығы төменде  аталған шарттардың орындалуын тілейді: • жеке фирманың өндіріс мөлшері  елеулі болмайды және ол сол фирма  сататын тауардың бағасына әсер етпейді;

• әр өндірушілер сататын тауарлар біртекті тауарлар болады;

• сатып алушылардың баға туралы информациясы толық болады. Егер біреу  өз өнімінің бағасын көтерсе, онда ол сатып алушыларынан айрылады;

• сатушылар өзара баға туралы келісім жасаспайды және әрекеттерін  бір-бірімен келіспей жеке жүргізеді;

• өндіруші фирмалардың салаға кіруі  мен шығуына жол ашық болады.

Осындай сату-сатып алу шарттарының  орындалуы өндірушілер мен тұтынушылардың өзара қатынастарына еркіндік сипат  береді. Жетілген бәсеке баға белгілену  механизмінің және тепе-теңдік болмысы  арқылы экономикалық жүйенің өзін-өзі  реттеуінің қалып тасу шарты болып  табылады. Осының нәтижесіңде жеке индивидтердің экономикалық жетістікке жетуді көздейтін өзіндік жеке дара қимылдары бүкіл қоғамдық жетістіктерге  жол ашады.

Нарықтық бәсекенің артықшылықтары мен кемшіліктері бар.

Артықшылықтары:

• қоғамға қажет тауарларды өндіруде ресурстарды тиімді пайдалануға  мүмкіндіктің болуы;

• тез өзгеріп отыратын өндіріс  жағдайларына икемді болып, оларға тез  үйлесуге көмектесе алатындығы;

• тауарлардың жаңа түрлерін жасау  саласына жаңа техника мен технология енгізуге, өндірісті ұйымдастырып басқарудың жетілген әдістерін қолдануға, ғылыми-техникалық жетістіктерді ұнамды пайдалануға жағдайлар тудыратындығы;

• өндірушілерді көптүрлі қажеттіктерді  қанағаттандыруға, тауарлар мен қызметтердің сапасын жоғарылатуға мақсаттандыруы.

Кемішіліктері: • ұдайы өндірілмейтін ресурстарды (ормандар, табиғи жануарлар, жер, теңіз, мұхит қоймалары) сақтауға көмектеспейді;

• қоршаған ортаны қорғауда неғативтік бағытта болады;

• ұжымдық пайдалануға бағытталған  тауарлар мен қызметтер (дамбалар, жолдар, қоғамдық көлік) өндірісінің дамуын қамтамасыз етпейді;

• фундаменталдық ғылымның, жалпы  білім беру жүйесінің, қалалық шаруашылықтың  көп элементтерінің дамуына жағдай жасамайды;

• еңбек, табыс, демалу құқықтарына кепілдік бермейді;

• әлеуметтік әділетсіздік пен қоғамның байлар мен кедейлерге бөлінуіне  бөгет жасайтын механизмдері жоқ.

Нарық қатынастары қашанда жұп  қатынастар болады: «сатушы-сатып алушы», тағы басқа. Осы қатынастар өндіріс  пен тұтынудың байланысын сипаттайтын  ұсыныс пен сұраныс түрін алады. Тұтынушы (сатып алушы) мен өндірушінің (сатушы) әрекеттерін екі заң болжайды: - сұраныс заңы: сатып алушы баға кемігенде, басқа шарттар тұрақты болса, тауарларды көбірек алады, баға жоғарыласа — азырақ алады;

- ұсыныс заңы: басқа шарттар тұрақты болса, баға жоғарылағанда сатушы сату үшін тауарларды көп өндіреді де оны сатуға ұсынады, баға кемігенде аз ұсынады.

Мысал ретінде сұранысты сатуға дайындалған тауарлардың саны арқылы және олардың бағасы арқылы көрсетейік. Бұнда сұраныстың қисық сызығы мынадай  қатаң байланысты көрсетеді:баға кеміген сайын сұраныс өсе түседі. Нарықтық сұраныс осы тауарды осы бағамен сатып алатын барлық сатып алушылардың жиынтық сұранысы болады.

Баға өскенде сұраныс төмендейді, ұсыныс өседі. ДД — сұраныс қисығы: SS — ұсыныс қисығы. Сұраныс қисық  сызығымен ұсыныс кисық сызықтарын бір-бірімен беттестіру арқылы нарықтық тепе-теңдікті белгілеуге болады. Ол ДД мен SS қисық сызықтарының түйіскен Е нүктесінде болады. Е нүктесіндегі баға тепе-теңдік баға деп аталалы. Осы нүктеде сұраныс пен ұсыныс арасында нарықтық тепе-теңдік орнайды. Баға 25 болғанда A, В, көлемінде тапшылық пайда болады, баға 70 болғанда АВ көлемінде  артықшылық. туады. Осьшақ корытынды: еркін  бәсекеде нарықтық механизм, бағаның ауытқуы мен ұсынылған тауарлардың көлемінің өзгерулері арқылы сұраныс пен ұсыныс арасында сәйкестік орнатады, нарық тепе - теңдікке жетеді.

 

Сұраныс және ұсыныс графигі

Микродәрежеде тепе-теңдік жалпы және жеке тепе-теңдік болып бөлінеді.

Жалпы тепе-теңдік — Бұл жиынтық қоғамдық өндіріс (тауарлар мен қызметтердің жиынтық ұсынысы) және тұтынуға тағайындалған ұлттық табыс араларындағы сәйкестік, яғни, халықтың сатып алу қабілеттігі және тауарлар мен кызметтердін. ұсынысының бір-бірімен сәйкестігі.

Жеке тепе-теңдік — жиынтық қоғамдық өндіріс жеке өндірушілермен өндірлетін және халықтың белгілі топтарына сатылатын, жеке тауарлартоптарының жиынтығынан тұрады. Жеке тауарлар топтары бойынша жалпы сәйкестік болса да сұраныс жағынан да, ұсыныс жағынан да ауытқу (сәйкессіздік) болуы мүмкін. Жалпы (жиынтық) сәйкестік шеңберінде тауарлардың бір тобының сатылуының оскені, олардың басқа топтарының сатылуының азайғаны болады. Мысалы, еттің сатылуынын азайуын нанның сатылуының көбейуімен жабуға болады.

Жалпы тауарлық сұраныс бірнеше  бөлшектерге бөлінеді: а) қоғамның құрылымына байланысты (жұмысшылар және инженер  техникалық жұмыскерлер, жұмыспен қамтамасыз етілген еркектер мен әйелдердің, ересектер мен балалардың, жұмыс  істейтіндер мен зейнеткерлердің  арақатынастары, тағы басқа); қоғамдық өндіріске байланысты (тауарлардың  әр түрлі тобын өндіру); халықтың әр түрлі тобының ұнатуларына  байланысты техника дамуының дәрежесіне және әр түрлі тауарларды өндіру мүмкіндіктеріне  байланысты; өндірістік құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарына сұраныс  дәрежесіне байланысты.

 

 

 
Рыноктық сұраныс белгілі уақыт  аралығында анықталған бағамен қандай да бір өнім санын тұтынушының  қалауы және сатып алу мүмкіндігі.  
Сұраныс заңы – товар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері байланыс.  
Детерминант – сұранысқа әсер ететін бағадан басқа факторлар. Сұраныс детерминанттары сұраныс көлемін өзгертеді, график түрінде оңға жоғаы орын ауыстырса, сұраныс көлемінің өскенін; солға қарай төмен орын ауыстырса, кемігенін білдіреді. Негізгі сұраныс детерминанттары: мода және рекламаның әсерінен тұтынушының талғамының өзгеруі; тұтынушының саны; товардың бірін-бірі толықтыратын немесе алмастыратындығына байланысты. Егер товарлар бірін-бірі алмастыратын болса, біреуінің бағасының қымбаттауы екіншісіне деген сұранысты көбейтеді, ал егер товарлар бірін-бірі толықтыратын болса, біреуінің бағасының қымбаттауы екіншісіне деген сұранысты азайтады; тұтынушының кірісі жоғарлаған сайын сапалы, қымбат товарға сұраныс көбейеді; тұтынушының болашақтағы баға өзгерісі мен кіріс өзгерісінің күтуі.  
Рыноктық ұсыныс белгілі уақыт аралығында, белгілі өнім санын, анықталған бағамен өндірушінің рынокқа шығаруы.  
Ұсыныс заңы – товар бағасы мен ұсыныс көлемі арасындағы тура байланыс.  
Негізгі ұсыныс детерминанттары: ресурстардың бағасы; технология; салықтар мен дотациялар; басқа товарлардың бағасы.  
Рыноктық тепе-теңдік QD=QS, бұнда тұтынушының жоспары мен өндірушінің рыноктағы ұсыныс көлемі бір-біріне сәйкес келеді.  
Икемділік – тұтынушының рыноктағы товар бағасына сезімталдығын өлшейді. Ол үшін баға бойынша сұраныс икемділігі коэфиценті қолданылады. Бұл коэффицент баға 1%-ке өзгергенде сұраныс көлемі неше %-ке өзгеретіндігін өлшейді

Нарықтық Экономика[1], рыноктық экономика, базарлы экономика – еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика.

Рынокта бәсеке барысында сұраным мен ұсыным, баға құралады. Сұраным мен ұсынымның өзара әрекеті нарықтық экономиканың тиімділігін қамтамасыз ететін тетік болып табылады. Баға кәсіпорындар мен тұтынушыларға нарықта қалай әрекет ету керектігін – осы тауарды көп өндіру керек пе, жоқ па оның шығарылымын қысқарту немесе тоқтату керек пе, жоқ па дегенді хабарлайды. Бағаның құралу тетігімен қатар рыноктағы бәсекеге ерекше назар аударуға тура келеді, яғни бір-бірімен бәсекелесуші бірқатар фирмалар (кәсіпорындар) болса және олардың бірде-біреуі баға белгілеу үдерісін басқара алмаса – олар тұтынушылар алғысы келетін және төлей алатын тауарларды өндіруге мәжбүр болады. Алайда тауарлардың белгілі бір санаттары үшін баға тетігі жұмыс істемейді (мыс., қорғаныс), кейде тауар өндіруге жұмсалған барлық шығынды көрсетуге дәрменсіз болады, демек, баға мен шығын оның қоғамдық нәтижесін көрсетпейді. Нарықтың осы және басқа кемшіліктері нақты өмірде ұдайы кездесіп отырады, сондықтан “таза” нарықтық экономика, сұраным мен ұсынымның қандай үлгісінде құрылса да, болмайды. Нарық әрқашанда бірге әрекет етуші кәсіпорындар мен монополиялар, түрлі ұйымдар, саяси өкімет тарапынан араласу – реттеу арқылы толықтырылып, шектеліп отырады. Сонымен бірге нарықтық шаруашылық пен баға белгілеу тетіктерін толық алып тастап, оның орнына экономиканы толық басқару әкімш. және саяси шешімдермен шешілетін болса, онда “таза” жоспарлы экономика дейтін пайда болады.

Бұл жүйенің артықшылығы жұмыссыздықты  толық жоюдың, ал жалақыға жұмсалатын шығынды қоса жаппай бақылау арқылы табысты (пайданы) да қалағандай бөлуді іске асырудың мүмкін екендігінде. Екі  үлгінің де – жоспарлы үлгінің  де, нарықтық үлгінің де – елеулі кемшіліктері бар. Егер нарықтық экономиканы  реттеудің түрлі нысандарын енгізуіне  тура келетін болса, онда жоспарлы экономиканың нарықтық тетіктерді енгізу жолымен  жоспарлауды “жұмсартуына” тура келеді. Батыс экономистерінің пайымдауынша, қандай да экономика аралас экономика  болып табылады және онда жоспарлы шаруашылықтың да, нарықтық шаруашылықтың  да белгілері бар. Қазіргі заманғы  нарықтық экономикаға тән сипат: көп жүйелілік, дамыған инфрақұрылым, мемлекеттің белсенді реттеушілік  рөлі, ресурстар қарқынды түрде үнемделетін  экон. өсу шарттары ретіндегі жоғары деңгейде дамыған технологияның  пайдаланылуы. Қазақстанның өтпелі экономикасының дүниежүзілік нарықтық экономикаға  тең құқылы жағдайда кіруі өркениетті және әлеум. тұрғыдан бағдарланған нарықтық құрылымды қалыптастыру жөнінен  ұзақ та жүйелі жұмыс жүргізуді қажет  етеді.

[өңдеу]Нарық экономикасының бірінші элементі


Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі — өндіріушілер мем тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады — біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланылады. Өндірістік тұтыну өндіріс процесін әрі қарай жалғастырып жүргізу болып табылады. Бұнда тауарды басқа өндірушілер әрі қарай өндеуге пайдаланады. Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылардың бір-бірімен байланысы, әрқайсының әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады. Нарық шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделеді және көтерме (толайым) нарықтық келісімдер формасында жүреді.

Информация о работе Еркін немесе жетілген (таза) бәсеке