Ел тәуелсіздігіне елеулі құрмет

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2011 в 09:05, реферат

Описание работы

Салтанатты жиынға қалалық мәслихат хатшысы, «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалы Саяси кеңес бюросының мүшесі Әнес Ізтілеуов, «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асланбек Сарқұлов, аталмыш зауыттың бас директоры Азамат Жуасбаев және зауыттың 60-қа жуық қызметкерлері мен жұмысшылары қатысты.

Работа содержит 1 файл

Ел тауелсиздигине елеули курмет.doc

— 30.50 Кб (Скачать)

Ел  тәуелсіздігіне елеулі құрмет 

Кеше  «Омега» прибор жасау  зауытында ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Нұр Отан» ХДП бастауыш партия ұйымының салтанатты жиналысы болып, аталмыш  зауыттың 20 қызметкері партия қатарына қабылданды.   

Салтанатты  жиынға қалалық мәслихат хатшысы, «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалы Саяси кеңес бюросының мүшесі Әнес Ізтілеуов, «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асланбек Сарқұлов, аталмыш зауыттың бас директоры Азамат Жуасбаев және зауыттың 60-қа жуық қызметкерлері мен жұмысшылары қатысты.

Жиын  басталмас бұрын қалалық мәслихат хатшысы Әнес Қаресұлы зауыт ішін аралап, цехта еңбек етіп жатқан жұмысшылармен сөйлесіп, олардың  жай-күйімен танысты. 1979-1989 жылдары  «Омега» зауытында түрлі лауазымдық қызмет жасаған Әнес Ізтілеуов үдемелі индустриалды-инновациялық бағдарлама бойынша іске асырылып жатқан игі істерді көріп,  тамашалап шықты.

Салтанатты  шарада сөз алған Әнес Қаресұлы бүгінде  аталмыш зауыттың ел экономикасын дамытуда, ел ішіндегі саяси және әлеуметтік тұрақтылықты нығайту жолында аянбай қызмет жасап келе жатқан ірі кәсіпорындардың бірі екенін, қырық жылдан астам тарихы бар, келешегі мол зауытта білікті мамандар қызмет атқаратынын, бүгінде зауыт «Қазақстан Темір жолы» компаниясының ірі жобаларын жүзеге асырып, «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша ауқымды істер тындырып отырғанын айтып өтті. Зауыт басшысы Азамат     Жуасбаев зауыттың бүгінгі тыныс-тіршілігіне тоқталып, өңірімізде қорғаныс саласына қажетті өнімдер, сондай-ақ темір жол саласына, ауыл шаруашылығы техникасына арналған тораптар мен қосалқы бөлшектер шығарып, таза сумен қамтуда заман талабының қажеттілігін орындауда жыл санап күш алып келе жатқан «Омега» ашық акционерлік қоғамының 20 қызметкері партияға қабылданғалы отырғанын мәлімдеді.

«Нұр  Отан» ХДП қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асланбек Сарқұлов «Нұр Отан» ХДП бүгінде еліміздегі саяси жүйенің негізі, қоғамның ең қуатты қозғаушы күші дей келіп, өз дамуының 12 жылы ішінде бұл қоғамдық-саяси ұйым «нақты істер партиясы» атанып, қалыптасудың қиын да күрделі соқтарынан өткенін айтты.

– Қазіргі  күні партия өзінің барлық күшін қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартып, экономиканы  дамытып, ел ішіндегі саяси және әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға бағыттап келеді. Сондықтан да оның барлық қызметі халық тарапынан кең қолдауға ие болып, мыңдаған азаматтар «Нұр Отан» партиясының жарқын да жасампаз істеріне берік сенім қалыптастырды. Оның айқын дәлелі – «Нұр Отан» ХДП-на мүшелікке өтуге тілек білдіргендердің қатары күннен-күнге көбейіп отыр, – деді Асланбек Ахметоллаұлы. Елбасының сындарлы саясаты мен салиқалы міндеттерінің, стратегиялық бағдарламалардың орындалуына да партия қатарына ену арқылы өз үлестерін қосатынына сенім білдірген Асланбек Ахметоллаұлы зауытта еңбек ететін 20 қызметкерге партия куәлігін салтанатты түрде табыс етті.

Партия  қатарына қабылданғандардың ішінде зауыт басшысы Азамат Жуасбаев, зауыт  ардагері, ардагерлер кеңесінің төрайымы 75 жасқа толғалы отырған Светлана Левицкая, зауыт бастығының орынбасары Мұрат Құлғатовтар әріптестерін партияға мүше болуларымен шын жүректен құттықтап, шараға қатысып отырған меймандарды ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен құттықтады.

Жиын  соңында бастауыш партия ұйымының төрағасына «Омега» прибор жасау зауытының  бас директоры Азамат Жуасбаев сайланды.  
 

Толқын  ЗӘКӘРИЯҚЫЗЫ,

суретке түсірген Сәуле ЗАҒИДУЛИНА

Батыс Қазақстан облысы

Орал  қаласы 

Информация о работе Ел тәуелсіздігіне елеулі құрмет