Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 19:31, лекция
Қазақстан темір жолдары тарихтың барлық кезеңдерінде халықтың және экономиканың тасымалдау қызметтеріндегі қажеттіліктерін қамтамасыз еткен. Экономиканың құлдырауына және жүк тасымалы көлемінің азаюына қарамастан, тасымалдау қызметтерінің қажеттіліктеріне жауап бере отырып, еліміздің темір жол саласы тоқтаусыз жұмыс істеді. Тасымалдау қарқынының арту кезеңінде «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы жұмыс көлемінің ұлғаюын сәтті игерді.
Қазақстан темір жолдары тарихтың
барлық кезеңдерінде халықтың және экономиканың
тасымалдау қызметтеріндегі
Темір жолкөлігі жүйесінде еңбек өнімділігін ұйымдастырудың жоғары деңгейіне қол жеткізілді. Өндірістік-экономикалық көрсеткіштер - жұмысшылардың жоғарғы еңбек тиімділігі, салада еңбектің жақсы ұйымдастырылғаны туралы және тағы басқа көптеген жетістіктер жайлы куәландырады.
Теміржол көлігінде еңбек етушілер саны 150 мыңға жуық адамды құрайды, ал олардың жанұялары есепке алынса - ол республика халқының үш пайыздан астамы.
Әлеуметтік сұрақтарды шешу, кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету әлеуметтік серіктестік жүйесінің даму және қалыптасу сұрақтарымен байланысты.
Теміржолшылар серіктестік қатынастарды қалыптастыруда белгілі тәжірибе жинақтаған, олар: үш жақты комиссияның жұмыс істеуі, салалық келісімдерді және ұжымдық шарттарды жасасу.
Көлік қызметкерлерінің құқығын және талап-тілектерін қорғау деңгейін төмендетпеу бағыттарының бірі - әлеуметтік-экономикалық саясатты, еңбек қатынастары саласындағы саясатты, сонымен қатар, жұмыс берушілер мен кәсіподақтар арасындағы екі жақты қарым-қатынасты анықтау және жүзеге асыруда жұмыс берушілер мен кәсіподақтар арасындағы тең құқықты әлеуметтік ынтымақтастықты қамтамасыз ету болып табылады.
Салалық келісімдер
мен ұжымдық келісім-шарттар
Жарғыға сәйкес
теміржолшылар Кәсіподағының
Біздің қызметтеріміздің басқа да бағыттары мынадай: еңбек етушілер мен Кәсіподақтың негізгі құқықтарын және еркіндіктерін сақтау; кәсіподақтық ынтымақтастықты нығайту; шетелдік, ұлттық және халықаралық кәсіподақ ұйымдарымен, сонымен қатар, теміржолшылар кәсіподақтары Халықаралық Конфедерациясымен және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің көлік құрылысшыларымен тығыз ынтымақтастық орнату.