Еңбек негізі

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2012 в 12:31, доклад

Описание работы

Еңбек адам өміріне қажетті материалдық және рухани игіліктерді жасаудағы адамның белгілі бір мақсаттағы іс әрекетін білдіреді. Табиғат адамдардың осы игіліктерді қажетсінуін қамтамасыз ететін негізгі материалды берсе, ал оның өзі еңбек процесі арқылы, еңбек құралдарын пайдалану нәтижесінде материалдық игіліктерге айналады. Нақты еңбек іс әрекетінде адамның табиғатпен қарым- қатынасы, адам күшінің табиғат күшінен үстемдігі көрінеді.

Работа содержит 1 файл

ЕНБЕК.docx

— 28.13 Кб (Скачать)

 

      Еңбек адам өміріне қажетті  материалдық және рухани игіліктерді  жасаудағы адамның белгілі бір  мақсаттағы іс әрекетін білдіреді. Табиғат адамдардың осы игіліктерді қажетсінуін қамтамасыз ететін негізгі материалды берсе, ал оның өзі еңбек процесі арқылы,  еңбек құралдарын пайдалану нәтижесінде материалдық игіліктерге айналады. Нақты еңбек іс әрекетінде адамның табиғатпен қарым- қатынасы, адам күшінің табиғат күшінен үстемдігі көрінеді. Хайуанаттар табиғатқа тек қажеттілікпен ғана әрекет етіп, оған түйсік ықпалымен өзгерістер енгізеді. Ал еңбек процесінде тек сыртқы табиғат өзгеріп қоймайды, сонымен бірге білім, тәжірибе жинақталады, адамдардың біліктілігі артады, адамның өзі өзгереді. Еңбек мақсатқа сәйкестікпен, іс- әрекеттің ұғынылуымен сипатталады, ол қашанда белгілі бір нәтижеге жетуге бағытталып, бұл нәтиженің бейнесі адамның басындағы ойға алған мақсаты ретінде алдын- ала қалыптасады.

Еңбек ұғымы тауар өндіруде және қызмет көрсетудегі барлық дене және адамдардың ақыл ой қаблеттілігін  көрсетеді. 
Еңбекақы жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың құрамды бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді. Себебі, еңбекақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі.    

Еңбек дегеніміз шығармашылық процесс, яғни еңбек өзінің даму жолында адамдардың қабілетін дамытады. Сонда ғана еңбектің мәні, оның адамдық негізі ашылады.

Еңбекті түсіну үшін оның обьективті және субьективті жақтарын білуіміз керек. Обьективті жағынан,еңбек шынвнда да материалды және рухани игіліктерді тудыратын, тудырып отырған және тудыра беретін процесс. Бұл жағынан алғанда ол адамдардың өмір сүруі үшін жаратылған, олардың мәңгі серігі. Ал екінші субьективті жағынан, еңбек қоғамдық қатынастар арқылы қалыптасқан шын мәніндегі адамдардың « мәнді күштерінің» көрінуі. Яғни еңбек арқылы адамдардың қабілеттігі, дарыны, біліктілігі, бір сөзбен айтқанда- шығармашылығына жол ашылады. Және де нарықты экономиканың және нарық қатынастарының ең маңызды жағы адамдардың еңбек қызметтерін толассыз жандандыруында. Нарықты экономика кезеңінде адамның кез келген еңбек қызметі, атап айтқанда, ой- қуаты, энергиясы, уақыт шығындары нысанына, жұмыстың тәсіліне қарамай еңбек болып есептеледі. Еңбек қатынастарында еңбек уәжін де атап айту қажет.    

Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Заңында «еңбек қатынастары- тараптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметің жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар»- делінген.    

Адамның алдына қойған мақсаты, оны ынталандыратын уәждер зор рөл  атқарады, олардың бастысы еңбекті,жұмыс  күшін ақшалай бағалау, еңбек  қатынастарын реттеу.    

Нарық жалдау қатынастарын да қарастырады, одан барып жұмысқа  орналасу мәселелері туады. Жалдайтын жақ жалданатын жұмыскерлерге қойылатын талаптарды өзіне қажеттілігіне, оның жай күйіне, біліктілік- мамандық деңгейіне, жынысы, жасы, сипаттамасына моральды-психологиялық мінездемесіне қарай қабылдайды. Жалданатын жақ төленетін  еңбекақы деңгейіне, еңбек жағдайларына жұмыс орнының  мамандығына сай келуіне, еңбектің бағалығына, жұмыстың сапалық- психологиялық ахуалына, басқарушының мәдениеттілігіне қарай зерделейді.Егер сұраныс пен ұсыныс дәлме- дәл келсе жал туралы келісім шешіледі.    

Еңбек қызметі процесінде еңбек қатынастары өзара келсім –шарт арқылы реттеледі. Өзара шарт –бұл жалдаүшы мен жалданушы арасындағы қысқа мерзімге тұжырымдалатын келісім. Егер өзара шартта көрсетілген талаптар орындалмайтын болса, келіспейтін жақ тоқтатуына болады.  
            Еңбек адамдардың өмір сүруінің маңызды шарты, олардың материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру. Аса айтулы жаңалықтар ашулардан бастап күнделікті өмірдегі ең қарапайым заттарға дейін адам жасаған игіліктердің бәрі оның мақсат-мүдделі, саналы еңбек қызметінің нәтижесі болып табылады. Кең мағынада алғанда адамдардың еңбек қызметі қоғам өмірінің табиғи қажеттілігі, оның материалдық негізін қалыптастыру ретінде көрінеді.                                                           

 Еңбектің қоғамдық ұйымдастыру  ұғымын терең түсіну үшін кейбір  бастапқы ережелерді қарастыру  қажет. Бұл, ең алдымен, материалдық  және рухани игіліктерді жасауға  бағытталған адамның мақсатты  қызметі ретінде еңбектің сипаттамасы.  Бұл жағдайда әңгіме еңбек  процесінің өзі туралы, адам мен  табиғат арасындағы қатынастар  туралы болып отыр. Адамның мақсатты  қызметі, еңбекетің мәні (бұл қызметтің  неге бағытталғаны) және өндірістердің  заттай элементтері, яғни еңбек  құрал-жабдықтары ретінде еңбекті  біріктіру еңбектің ұйымдық-техникалық  сипаты туралы түсінік береді. Екінші жағынан, кез келген қоғамдық өндіріс адамдардың бірлескен, ұжымдық қызметін көздейді. Бұл ретте әңгіме өндіріс процесіндегі адамдар арсындағы қатынастар туралы болып отыр. Адамдардың бірлескен еңбек процесіндегі олардың еңбегін пайдалану жөніндегі адамдар арасында қалыптасқан барлық қатынастардың жиынтығы еңбекті қоғамдық ұйымдастыру (қоғамның немесе жеке кәсіпорын ауқымында) ұғымы туралы түсінік береді. Бұл орайда өндірістің техникалық жарақтануына адамдардың бірлескен қызметінің тиімділігі байланысты болады.          

 Еңбекті қоғамдық ұйымдастыру  элементтері қатарына мыналар  жатады: қоғамның еңбек ресурстарының  болуы мен олардың жай-күйі, еңбекті  бөлу мен кооперациялау, еңбек  тәртібін қамтамасыз ету және  бірлескен еңбек процесін басқару,  еңбек шараларын және өндірістің басқа да жағдайларын белгілеу, өндірілген өнімді бөлу тәртібі мен осы процеске өндірушілердің өздерінің қатысу деңгейі, жұмыс күшін ұдайы ұлғайту (кәсіби даярлық).          

 Қазақстан Республикасындағы  экономикалық  реформа мен нарықтық қатынастардың орнығуы жағдайларында еңбекті қоғамдық ұйымдастыру мәселелері ерекше әлеуметтік маңызға көтерілуде. Бұл өндіріс құрал-жабдықтарына меншік қатынастарының түбегейлі өзгеруімен, әрі соған сәйкес қоғамның жаңа әлеуметтік құрылымын қалыптастырумен, еңбекті басқарудың тиімді тетігін жасау қажеттілігімен, қоғамдық-еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің жаңа нысандары мен әдістерін іздестірумен байланысты болып отыр. Бұл жағдайларда жұмыс беруші мүдделері мен қызметкер мүдделері арасындағы теңдестікті қамтамасыз ету проблемасы қолданылып жүрген заңнамада қағидатты шешімін алуы тиіс.         

Ел Президентінің «Қазақстан-2030»  Қазақстан халқына Жолдауында  адам ресурстарының жай-күйіне  жоғары баға беріледі, ал олардың  сапасы біздің басты активтеріміздің  қатарында қарастырылады. Республикада ғылыми және творчестволық әлеуметтің жоғары деңгейіне ие болып отырғпн жоғары білімді халық бар, мұның өзі, сөз жоқ, біздің халқымыздың және бұрынғы жүйенің аса ірі жеңісі болып табылады. Сонымен, бірмезгілде қолда бар еңбек ресурстары қоғамның бағалы капиталы ретінде неғұрлым жаңарған және өркениетті нысандарда дамуы тиіс.         

Еңбекті қоғамдық ұйымдастыруға, еңбек ресурстарын қайта бөлуге  мемлекеттің экономикалық саясаты тікелей әсер етеді. Табиғи  ресурстарды байытып әзірлеу,  инфрақұрылым, коммуникация және ақпарат секілді экономика секторларының республика үшін елеулі маңызы бар. Оларды дамыту экономикалық жағынан өсумен ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік саланың дамуымен де, Қазақстанның халықаралыққауымдастыққа интеграциямен де байланысты. Индустриальдық стратегия республиканың тіректі саласы – мұнай-газ өндіру секторын,   сондай-ақ барлық өндіруші өнеркәсіпті недәуір дамытуды көздейді. Жеңіл және тамақ өнеркәсібін, мұнай және газ өңдеуді, химия мен мұнай-химия, машина жасаудың көмекші салаларын, түбегейлі ғылымды көп қажет ететін өндірістерді, қызметтер көрсету, туризм салаларын жедел қарқынмен дамыту көзделіп отыр. Артықшылықтар ретінде ауыл шаруашылығы, ағаш және ағаш өңдеу өнеркәсібі, тұрғын үй құрылысы әрі инфрақұрылымды жасау одан әрі дамитын болады. Осының бәрі экономиканыңқұрылымдық мәселелерін ғана емес, сонымен бірге халықтың салалық жұмыспен қамтылуы мәселелерін де шешеді.         

 Қазақстан Республикасының экономикалық өсу стратегиясы бірқатар негізгі қағидаттарға құрылған, олардың арасынан – жеке меншік институтын нығайтуды, соның ішінде жерге меншікті, сондай-ақ меншік құқығын қорғайтынзаң жүйесін жасауды бөліп көрсеткен жөн. Республикада кәсіпорындарды жекешелендіру, негізінен, аяқталады. Сонымен қатар, өндірістің бір қатар салаларында, ауыл шаруашылығында және әлеуметтік секторда нарықтық қатынастардың деңгейі әлі де болса төмен күйінде қалып отыр. Осы жағдайяттардың бәрі еңбек ресурстарын тиімді пайдалануда теріс ықпал етуде.              

Сөз жоқ, материалдық игіліктерді тікелей өндірушілер ретінде жалдамалы қызметкерлер мүдделерін қорғау, олар үшін еңбектің салауатты әрі қауіпсіз жағдайларын туғызу мызғымайтын бағыт болып қала береді. Мұның өзі меншік иесі (жұмыс беруші) мен қызметкердің өндірістегі теңсіздігімен байланысты болып отыр, сондықтан да мемлекет оларға еңбектің қалыпты жағдайларын жасау бөлігінде жалдамалы қызметкерлердің мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге тиіс. Әсіресе жұмыстан босатылған қызметкерлерді және жұмыспен қамтылмаған халықты кәсіби оқытып – үйрету еңбекті қоғамдық ұйымдастырудың маңызды элементерінің бірі болып табылады. Нарықтық экономиканы дамыту жағдайларында еңбекті қолданудың жаңа салаларын  азаматтарды даярлау толық әрі тиімді қамтамасыз етуге ықпал ететін маңызды фактор болып табылады, және халықты қорғаудың негізгі шараларының бірі ретінде қарастырылады. Мысалы, 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Халықты еңбекпен қамту туралы” Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, белгіленген тәртіп бойынша жұмыссыз деп танылған адамдарды кәсіби дайындау, қайта дайындау, олардың біліктілігін көтеру, жұмыспен қамту жөніндегі мемлекеттік өкілетті органның жолдамасы бойынша, еңбек рыногының мұқтаждығы ескеріліп, күшіндегі заңнамаға сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен, білім беру жүйесінің оқу орындарында немесе білім беру қызметіне құқығы бар кәсіпорындарда жүзеге асырылады.        

Нарықтық экономиканың Қазақстан Республикасында қалыптасуының  қазіргі кезеңінде еңбекті қоғамдық ұйымдастыруды реттеу мәселесінде еңбек құқығының рөлі артуда. Құқықтық реттеу өндірісті ұйымдастыруға, еңбек өнімдерін таратып бөлуге және айырбастауға, бірлескен еңбек процесіндежұмыскерлердің келісімді жұмысын қамтамасыз етуге, жекеленген адамдардың іс-әрекетін өндірістің жалпы тәртібіне бағындыруға байланыста көптеген мәселелерді қамтиды. Еңбек құқығы өндіріс процесіндегі адамдар арасында қалыптасатын қатынасты сол қатынасқа қатысушылардың құқықтары мен заңдық міндеттерін белгілеу арқылы реттейді, оған тиянақты форма, тұрақты сипат береді. Еңбек қатынастарының құқықтық формасы, қажет болған жағдайларда,тиісті мәжбүрлеу әрекеттерімен қамтамасыз етіледі.          

Еңбекті қоғамдық ұйымдастырудың(құрылымдық тұрғыда) еңбек құқығы  жүйесін құруда объективтік фактор  болып табылатындығын атап өткен жөн. Атап айтқанда, еңбекті қоғамдық  ұйымдастырудың элементері мен  еңбек құқығының негізгі институттары арасында заңды байланыс бар. Қоғамның еңбек ресурсының болуы, оның жағдайы және пайдаланылуы еңбекпен қамтылу және жұмысқа орналасу институтын құрайтын құқықтық нормалардың жиынтығымен қамтамасыз етіледі. Бұл институттын қызметтік рөлі құқықтық кепілдіктерді анықтауға, еркін еңбекке, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға, жұмыссыздықтан сақтануға конституциялық құқығын әр адамның іске асыруы үшін қажетті экономикалық және ұйымдық негіздерді бекітуге келіп тіреледі. Мәжбүрлеп жұмыс істеугетек сот үкімімен не төтенше немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі. (Қазақстан Республикасы Конституциясының 24 бабының 1тармағы; Еңбек туралы Заңның 6 бабы).         

 Еңбектің бөлінуіне және топтастырылуына  еңбек құқығы нормаларыныңжіктелуі  ықпал жасайды. Еңбектің объективтік  және субъективтік факторлары  жіктелудің негіздемесі болып  табылады. Мысалы, экономиканың қандай  да бір саласының ерекшелігі, денсаулық үшін қауіпті жұмыс,  өнеркәсіпте туындайтын қиындық,  қолайсыз табиғи жағдай, кәсіпорынның  шалғай орналасуы, т.б. объективтік  факторларға жатады. Мұндай жағдайларда еңбек ақы төлеуде және еңбекті қорғауда әртүрлі жеңілдіктер мен кепілдіктер, әлеуметтік сақтандыру, жұмыс уақыты мен демалыс уақытын тиісінше белгілеу заңнамада көзделеді. Жұмыскердің жынысы, жасы, жұмыс істеу қабілетіндегі кемдік (әйел, жас өспірім, мүгедек, т.б.) жағдаяттың субъективтік жағына жатады. Бұл жағдайда да осы адамдардың еңбегін ұйымдастырудың өзінше тәртібі, оларға жеңілдіктер мен кепілдіктер беру заңнамада көзделеді.

Еңбек нарығында бірнеше ерекшеліктер болады. Осында құратын элементтерге жұмысшы күшін иемденетін адамдар  жатады. Бұларға психофизиялогиялық, әлуметтік, мәдени, діни, саяси және т.б. адамдық қасиеттер тән болады. Осы ерекшеліктер адамдардың мүдделеріне, мотивацияларына, еңбекке белсенділік дәрежесіне елеулі әсер етеді және еңбек нарығына, оның болмысына ықпал етеді. Өндірістік ресурстардың барлық түрлерінен еңбектің басты айырмашылығы еңбек адамның тіршілік әрекеттерінің формасы, оның өмірлік мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асыру формасы. Еңбектің бағасы-ресурс бағасының жабайы бір түрі ғана емес, ол тірішілік дәрежесінің, әлуметтік мәртебенің, жұмыскердің, және оның отбасының аман-есендігінің бағасы, құны болып табылады.         

 Еңбек тәртібін қамтамасыз ету  және бірлескен еңбек процесін  басқару – еңбек тәртібі институтының  басты міндеті. Құқықтық санат  ретінде еңбек тәртібі өзара міндеттемелерге негізделген: жұмыскердің міндеттемесі – ішкі еңбек тәртібінің ережелеріне бағына отырып өзінежүктелген еңбектік міндеттерді ойдағыдай орындау және жұмыс берушінің міндеттемесі – материалдық және моральдық мадақтау шараларын (қажет болған жағдайда тәртіптік ықпал ету шараларын) пайдалана отырып кәсіпорынның қажетті жұмыс режимін сақтау, жұмыскерлердің бірлескен еңбек процесін еңбек заңнамасының, ұжымдық және жеке еңбек шартарының шеңберінде басқаруды қамтамасыз ету.         

 Еңбек өлшемін және өндірістің  басқада жақтарын белгілеу жұмыс  уақыты мен демалыс уақыты, еңбекті  қорғау , т.б. институттарды құқықтық реттеудің мәнін құрайды. Бұл өндірістің ерекшелігі мен сипатын ескере отырып еңбектің ұзақтығын (қалыпты, қысқартылған, толық емес жұмыс уақыты және оның режимі), демалыс уақыттарының түрлерін (жұмыс кезіндегі үзілістер, демалыстар) жұмыс процесі кезінде адамның қауіпсіздігіне, денсаулығының, жұмыс қабілетінің сақталуына кепілдік беретін әлеуметтік – экономикалық, ұйымдық – техникалық және емделу – сауықтыру шаралары мен құралдарын белгілеу жолымен қамтамасыз етіледі.       

Информация о работе Еңбек негізі