Еңбек нарығын дамыту проблемалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 19:41, курсовая работа

Описание работы

Еңбек нарығында бірнеше ерекшеліктер болады. Осында құратын элементтерге жұмысшы күшін иемденетін адамдар жатады. Бұларға психофизиялогиялық, әлуметтік, мәдени, діни, саяси және т.б. адамдық қасиеттер тән болады. Осы ерекшеліктер адамдардың мүдделеріне, мотивацияларына, еңбекке белсенділік дәрежесіне елеулі әсер етеді және еңбек нарығына, оның болмысына ықпал етеді. Өндірістік ресурстардың барлық түрлерінен еңбектің басты айырмашылығы еңбек адамның тіршілік әрекеттерінің формасы, оның өмірлік мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асыру формасы.

Содержание

Кіріспе
3

1 Еңбек нарығы және оның теориялық мәні

1.1 Еңбек нарығы туралы түсінік және оның мәні
5
1.2 Еңбек нарығындағы жұмыссыздық түсінігі
8

2 ҚР халықты жұмыспен қамтамасыз ету жағдайын талдау

2.1 Мемлекеттің жұмыспен қамту саясатын талдау
12
2.2 ҚР жұмыспен қамтылған адамдар мен жұмыссыз адамдар санының динамикасы
19

3 ҚР-дағы еңбек нарығындағы проблемалар мен оны шешу жолдары

3.1 Еңбек нарығындағы мәселелер мен еңбек нарығын дамыту
25
3.2 Жұмыспен қамту мәселесін шешу жолдары және шетел тәжірибесі
27

Қорытынды
33

Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Еңбек нарығы макро.doc

— 301.00 Кб (Скачать)

6) Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн жұмыс берушiлерге Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген квота шегiнде шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беруге;

7) мүдделi органдармен  бiрлесе отырып, кадрлар әзiрлеу  мен оларды жұмысқа орналастыруға қажеттiлiктi анықтауға;

8) еңбек рыногының  бiрыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға  мiндеттi.

Жергiлiктi атқарушы органдар халықты жұмыспен қамту саясатын iске асыруды:

1) мемлекеттiк жұмыспен  қамту саясатына сәйкес аймақтық  бағдарламалар әзiрлеу;

2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық  бiрлiктер аумағында тұратын нысаналы  топтарды және оларды қорғау  жөнiндегi әлеуметтiк шараларды жыл  сайын анықтап отыру;

3) жеке кәсiпкерлiктi, шағын  және орта бизнестi дамыту арқылы  қосымша жұмыс орындарын ашуды  қолдау;

4) жұмыссыз азаматтарды әлеуметтiк қорғау;

5) қоғамдық жұмыстарды  ұйымдастыру;

6) халықты жұмыспен  қамтуға жәрдемдесетiн басқа да iс-шараларды жүзеге асыру арқылы  қамтамасыз етедi.

Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган

1. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган:

1) өтiнiш жасаған азаматтар  мен жұмыссыздарға - жұмыс табу  мүмкiндiгi туралы, ал жұмыс берушiлерге  жұмыс күшiмен қамтамасыз ету  мүмкiндiгi туралы хабарлап отыруға;

2) азаматтар мен жұмыссыздарға  жұмыс таңдауда жәрдемдесуге, жұмысқа орналасу және оқу үшiн жолдама беруге;

3) еңбек рыногы бойынша  деректер банкiн түзуге;

4) азаматтар өтiнiш  жасаған күннен бастап 10 күннен  кешiктiрмей тiркеуге, оларды есепке  қоюға;

5) кәсiби бағдарлау  iсiнде азаматтар мен жұмыссыздарға  тегін қызметтер көрсетуге;

6) жұмыссыздарды олардың  келiсiмiмен қоғамдық жұмыстарға  жiберуге;

7) еңбек рыногының  қажеттiлiктерiне сәйкес жұмыссыздарды  кәсiптік оқуға жiберуге;

8) жұмыссызға оның  жұмыссыз ретiнде тiркелгенi туралы  анықтама беруге;

9) халықтың экономикалық тұрғыдан белсендi бөлiгiне (жұмыс күшiне) сұраныс пен ұсынысты талдауға, болжауға және халыққа, жергілікті және орталық атқарушы органдарға еңбек рыногының жай-күйi туралы хабарлауға;

10) халықты жұмыспен  қамтудың аймақтық бағдарламаларын  және нысаналы топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдi қамтамасыз ететін арнайы iс-шараларды iске асыруға мiндеттi.

Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның:

1) жұмыс берушiге жұмыс  күшi қажет болған жағдайда, оларға  азаматтар мен жұмыссыздарды  жiберуге;

2) жергiлiктi атқарушы органдарға олардың аумағында орналасқан ұйымдарда қоғамдық жұмыстарды дайындау мен жүргiзу жөнiнде ұсыныс енгiзуге;

3) бiлiм беру мәселелерiн  қарайтын мемлекеттiк органдардан,  білiм беру ұйымдарынан, әртүрлi ұйымдардың мамандар даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге асыратын оқу курстарынан бiтiрушiлердi жұмысқа орналастыру туралы мәлiметтер, оқыту жүргiзiлетiн кәсiптер (мамандықтар) туралы, нақты кәсiптер (мамандықтар) бойынша даярланған және даярлануы жоспарланып отырған мамандар саны туралы ақпарат сұратуға құқығы бар.

Халықты жұмыспен қамту  бағдарламаларын қаржыландыру республикалық  және жергiлiктi бюджет қаражаттары  және Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады [26].

Азаматтардың жұмыспен қамту саласындағы құқықтары

1) жұмыс берушiге, уәкілеттi органға не жеке жұмыспен қамту  агенттiгiне тiкелей өтiнiш жасау  арқылы жұмыс орнын еркiн таңдауға;

2) өз бетiнше жұмыс  iздестiруге және шетелде жұмысқа орналасуға;

3) уәкiлеттi органдардан және халықты жұмысқа орналастыруға жәрдемдесетiн жеке жұмыспен қамту агенттiгiнен консультация және ақпарат алуға;

4) қоғамдық жұмыстарға қатысуға;

5) мемлекеттiк органдардың,  жеке агенттiктердiң және олардың  лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) орталық атқарушы органға немесе сотқа шағымдануға құқығы бар.

2. Азаматтар жұмысынан  айырылу (жұмыссыздық) жағдайына  ерiктi сақтандыру шартын жасасуға  құқылы.

Жұмыссыздықтан мемлекеттiк  әлеуметтiк қорғау

Мемлекет жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғаудың мынадай түрлерiн көрсетедi:

1) жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;

2) жұмыссыздар үшiн  кәсiби даярлау, бiлiктiлiктi арттыру,  қайта даярлау және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;

3) қоғамдық жұмыстарда iстейтiн жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу;

4) табысы аз азаматтарға  жататын жұмыссыздарға заң актілеріне  сәйкес мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк  көмек көрсету. 

Жұмыссыз азаматтарды  тiркеу және есепке алу

1. Жұмыс тапқысы келетiн  жұмыссыз азаматтар уәкiлеттi органға  және жеке жұмыспен қамту агенттiгiне жұмысқа орналасуына жәрдемдесу туралы өтiнiш жасай алады.

2. Жұмыс iздестiруге  өтiнiш жасаған жұмыссыз азаматтарды  тiркеу үшiн мынадай құжаттар  қажет: жеке куәлiгi (паспорты), әлеуметтiк  жеке кодының берiлгенi туралы  куәлiк (ӘЖК), еңбек қызметiн куәландыратын құжаттар, салық төлеушiнi тiркеу нөмiрi (СТТН).

3. Шетелдiктер мен азаматтығы  жоқ адамдар, бұларға қоса шетелдiктiң  ықтиярхатын және азаматтығы  жоқ адам тұрғылықты жерi бойынша  тiркелгендiгi туралы белгi соғылған куәлiгiн табыс етедi.

Жұмыссызды есептен  шығару

Уәкiлеттi орган жұмыссызды мынадай жағдайларда:

1) лайықты жұмыстың  ұсынылған екi түрiнен жазбаша түрде бас тартқанда;

2) уәкiлеттi орган жолдама  берген күннен бастап бес жұмыс  күнi iшiнде дәлелсiз себептермен  ұсынылған жұмысқа орналасу немесе оқу орнына келмегенде;

3) шақыру бойынша жұмысқа,  оқуға жолдама алу үшiн екi жұмыс  күнi ішінде дәлелсiз себептермен уәкiлеттi органға келмегенде;

4) жұмыссыз уәкілетті  органның жолдамасы бойынша қоғамдық  жұмысқа қатысуды немесе оқуды  дәлелсiз себептермен өз бетiнше тоқтатқанда;

5) жұмыссыздар көзделген  уәкiлеттi органға келiп тұру мерзiмдерiн дәлелсiз себептермен бұзғанда;

6) жұмыссыз басқа жерге көшкенде;

7) жұмысқа орналасқан  немесе жұмыссыз адам жұмыспен қамтылған деп танылғанда;

8) жұмыссыз бас бостандығынан айыру түрiндегi жазамен сотталғанда не сот шешiмi бойынша мәжбүрлеп емдеуге жiберiлгенде;

9) Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес зейнетақы тағайындалғанда, есептен шығарады.

Тiркелген жұмыссыздардың мiндеттерi

1) осы Заңды сақтауға;

2) уәкiлеттi органдарға  келiп тұрудың тәртiбiн, шарттарын және мерзiмдерiн сақтауға;

3) уәкiлеттi орган берген  жұмысқа жолдаманы алған күннен  бастап бес жұмыс күнi iшiнде  жұмысқа орналасу мәселесi бойынша жұмыс берушiге өтiнiш жасауға;

4) уәкiлеттi органға:

тұрғылықты жерiн ауыстыруды;

тұрақты, уақытша, маусымдық  жұмысқа, азаматтық-құқықтық сипаттағы  шарттар бойынша жұмысқа орналасуды;

кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдануды;

ұйымдық құқықтық нысаны мен меншiк нысанына қарамастан, ұйымға құрылтайшы (ортақ құрылтайшы) болуды;

мүгедектiк тобын белгiлеудi немесе оның өзгеруiн;

зейнетақы тағайындауды және өзге де табыстарды қоса алғанда, жұмыссызбен  алдағы уақытта жұмыс iстеу тәртiбiне ықпал ететiн өзгерiстер туралы мәлiметтердi дер кезiнде (бес жұмыс күнi iшiнде) табыс етуге мiндеттi.

2. Жоғарыда аталған мәлiметтердi  жасырған немесе көрiнеу жалған  мәлiметтер немесе жасанды құжаттар  табыс еткен жағдайда, жұмыссыздар  тiркеуден шығарылады және Қазақстан  Республикасының заң актiлеріне  сәйкес жауапқа тартылуы мүмкiн.

Лайықты жұмыс

1. Тiркелген жұмыссыз азаматтар  үшiн кәсiби даярлығына, еңбек  стажына және бұрынғы мамандығы  бойынша жұмыс тәжiрибесiне, соңғы  жұмыс орнының жағдайларына (ақы  төленетiн қоғамдық жұмыстарды  қоспағанда), денсаулық жағдайына,  жаңа жұмыс орнына көлiктiң қолайлылығына сәйкес келетiн жұмыс лайықты жұмыс деп есептеледi. Көлiктiң қолайлылығын тиiстi атқарушы орган айқындайды.

2. Бiрiншi рет жұмыс iздеп жүрген, бiрақ кәсiбi (мамандығы) жоқ, сондай-ақ, екi жылдан астам уақыт бойы  жұмысы болмаған адамдар үшiн - алдын-ала кәсiптiк даярлықты талап ететiн жұмысты, ал ондай жұмыс беру мүмкiн болмаған жағдайда, азаматтардың жас және өзге де ерекшелiктерi мен еңбек туралы заңдардың талаптары ескерiлетiн басқа ақы төленетiн жұмысты (уақытша сипаттағы жұмысты қоса алғанда) лайықты жұмыс деп есептеуге болады.

Жұмыссыздарды кәсiби даярлау, олардың  бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау

1. Жұмыссыздарда қажеттi кәсiби  бiлiктiлiктiң болмауынан лайықты  жұмыс таңдау мүмкiн болмаған  жағдайда, уәкiлеттi орган оларды кәсіби даярлықтан өтуге, бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға жiбередi.

2. Жұмыссыздарды кәсiби даярлау,  олардың бiлiктiлiгiн арттыру және  қайта даярлау Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының  Yкiметi белгiлеген тәртiппен еңбек рыногының қажеттiлiгi ескерiле отырып, республикалық және жергiлiктi бюджеттердің қаражаты есебiнен уәкiлеттi органның жолдамасы бойынша білiм беру ұйымдарында не бiлiм беру қызметiне құқығы бар кәсiпорындарда жүргiзiледi.

Кәсiби даярлықтан, бiлiктiлiгiн арттыру мен қайта даярлаудан өтіп жатқан табысы аз азаматтар қатарындағы жұмыссыздардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк атаулы көмек алуға құқығы бар.

3. Нысаналы топтарға кiретiн жұмыссыздар  кәсiби даярлықтан, бiлiктiлiгiн арттыру мен қайта даярлаудан басым тәртiппен өту құқығына ие болады.

4. Оқуды өз бетiнше  дәлелсiз себептермен тоқтатқан  жұмыссыздар уәкiлеттi органда қайтадан  тiркелген күннен бастап бiр  жыл өткеннен кейiн ғана оқуға  қайтадан жiберiлуi мүмкiн.

 

 

2.2 ҚР жұмыспен  қамтылған адамдар мен жұмыссыз  адамдар санының динамикасы

 

Еңбек нарығы нарықтық экономиканың бөлінбес бөлігі болып табылады. Ол жұмыс істейтін басқару күшімен  кадр бөлімі, оқу және зерттеу орталықтары, сонымен қатар әлеуметтік қызмет корпорациялары, мемлекеттік мекемелер, коммерциялық емес ұйымдар және т.с.с.

Нарықтық экономикаға  өту өзіне қажет еңбек нарығы мен жұмыс күшін еріксіз тартады.

Еңбек нарығы-бұл тауар  болып табылатын еңбек ресурстарының  нарығы, олардың тепе-теңдік бағасы мен саны, сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне әсер етуімен анықталады. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарық агенттері, олар еңбек нарығында өзара қатынаста болады. Сондықтан еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс тетіктері арқылы экономикалық агенттердің арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі  көлемі және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта болып табылады.

Еңбек нарығы деп қызмет атқарып жүрген жұмыс күші нарығын  айтамыз. Қазақстанда еңбек нарығы әлі де болса өркениетті елдердегідей қалыптаса қоймаған.

Бұл елдердің өзінде еңбек  нарығы тетіктерінің бір – бірімен  үйлесуінде айтарлықтай айырмашылықтар бар, яғни, еңбек нарығының көп  түрлері мен модельдері  болады.

Еңбек нарығының қызмет ету ауқымына байланысты оның екі түрін ажыратуға болады:

- сыртқы еңбек нарығы (салааралық, макроэкономикалық ұғымдар);

- ішкі еңбек нарығы (сала ішіндегі, микроэкономикалық  ұғымдар).

Сыртқы еңбек нарығы дегеніміз жұмыс күшінің облыстық, салааралық деңгейде жылжуға бейімделген процесстерін, яғни, жұмыс орындарын еңбеккерлермен фирма

арасында ауыстыру жолымен  толтырады. Ішкі еңбек нарығы еңбеккерлердің фирма

ішінде жылжуына бейімделген.

Еңбек нарығы басты үш қызмет атқарады :

1) әлеуметтік қызметте  адамдардың табыстары мен жақсы тұрмыс жағдайының әдеттегідей дәрежесі мен жұмыскерлердің өндірістік қабілетін тиісті дәрежеде ұдайы өндіруді қамтамасыз ету;

2) экономикалық қызметте  еңбекке тиімді түрде тарту,  оны бөлу, реттеу және пайдалану; 

3) ынталандыру қызметі  бәсекеге  қабілеттің күшеюіне, тиімділігі жоғары еңбекке ынтаның өсуіне, біліктіліктің жоғарылауына, мамандықты ауыстыруға мүмкіндік тудырады.

Маркстік ілімге қарсы  батыс теорияларында еңбек тауар  деп саналады. Нарықтык экономикада "еңбек нарығы" термині қолданылып, жұмыс күшіне еңбекке кабілетті халыктың белгілі бір тобын жатқызып жүр.  

Қазақстандық  экономикалық  әдебиеттерде  зерттеушілердің  біреуі “еңбек нарығы” терминің қолданса, ал екінші біреулері “жұмыс күшінің  нарығы” терминің қолдануда. Соған  байланысты осы екі терминнің біреуін, яғни “еңбек нарығы” терминің қолданған дұрыс деп ойлаймын.

Еңбек нарығы шетелдік әдебиеттерде жеткілікті түрде зерттеліп, айқындалған. Ал, ресейлік Саткина М.А., Гибриков Г.Г. және қазақстандық Н.К. Мамыров  және т.б. бір топ ғалымдар еңбек нарығы анықтамасын ғылыми тұрғыдан беруде әр түрлі көзқарасты ұстанады [8].

Информация о работе Еңбек нарығын дамыту проблемалары