Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 11:20, доклад
Жұмыссыздықтың түрлері олардың пайда болу себептеріне қарай өзгешеленеді:
Уақытша жұмыссыздық жұмыспен қамтылғандардың өз ынталары бойынша жұмысты ауыстырумен байланысты, осындай жұмыстағылар өздеріне ыңғайлырақ жұмысты өз еріктерімен іздейді. Мұндай жұмыссыздық әрқашан және барлық жерде болады.
Оплаченная
Реклама:
- 70$ в день. Доступно всем.
- Как заработать в интернете
новичку!
- Гарантированый заработок,
от 120$ до 240$ в день!
- 80$ за один день
- Заработок на онлайн покере
без собственных вложений!
- Как заработать на своем
сайте
Жаңалық жайлы ақпарат
17-03-2012, 20:39
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған
іс – шара
Ең бірінші бақытым – тілім менің
(Танымдық сағат)
Жүргізуші:Құрметті оқушылар мен ұстаздар!
Бүгінгі «Ең бірінші бақытым – тілім менің»
тақырыбында өткізілетін танымдық сағатымызға
қош келдіңіздер!
Танымдық сағатымыздың мақсаты: Оқушыларды
ана тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу,
тіл – біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан
қалған асыл мұра екенін түсіндіру.
Ана тілге деген сүйіспеншілік бала кезден
басталады. Ана тіліміз арқылы ғана біз
халқымызды, Отанымызды танып білеміз.
Ел – жұртымыздың, туған жеріміздің ерекшелігін,
қасиетін ана тіліміз арқылы қабылдап,
соған деген махаббатымызды ана тіліміз
арқылы жеткіземіз. Біздің ана тіліміз
– қазақ тілі. Қазақ тілі – дүние жүзіндегі
ең бай, беделді де, бейнелі тілдердің
бірі.
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас – деп ұлы Абай
атамыз таңырқап, тағзым еткен. Олай болса,
сендердің осы ана тіліміздің мәртебесін
биікке ұшыратын сұңқары, бәйгенің алдын
бермес тұлпары болуларыңа тілектеспін!
Кезекті оқушыларға берейін:
Ән «Анамның тілі – аяулы үні». Сөзі Шона
Смаханұлынікі, әні Әмірбек Тінәлиевтікі.
Орындайтын 6 – класс оқушылары Нұржан,
Нұрболат .
Рахмет!
Жүргізуші:
Тіл тарихы – ел тарихы, тіл тағдыры –
ел тағдыры. Себебі, еліміз бен тіліміз
болашақ үшін бірнеше тарихи бұралаңдар
мен шатқалдардан адаспай, сүрінбей, ақыры
мақсатына жетті. Тарих пен тіл тамырлас.
Ана тіліміз бүгінде барлық Қазақстан
халықтарының мәртебесі, мақтанышы. Бүгінгі
танымдық сағатымыздың бірінші бөлімі
«Ардақтап ата тарихын, ана тілін» деп
аталады.
(оқушылар тілдің тарихы жөнінде айтады).
Тақтадан тіл туралы суреттер көрсетіледі.
6а кл. Нұржан, 6б – кл. Зарина, Байжан, 6а
кл. Фариза, Құнан 6б – кл, Әсел 6б -кл.
Жүргізуші: Рахмет, балалар!
Жүргізуші:
Ана тіліне, қазақтың ел болып қалыптасуына
үлкен үлес қосқан хан, билердің есімі
тарихтан белгілі. Ақ пен қараның, шындық
пен жалғанның, достық пен қастықтың ара
– жігін ұстаған зерделі ақыл иелері,
асыл сөздің шебері : Бұқар жырау, Аяз би,
Жиренше шешендеріміз, Төле, Қазыбек, Әйтеке
билеріміз «Тура биде тума жоқ» деп әділдігін
айтқан, туған тілге деген тілектері бір
емес пе еді?! Осы даналық сөздер, аңыз
- әңгімелер, мақал – мәтелдер, ұрпақтан
– ұрпаққа жетті. Бүгінгі жас ұрпақ, сендердің
міндеттерің осы қасиетті сөздердің мән
– мағынасын ұғыну, түсіну.
Олай болса, келесі ІІ бөлімімізде «Бабалардан
қалған асыл сөз» деп аталады.
Бұл бөлімімізде оқушылар тіл туралы мақал
– мәтелдер айтады.
Мақал – мәтел
Өнер алды – қызыл тіл
Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады
Ең ащы да, тәтті де – тіл
Тіл қаруы – сөз.
Жеті жұрттың тілін біл
Келесі мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Жағалай – жағалай тас қойдым,
Жирен атты бос қойдым.
(Тіл)
Онан әрі қарай тіл туралы өлеңдердің
авторын табу.
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда – ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін.
(Сұлтанмахмұт Торайғыров)
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл.
Өз тіліңді құрметте!
(Қадыр Мырзаәлиев)
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.
(Әбділда Тәжібаев)
Рахмет, балалар! (мақал айтып, өлеңнің
авторын тапқан оқушыларға ынталандыру
сыйлығымен ручка, дәптер беріледі).
Жүргізуші: Ердің құнын екі ауыз сөзбен
бітіретін де, жауласқан елдердің арасын
келісімге келтіретін де осы тіліміз.
Ана тіліміздің ой тереңдігін, құдіреттілігін,
оның қазына екенін дәлелдейтін көріністерді
тамашалайық.
ІІІ бөліміміз «Тіл – қымбат қазына »
деп аталады.
Көрініс: «Төле бидің жұмбағы»
Сахнаға үш би шығады. (тақта арқылы билердің
суреті көрсетіледі).
8 – сынып оқушылары: Қуанышбек, Мақсат,
Нұрсұлтан.
Төле би (Қуанышбек): Уа, халқым, сөз қадірін
білетін, сөз таныған жастарға 10 түрлі
жұмбағым бар.
Айтсам жұмбағым мынау:
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10.
Дауыстар: Осындай жұмбақ бола ма екен?
Қазыбек би (Мақсат): Ұлы аға, бұл жұмбақты
мен шешейін, рұқсат етіңіз.
Төле би: Рұқсат, Қаз дауысты Қазыбегім.
Қазыбек би:
Бір дегенің – бірлігі кеткен ел жаман.
Екі дегенің – егесіп өткен ер жаман.
Үш дегенің – үш бұтақты шідерден шошынған
ат жаман.
Төрт дегенің – төсектен безген жас жаман.
Бес дегенің – белсеніп шыққан жау жаман.
Алты дегенің – асқынып кеткен дерт жаман.
Жеті дегенің – жас келіншек жесір қалса
сол жаман.
Сегіз дегенің – серпілмеген қайғы жаман.
Тоғыз дегенің – торқалы той, топырақты
өлімге бас көрсетпесе сол жаман.
Он дегенің – кәрілікке дауа болмас.
Төле би: Рахмет, дәл тауып шештің, ойы
да, тілі де жүйрік тұлпарым менің.
Қазыбек би (Мақсат): Ал, Әйтеке халқына
сен не айтасың?
Әйтеке (Нұрсұлтан): Уа, халайық!
Көсіліп шабар жерің бар,
Тау көтерген елің бар,
Атадан қалған сара жолың бар.
Тіл қадірін білер болсаңдар!
Рахмет, балалар! Өркендерің өссін.
Келесі көрінісіміз «Сөз қадірі» деп аталады.
Қатысатындар: Автор, әкесі, баласы, қария.
(6 «б» сынып оқушылары Фариза,
Нұрзат, Абзал, Тұрлыхан)
Автор (Фариза): Өте ерте заманда бір қадірлі
шешен қария дүниеден көз жұмарында баласына:
Әкесі (Нұрзат):Балам, мен көп ұзамай дүние
салам. «Әкем қазына қалдырмады»
деп өкпелеме. Ел ішінде қалдырып бара
жатқан асыл мұрам бар. Соны іздеп тап,
қадірле, қастерле, - дейді.
Автор: Мұны естіген бала әке мұрасын іздеймін
деп табаннан таусылып, таба алмайды. Ойы
сан – саққа кеткен бала бір күні ел ішіндегі
абзал қарияға келеді.
Бала (Абзал): Ата, әкем маған қандай қазына
қалдырды? Мен іздеп таба алмадым. Мүмкін
сіз білетін шығарсыз, айтыңызшы.
Қария: Әкеңнің сөзі рас балам. Оның саған
қалдырған мұрасы – тіл. Ол шешен адам
еді ғой. Бәріміз сөйлеуді сенің әкеңнен
үйрендік. Тілден қымбат қазына, байлық
жоқ, балам.
Автор: Деп, аталы сөздің шешуін айтыпты.
Жүргізуші: рахмет, балалар!
Жүргізуші: Халқымыздың ойлы азаматтары
ғасырлар бойы ана тілімізді барша өнерден
жоғары бағалады. Ана тілі аталуының өзі
сондықтан болса керек.
Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар – деп
келесі ІV бөліміміз «Тіл деп соққан жүрегі»
деп аталады.
Фариза 6 «б» сынып. Егемендік алғалы дара
жолдың жалғасып келе жатқаны шындық.
Бұл тіл қазақ халқын бар әлемге паш еткен
ұлы Абайдың, қазақ әліпбиінің атасы Ахметтің,
сырлы да сұлу шығармаларымен күллі әлемге
танымал болған Мұхтардың тілі.
Жүргізуші: Олай болса, Мағжан Жұмабаевтың
«Ана тілі» өлеңін назарларыңызға ұсынамыз.
Оқитын 6 «а» сынып оқушысы Рысқұл Құндыз.
Жүргізуші: Рахмет!
Жүргізуші: Аққан жұлдыздай жарқ етіп
өте шыққан Сұлтанмахмұт Торайғыров та
ана тілін арының туы еткен.
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Сүйемін»
өлеңін оқитын 6 «б» сынып оқушысы Салтанат.
Жүргізуші: Рахмет!
Жүргізуші: Адамды мұратқа жеткізетін
ана тілі мен дәстүрі. Біз қасиетті ана
тіліміздің шұбарлануына жол бермеуіміз
керек. Осы орайда ақын Қадыр Мырзаәлінің:
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте! – деген өлең жолдары
еріксіз ойымызға оралады.
Олай болса, ақын Мұхтар Шахановтың өлеңдеріне
кезек берейік.
Назерке 6 «а» кл, Гүлзат 6 «б», Мағжан 6
«а» кл.
Назерке:
Адам қанша болғанмен дарынды, әрі табанды,
Туған жерін сүймей тұрып, сүймек емес
ғаламды.
Өзге ананың мазмұнына, мерейіне төр құрар,
Алдыменен өз анасын сүйе алмаған сорлылар!
Нарық ғасыо бәрін сатып жібере ме алтынға,
Кім қалады сол алтынға сатылмайтын қалпында?
Жалғандық бар ұстаздардың беделі мен
даңқында,
Ана тілін сыйламаған.
Сыйламайды халқын да!
Гүлзат :
Тарихымыз тұр санаңа өткел тастан,
Өз тіліңде, ойлау, сөйлеу тоқталған сәттен
бастан,
Бүкіл баба рухымен байланысың кесілер,
Тағдырыңнан ата ғасыр шамын солай өшірер,
Қатеңді әбжіл түзетпесең, толыққанды
жоқ тірлік.
Біз балалар сүйегіне, сеніміне бақ құрдық,
Бақ құрдық та ұлттық кеңістікке ат бұрдық,
Өз тіліңді жерсінбеудің,
Өз анаңды менсінбеудің,
Арсыздығы қай дәуірде болып еді тапқырлық?
Ол – рухани мүгедектік әрі ұлттық сатқындық.
Жүргізуші: Рахмет!
Жүргізуші: Қазіргі таңда ана тілімізге
жаны ашып жүрген ақын ағамыз Мұхтар Шаханов:
Ол әлемдік поэзиядан өзіндік орын алған
тұлға. Ақын «Тілін ойламаған адам, ұлтын
сыйлауға қабілетсіз» дейді.
Ендеше келесі бөліміміз «Тіл және біз»
деп аталады. Бұл бөлімде ақын Мұхтар Шахановтың
«Қазақстандық ұлт» өлеңін 7 «б» класс
оқушылары оқиды. (Үкілім, Гүлзира, Аслан,
Қайрат)
Жүргізуші: Рахмет!
Жүргізуші: Келесі сөз жұмбақ шешу, осы
сөз жұмбақты дұрыс шешсек «Ана тілі»
сөзі шығады.
Ең қадірлі ас...(нан)
Қымбат адам...(ана)
Кітап алтын...(қазына)
Ызғарлы 1986 жылғы ай? (желтоқсан)
Ең қатты да, жұмсақ та не? (тіл)
Қазақстан қандай мемлекет? (тәуелсіз)
Жүргізуші: Рахмет, балалар!
Жүргізуші: танымдық сағатымыздың келесі
кезеңін 5 – сынып оқушыларының тілегіне
берсек деймін. (Әлішер мен Айша)
Әлішер: Қазақ тілі – ұлы Абай, Шоқан, Мағжан,
Мұхтар, Ғабит, Сәбит аталарымыздың тілі.
Менің тілім! Мен осынау ғажайып сырға
толы ана тілімде сөйлей алатыныма, ана
тілімде ойымды жеткізіп отырғаныма қуанам!
Айша: Ақын атамыз Ә. Тәжібаев : «Болдым,
толдым деме, ізден. Ізденгендердің бәрі
мұрат – мақсатқа қол жеткізген. Ана тіліңді
қастерле! Пір тұт. Сонда ғана ел сүйетін,
ел қастерлейтін нағыз халықтың өнерлі
азаматы бола аласың», - деген екен. Ендеше,
мен ана тілімді дәріптеп, құрметтеймін!
Ана тілімнің болашағы зор болатынына
сенемін.
Жүргізуші. Рахмет.
Жүргізуші: Ана тілі бүгінде барлық Қазақстан
халықтарының мәртебесі, мақтанышы. Тіліміз
мемлекеттік мәртебеге ие болды. Енді
осы ана тіліміздің өрісін кеңейту, қолданыс
аясын барынша ұлғайту біздің міндетіміз.
Бүгінгі танымдық сағатымыздың соңын
Ақын Мұзафар Әлімбаевтың жыр жолдарымен
:
Тілің – халқың, халқың – тілің, Қос егіз!
Екеуінің саясында өсеміз.
Халық пен тіл – жасай берер қос емен,
Саясында көгереді көсегең.
Сіз бен біз де бұ дүниеден көшеміз.
Жасай бермек, жасайды сол қос – егіз!
– деп аяқтап, қорытынды сөзді мектебіміздің
тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Алып
ағайға сөз кезегін береміз.
Жүргізуші: Бүгінгі танымдық сағатқа қатысқан
оқушыларға алғыс білдіремін. Рахмет!
Қош сау болыңыздар!