Дәрменсіздікті азаматтық-құқықтық реттеу (банкроттық)

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2011 в 17:52, курсовая работа

Описание работы

Банкроттық туралы iс бойынша сотта борышкердiң, кредиторлардың (кредиторлардың) өтiнiшi негізінде осы Заңнын 4-бабында көрсетілген жағдайларда, және осы Заңның 26-бабында көзделген жағдайларда прокурордың өтiнiшi негiзiнде iс қозғалады.

Работа содержит 1 файл

Банкротство.doc

— 116.50 Кб (Скачать)

Борышкердi банкрот деп тану туралы Қазақстан  Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келетiн өтiнiштi ала отырып, сот өтiнiш түскеннен кейiн бес күннен кешiктiрмей iс қозғау туралы ұйғарым шығарады.

Сот банкроттық туралы іс қозғау жөніндегі  сот ұйғарымының көшірмесін борышкерге, мәлімдеушіге, уәкілетті органға  және борышкердің тұрғылықты жері бойынша  аумақтық атқарушы іс жүргізу органына жібереді.

Банкроттық  туралы iс бойынша iс қозғалған  кезден бастап:

   1) борышкер мүлкінің меншік иесі (оған уәкілеттік берілген орган), құрылтайшылар (қатысушылар), заңды  тұлғаның барлық органдары борышкердің  мүлкіне билік ету құқығынан  айырылады. Егер осы Заңның 2-бабының 4-тармағында көрсетілген ұйым борышкер болып табылған жағдайда, уәкілетті органның өтініші бойынша сот іс жүргізу циклын, оның ішінде үздіксіз іс жүргізуді қолдауға және мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге қажетті ең төменгі ағымдағы төлемдерді жүргізуге уәкілетті тұлғаларды анықтауға құқылы;

   2) моральдық зиянды өтеу туралы  талаптарды қоспағанда, өмiрiне немесе  денсаулығына зиян келтiргенi үшiн  борышкер жауап беретiн азаматтарға  төлемдердi қоспағанда, соттардың,  аралық соттардың , салық органдарының, сондай-ақ борышкердің мүлкіне қатысты оның меншік иелерінің (құрылтайшылардың, қатысушылардың) немесе органдардың бұрын қабылдаған шешiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады;

   3) кредиторлардың борышкерге қоятын  кез келген талаптары осы Заңда көзделген банкроттық рәсiмдерi шегiнде ғана қойылуы мүмкiн;

   4) кредиторлардың, салық органы мен  салық және бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдер  жөніндегі өзге де уәкілетті  мемлекеттік органның талаптары,  соның iшiнде даусыз (акцептісiз) тәртiппен қанағаттандырылуға тиiстi талаптары бойынша борышкердiң банк шотынан ақша өндiрiп алуға, сондай-ақ борышкердiң мүлкiнен өндiрiп алуға жол берiлмейдi;

   5) акцияларды, борышкердің мүлкіндегі  үлестерді иеліктен айыруға тыйым  салынады.

   2. Сот жеті күн ішінде  Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және борышкердің тұрғылықты жері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте таратылатын, белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында  банкроттық туралы іс бойынша іс қозғалғандығы жөнінде мемлекеттік тілде және орыс тілінде хабарландыру жариялауға міндетті.

   Хабарландыруды  жариялау банкроттықты тану туралы өтiнiш  берген тұлғаның қаражаты есебiнен  жүзеге асырылады, ол осы Заңның 40-бабында белгiленген тәртiппен өтелуге тиiс.

Борышкер  соттың банкроттық туралы iс қозғау жөнiндегi ұйғарымының көшiрмесiн  алған күннен бастап он күн мерзiм iшiнде сотқа кредитордың немесе прокурордың мәлiмдемесiне жауап қайтаруға мiндеттi.

   2. Жауапта: 

   1) жауап жiберiлiп отырған соттың  атауы; 

   2) мәлiмдеушiнiң тегі, аты, әкесінің  аты (ол болған жағдайда) немесе  атауы, мәлiмдеменiң нөмiрi мен  күнi;

   3) борышкердiң мәлiмдеушi талабына  қарсылықтары;

   4) өзге кредиторлар алдындағы мiндеттемелер, борышкер қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды төлеу, салық және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөнiндегi берешектiң жалпы сомасы;

   5) борышкердiң қолында бар мүлiк, оның iшiнде кепiлге берiлген, жалдаудағы немесе лизингтегi мүлiк туралы, банктер шоттарындағы ақша туралы мәлiметтер, шоттардың нөмiрлерi және банктердің тұрғылықты жері, дебиторлардың тұрғылықты жері және олардың берешегінің сомасы көрсетілген тізбесі;

   6) борышкер мойындаған жағдайда  мәлiмдеушi талаптарының қанағаттандырылғанына  айғақтар.

   3. Борышкердiң жауабына борышкердiң: 

   1) орындау мерзiмi жеткен борыштық  мiндеттемелерiн орындауға; 

   2) орындау мерзiмi борышкердi банкрот  деп тану туралы арыз берiлген кезден бастап үш айдың iшiнде келетiн борыштық мiндеттемелерiн орындауға қабiлеттi екенiн растайтын құжаттары қоса берiлуге тиiс.

   4. Борышкер жауабының болмауы не  оның осы баптың 1-тармағында көзделген  мерзiмдi дәлелдi себепсiз бұза отырып тапсырылуы борышкердiң өзiнiң дәрменсiздiлiгiн мойындауы деп қаралады және соттың борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм шығаруына негiз болуы мүмкін.

   5. Борышкердiң жауабында өзiн дәрменсiз  деп тануды бiлдiруi соттың оны  банкрот деп тану туралы шешiм шығаруына негiз болады.

   Борышкер  жауабында өзiнiң дәрменсiздiгiн  мойындаған жағдайда осы баптың 3-тармағында аталған құжаттардың табыс етiлуi мiндеттi емес.

   Кредитордың немесе прокурордың не iске қатысушы өзге адамның өтiнiшi бойынша сот кредиторлардың талаптарын қамтамасыз ету жөнiнде  мынадай шаралар қолдануға:

   1) борышкерге тиесiлi мүлiкке (оның  бiр бөлiгiне), соның iшiнде ақшаға тыйым салуға;

   2) борышкер мүлкiнiң азайып кетуiне  не кредиторлардың мүдделерiне  өзгеше түрде нұқсан келтiруi мүмкiн  iс-әрекеттер жасауына борышкерге  тыйым салуға;

   3) өндiрiп алу даусыз (акцептсiз)  тәртiппен жүргiзiлетiн орындау құжаттары немесе өзге де құжаттар бойынша өндiрiп алуды тоқтата тұруға құқылы.

Кредитордың немесе прокурордың сотқа осы Заңның 29-бабының ережелерiн ескере отырып табыс еткен талабына борышкердiң қарсылық бiлдiрген жауабының болуы iстi сотта қарауға дайындау үшiн негiз болып табылады.

Борышкердiң  банкроттығы туралы iстi сотта қарауға  дайындау кезiнде Қазақстан Республикасының іс жүргізу заңнамасында көзделген әрекеттермен қатар сот:

   1) iстi сот отырысында қаралатын  уақыты мен орнын iске қатысатын  уәкілетті органға, кредиторларға, прокурорға және өзге де тұлғаларға хабарлайды;

   2) осы Заңның 18-бабының 2-тармағында және 19-бабында көзделген мәлiметтер мен құжаттарды борышкерден талап етiп алады;

   3) iстi мәнi бойынша қарау үшiн  соттың отырысын тағайындайды.

Iстi алдын ала дайындау аяқталғаннан  кейiн, бiрақ iс қозғалған соң  бiр айдан кешiктiрiлмей, банкроттық  туралы iс соттың қарауына тағайындалуға  тиiс, ол туралы сот ұйғарым  шығарады.

   Банкроттық туралы iс сотқа өтiнiш түскен күннен бастап екi айдан аспайтын мерзiмде сот отырысында қаралуға тиiс.

   Сот банкроттық туралы iстi сот отырысына  қарап, мынадай сот актiлерiнiң  бiрiн қабылдай алады:

   1) борышкердi банкрот деп тану  және конкурс жүргiзу туралы шешiм;

   2) борышкердi банкрот деп танудан  бас тарту туралы шешiм; 

   3) өтiнiш жасалған жағдайда оңалту  рәсiмiн қолдану туралы ұйғарым; 

   4) iс жүргiзудi қысқарту туралы  ұйғарым. 

   2. Соттың осы баптың 1-тармағында  көзделген шешiмдерi мен ұйғарымдары,  осы Заңда көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, Қазақстан Республикасының іс жүргізу заңнамасының талаптарына сәйкес болуға тиiс.

Соттың борышкердi банкрот деп тану және конкурстық iс жүргiзудi қозғау туралы шешiмi мынадай  жағдайларда:

   1) iс қозғалған кезден бастап екi айдан аспайтын мерзiмде соттың iстi қарауы барысында борышкер өзiнiң қабiлеттiлiгiн дәлелдей алмағанда;

   2) iс қозғалған кезден бастап  отыз күннен аспайтын мерзiмде,  оның дәрменсіздігін растайтын  құжаттарды қоса борышкердiң өз жауабында дәрменсiздiгiн мойындағанда;

   3) iс қозғалған кезден бастап  он күннен аспайтын мерзiмде,  оның дәрменсіздігін растайтын  құжаттарды қоса борышкер өзiн  банкрот деп тану туралы арыз  бергенде;

   4) кредиторлар комитетiнiң бас тарту  туралы шешiмi алынған кезден бастап бес күннен аспайтын мерзiмде, осы Заңның 14-бабы 2-тармағының талаптарын сақтай отырып, кредиторлар комитетi борышкерге оңалту рәсiмдерiн қолданудан бас тартқанда;

   5) банкроттық туралы iс бойынша  iс жүргiзу жаңғыртылған күннен бастап он күннен аспайтын мерзiмде оңалтуды басқарушы оңалту рәсiмдерiнiң сәтсiз өткiзiлгенi туралы уәкілетті органның қорытындысымен сотқа жазбаша жүгiнгенде ;

   6) банкроттық туралы іс бойынша  іс жүргізу жаңартылған күннен  бастап он күннен кешіктірілмейтін мерзімде оңалту мақсаттарына қол жеткізу мүмкін болмауына байланысты оңалту рәсімін тоқтату туралы уәкілетті орган мәлімдегенде шығарылады.

   2. Соттың борышкердi банкрот деп  тану туралы шешiмiнде: 

   1) борышкердi тарату туралы;

   2) уәкілетті органға конкурстық  басқарушыны тағайындауға тапсырма  беру туралы;

   3) шешiм шығарылғанға дейiн сотқа  жүгiнген кредиторлардың мәлiмделген  талаптарының сомасы туралы ;

   4) борышкердің лауазымды тұлғаларының  құрылтай, қаржы және оның мүлкіне  құқық белгілейтін құжаттарын, сондай-ақ борышкердің мөрін конкурстық басқарушыға ол тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде беру туралы нұсқаулар болуға тиіс.

   2-1. Уәкілетті орган конкурстық басқарушының  борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі күшіне енгеннен кейін бес күн мерзімнен кешіктірмей тағайындайды.

   3. Борышкердi банкрот деп тану  және конкурстық iс жүргiзудi қозғау  туралы хабарландыруды конкурстық  басқарушы ол тағайындалған күннен  бастап он күннен аспайтын  мерзімде  Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында және борышкердің тұрғылықты жері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте таратылатын, белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялайды.

   Борышкердi банкрот деп тану туралы жарияланымда:

   1) борышкердi банкрот деп тану  туралы шешiм шығарған соттың  атауы; 

   2) банкроттың атауы және орналасқан  жерi;

   3) жарияланым шыққан күннен бастап  екi ай мерзiм iшiнде өздерiнiң борышкерге қоятын талаптарын табыс ету қажеттiгi туралы кредиторларға хабарлама болуға тиiс.

   Егер  кредиторлардың қойған талаптарына  борышкер қарсылықтарын сот дәлелдi деп таныса, сот борышкердi банкрот  деп танудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

   Соттың  борышкердi банкрот деп танудан  бас тарту туралы шешiмi кредиторларды  Қазақстан Республикасының іс жүргізу  заңнамасында көзделген тәртiп бойынша  борышкерге өз талаптарын қою құқығынан  айырмайды. Жалған банкроттық белгiлерi болған кезде кiнәлi лауазымды адамдардан барлық сот шығындарын өндiрiп ала отырып, сот борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiм шығарады.

Сот шешiмiнде жалған банкроттықтан келтiрiлген шығындарды борышкерден өтеудi талап  етуге кредиторлардың құқығы көрсетiлуге тиiс

Банкроттық  туралы iс бойынша iстi сот Қазақстан Республикасының іс жүргізу заңнамасында көзделген негiздер бойынша, сондай-ақ мына жағдайларда:

   1) оңалту рәсiмiн жүргiзу мақсатында  қол жеткiзiлгенде;

   3) борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiштi керi қайтарып алғанда (осы Заңның 15-бабының 4-тармағы) қысқартады.

   2. Оңалту рәсiмiн жүргiзу мақсатына  қол жеткiзiлуiне байланысты соттың  банкроттық туралы iс бойынша  iстi қысқарту жөнiндегi ұйғарымында:

Информация о работе Дәрменсіздікті азаматтық-құқықтық реттеу (банкроттық)