Дағдарыс түсінігі оның мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 15:58, реферат

Описание работы

«Дағдарысқа қарсы басқару» термині салыстырмалы түрде жақында пайда болды. Оның пайда болу себебі Қазақстан экономикасын реформалау және Қазақстанның дағдарысты даму аясына өтуімен байланысты. Ре-формалау нәтижесі дағдарысқа әкелетінін көбісі күткен жоқ, бірақ бүгінгі күні экономиканы дағдарыстан тек жаңа типтегі басқару шығара алатынын көбісі түсінеді. Бүндай басқару « дағдарысқа қарсы » атауына ие болды.

Работа содержит 1 файл

дагдарыс.docx

— 31.85 Кб (Скачать)

«Дағдарысқа қарсы басқару» термині салыстырмалы түрде жақында пайда болды. Оның пайда болу себебі Қазақстан экономикасын реформалау және Қазақстанның дағдарысты даму аясына өтуімен байланысты. Ре-формалау нәтижесі дағдарысқа әкелетінін көбісі күткен жоқ, бірақ бүгінгі күні экономиканы дағдарыстан тек жаңа типтегі басқару шығара алатынын көбісі түсінеді. Бүндай басқару « дағдарысқа қарсы » атауына ие болды. Бірақ аты атымен, ал мәні үлкен пікір талас туғызды. Дағдарыс қандай тереңдікте болмасын, әйтеуір өтеді. Бүны көптеген елдердің экономикалық даму тарихы  көрсетті.  Және  дағдарысқа қарсы  басқару  қажеттігін  керек

етпейді. Әрине, Қазақстандағы дағдарыстың өрпгуі тиімді дағдарысқа қарсы басқаруды қажет етті. Бүл тәжірбие тапсырысы. Сонымен бірге басқару ғылымының даму тенденциясы да дағдарысқа қарсы басқару концепциясын дайындауды қажет етеді. Оның алғы шарттары болып, циклдық даму, басқарушылық, ресурстрды үнемдеу, мотивация, уақыт үнемділігі, әлеуметтік әріптестік және көптеген басқалар. Олардың жиынтығы нақты дағдарыс қауіпін куәландырады, тіпті сәтті басқаруда да.

Объективті түрғыдан дағдарыс көптеген жағдайларды өзара байланысын сипаттайды, басқару қиындығы мен тәуекелділігін жоғарлатады. Бүл түрғыда дағдарысты және оның алдын алуды шеттетіп, дағдарысты түрақтандыру, бірінің біріне ұласуы, дағдарыстан шығуды осы шақтанда келер шақтанда алынып тасталмайды. Тек экономика ғана емес, сонымен қатар табиғатта циклды өмір сүреді, және тек экономика дамуы ғана дағдарыс жағдайын туындатпайды.

Қоғам дамуының әр түрлі этапында дағдарыс қатынасына деген түсінік те әр қилы болады. Мысалға, бір позиция бойынша дағдарыс тек табиғи қүбылыс салдары, ал басқалары, - дағдарысты адамдар өздері туындатады, олардың қателіктері, дүрыс көңіл бөлмеуі, білместік, сенімсіздік.

К. Маркс болса қоғам дамуындағы дағдарыстың қайнар көзінің экономика екендігін дәлелдеді, ол жеке меншікке және соның салдарынан қүрылымға және мүдделер қақтығысына әсер етуіне негізделген. Осыдан көптеген біздің елдің алысты көрмейтін саясаткерлері мен идеологтары мынадай пікір қальгатастырды, жеке меншікті жойған қоғамдық - экономи-калық формацияда дағдарыс мүмкіндігі болмайды. Сол себепті бүрындары «өсім қиындьщтары», «даму проблемалары», «тұрып қалу» терминдері жиі қолданылып келді, кейіннен олар «дағдарыс түсінігіне» ауысты, бірақ мәні бойынша сол процестерді қамтыды.

Бірақ та, дағдарыс басталуы қандай терминді қолданумен анықталмайды, ол өндірістің және жалпы экономиканың нақты даму тен-денцияларымен, қажеттіліктермен анықталады. Ал дағдарыс негізі мен тереңдігі басқаруға тәуелді, яғни, мәселені шешудегі көрегендік және дағдарысты жұмсарту мүмкіндігі, оларды даму мақсатында қолдану.

Бүгінгі күндегі азғантай дағдарысқа қарсы басқару кітаптары мен оқу әдістемелерінде дағдарысқа қарсы басқару концепцияларына әр түрлі көзқарастар қалыптасқан. Немесе оны тек макроэкономикалық масштабтағы мәселе деп қарастырылады да, дағдарыстың жекелей үйымда да пайда болып  және  ол  әркашан  жалпы  экоеомикалық  жағдайға тәуелді  еместігін естен   шығарып   алғандай;   немесе   тек   дағдарыстың   экономикалық   ас-пектілері   ғана   қарастырылып,   оның   әлеуметтік,   саяси,   психологиялық, ұйымдастырушылық,   басқарушылық,   табиғи   және   тағы   басқа   жақтары шетте қалып қойылған.

ДАҒДАРЫСТЫ ЕҢСЕРУ ЖОЛДАРЫ

Соңғы жылдары біздің оңтүстіктегі көршіміз өсу мен дамудың барынша жақсы қарқынын көрсетті. Шетелдік инвесторлармен тығыз және білікті байланыстар республикаға бұрынғы КСРО-ның елдерін шаң қаптырып, оқ бойы озып шықты. Қазақ басшылары әліптің артын бағып, қол қусырған жоқ, Олар дағдарысқа тас-түйін болып шықты. Әлемдік қор рыноктарындағы қазан айындағы құлдыраудан кейін Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Кәрім Мәсімовке тұрақтандыру жоспарын әзірлеуді тапсырды Ал қарашаның ортасында Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысында оның шешуші басымдықтарын бөліп көрсетті: қаржы секторын тұрақтандыру; жылжымайтын мүлік рыногындағы проблемаларды шешу; шағын және орта бизнесті қолдау; агроөнеркәсіп кешенін ынталандыру және инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру. Бұл орайда, Президент мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимыл жасасуын негізге алды. Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев тұрақтандыру жоспары барлық ықтимал тәуекелдер ескеріле отырып байыпты есептелуі тиіс екендігін алға тартты.  

 

КЕМЕЛ БОЛАШАҚ

Қазақстан дағдарыс кезеңінде экономиканы құрылымдық реформалау күтілуде, оның нәтижесінде бюджет, әкімшілік және салық кодекстері елеулі өзгерістерге ұшырайды. Енгізілген түзетулер 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Қазақстан экономикасындағы тұрақтандыру жоспарын іске асыру аясында мемлекет 2,2 триллион теңге шамасында немесе ішкі жалпы өнімнің 20 пайызына жуығын инвестициялайтын болады. 480 миллиард теңгеге жуығы қаржы секторын тұрақтандыруға жұмсалады, ол қаржы мекемелерінің өтімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Республикада Стрестік активтер қоры құрылған, оның міндетіне күмәнді активтерді сатып алу және одан әрі оларды басқару есебінен отандық банктердің несиелік қоржындарын жақсарту енеді. Жаңадан құрылған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры – тұрақтандыру жоспарын іске асыруға арналып бөлінген қаржылық қаражаттардың негізгі операторы жұмыс істей бастады.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 120 миллиард теңге жұмсалады – бұл елдің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ болашақ, астық, ет және көкөніс экспортына мүмкіндік береді. Осындай көлемде қаржы экономиканың нақты секторына түседі – бұл қаражаттар кәсіпорындарды жаңартуға бағытталады. Дағдарыстық жағдайға қарамастан, Қазақстан өкіметі алға көз жіберіп отыр және инфрақұрылымға біраз ақша салмақ. Үкімет жаңа жолдар мен электр желілерін тартуды жоспарлап отыр, бұл экономиканың дамуын еселей түсіп, дағдарыстан кейінгі кезеңде бәсекеге қабілетті болуына жағдай жасайды.

Бүгінгі күрделі жағдайда баға белгілеу мен бірқатар компаниялардың жұмысына араласпаса болмайды. Мемлекет негізгі үш мұнай өңдеу зауытының капитал үлесіне кіріп, елдің ішінде отын бағасын бақылау мүмкіндігіне ие болды. Соның арқасында бензин орташа алғанда 20 пайызға арзандады. Салыстыратын болсақ, Ресейде, президент Дмитрий Медведевтің сынға алғанына қарамастан, жанармай бағасы бар болғаны 4-ақ пайызға төмендеді. Бұдан басқа, үкімет ішкі нарықта өткізілетін шикі мұнайға, шетелде сатылатыннан гөрі 2 есе төмен құн салығы индексі мөлшерлемесін белгіледі. Осыған орай 2009 жылы республикада жанармай бағасы одан әрі төмендейді деп күтілуде.

Қазақстан шикізаттық емес секторға бұрын-соңды болмаған салықтық түзетулерді қабылдады. Корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі 30 пайыздан – 2009 жылы 20 пайызға, 2010 жылы – 17,5 пайызға және 2011 жылы – 15 пайызға дейін азаяды. Үкіметтің есептеулері бойынша, тұтастай алғанда, салық жүктемесінің азаюы республика кәсіпорындарына келесі жылы 500 миллиардқа жуық теңгені босатуға және оны өндірісті дамытуға салуға мүмкіндік береді.

Зейнетақы мен жәрдемақылар төлеу 2008 жылғы 555 миллиард теңгеден 2011 жылы бір триллион теңгеге дейін жетеді. Таяудағы үш жыл ішінде орташа зейнетақы мен бюджет қызметкерлерінің еңбекақысы 2 есеге дерлік өседі. Бұдан басқа қазақ өкімет орындары өндіруші өнеркәсіптің ірі компанияларымен жұмыс орындарын қысқартуға уақытша тыйым салу жөнінде уағдаласты. Республиканы тұтастай алғанда, қараша айындағы инфляция 0,4 пайызды, ал он бір айдың қорытындысы бойынша – 9,2 пайызды құрады. Бұл Қазақстанның Достастықтың басқа елдерінен айырмашылығы – инфляцияны бақылауда ұстап отыр және ол азаюда дегенді білдіреді.

Бүгінгі таңда әлемнің көптеген елдерінде әлі де дағдарысқа қарсы айқын бағдарлама жоқ. Мемлекеттер қабылдап жатқан шаралар көбіне жергілікті шеңберден аспайтын сипатта болып келеді. Қазақстан бұл жағдайда басқалардан гөрі батылырақ және көреген болып шықты. Қазақ өкімет орындары американдық долларға байланып қалмай, тұтастай өз қорларына иек артқан дамудың жаңа жолына бел шешті. Сонымен қатар Қазақстанда дағдарыс салдарын еңсеруге жеткілікті елеулі көлемде халықаралық резервтер бар. Елде мемлекет қарызы көп емес, бюджет жетіспеушілігі де төмен, ағымдағы жылдың жалпы ішкі өнімінің 2,1 пайызы деңгейінде. Бұл қазақстандық экономиканың беріктігіне қажетті мүмкіндіктер береді.

Көршілеріміздің дағдарысқа қарсы жоспарында көптеген жаңа құралдар бар, оған басқа елдердің басшылығы мін тағуы да, қолдауы да мүмкін. Мемлекеттік холдингтерді шоғырландыру, Стрестік активтер қорын құру, түбегейлі салықтық өзгерістер, бюджетті қайта қарау – мұның бәрі республиканы дағдарыстан шығаруға тиіс қадамдар.

 


Информация о работе Дағдарыс түсінігі оның мәні